Turizm industriasy komitetı
СтатистикаҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Комитет индустрии туризма МТС РК Байланыс нөмірі: 📲 +77078764548
- Последний пост
- 10 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 22
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Спорт
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 30
- 1/48двое суток
- 34
- 1/72трое суток
- 37
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Разгрузка популярных локаций и круглогодичный отдых: как развивается Бурабай Вице-министр туризма и спорта Республики Казахстан Мирас Тулебаев в рамках рабочей поездки совместно с заместителем акима Акмолинской области Ернаром Жаркешовым ознакомился с развитием Щучинско-Боровской курортной зоны, реализацией ключевых инвестиционных проектов и туристской инфраструктуры, а также провел встречу с представителями туристского бизнеса региона. В ходе совещания с предпринимателями обсуждены вопросы реализации Комплексного плана развития Щучинско-Боровской курортной зоны на 2025–2029 годы, модернизации инженерной и транспортной инфраструктуры, повышения качества туристских услуг и перехода Бурабая к круглогодичной модели отдыха. В рамках поездки вице-министр посетил поляну Абылай хана и мультимедийный интерактивный комплекс, ознакомился с инвестиционными проектами Pana Group по реконструкции гостиницы «Абылай хан», строительству этно-кофейни с конюшней и визит-центра. Также Мирас Тулебаев осмотрел общественное пространство «Болектау», лодочные станции и санитарно-гигиенический узел, ознакомился с проектом реконструкции улицы Алимусиных со строительством моста через реку Громотуха и посетил КПП №2 ГНПП «Бурабай». В Центре оперативного управления национального парка ему представили решения по обеспечению безопасности туристов. Кроме того, были осмотрены парковочная зона и место строительства многофункционального Конгресс-центра, коттеджный городок Burabay Grand Village, а также курортная зона Aqbura Resort и побережье озера Большое Чебачье. «Важно не только увеличивать туристский поток, но и создавать условия для его равномерного распределения, развивать новые локации и расширять возможности для отдыха в течение всего года. Современная инфраструктура, новые инвестиционные проекты и высокий уровень сервиса позволят укрепить позиции курорта Бурабай как круглогодичного туристского центра», — подчеркнул вице-министр. Щучинско-Боровская курортная зона формирует около 86% туристского потока Акмолинской области. Реализация новых проектов позволит перераспределить туристские потоки, снизить нагрузку на наиболее востребованные территории, повысить качество отдыха и создать условия для увеличения продолжительности туристского сезона.
Бурабайдың жаңа келбеті: туризмді жыл бойы дамытуға басымдық берілді Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев жұмыс сапары аясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешовпен бірге Щучье-Бурабай курортты өңірінің даму барысымен, негізгі инвестициялық жобалардың іске асырылуымен және туристік инфрақұрылымның жағдайымен танысты. Сондай-ақ өңірдің туристік бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Кәсіпкерлермен өткен кездесуде 2025-2029 жылдарға арналған Щучье-Бурабай курортты өңірін дамытудың кешенді жоспарын іске асыру, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту, туристік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ Бурабайды жыл бойы демалуға мүмкіндік беретін курорт ретінде дамыту мәселелері талқыланды. Жұмыс сапары барысында вице-министр Абылай хан алаңында болып, мультимедиялық интерактивті кешеннің жұмысымен танысты. Сондай-ақ Pana Group компаниясының «Абылай хан» қонақүйін қайта жаңғырту, ат қорасы бар этно-кофехана және визит-орталық салу жөніндегі инвестициялық жобаларын көрді. Мирас Төлебаев «Бөлектaу» қоғамдық кеңістігін, қайық станцияларын және санитариялық-гигиеналық нысанды аралап көрді. Сонымен қатар Алимусиндер көшесін қайта жаңғырту және Громотуха өзені арқылы өтетін көпір салу жобасымен танысып, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің №2 бақылау-өткізу пунктіне барды. Ұлттық парктің Жедел басқару орталығында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер таныстырылды. Бұдан бөлек, автотұрақ аумағы мен көпфункционалды Конгресс-орталық салынатын орын, Burabay Grand Village коттедждер қалашығы, Aqbura Resort курорттық аймағы және Үлкен Шабақты көлінің жағалауы қаралды. «Туристер санын арттырумен қатар, туристік ағынды біркелкі бөлуге, жаңа нысандар мен бағыттарды дамытуға және жыл бойы демалуға мүмкіндік беретін жағдай жасауға баса мән беру қажет. Заманауи инфрақұрылым, жаңа инвестициялық жобалар және қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейі Бурабайдың жыл бойы туристерді қабылдайтын орталық ретіндегі әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті вице-министр. Щучье-Бурабай курортты өңіріне Ақмола облысына келетін туристердің шамамен 86%-ы тиесілі. Жаңа жобаларды іске асыру туристік ағынды қайта бөлуге, ең көп сұранысқа ие аумақтарға түсетін жүктемені азайтуға, демалыс сапасын арттыруға және туристік маусымның ұзақтығын ұлғайтуға жағдай жасайды.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
