- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 5
- Всего постов
- 22
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 46
- 1/48двое суток
- 52
- 1/72трое суток
- 56
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Жастық шағынды нәпсіге арнасан, онда сен ұтылдың. Ал ілімге арнасан онда ұттың. Алла ілімге береке берген.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ мен ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫНА дайындалатын арна Админ өзім боламын https://t.me/+_Fx9Rdtu1qJiYTcy Таратып қойсаңыздар, шектеу жоқ кіре беріңіздер, түрлі тест сұрақтар, ҰБТ дағы сұрақтарды талқылаймыз! Алла ілімдеріңізді пайдалы, хайырлы етсін 🤲
Сырттай жақсы көру жеткіліксіз. Жан-тәніңмен сүй, сол адаммен өлердей болып ауыр. Бір сәтке көрмесең, тұрмайтындай, көздерін аңсайтындай хәлде болуың керек. Шақырғанда жетіп барып, жанының жарасын емдеуің қажет. Тіпті оның денесіндегі қалдары мен тыртықтарына дейін білгің келетін жағдайда болшы. Міне, нағыз адамды сүю, ғашық болу.
Түсініксіз әлемде түсінетін жан өзің болшы әрдайым. Адассам, тура жол көрсетіп, сүрінсем, қолыңды ұсынып, өмірімнің бір бөлшегі бол. Қиындыққа тап болғанда: «Сенің мәселең — менің мәселем. Бәрін бірге көреміз, мен шешемін. Уайымдама», — дейтін жаныма демеу болшы. Белгісіздіктің адамыңа)
Жан-жағымның сұлулығын қайтейін? Сенің көздеріне жетпесе...
Жер астында емес, жер үстіндесің. Сондықтан әлі де мүмкіндігін бар, барлығын қайта жасауға.
без подписи
без подписи
Байланыс нөмірі 8-700-957-0932 Барлық қалаға жеткізу бар
Tauba — мұсылмандардың күнделікті құлшылығын жеңілдетуге арналған заманауи исламдық қосымша. Қосымшада намаз уақыттары, Құран оқу, дұғалар, зікірлер және басқа да пайдалы исламдық мүмкіндіктер бір жерге жинақталған. Қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс арқылы қажетті ақпаратты тез таба аласыз
Өзіңді құрметтемейтін, уақытыңды босқа кетіретін ортадан кет. Шаршасаң, демал. Шулы әлемнен шаршасаң, дыбыссыз режимге қойып, ұйықтап ал. Сөйлесуге құлқың болмаса, сөйлеспе. Көңілің қимай «иә» деме. Егер сені ойласа, ол адам сені «иә» деуге мәжбүр қылмас еді. «Жоқ» деп айтып үйрен. Өзіңді өзің бағаламасаң, қадіріңді кетірушілер көбейеді.
