tgindex
TengeLife | Бизнес, Экономика

TengeLife | Бизнес, Экономика

Статистика
@TengeLifekzБизнесказахский

TengeLife – ел экономикасы, тарифтер, қаржы, бизнес, және тағы басқа салалар бойынша жедел әрі нақты ақпарат тарататын арна. TengeLife – назарыңызда болсын! Тіркеліңіз! Ұсыныс және жарнама: @tengelife_bot

Последний пост
13 мар.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Бизнес
В каталоге с
15 авг.
Подписчики
1 103
0 за сутки
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
579
20 постов
Вовлечённость
52,5%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Қазақстандықтардың 77,6%-і 2026 жыл басынан бері шығыны артқанын айтты MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы DEMOSCOPE бюросы жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың 77,6%-і 2026 жылдың қаңтарынан бастап жеке шығындарының артқанын хабарлаған. Олардың 54,4%-і шығын айтарлықтай көбейді десе, 23,2%-і аздап өскенін айтқан. Шығындардың көбеюі тұрғындарды бірқатар салаларда үнемдеуге мәжбүрлеген. Ең алдымен қазақстандықтар азық-түлікке (44,5%), киім мен аяқ киімге (36,1%) және жеке көлік пен такси қызметіне (28,3%) жұмсалатын қаражатты қысқартқан. Сауалнамаға қатысқандардың айтуынша, негізгі қиындықтар тауар мен қызмет бағасының өсуімен (53,8%) байланысты. Сонымен қатар респонденттердің 65%-і қосылған құн салығының (ҚҚС) көтерілуі тұрмыс деңгейіне кері әсер етеді деп есептейді. Сауалнама 2026 жылғы 5–15 ақпан аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінен 1100 адам арасында жүргізілген. @Tengelifekz

  • видео или голосовое, без подписи

  • Forbes рейтингінде екі жаңа қазақстандық миллиардер пайда болды Forbes журналының әлемдік миллиардерлер рейтингінде Қазақстаннан екі жаңа кәсіпкер алғаш рет тізімге енді. «Астана Моторс» компаниялар тобының негізін қалаушы әрі иесі Нұрлан Смағұловтың байлығы 1,3 млрд доллар деп бағаланды. Ол рейтингте 2858-орынға жайғасты. Тағы бір дебютант – BI Group құрылыс холдингінің негізін қалаушылардың бірі әрі акционері Айдын Рахымбаев. Оның капиталы 1,1 млрд доллар деп бағаланып, 3185-орынға ие болды. Айта кетейік, жаңа рейтингте бұған дейін тізімде болған Kaspi.kz басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе бұл жолы тізімге енбеді. Бұған дейін ол Forbes рейтингіндегі қазақстандықтар арасында екінші орында тұрған еді. @Tengelifekz

  • Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты 11–31 наурыз аралығында Алматы мен Астанадан Дубайға орындалатын тұрақты рейстерді уақытша тоқтататынын хабарлады. Компания мәліметінше, аталған кезеңде тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттің толық құнын айыппұлсыз қайтару немесе 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында орындалатын рейстерге тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады. Әуе компаниясының хабарлауынша, бұл шешім қауіпсіздік шаралары аясында қабылданған. @Tengelifekz

  • Қазақстан ресейлік автопромнан бас тартып, қытай технологияларына бет бұруда Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаев Ресейден келетін автомобильдерге утильалым бойынша жоғарылатушы коэффициент енгізу туралы мәлімдеме жасады. Бұл шешім елдің өнеркәсіптік саясатында маңызды өзгерістердің басталғанын көрсетеді. Exclusive.kz порталының жазуынша, ресми түрде «айна шаралары» деп түсіндірілгенімен, іс жүзінде Қазақстан автонарығында жаңа стратегиялық бағыт қалыптасып жатыр. Айна шаралары және нарықты қорғау Үкіметтің ресми ұстанымы — өзара жауап қағидаты. Ресей Федерациясы 2030 жылға дейін утильалымның прогрессивті шкаласын бекітіп, қазақстандық өндірушілердің өз нарығына кіруін қиындатқан. Осыған байланысты Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен экология және табиғи ресурстар министрлігі симметриялы жауап дайындаған. Жаңа ұсынысқа сәйкес, Ресей мен Беларусьтен келетін техникаға утильалым бойынша коэффициенті 2 қолданылуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бұл тек тең жағдай жасау емес, сонымен бірге ішкі нарықты қорғау мақсатындағы нақты тосқауыл болмақ. Брифинг барысында министр Ерсайын Нагаспаев Қазақстандағы отандық құрастыру өндірістерінің, соның ішінде қытай брендтерімен жүзеге асатын жобалардың, ресейлік аналогтардан артық екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның автосаласында жаңа стратегиялық серіктестік қалыптасып жатқанын көрсетеді. Қазіргі кезде елде Қытайдың бірнеше бренді белсенді түрде өндіріс пен жеткізу тізбектеріне қатысып отыр, соның ішінде: Chery Haval Changan Алматыдағы мультибрендті зауыттар мен Қостанайдағы өндірістік алаңдардың кеңеюі мемлекет үшін жаңа нарықтық стратегияны талап етеді. Осы тұрғыда Ресейдің АвтоВАЗ сияқты өндірушілерінің өнімдері жаңа «Қазақстан–Қытай» жобаларына тікелей бәсекелес болуы мүмкін. Министрдің айтуынша, Ресейден келетін автокөліктердің Қазақстан нарығындағы үлесі шамамен 3,7% ғана. Алайда сарапшылар бұл шешімнің экономикалықтан гөрі саяси мәні бар екенін айтады. Санкциялық қысым жағдайында Ресей автокөлік өндірушілері жаңа өткізу нарықтарын іздеуі мүмкін. Мұндай жағдайда Қазақстан нарығына арзан өнімдердің ағылып келу қаупі бар. Сарапшылардың пікірінше, утильалымды көтеру — Қазақстанның ішкі нарықты қорғауға бағытталған алдын ала қадамы. @Tengelifekz