В Казахстане совершенствуют механизмы государственной поддержки туризма Поправки направлены на приведение в соответствие с нормами Закона о туристской деятельности, вступившего в силу в марте текущего года. Главная цель — сделать процедуры более понятными для бизнеса, сократить административные барьеры и повысить эффективность использования бюджетных средств. Kids Go Free: с целью повышения качества оказываемых туроператором услуг уточнены требования к турпродукту. Требования по качеству касаются всего турпродукта — он должен быть сформирован туроператором в сфере внутреннего туризма, включать перелет ребенка эконом-классом в оба направления и обеспечивать проживание не менее двух ночей. Также предусмотрено подтверждение оплаты тура и родства сопровождающего лица с ребенком. Субсидии для въездных туроператоров: для увеличения экономического эффекта от въездного туризма минимальная продолжительность пребывания иностранных туристов для получения субсидии увеличена до шести ночей. Это соответствует международной практике и позволит обеспечить более эффективное использование бюджетных средств. Следует отметить, что действовавшее ранее требование было введено для поддержки въездного туризма в постпандемийный период. Сегодня въездной туристский поток не только полностью восстановился, но и превысил показатели 2019 года. В этой связи акцент государственной поддержки смещается на стимулирование более продолжительного пребывания иностранных туристов в Казахстане. Размер субсидии для туроператоров сохранен на уровне 15 тыс. тенге за каждого туриста. Ожидается, что это будет способствовать росту расходов иностранных туристов на проживание, питание, экскурсии и другие услуги в регионах. Санитарно-гигиенические узлы: для качественной работы санитарно-гигиенических узлов детально определен перечень расходов, подлежащих субсидированию — уборка, дезинфекция, коммунальные услуги, водоснабжение, освещение, вывоз отходов и эксплуатационные расходы. Размер субсидии сохранен на уровне 83,3 тыс. тенге в месяц. Усилен контроль за фактической работой объектов: предусмотрены осмотры, фото- и видеофиксация, а также регулярный мониторинг. Инфраструктурные проекты: сохранены действующие меры государственной поддержки туристской инфраструктуры. Государство продолжит возмещать 25 % стоимости оборудования и техники для горнолыжных курортов, 25 % стоимости туристских автобусов, а также 10 % затрат на строительство объектов придорожного сервиса, визит-центров и мест размещения туристов. При этом систематизированы перечни поддерживаемых объектов и оборудования, уточнены требования к документам, сроки рассмотрения заявок и порядок принятия решений, что сделает механизм предоставления государственной поддержки более прозрачным и понятным для бизнеса. Приоритетные туристские территории: полномочия по формированию приоритетных туристских территорий переданы на уровень регионов. Теперь акиматы смогут самостоятельно определять такие территории, устанавливать их границы и принимать решения с учетом туристского потенциала каждого региона. Это позволит оперативнее развивать перспективные туристские локации и учитывать их особенности. Изменения направлены на создание более эффективной и прозрачной системы государственной поддержки туризма, которая сочетает упрощение процедур для бизнеса с усилением контроля за целевым использованием бюджетных средств. При подготовке изменений были учтены рекомендации ВАКР (внешний анализ коррупционных рисков), правоприменительная практика, а также предложения бизнеса и местных исполнительных органов.
без подписи
Қазақстанда туризмді мемлекеттік қолдау тетіктері жетілдірілуде Енгізілген өзгерістер биылғы жылдың наурыз айында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның нормаларына сәйкестендіруге бағытталған. Негізгі мақсат – бизнес үшін рәсімдерді түсінікті ету, әкімшілік кедергілерді азайту және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Kids Go Free бағдарламасы: туроператорлар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында туристік өнімге қойылатын талаптар нақтыланды. Туристік өнімді ішкі туризм саласында қызмет көрсететін туроператор қалыптастыруы, оған баланың эконом-класс бойынша екі бағыттағы әуе тасымалы енгізілуі және кемінде екі түн қонақүйде орналастыру қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар турдың төленгенін және баланы алып жүретін адамның туыстық қатынасын растайтын құжаттарды ұсыну міндеттеледі. Кіру туризмі саласындағы туроператорларға берілетін субсидиялар: елге келетін туристерден түсетін экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында субсидия алу үшін шетелдік туристің Қазақстанда болу мерзімі кемінде алты түн болып белгіленді. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұған дейін қолданыста болған талап пандемиядан кейінгі кезеңде кіру туризмін қолдау мақсатында енгізілген болатын. Бүгінде елімізге келетін шетелдік туристер ағыны толық қалпына келіп қана қоймай, 2019 жылғы көрсеткіштен де асты. Осыған байланысты мемлекеттік қолдау ұзақ мерзімді сапарларды ынталандыруға бағытталады. Туроператорларға төленетін субсидия көлемі бұрынғыдай әр турист үшін 15 мың теңге деңгейінде сақталды. Бұл өңірлерде шетелдік туристердің тұруға, тамақтануға, экскурсиялар мен өзге де қызметтерге жұмсайтын шығындарының артуына ықпал етеді деп күтілуде. Санитариялық-гигиеналық тораптар: санитариялық-гигиеналық тораптардың сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін субсидияланатын шығыстардың нақты тізбесі айқындалды. Оған тазалау, дезинфекциялау, коммуналдық қызметтер, сумен жабдықтау, жарықтандыру, қалдықтарды шығару және пайдалану шығындары кіреді. Субсидия мөлшері бұрынғыдай айына 83,3 мың теңге көлемінде сақталды. Сонымен қатар нысандардың нақты жұмысын бақылау күшейтіліп, тексерулер жүргізу, фото және бейнетіркеу, сондай-ақ тұрақты мониторинг жасау көзделген. Инфрақұрылымдық жобалар: туристік инфрақұрылымды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары сақталды. Мемлекет тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың құнының 25 пайызын, туристік автобустардың құнының 25 пайызын, сондай-ақ жол бойындағы сервис нысандарын, визит-орталықтар мен туристерді орналастыру орындарын салуға жұмсалған шығындардың 10 пайызын өтеуді жалғастырады. Сонымен қатар қолдау көрсетілетін нысандар мен жабдықтардың тізбесі жүйеленіп, құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді қарау мерзімдері және шешім қабылдау тәртібі нақтыланды. Бұл мемлекеттік қолдау тетіктерінің ашықтығын арттырып, бизнес үшін рәсімдерді түсінікті етеді. Басым туристік аумақтар: басым туристік аумақтарды айқындау жөніндегі өкілеттіктер өңірлік деңгейге берілді. Енді жергілікті атқарушы органдар мұндай аумақтарды өздері белгілеп, олардың шекарасын айқындай алады және әр өңірдің туристік әлеуетін ескере отырып шешім қабылдайды. Бұл туристік әлеуеті жоғары аумақтарды жедел дамытуға және олардың ерекшеліктерін тиімді ескеруге мүмкіндік береді. Қабылданған өзгерістер туризмді мемлекеттік қолдаудың тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Олар бір жағынан бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетсе, екінші жағынан бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтеді. Өзгерістерді әзірлеу барысында СЖТС нәтижелері (сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау), құқық қолдану тәжірибесі, сондай-ақ бизнес қауымдастығы мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары ескерілді.
без подписи
Безопасность на озерах Шалкар и Имантау: какую работу провел акимат? В Северо-Казахстанской области продолжается комплексная работа по обеспечению безопасного и комфортного отдыха туристов на озерах Шалкар и Имантау. Особое внимание уделяется безопасности на воде, охране общественного порядка и доступности медицинской помощи. На побережье оборудованы спасательные вышки, буйковые линии и пирсы, организовано круглосуточное дежурство спасателей и плавательных средств. Для профилактики нарушений регулярно проводятся дневные и ночные рейды. Ежедневный мониторинг курортной территории осуществляют представители местных исполнительных органов, сотрудники полиции и туристской полиции. Для обеспечения общественного порядка используются камеры видеонаблюдения, ведется постоянный контроль мест массового отдыха. Также продолжается строительство двух модульных постов туристской полиции у озер Шалкар и Имантау. Медицинская помощь отдыхающим обеспечивается через врачебные амбулатории и медицинские пункты, расположенные в близлежащих населенных пунктах. На всех спасательных постах имеются аптечки первой помощи, персонал прошел соответствующее обучение, а при необходимости организован оперативный вызов скорой медицинской помощи. Подробнее о проведенной работе и ключевых показателях — в инфографике.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
Шалқар-Имантау көлдеріндегі қауіпсіздік: әкімдік қандай жұмыстар атқарып жатыр? Солтүстік Қазақстан облысындағы Шалқар-Имантау көлдерінде туристердің қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл ретте судағы қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға және медициналық көмектің қолжетімділігіне басымдық берілген. Жағалау аумақтарында құтқару мұнаралары, қалқыма белгілер мен пирстер орнатылып, құтқарушылар мен жүзу құралдарының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейдтер тұрақты түрде өткізіледі. Курортты аумаққа күн сайын жергілікті атқарушы органдардың, полиция мен туристік полиция өкілдері мониторинг жүргізеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары пайдаланылады, жаппай демалыс орындары тәулік бойы бақылауда. Сонымен қатар Шалқар-Имантау көлдерінің жағалауында туристік полицияның екі модульдік бекетінің құрылысы жалғасып жатыр. Демалушыларға медициналық көмек жақын маңдағы елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер арқылы көрсетіледі. Барлық құтқару бекеті алғашқы медициналық көмек қобдишаларымен жабдықталған, қызметкерлер алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша оқытылған. Қажет болған жағдайда жедел медициналық жәрдемді дереу шақыру мүмкіндігі қарастырылған. Атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер туралы толығырақ инфографикадан таныса аласыз.
без подписи
без подписи