Әрбір ата-ана баласының оқуда озат, ата-анасының мақтанышы болғанын қалайды. Үлкен жетістіктерге жетіп, өмірінің қисынсыз өткелдерінен адаспай өтсін дейді. Балаға өмір сыйлау оңай, ал оны толық қамтамасыз етіп, адами қалпында тәрбиелейтіндер аз. Дүниеге шыр етіп, төрт ұлдан кейін Жарық келді. Кейін артынан інісі де араға жыл салып дүние есігін ашты. Сөйтіп, бес ұл мен бір қызды болып, отбасының кірпіші қаланды. Жарықтың балалық шағы болған жоқ. Шешесі жырақта жүріп саудамен айналысса, әкесі ішімдікпен жолдас болды. Басқа балалар сияқты ойнағысы келсе де, анасы оны үлкен өмірге ерте жастан дайындай бастады. — Ағаларыңның кірін жу, ініңе қара, үй жина, ыдыс жуып отыр, тамақтарын жаса. Ертең келін боласың. Келін болғанда енең: «Мынаған шешесі ештеңе үйретпеген екен», — деп бізді қарабет қыласың, — деп, жылдар бойы төрт қабырғада үй шаруасын істетіп, келіндік өмірді миссия қылды. Құлағына: «Жігітпен жүрме, ашық киінбе, юбка ки, шашыңды жайма. Ұят болады, жұрт көрсе», — деген сөздерді құйып, ұятпен өмір сүргізді. Ал бауырлары ше? Оларды: «Еркек, ертең мұрагер болады, ата-баба ұрпағын жалғастырады», — деп, хандай сыйлады. Ал мұраға қалатын дүниесі атасынан қалған құлауға сәл қалған ескі үй мен үлкен сомадағы берешегі еді. Сыныбында озат болған Жарық 11-сыныпта ҰБТ-ға дайындалды. Дайындалды деген аты болмаса, дайындалуына мүмкіндік болған жоқ. Шешесі келіп бір тиіседі, бауырларының бүлдірген үйін жинайды, ыдыс жуып, тамақ жасайды. Ал кешке қарай ішкен әкесі мен анасының концертін көріп, біраз жылап алады. Осылай күндері өтіп, Жарық армандаған оқуына түсе алмады. Нағыз тозақ басталды. — Мектебінің озаты оқуға түсе алмапты, масқара! — деген түрлі өсектер тарап, қызды жерден алып, жерге салды. Шешесі де қойсын ба? — Байға кет! Оқуға да түсе алмадың, қаншық! — деп, біраз ауыр сөз айтты. Жалғасы пікір бөлімінде
Өзгелерді жоғалтамын деп қорықпа, өзіңді басқалар үшін жоғалтудан қорық. Басқаға байланып, өміріңнің қалай қор болғанын байқамай да қаласың...
Нағыз жау — айналаңдағы туыстарың не таныстарың емес, өзің. Әрекет жасамаған кім? Сен. Бойыңдағы бар күш-қуатты пайдалана алмай жүрген кім? Сен. Сені сүйгенді жылатқан кім? Сен. Бар кезде бағалай алмай, кейін қабірін құшақтаған кім? Сен. Адамдармен байланысын үзе бастап, тек ойымен сөйлесетін кім? Тағы да сен. Барлық мүмкіндігің бар, бірақ жалқаусың. Өзіңе -өзін жауың да — өзің.
Көзі түскеннің де, ойы түскеннің де бәрімен тілдесе берсең, нең қалды? Шынайы ниеттенуші жан болмаса.
Бүгінгі күн ерекше, себебі Балғынның Гүліммен алғашқы кездесуі. Гүлімді көрген сәтте оның көздері балбұл жанатын. Тіпті алғаш рет қолдарын ұстаған сәтті есінен мүлдем кетпейді. Балғын сүйіктісінің әрбір айтқан сөзіне тамсанып, барлығын есте сақтап жүрді. Осылай күн өте берді: күнделікті қос ғашықтың кездесуі мен жүрекпен тілдесуі. Ол кезде ұялы телефон болмады, тек ақ парақ пен қара сиялы қаламсап болды. Кездеспесе – хат жазады, хат жазбаса – жүрекпен бір-бірін сезеді. Гүлім ауылының ең көрікті әрі қылықты қызы болатын. Айналасындағы барлық жігіт оны армандады, сөз салушылардың қатары көбеймесе, азаймады. Гүлімнің көңілі, жүрегі өнер деп соққан Балғында болды. Әр