Соққы және гол!
СтатистикаРеклама: @alimjanasqar @soqqyjanegoal – «Соққы және гол!» спорт порталының парақшасы. Сайт: https://soqqy.kz «Соққы және гол!» спорт порталы 23.07.2024 Мәдениет және ақпарат министрі берген № KZ84VPY00097457 лицензиясының негізінде жұмыс істейді
- Последний пост
- 15 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 68
- Всего постов
- 68
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Спорт
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 20 774
- 1/48двое суток
- 23 807
- 1/72трое суток
- 25 676
Медиана по постам, которые мы застали свежими и померили через сутки.
Посты
«Челсидің» тағы бір ойыншысы Италияға аттануы мүмкін 🇮🇹 «Комо» лондондықтармен Лиам Делап бойынша келіссөз бастады. 🔁 «Лариани» 23 жастағы шабуылшыны жалға алуды көздеп отыр. 💰 Осыған дейін комолықтар «Челсиден» Трево Чалобаны 30+6 млн еуроға сатып алған еді.
😍 Бүгінгі ойындар тізімі 🇰🇿 ҚПЛ. 22-тур: 18:00. Қайрат – Ұлытау (KFF League YT) 18:00. Жеңіс – Жетісу (Qazsport) 20:00. Қайсар – Ақтөбе (KFF League YT) 20:00. Ордабасы – Алтай (Qazsport) 🩷Freedom QJ League. 15-тур: 16:00. Ертіс – Жас Қыран 17:00. Тараз – Астана 🇪🇸Ла Лига. 1-тур: 22:30. Алавес – Хетафе (Setanta Sports 1) 00:30. Севилья – Райо Вальекано (Setanta Sports 1) 🇸🇦 Про лига. 1-тур: 23:00. Әл-Иттихад – Әл-Холуд 23:00. Әл-Наср – Әл-Фат (Setanta Sports KZ) 🤝 Жолдастық матчтар: 17:00. Фрайбург – Кристал П 18:00. Челси – Реал Сосьедад 18:30. Бавария – Лейпциг 18:30. Боруссия М – Астон Вилла 19:00. Брайтон – Болонья 19:00. Ньюкасл – Байер 19:00. Тоттенхэм – Хоффенхайм 19:00. Эвертон – Лилль 19:45. Ман Юнайтед – Милан 20:00. Фулхэм – Штутгарт 20:30. Боруссия Д – Рома 22:30. Интер – Бетис Болжамдарыңыз қандай?
Шұғыл түрде Соққы түсіреміз. Ертең күндіз шығады
Ресми: Дастан Сәтпаев «Бёрнли» ойыншысы атанды 🏴 Ланкаширліктер біздің жігітті «Челсиден» бір маусымға жалға алды. 🏴 Ал «көктер» мен Дастан 2033 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойған.
Ресми: Дастан Сәтпаев «Бёрнли» ойыншысы атанды 🏴 Ланкаширліктер біздің жігітті «Челсиден» бір маусымға жалға алды. 🏴 Ал «көктер» мен Дастан 2033 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойған.
Чиро Иммобиле мансабын аяқтады ❌ 36 жастағы ойыншы командаластарымен қош айтысып, мансабына нүкте қойғанын да мәлімдеді. 🇫🇷 Иммобиленің соңғы клубы «Париж» болды. Ал оған дейін «Ювентус», «Пескара», «Дженоа», «Торино», «Боруссия Д», «Севилья», «Лацио», «Бешікташ» және «Болоньяда» ойнады. 🇮🇹 Сондай-ақ Италия ұлттық құрамасында 57 матч өткізген.
Дастан Сәтпаев «Челсиден» кетеді 🏴 BBC және тағы бірнеше дереккөздің хабарлауынша, Дастанды «Бёрнли» жалға алмақ. 🩻 Сәтпаев медициналық тексерістен өту үшін жаңа командасына аттанып үлгерген екен. 🏴 «Бёрнли» осы маусымды Чемпионшипте өткізеді.
Дастан Сәтпаев «Челсиден» кетеді 🏴 BBC және тағы бірнеше дереккөздің хабарлауынша, Дастанды «Бёрнли» жалға алмақ. 🩻 Сәтпаев медициналық тексерістен өту үшін жаңа командасына аттанып үлгерген екен. 🏴 «Бёрнли» осы маусымды Чемпионшипте өткізеді.
Габриэл Мартинелли шешім қабылдады ❌ 25 жастағы вингер «Галатасарайға» ауысудан бас тартты. 🇹🇷 Стамбулдықтар «Арсеналға» 45 млн еуро ұсынды және олар қабылдауға дайын болған еді. 🙅🏻♂️ Бірақ «Галатасарай» мүлде Мартинеллидің жоспарына кірмейді екен.
Төккен тер мен екі гол текке кетті 🇰🇿 ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті «Алтай» – «Қызылжар» матчына қатысты шешім шығарды. ❌ Александр Нойоктың 21-турға екі рет (Ақтөбе – Атырау, Алтай – Қызылжар) қатысуына байланысты «Қызылжарға» 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. 🏔 🦅 Негізі қос клуб арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталған еді.
