Kommentator_Maulen
СтатистикаБұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ «E.Maulen»-ның ресми аккаунты. Лицензия № KZ03VPY00102019, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 26.09.2024 жылы беріл Жарнама бойынша: +77786243499
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 29
- Всего постов
- 33
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Спорт
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 3 917
- 1/48двое суток
- 4 356
- 1/72трое суток
- 4 698
Медиана по постам, которые мы застали свежими и померили через сутки.
Посты
Болды, «Бернлиге» ауысады Дастан Сәтпаев Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» клубына жалға берілетін болды 💣 18 жасқа толған соң «Челсимен» алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімшартта оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған екен. Дастан Сәтпаев «Бернлидің» стадионы «Терф Мурға» барып үлгерді. Енді ол жексенбі күні «Вест Хэммен» болатын матчқа дейін медициналық тексерістен өтпекші. Осылай, не дейсіздер?
Сонымен, ҚПЛ-ден кім ұшады? «Алтаймен» тең ойнаған «Қызыл-Жарға» техникалық жеңіліс жазылды 😳 Сөйтіп өскемендіктер жоқ жерден 3 ұпайлы болды. Онымен қоймай бір саты жоғарылап, қауіпті аймақтан алыстады. Ендігі сұрақ, кім? Ұшатын қай команда «Жетісу» жоқ «Ертіс»? Әлде басқа варианттар бар ма😄 @kommentator_maulen
Түбі қайдан шығар екен «Қайратты» да, «Тобылды» да қоя тұршы 🤔 Осы бала түптің түбінде қайда барар екен?? Дастанның Ауропадағы аяғы жеңіл болса, басқа балаларға жол ашылайын деп тұр😍 Бекболат, Тұяқбаевтарды сонда жақсы лигаларға жіберер едік 🇰🇿 @kommentator_maulen
❤️ Қайрат пен Тобыл жерге қаратты. Уразбахтинді шетелдік маман алмастыра ма? Чесноков қайда ауысады? Fonteam командасы бүгін осы Еурокубоктегі сәтсіздіктердің себебін іздеп көрді. «Қайрат» неге «Левскиден» өте алмады? Бас бапкер Уразбазтиннің сылтауы неге таусылмайды? Клубтың ішінде ауызбіршілік жоқ екені рас па? Жалпы, қазақ футболының дамымай бір орында қалып кетуіне кімдер кінәлі? Осы сұрақтардың жауабын біздің тұрақты резиденттер іздеп көрді. 🖥️ : https://youtu.be/IerhQ8w_31M ◀️
Ақтаулық “Каспий” 16-тамыз күні “Елімайға” қарсы ойнайды. Сол ойын Қызылордада емес, Ақтау қаласында өтеді дейді. Жергілікті жанкүйер қолдаса, үйін сағынған “Каспий” ойыншылары семейліктерді әбден қинайын деп тұр. Күннің ыстықтығы да әсерін берері анық. @kommentator_maulen
Қақпаның ішінен әдемі тосып ала ма? Не енді мынау? @kommentator_maulen
Исламнан сұрапыл ойын күтемін дедім бе? Мұным да дәл шығып тұр 😍 Енді «Тобылдан» камбэк күтемін 💣💣💣 @kommentator_maulen
«Шахтер» шашып тастады Қарағандылық команда сырт алаңда «Ақтөбені» 6:1-мен ұтты. Ал Артем Литош 3 гол соғып, хет-трик тіркеді 🔝 Бағана дәл болжаппын, иә 😊 @kommentator_maulen
«Шахтер» қарқыны қатты «Кеншілер» Бірінші лигада бет қаратар емес 🔝 Сырт алаңда «Ақтөбені» сойып жатыр. Артем Литош тағы хет-трик тіркей ме? «Қайрат» түлегі әзірше дубль жасады 💣 @kommentator_maulen
«ТОБЫЛ» — «ПАРТИЗАН» | БҮГІН БӘРІН ШЕШЕТІН МАТЧ! 🔥 «Тобыл» бүгін өз алаңында Белградтың «Партизанын» қабылдайды. Еурокубоктағы бұл текетірестің бірінші матчында сербиялық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Енді Қостанайдағы жауапты ойында «Тобылға» кем дегенде үш гол айырмасын жабу қажет. 🎁Достарымыз жаңа ойыншыларға 50 000 ₸-ге дейін сыйлық дайындап қойды! 👉Сыйлыққа қатысып, өз мүмкіндігіңізді байқап көріңіз!