кездескен сәтте Балғын оған арнап ән айтатын. Дәл осылай бірін-бірі сөзсіз сүйетін. Уақыт өте Гүлім оқуға кетті. Бірақ Балғын – үйдің тұңғышы: жалғыз шешесі мен кішкентай бауырлары бар. Жесір шешесін кішкентай екі бауырыммен тастап кете алмай, ауылда қалды. Олардың махаббаттарын арақашықтық бұза алмады. Қысқы демалыс кезінде кездесуге асығатын. Әр келген хатты көз тоймай, бірнеше рет қайтара оқитын. Балғын үйленетін жасқа келді, ал Гүлімнің оқуы бар еді. Ол оқуын бітірмей тұрмысқа шықпайтынын жеткізген, Балғын келісті. Шешесі Балғынға көрші ауылдан бір қыз тауып қойыпты. Күнде айтып, сол қызды ал деумен мазасын алды. — Ей, балам, ол қыз саған тұрмысқа шықпайды. Оқу деген қыз балаға не үшін қажет? Қалаға барып бұзылып кеткен дейді ауыл іші. — Анашым, мен оны сүйемін, айып етпеңіз. Оны күтемін. — Егер менің айтқанымды тыңдамасаң, мына үйден менің өлігім шығады. Сол кезде көрерсің Гүлімнің рақатын! Той. Балғын мен Жадыраның тойы. Шеше мәз. «Таныс жерден қыз алдым» деп қуанып жүр. Тойдың болатынын естіп, Гүлім сол күні жатақханадан шықпай, тек төсекте басын жастыққа қойып жылаумен болды. Балғын той үстінде қатты өкінді, бірақ жесір шешесінің де айтқанынан шыға алмады. Бірнеше күннен кейін Гүлімнің өлі денесін жатақхана ішінен тауып алыпты. Хатта: «Маған бұйырмаған бақтың өзгеге бұйырғанына төзе алмаймын», – деп жазып қалдырып кетіпті. Гүлімнің соңғы жаназасына Балғын да келді. Барлық ауыл іші олардың махаббаттарын білетін. Бәрінің көзі Балғында: қазір не істейді екен деп, оның іс-әрекетін бақылап тұр. Балғын бәрін ішіне сақтады, еш жылаған жоқ. Қатулы қабақ, өзін ұстады. Сырт көзге білінбегенімен, «оның өліміне мен кінәлімін» деген ішкі дауыстар шығып жатты. Жер қойнына тапсырылған соң, Балғын өзін жоғалтты. Ішімдікке салынды. Қасында Гүлім емес, анасы қалап әперген Жадыра жатыр. Гүлім болса қара жерде... Кім біледі, мүмкін олар қосылғанда бәрі басқаша болар ма еді? Қыздың көз жасына қалып, өліміне себепші болған адам оңбайды демекші, тағдыр Балғынды одан әрі сынай түсті. Әйелі перзентханадан 2-ші баласын босанған соң жынды болып қалды. Қоймай қосқан шешесінің денсаулығынан ештеңе қалмаған. Бәрі екі жастың обалына қалғандықтан деп топшылады. Енді Балғынның өмірі: ауру шеше, жынды әйел, 2 сәби және енді үлкен өмірге қадам басып келе жатқан бауырларын бағу болды...
Ең қажетті кеңес: 1. қан талдауын жасап, қандай дәурумендер жетіспейді біліп алып, дәрі-дәрмектер алып емделу. 2.Жылына 1-2 чек ап өту. 3.Психологиялық ауруының бар екені байқалса тез психолог, психиатрға қаралу. Ертең қаралмасаң жараның асқынуы мүмкін. Тән мен сана сау болса сенен асқан бақытты адам жоқ.
Жақыным деген жандар жанымды жаралауда, жарқыным деген жандар жауыздығын жасап жатыр. Ал мүлде таныс емес, бейтаныс адамдар қорлауын емес, қолдауын көрсетуде. Сонда «жақыным» деген адамдарым бұл атқа лайық па?
Мен құшақтағым келетін адамның даусын ұмытқалы бес жыл болып қалыпты. Одан ешқандай естелік қалмады, тіпті бір дана киімі де жоқ. Бұл – ауыр сезім. Сағынышты басу үшін қабіріне де бара алмаймын. Бүгін түсімде қабіріне барыппын. Бұл да бір белгі шығар: «Кел», – деген...
Шын сүйгенде сен сүймесем кінәм неде?