KÖK ASPAN
СтатистикаКөк аспан – жүрекке түскен сәуле. Ой салар сөздер мен көз сүйсінер суреттер. Менімен байланыс: Бұл – менің арнам.
- Последний пост
- 12 авг.
- Последнее чтение
- 13 авг.
- Постов за неделю
- 2
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 11
- 1/48двое суток
- 12
- 1/72трое суток
- 13
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Келген қонақтар арасында шайын сораптап ішіп, әркімді әңгіме қылатын әпшем анам мен әкеме: — Әй! Мына қыздарыңды қандай оқуға жіберейін деп жатсыңдар? Нан жоқ қой, қайдағы шығармашылық? Қыз балаға сол пед, мед болады әйтеуір, наныңды өзі тауып жейтін мамандықтар ғой, — деп мені әңгімелеп, талғамыма, таңдауыма тиісіп, әбден әбігерге түсті. Шүкір, әке-шешем таңдауыма таласпаған. «Иә, иә», — деп қоя салды, әңгімені жапқандай болып. Бұл әпше сымақтың менімен қатарлас қызы бар. Өзі айтқан «нан жейтін» медицина мамандығына түспек. Әттең, жарқырап, бұлбұлдай сайрап отырушы еді. Даусы жарқын шығып, бала кезімде: «Теңдесіз, осыдан қарашы, өскенде бәрі танитын әнші боламын», — деп ағынан жарылып, арманын айтатын еді. Жете алмапты. Әпшем одан қоймай, әке-шешемнің момындығын біліп, мені шақырды. Бүкіл туысым отырған еді. — Қыз таңдаған мамандығының қыз оқитын мамандық емес. Ертең нан таппайсың, басқасын таңдасаңшы. — Әпше, талғамға талас жоқ. Бала күнгі арманымды орындаймын. — Түсінбедің-ау, ертең байға шыққанда, жұмыс болмайды на мамандықпен. Менің қызыма ұқсап, медке түс. Укол салып болса да, ақша табасың. — Араласпаңыз өміріме. Өзім білемін, өзім шешемін! Нан таппайтын мамандық болса, ас жеуді доғарамын. Әңгіме ақшада да емес, арманымда. Сіздің қызыңыз сияқты байға шыққанда укол салып жүретін жайым жоқ. Оқимын, ел көремін. Шаруаңыз болмасын! Арты біраз әңгімеге ұласып, ұрыс басталды. Мен ашуланып, сыртқа шығып кеттім. Өзім қалаған мамандыққа ақыры түстім. Құлағыма жаңағы әпшемнің мен туралы айтқан өсектері жетіп жатты, бірақ бақытты болдым. Содан міне, оқуымды бітіріп, жұмыс орнымда лауазымды қызмет атқарып жүрмін. Кезінде «нан таппайсың» деген мамандығым біраз пайдасын көрсетті. Өз арманыңды біреудің ойы үшін сатпа, адал бол. (Бейтаныстың оқиғасынан.)
Сырттай жақсы көру жеткіліксіз. Жан-тәніңмен сүй, сол адаммен өлердей болып ауыр. Бір сәтке көрмесең, тұрмайтындай, көздерін аңсайтындай хәлде болуың керек. Шақырғанда жетіп барып, жанының жарасын емдеуің қажет. Тіпті оның денесіндегі қалдары мен тыртықтарына дейін білгің келетін жағдайда болшы. Міне, нағыз адамды сүю, ғашық болу.
Кейде тым асыра сілтеп, көңілімді түсіріп алатыным бар. Сезімталдықтың әсері)
без подписи
без подписи
Байланыс нөмірі 8-700-957-0932 Барлық қалаға жеткізу бар
Грант иегерлерін құтықтаймын 😍✨
Ер мінезді қыздың көкбеттілігін ер мінезді ер адам басады. Сөйлеп қалған сайын өзінікін дұрыс деп, сөз таластыратын адам емес. Қанша қырсық, мінезі бар қызды өз адамының қасына апаршы, одан асқан нәзік жанды таба алмайсың.
Қайтадан бізді тумайды ешкім...
Осы өлең бір жақсы әсер қалдырады екен 🥹
Оңай соқпас мықтыға да, осалға Қоштасу сәт – ең қиыны қашанда. Енді қайтып көрмесіңді білсең де Қоштаса біл, жанарыңа жас алма. Исрайл Сапарбай «Қоштаса біл» https://t.me/kitapuzindisi
Қызғаншақтық деген әйелге де, ерге де дерт. Бұл көп жайда теңсіздіктен, ерлі-зайыпты екеуі бір-біріне тең болмаудан, немесе, тең болады. Кейде бірі сүйіп, бірі сүймей қосылатын ала ауыздықтан шығады. Әсіресе, әйелдің шайпау мінезі ер жігітті жүдетеді, жүнжітеді. Сәуірбек Бақбергенов «Кентау» https://t.me/kitapuzindisi
«Құдайдың жазғаны» деп Құдайға жаба салып, «осындай болуы керек болып тұр» деп жағымсыз оқиғаны ақтап, «маңдайға жазғаны», «тағдырдың жазғаны» деп тағдырдың талқысына салынбандаршы. Бәрі өз қолдарыңда. Өлімнен басқаның бәрін өзгертіп, түзей аласыңдар. Бұндай сөздерді айтатын адамдардың көпшілігі: «Құдайдың жазғаны ғой», – деп еріншектігін ақтап алады. Әй, жассыңдар, отсыңдар! Осы уақыттарыңда барлығын жасап, тіршілік қылыңдар.
Кейде сені қатты құшақтағым-ақ келеді жіберместей қысып... Тек мүмкіндік жоқ.
Кейде сен қабылдамай, мойындағын келмейтін сәттерді жіберуге тура келеді. Сол кезде жеңілдейсің✨.
Айта кетейін менің екінші каналым https://t.me/rahmanitauba досым аманаттады.
- Неге ұйықтамайсың, тағы оны ойлап жатсың ба? Түсімде де көргім келмейтінін қалай түсіндірейін?.. #nurqeldi
Көшеде, жалпы қоғамдық ортада жүрсем, әрдайым көмек көрсетуге тырысамын. Мейлі есік ашып болсын, мейлі көшедегі мысықтарды тамақтандырып болсын. Таксиден түскенде: «Жақсы, рақмет, сау болыңыз», – деп міндетті түрде айтамын. Бұл іс-әрекеттерді әдетке айналдырып жүрмін. Әйтеуір, кішкене болса да, тыныштық сыйлайды.
Иттік тірліктің шыңы деп білемін. «Бәрі осы бала-шағаның қамы ғой» дейміз. Сонда да оның да әкесі бар ғой, осы кісі сияқты. Қалай ғана қиып, мал-жанның қамы үшін алдап, 7 жылға жіберді екен? Көзінен аққан жастар қан болып ақсын.
Әзірге жүрген адамымның саны — 0. Басқаларға бұл қалыпты емес болып көрінуі мүмкін, бірақ маған солай дұрыс. Әзірге психологиялық жағынан өзімді реттеуім қажет. Себебі мен сау қарым-қатынас қалаймын. Ол үшін де алдымен өзім соған лайық болуым керек.