💚 Сараптаманы сайттан оқиық https://aladop.kz/post/tobyl-partizan-astanadagy-sheshushi-aikas-aldyndagy-saraptama-55220/
Кешке Исламнан сұрапыл ойын күтемін Чесноковтың маңызды ойындарда, әсіресе Еурокубоктарда жарқырап кететін әдеті бар 💣 «Базельге» қарсы ойын естеріңізде болар😍 «Тобыл» мен «Партизан» бәсекесіндегі басты үміт осы футболшыда.
Камбэкбай жасай аламыз ба 😄 «Хайдукты» еске алып жатыр екен біраз жұрт бүгін 🤔 Сырт алаңда 2:0 болған ол кезде және қарсылас та 💪 «Партизан» емес еді... Бүгін Қостанайда жылдам гол соғылса, кім біледі, бірақ 😁 Төрешіге де байланысты біраз дүниені шешетін сол. Сонымен, кешке есеп қандай болады?
Ұлттық құрама бас бапкері «Тобыл» - «Партизан» кездесуін тамашаламақ Нидерландылық маманның жанында ҚФФ бас хатшысы Скотт Мун да болады деген ақпарат бар🇰🇿 Джон ван'т Шкип «Жетісу» - «Ордабасы» кездесуіне де барған еді 🤔 Ұлттық құраманың жаңа жаттықтырушысы бірден кірісіп жатыр, ертең Ислам Чесноковтан бөлек тағы кімдерді назарға алмақшы? @kommentator_maulen
🏆ПСЖ — «АСТОН ВИЛЛА» | УЕФА СУПЕРКУБОГЫ 🔥 Бүгін Еуропа маусымының алғашқы үлкен трофейі сарапқа салынады! 🔥Чемпиондар лигасының жеңімпазы ПСЖ Еуропа лигасының чемпионы «Астон Вилламен» кездеседі. Париждіктер өткен жылғы Суперкубокты жеңіп алған еді, ал «Вилла» бұл трофейді 1982 жылдан кейін қайтадан иеленуге тырысады. 🎁Достарымыз жаңа ойыншыларға 50 000 ₸-ге дейін сыйлықтар дайындап қойды! https://fnbt.link/109f2◀️
Ұлттар лигасында осы ұлға сенім артыла ма? Стас Покатилов биыл сұрапыл 💣 «Сабах» клубымен бір аттаса ЧЛ негізгі құрамына бірақ шыққалы тұр 🔝 Темірдің кешегі ойынынан кейін Стас екеуінің бәсекесі басталған сияқты 🤔 Жаңа бас бапкер мүмкін ойланар... @kommentator_maulen
Томас Крузға «жестко» айтып тастапты 💬 «Бенфиканың» жастар командасында ойнайтын Томас Круз ше, «Қайратқа» келуі мүмкін деген 🤔 Люксембург құрамасында да ойнайды бұл айтпақшы. Сол «не істесем екееен» деп басы қатып жүргенде Люксембург құрамасы ның бас бапкері былай депті 💬 «Егер «Қайратқа» ауыссаң, ұлттық құрамада ойнамайсың». Круз кешегі кездесуден кейін не ойлады екен 😊 @kommentator_maulen
«Левскийдің» бас бапкері Хулио Веласкес; «Матч алдында, киім ауыстыратын бөлмеде бір-бірімізге температура маңызды емес екенін айттық». Түркістанның 🥵 ыстығы бұлардан бұрын «Қайратқа» қиын болған сияқты ма 😊 Болгариялық клуб өте ме «АЕК» командасын?? @kommentator_maulen
Дастан мен Жоржиньо жетіспеді ме? Рафаэль Уразбахтинның уәжін тыңдадыңыздар ма? Алаң емес, негізгі ойыншылардың қатардан шығып қалғаны әсер етті депті 🤔 «Былтыр бізде команданың ойынына энергия беріп, шабуылға жылдамдық қоса алатын Дастан Сәтпаев болды. Жоржиньо да көп жұмыс атқаратын еді. Қара жұмысты да жасап, шабуылға да жақсы араласатын. Оған адамдардың не үшін сын айтатынын түсінбеймін. Команда үшін өте пайдалы ойыншы болды. Сондай-ақ бүгін бізге Александр Мартынович жетіспеді. Ол ауырып қалды, үш күн бойы температурасы түспеді. Сондықтан емделу үшін Алматыда қалды». @kommentator_maulen
«Спартак» 8 млн еуро ұсынды Мәскеулік команда Максимнің өзімен келісіп қойған ұқсайды. Енді тек «Ахмат» пен «Спартак» келісімшарт бойынша мәмілеге келсе болды, футболшы жақын арада клуб ауыстыруы ықтимал 🤝 @kommentator_maulen