𝐓𝐨𝐫𝐞𝐠𝐞𝐥𝐝𝐢𝐞𝐯𝐚🤍
Статистика"Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді". (51:55) https://t.me/uspokoyserdce ❤️🩹 Құран тыңдау үшін🥰⤴️
- Последний пост
- 16 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
🫀 رب إنى لما انزلت الي من خير فقير... Раббым, маған жібермекші болған әр хайырыңа мұқтажбын... #муридтің_жазбалары #ақиқатты_іздеу #сау_жүрек
Адамға сондай жан керек екен, ішкі ойларыңмен арпалысып терең ойда жүрген сәтіңде келіп: “ИншаАллаһ, бәрі жақсы болады, қандай жағдай болмасын мен сенің жаныңдамын” дейтін..❤️🩹
رَبِّ هَبْ لِى حُكْمًا وَأَلْحِقْنِى بِٱلصَّٰلِحِينَ Раббысына былай деп жалбарына бастады: «Уа, Раббым! Менің бойыма даналық пен (қай мәселеде болмасын) дұрыс үкім айтып, лайықты шешім шығара білетін қабілет дарыта көр! Мені (үнемі игі істер істейтін) ізгі құлдарыңның қатарына қоса көр!» 📖«Шұғара» сүресі 26:83
Аиша, да будет доволен ею Аллах, передаёт: «Когда Посланник Аллаха ﷺ (хотел) лечь в постель, он дул на свои ладони и читал три последних суры Корана, а потом проводил руками по своему телу». #Хадис от Бухари.
❤️🩹
Таңғы саулық сұрау дұғасы: اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَدَنِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي سَمْعِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَصَرِي، لَاإِلَهَ إِلَّا أَنْتَ Аллаһумма ғәәфини фи бәдәни, Аллаһумма ғәәфини фи сәмғи, Аллаһумма ғәәфини фи басари, Ләә иләһә иллә Әнтә! «Уа, Аллаһым! Дене-мүшеме саулық бер. Уа, Аллаһым! Есту қабілетіме саулық бер. Уа, Аллаһым! Көру қабілетіме саулық бер. Сенен басқа құдай жоқ!» (Хадис, Сунан Әбу Дәуд)
без подписи
"Біреудің тағдырын сөз қылатын болсаң, өзіңнің басыңа түспей бұл дүниеден өтпейсің" Нәпсіге еріп кейде өсек, біреудің тағдырын әнгіме қылып қоямыз. бірақ тема орамал мен намазға келгенде, ауызымнан лям мим сөз шықпай қалатыны бар, пендеміз ғой басыма түсуден қорқамын өте💔Аллаһ иманыңды алам десе бір сәт.. Намазын тастап кеткен, орамалын шешіп кеткен қаншама адам көрдім.. бірақ оларды әнгіме еткім келмейді, Аллаһ хидаят берсін деп дұға еткеннен басқа шарам жоқ.. Ол дүниені әнгіме қылып "орамалын шешіп кетіпті, намазын тастап қойыпты " деп, әрең жеткен бақытымнан (намазым, орамал) айырылып қалудан өте қорқамын Орамалым тахаджудымда сұрап алған бақытым! Аллаһ баршамызды нәпсіге еріп, шайтанның арбауына еріп кетуден сақтасын🤲
без подписи
Жума мубарак болсын🌖
2️⃣ Манипуляция аятами и хадисами Нарцисс-абьюзер использует выборочные религиозные тексты в свою пользу, полностью игнорируя их истинный смысл. Например, он может говорить: 🗣 «Жена обязана подчиняться мужу!» – но забывает, что пророк ﷺ говорил: «Лучшие из вас те, кто лучше всего относится к своим женам». 🗣 «Ты должна терпеть, это твоя проверка!» – но забывает, что ислам запрещает несправедливость и угнетение даже по отношению к самому себе. 3️⃣ Двойные стандарты На людях он вежлив, учтив, может наставлять других на правильный путь. Но дома проявляет агрессию, унижает, критикует, обесценивает. Он может говорить о семейных ценностях, но сам не проявляет любви и заботы. 4️⃣ Желание полного контроля Он решает, с кем жене общаться, куда ходить, как одеваться. Но делает это не из заботы, а из желания контролировать каждый аспект её жизни, подавляя её личность.! 5️⃣ Обесценивание чувств Если жена говорит о своих страданиях, он может обвинять её в слабости веры: «Ты просто недостаточно богобоязненна!» или «Это твои нафс и шайтана наущения!», вместо того чтобы проявить сочувствие и решить проблему.