Мика Годтс «ПСЖ» ойыншысы атанады ⏳ Қос тарап 2031 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қоймақ. 🇫🇷 Париждіктер 21 жастағы вингер үшін «Аяксқа» 55 млн еуро төлейді. 🇳🇱 Ал амстердамдықтар 2023 жылы 1 млн еуроға сатып алған еді.
Луис Суарес «Барселона» ойыншысы атануы мүмкін 🇪🇸 «Блауграна» Хулиан Альварестің трансферін жүзеге асыра алмаса, «Спортингтің» шабуылшысына ауыспақ. 🇵🇹 Бірақ бұл ауысым да қиынға соғады, өйткені Суарес –«арыстандардың» негізгі ойыншысы. ⏳ «Барса» Луис пен басқа да үміткерлерді нақты келесі аптадан бастап қарастыруы ықтимал.
Кристофер Нкунку «Миланнан» кетеді ❌ «Россонери» 28 жастағы ойнышыны жаттығудан шеттетті. Өйткені ол Рубен Аморимнің жоспарына кірмейді екен. 🇮🇹«Милан» Нкункуды сатуға немесе жалға жіберуге де дайын. 🇮🇹 Кристоферге «Рома», Саудияның және Түркияның да клубтары қызығушылық танытып отыр.
❤️ Қайрат пен Тобыл жерге қаратты. Уразбахтинді шетелдік маман алмастыра ма? Чесноков қайда ауысады? Fonteam командасы бүгін осы Еурокубоктегі сәтсіздіктердің себебін іздеп көрді. «Қайрат» неге «Левскиден» өте алмады? Бас бапкер Уразбазтиннің сылтауы неге таусылмайды? Клубтың ішінде ауызбіршілік жоқ екені рас па? Жалпы, қазақ футболының дамымай бір орында қалып кетуіне кімдер кінәлі? Осы сұрақтардың жауабын біздің тұрақты резиденттер іздеп көрді. 🖥️ : https://youtu.be/IerhQ8w_31M ◀️
Бүгін Энцо Фернандестің мәселесі шешілуі мүмкін 🏴 «Ман Сити» 25 жастағы ойыншының өкілдерімен белсенді келіссөз жүргізіп жатыр. ✅ Энцо Мареска Энцоны Родридің орнына алғысы келеді және басты көздегені де осы ойыншы болып тұр. 🏴 Ал «Челси» Фернандес үшін 140 млн еуро талап етіп отыр.
Ислам Чесноков РПЛ-ге аттануға жақын ⚽️Иван Карповтың хабарлауынша, 26 жастағы ойыншыны «Крылья Советов» жалға алмақ. 💰 Сондай-ақ 250 мың еуроға міндетті сатып алу тармағы да бар екен. 💸 Ал бір айға алатын жалақысы ~15,6 млн теңге (2.8 млн рубль) болады.
Еуропа лигасына шыға аламыз ба? 🟡🇧🇪 «Қайрат» ЕЛ іріктеуінің шешуші кезеңінде «Андерлехт» клубымен күш сынасады. ✅ Бельгиялықтар үшінші кезеңде ПАОК-тан басым (1:0, 3:2) түсті. 📆 Бірінші матч 20 тамыз күні Алматыда, ал қарымта ойын 27 тамыз Брюссельде өтеді.
😍 Бүгінгі ойындар тізімі 🇰🇿 Бірінші лига. 18-тур: 17:00. Батыр – Жайық 18:00. Тараз – Тұран 18:00. Каспий Ж – Елімай Ж 19:00. Хан Тәңірі – Арыс 🇸🇦 Про лига. 1-тур: 23:00. Әл-Хиләл – Әл-Фейсали (Setanta Sports KZ) 23:00. Әл-Иттифак – Әл-Рияд 🤝 Жолдастық матчтар: 20:30. Марсель – Атлетико 23:30. Ковентри Сити – Монако 23:45. Аталанта – Атлетик Болжамдарыңыз қандай?
Премьер-лигаға тағы бір қадам ⚒ «Шахтёр» Бірінші лигада «Ақтөбе Ж» командасынан 6:1 есебімен басым түсіп, қатарынан 11-ші рет жеңіске жетті. 1️⃣ ⚒ Шахтёр – 49 ұпай 2️⃣ 🏆 Қайрат Ж – 43 3️⃣ 💙 Тұран – 37. ⚽️ Ал 21 жастағы шабуылшысы Артём Литош жалпы 17 гол соғып, сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады 🇫🇷 Париждіктер 26 жастағы шабуылшы үшін «Барсаға» 50 млн еуро төлейді. ❌ Ферран трансфер алдында ешқандай жарақат алып қалмау үшін жаттығуға қатыспады. 🇪🇸 Торрес «блауграна» сапында 2022 жылдан бері ойнаған еді.