Внешне – образец благочестия: регулярная молитва, пост, красивые речи о морали и праведности. Но дома – совсем другой человек: холодный, жестокий, унижающий и обесценивающий близких. Эта разница между публичной и личной жизнью – один из ключевых признаков нарциссической личности, использующей религию как инструмент контроля. 1️⃣ Религия как инструмент власти Он может требовать от жены абсолютного подчинения, утверждая, что любое несогласие – это «ослушание Аллаха». Но при этом сам игнорирует свои обязанности как муж: не заботится о её эмоциях, не оказывает поддержки, унижает её мнение и чувства.
Сыртқа дүние тынышталғанда, ішкі әлем үйлесім табады..
Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын
әне тура жолды маған жеңіл қылғайсың. «Аллаһумма әслих ли динил-ләзи һууә ъисмәту әмри, уә әслих ли дуния-ялләти фиһә мәъәши, уә әслих ли әхиратил-ләти иләйһә мәъади, уәжъалил-хәятә зиядатән ли фи кулли хайрин, уәжъалил-мәутә рахатән ли мин кулли шәрр. Уә Рабби әъинни уә лә туъин ъаләйя уәнсурни уә лә тәнсур ъаләйя, уәһдини уә йәссирил-һудә ли». Жамандықтан пана сұрау Я, Алла! Мен Сенен мінез-құлықтың, амалдардың, нәпсі-қалауларының және дерттердің жаманынан пана сұраймын. Уа, Алла!Мен Сенен қарызға батудан, адамдардың өктемдігі және дұшпандардың табалауынан пана сұраймын. «Аллаһумма инни әъузу бикә мин мункәратил-әхләқи уәл-аъмәли уәл-әһуә-иуәл-әдуә. Уә әъузу бикә мин ғаләбәтид-дәйни уә қаһрир-рижәли, уә шәмәтәтил-әъдә». Алла Елшісінің (с.а.у.) былай деп айтқаны жеткізілген: «Раббысының пендеге ең жақын болатын уақыты түннің соңғы бөлігі (мұнда түннiң соңғы үштен бiр бөлігі туралы сөз болуда). Сол сәтте Алланы зікір етушілерден бола алсаң, солардан бол!», «Пенденің Раббысына ең жақын болатын уақыты сәждеге бас қойған кезі. Осы уақытта Аллаға көп дұға етіңіздер». Яғни, дұғаларды түннің соңғы бөлігінде және сәждеде жасауға тырысайық! Алла Тағала қабыл болатын дұға нәсіп етсін!
Кедейліктен, жаман мінезден сыйыну. Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Уа, Алла! Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан және кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Кәпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақ- тықтан, сұмғадан және риядан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. «Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә бәрик ли фи ризқи. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фусуқи уәш шиқақи уәс-сумъати уәр-рия-и уә әъузу бикә минәс-сумми уәл-букми уәл-жузәми уә сәи-йил-әсқам». Ризық сұрау Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар. «Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира». Жақсылық сұрау Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және күнәларымды кешір. «Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби». Қиыншылықтан, бақытсыздықтан сыйыну Я, Алла! Сынақ қиыншылықтарынан, бақытсыздықтардың жалғасуынан, тағдырдың жамандығынан, дұшпандардың басынуынан Саған сыйынып, пана тілеймін. Уа, жүректерді құбылтушы Алла! Жүрегімді Өз дініңе орнықтыр. Уа, жүректерді бағыттаушы Алла! Жүректерді Өз тағатыңа бағыттағайсың. «Аллаһумма инни әъузу бикә мин жәһдил-бәлә-и, уә дәркиш-шиқа-и, уә су-ил-қада-и, уә шәмәтәтил-әъдә. Аллаһумма муқаллибәл-қулуби сәббит қалби ъалә диник. Аллаһумма мусаррифәл-қулуби сарриф қалби ъалә таъатик». Алладан Өзін жақсы көретін жүрек, иман сұрау. Я, Алла! Өзіңді жақсы көруді және Сені жақсы көретінді жақсы көруді және Сенің жақсы көруіңе жақындататын әрбір амалды жақсы көруді маған нәсіп ет. Уа, Алла! Сенен мәселенің қайырлысын, жақсы дұға, жақсы нәтиже және жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет және таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер, намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі Жәннатты нәсіп ет! «Аллаһумма инни әс-әлукә хуббәкә уә хуббә мән йухиббукә, уә хуббә куллә ъамә лин йуқаррибуни илә хуббик. Аллаһумма инни әс- әлукә хайрал-мәс-әләти, уә хайрад-дуъа-и уә хайран-нәжәхи, уә хайрас-сәуәби, уә сәббитни уә сәққил мауазини, уә хаққиқ имәни, уәрфаъ дәражәти, уә тәқаббәл саләти уә ъибәдәти, уәғфир хати-әти уә әс-әлукәд-дәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ». Береке сұрау Я, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен Жәннаттағы биік дәрежені сұраймын. «Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи сәмъи, уә фи бәсари, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи әһли, уә фи махйа-я, уә фи ъамәли, уә тәқаббәл хәсәнәти, уә әс-әлукәд- даражәтил-ъулә минәл-жәннәһ». Алланың разылығын сұрау Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын. «Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә». Алладан көмек сұрау Я, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың. Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр және маған қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал ж
» ‒ деп айт», ‒ деп жауап берген (әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Хаким). Қабір азабынан, жаман халде қартаюдан сыйыну «Я, Алла! Ақиқатында, мен Саған сараңдықтан сыйынамын, әрі Саған қорқақтықтан сыйынамын, және Саған қаусаған қарт болып қалудан сыйынамын, сондай-ақ Саған дүние бүлігінен және қабір азабынан сыйынамын». «Аллаһуммә, инни ә’узу бикә мин әл-бухли, уә ә’узу бикә мин әл-жубни, уә ә’узу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-’умури, уә ә’узу бикә мин фитнати-д-дунйа уә ‘азәбил-қабр». Алладан көркем құлшылық жасауда көмек сұрау «Я, Алла! Өзіңді зікір етуге, Өзіңе шүкір етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем бер». «Аллаһуммә, ә’инни ‘алә зикрикә, уә шукрикә, уә хусни ‘ибәдәтик». Я, Алла! Мені Өзіңді әрдайым еске алушы, Саған шүкір етуші, Саған бойсұнушы әрі Өзіңе қайтушы қылғайсың. Уа, Раббым! Менің тәубемді қабыл ет, күнәлардан тазала, дұғамды қабыл ет, дәлелімді мықты ет, жүрегімді тура жолға сал, тілімді берік қылғайсың және көкірегімнің кегін басқайсың. «Аллаһуммаж-ъәлни зәккәрән ләкә, шәккәрән ләкә, мутаууәъан ләкә, мухбитән иләйкә, әууәһән мунибә. Рабби тәқаббәл тәубәти, уәғсил хубәти, уә әжиб даъуәти уә сәббит хужжәти, уәһди қалби, уә сәддид лисәни уәслул сәхимәтә садри». Алладан Жәннатты сұрап, Тозақтан сыйынатын дұға «Я, Аллa! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, әрі Оттан Өзіңе сиынамын!» «Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!» Қарызға, уайымға батқан кісінің дұғасы «Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын» (Бұл жерде адамдар жиі жағдайда не жәбірлеуші, не жәбірленуші болатыны меңзеліп тұр. Аударманың келесідей басқа нұсқасы да болуы мүмкiн: «...әрі адамдардың арасында қор болған күйге түсуімнен...»). «Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин әл-һәмми уәл-хазәни, уәл-’ажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә далә’ид-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл». Ісіңе береке сұрау «Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ!» «Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!» Пайдалы білім сұрау «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!» «Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән!» Салиқалы ұрпақ сұрау «Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и» «Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» Екі дүние игілігін сұрау Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта! «Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр» Ата-ана үшін жасалатын дұға «Раббым, Мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!» «Роб-бир-хәм-һу-мәә-кә-мәә роб-бә-иәә-нии со-ғии-роо» Жоқшылықтан, ауру-сырқаудан сыйыну Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. "Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт». Жақсы мінез сұрау Я, Аллаһ! Мені өмірдің қиындығынан сақтай гөр. Мені ең жақсы істер мен жақсы мінезге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен айықтырғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды. «Аллаһумма инни әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумр. Аллаһуммаһ-дини әхсәнәл-әъмәли, уәл-әхләқи лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә уәсриф ъанни сәий-әһә лә йәсрифу ъаннисәий-әһә иллә әнт
Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар. Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғаларды назарларыңызға ұсынамыз: Алладан жан байлығын әрі материалдық байлықты сұрайтын дұға. Ибн Масғұд (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.у.) былай деп жиі айтатынын естіген: «Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим)«Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина» Алладан амандық дұға «Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын!» «Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи диниуә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузубиъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти». Шипа сұрау дұғасы. «Маған бір пәлекет келді. Ал Сен Мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің». «Әнн-нии мәс-сә-ни-иәд-дур-ру уә әңң-тә әр-хә-мур-роо-хи-миин». Салиқалы әйел сұрау. «Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!» «Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә» Қырсық әйелдің, жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну. Әбу Һурайра (р.а.) былай дейтін: «Пайғамбардың (с.а.у.) дұғаларының қатарында мына (дұға) да бар еді: «Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын»”. Әт-Табарани «әд-Ду’а» 3/1425. Хадис сахих (сенімді). «Аллаһумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а сайиатан аза‘аһа». Адам Пайғамбардың (с.а.у.) тәубе жасағанда айтқан дұғасы «Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз» («Аъраф» сүресі, 23-аят). «Роббәнә заләмнә әнфусәнә уәил ләм тәғфир ләнә уәтәрхәмнә ләнәкуунәннә минәл хасириин». «Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!» Кешірім сұрау дұғасы «Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!» «Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ‘индикә уәрхамни, иннәкә Әнтә-л-Ғафуру-р-Рахим!» Кімде-кім: «Әстәғфиру-Ллаһ-әл-’Азыймә-лләзи лә иләһа иллә һууә-л-Хайю-л-Қаййуму уә әтубу иләйһ!» («Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай болмаған Тірі әрі Мәңгі Жасаушы Ұлы Аллаһтан кешірім тілеп, әрі Оған тәубе етемін») - десе, ол тіпті шабуылдаған дұшпаннан (соғыс алаңынан) қашқан болса да, Алла оны кешіреді!» Қадір түнінде оқылатын дұға Айша анамыздың (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрағаны риуаят етіледі. Бұған Пайғамбарымыз (с.а.у.): *«Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!* «Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббуль-ъафуа фаъфу-ъанни
Я, Алла! Мені Өзіңе әрдайым шүкір етуші, Сені еске алушы, Сенен қорқушы, Саған бойсұнушы әрі Өзіңе қайтушы қылғайсың. Уа, Раббым! Менің тәубемді қабыл ет, күнәлардан тазала, дұғамды қабыл ет, дәлелімді мықты ет, жүрегімді тура жолға сал, тілімді берік қылғайсың және жүрегімнің кегін басқайсың. (Бухари, Әдәбул Муфрад) «Аллаһумма-жъәлни ләкә зәккәәрә, ләкә шәккәәрә, ләкә раһһабә, ләкә митуәәъан, иләйкә мухбитән әууәһән мунибә. Рабби тәқаббәл тәубәти, уәғсил хубәти, уә әжиб даъуәти, уә сәббит хужжәти, уәһди қалби, уә сәддид лисәни, уәслул сәхимәтә қалби». رَبِّ اجْعَلْنِي لَكَ شَكَّارًا، لَكَ ذَكَّارًا، لَكَ رَهَّابًا، لَكَ مِطْوَاعًا، إِلَيْكَ مُخْبِتًا أَوَّاهاً مُنِيبًا، رَبِّ تَقَبَّلْ تَوْبَتِي، وَاغْسِلْ حَوْبَتِي، وَأَجِبْ دَعْوَتِي، وَثَبِّتْ حُجَّتِي، وَاهْدِ قَلْبِي، وَسَدِّدْ لِسَانِي، وَاسْلُلْ سَخِيمَةَ قَلْبِي Алладан Жәннатты сұрап, Тозақтан сыйынатын дұға «Я, Аллa! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, әрі Оттан Өзіңе сиынамын!». (Тирмизи, Ибн Мәжәһ) «Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!» اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْجَنَّةَ وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ Жұмысыңызды әрі кәсібіңізді жүйеге салып, Алланың мейірімін шақыратын дұға. «Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені қас қағым сәтке болса да өз нәпсіме тапсырма әрі менің барлық ісімді оңда, Сенен басқа ешбір тәңір жоқ!». (Әбу Дауд, Ахмад) «Аллаһуммә, рахмәтәкә әржуу, фәлә тәкилни илә нәфси тарфәтә ъайн, уә аслих ли шә’ни кулләһ, лә иләһа иллә Әнта!». اللَّهُمَّ رَحْمَتَكَ أَرْجُو، فَلَا تَكِلْنِي إِلَى نَفْسِي طَرْفَةَ عَيْنٍ، وَأَصْلِحْ لِي شَأْنِي كُلَّهُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ Адал ризық-несібе және пайдалы білім сұрау «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі қабыл болатын амал сұраймын!». (Ибн Мәжәһ, Насаи) «Аллаһуммә, инни әс-әлукә ъилмән нәфиъан, уә ризқан тайибән, уә ъамәлән мутәқаббәлән!». اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْماً نَافِعا،ً وَرِزْقاً طَيِّبا،ً وَعَمَلَا مُتَقَبَّلَا Қайтыс болған адамдар үшін жасалатын ең көркем дұға. «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иманмен өткен бауырларымызды кешіре гөр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір жек көрушілік жасама». («Хашыр» сүресі, 10-аят). «Раббәнәғ-фир ләнәә уә ли ихуәәнинәл-ләзиинә сәбәқуунәә бил-иимәни уә лә тәжъал фии қулуубинәә ғилләл-лилләзиинә әәмәнуу, раббәнәә иннәкә рәууфур рахиим». رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلًّا لِّلَّذِينَ آمَنُوا رَبَّنَا إِنَّكَ رَءُوفٌ رَّحِيمٌ Бедеуліктен құтылуға жәрдемдесетін әрі салиқалы ұрпақ сұрау дұғасы! Раббым Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла! Анығында, Сен – тілекті Естушісің! («Әли Имран» сүресі, 38-аят) «Рабби, һәб ли мин ләдункә зурриятән тайибәтән, иннәкә сәмиъуд-дуъә». رَبِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَةً ۖ إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاء Берекелі байлық, салихалы жар, үлгілі ұрпақ сұрайтын әрі ахыреттің азабынан пана сұрайтын дұға! Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта! («Бақара» сүресі, 201-аят) «Раббәнәә әәтинәә фид-дуния хасанатән, уә фил аахирати хасанатән, уә қинәә ъазәәбән-нәәр». رَبَّنَا آتِنَا فِى الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِى اْلاٰخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّار Шипа сұрау «Маған бір пәлекет келді. Ал Сен Мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің». («Әнбия» сүресі, 83-аят) «Ән-нии мәссәниәд-дурру уә әнтә әрхәмур-рахимиин». أَنِّي مَسَّنِيَ الضُّرُّ وَأَنتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ
Әлемдердің Раббысы! ⠀ Жанымның Иесі, Көк пен жердің Жаратушысы, Құдыреті шексіз Алла Тағала. Сен Пәксің! Сенің есімің мақтаулы. Күш-құдырет тек Саған тән. Бізді кешір, жарылқа, Мейіріміңе бөле, тәубемізді қабыл қыл. Иманымызды берік ет, құлшылығымызды қабыл ал. Намазбен қуандыр, тәхажжудте ляззат сыйла, иманның дәмін сездір, таң намазды қаза қылудан сақта, Намазбен қуандыр, тәхажжудте ляззат сыйла, иманның дәмін сездір нәпілдермен Өзіңе жақын ет, "Мүлк" сүресімен қабірімізді нұрландыр, игі амалдарымызбен Қияметте сүйіншіле, "Уақиға" сүресімен бай қыл, сүннетімізбен Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемімен игілігі болсын) жақын ет, шүкір етумен қанағат бер, Құраннан бір күнге болсын қол үздірме. Білімімізді арттыр оған сай амал бер, садақамызбен күнамыздан тазарт, шүкірімізбен Саған сүйікті ет. "Дұха" намаздарымызбен денімізді сау қылғайсың, Ұлы Кітабыңды оқумен дерттерімізден айықтырғайсың, намазбен сабырлық сыйла, Сені еске алумен жүрегімізге тыныштық бер!⠀ Бізді нәпсімізбен бір сәтке болса да жеке қалдырма, шектен шықсақ көркем насихат бер, Өзіңді бір сәтке болса да ұмыттыра көрме, дүниемен алдандырма, Мейіріміңнен үміт үздіре көрме, дінде табанымызды нық ет, ісімізді жеңілдет! Қамқорлығың мен Жәрдеміңнен айыра көрме! Тілімізді зікір етумен суландыр, ғайбаттың есігін ашып қоюдан сақта, өзгеге мін тағудан алыс ет. Риядан қорға, фитнадан бетімізді аулақ қыл. Өзгенің айыбын жасыруды үйрет, реніштерді ұмыттыр, қарапайымдылықпен сұлу ет, көркем мінезбен дәрежемізді биік ет. ⠀ Біз Саған мұқтажбыз! Бізді жарылқа, күнәмызды кешір, ей, Күндізді түнмен түнді күндізбен алмастырған, аспанға шамшырақ орнатып, өлі жерді тірі еткен Құдыреті шексіз Раббым!