  • Freedom Holding Turkish Bank акцияларының 99,32%-ын сатып алуға келісті — Reuters Reuters агенттігінің хабарлауынша, Freedom Holding Corp. түркиялық Turkish Bank A.Ş. банкінің 99,32% акциясын сатып алу туралы келісімге келді. Банк акцияларын сатушылар — Özyol Holding және National Bank of Kuwait. Мәміле Түркияның тиісті реттеуші органдарының мақұлдауынан кейін күшіне енеді. Компания мәміле сомасын жариялаған жоқ. Келісім тек Түркияда жұмыс істейтін Turkish Bank A.Ş. банкін қамтиды. Ал Turkish Bank Group-тың Ұлыбритания мен Кипрдегі бөлімшелері бұл мәмілеге кірмейді. 1982 жылы құрылған банк қазіргі таңда активтер көлемі бойынша Түркиядағы банктер арасында 44-орында. Компанияның мәліметінше, банкті сатып алу Freedom Holding Corp. үшін Түркияның шамамен 90 миллион халқы бар банк нарығына тікелей шығуға мүмкіндік береді. Бұған дейін холдингтің еншілес компаниясы — Freedom Finansal Hizmetler — Түркияда Freedom Yatirim брокерлік компаниясын ашуға реттеуші органдардан рұқсат алған. Банктік лицензия топқа инвестициялық, брокерлік және банктік қызметтерді бір қаржылық экожүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Мәміле аяқталғаннан кейін Freedom Holding банкке технологиялық жаңғырту жүргізіп, цифрлық трансформацияны жеделдетуді және ұсынылатын өнімдер қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Компания әсіресе бөлшек клиенттер мен шағын және орта бизнес сегментіне назар аудармақ. @Tengelifekz

  • Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін тіс емдеуге қайта пайдалана алады Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тіс емдеуге қайта пайдалану мүмкіндігіне ие болуы мүмкін. Бұл қызмет 2026 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Отбасы банк басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір банк Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі-мен бірлесіп, қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық жүйе әзірлеп жатыр. Жаңа платформаны 2026 жылдың үшінші–төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланған. «Біз Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Біздің міндет – бұл қызметті барынша қолжетімді әрі толықтай ашық ету. Менің ойымша, қызметті мақсатсыз пайдаланған 10% адамның кесірінен қалған азаматтардың мұндай мүмкіндіктен айырылғаны әділетсіз», – деді Ибрагимова. Жаңа жүйе стоматологиялық клиникалар мен басқа да медициналық ұйымдарды біріктіретін арнайы платформа арқылы жұмыс істейді. Онда көрсетілген қызметтер бойынша орындалған жұмыстар актілері онлайн форматта рәсімделіп, мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесімен интеграцияланады. @Tengelifekz

  • Иран дағдарысы ҚазМұнайГаз акцияларын тарихи максимумға жеткізді Кеше ҚазМұнайГаз АҚ акциялары Қазақстан қор биржасы алаңында шамамен 10%-ға өсіп, бір акция үшін 28 644 теңгеге жетті. Бұл – компания қағаздарының тарихи ең жоғары көрсеткіші. Күндік сауда көлемі 500 млн теңгеден асып, әдеттегі көрсеткіштен едәуір жоғары болды. Сарапшылар мұны мұнай-газ секторына қосымша өтімділіктің келуімен байланыстырады. Баға өсімі Иран төңірегіндегі геосаяси ахуалдың ушығуымен және әлемдік мұнай бағасының күрт көтерілуімен сәйкес келді. Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне шамамен 80 долларға дейін қымбаттады. Нарықтағы алаңдаушылық Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізіліміне қауіп төнуі мүмкін деген болжамнан туындап отыр. Экспортқа бағытталған компаниялар үшін мұндай жағдай табыс, EBITDA және еркін ақша ағымы көрсеткіштерінің өсу болжамын күшейтеді. @Tengelifekz

  • Apple iPhone 17e моделін таныстырды Apple жаңа смартфон — iPhone 17e моделін ресми түрде таныстырды. Бұл — жаңартылған техникалық сипаттамаларға ие, желідегі ең қолжетімді нұсқа. Сатылым 11 наурызда басталады. Бастапқы бағасы — 599 АҚШ доллары, бұл шамамен 280 000–300 000 теңге (бағамға байланысты өзгеруі мүмкін). iPhone 17e жаңа буындағы ең қолжетімді iPhone ретінде ұсынылып отыр — артық функцияларсыз, бірақ заманауи процессор, сапалы OLED экраны және базалық 256 ГБ жадымен жабдықталған модель. @Tengelifekz

  • Freedom Bank Таяу Шығыста қалып қойған қазақстандықтарға қолдау көрсетеді Freedom Bank Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі салдарынан уақтылы елге орала алмаған қазақстандықтарға қолдау шараларын енгізгенін хабарлады. Қолдау Freedom Travel сервисі арқылы «бару-қайту» әуе билеттері немесе туристік пакеттерді сатып алған клиенттерге беріледі. Төлемдер 8 наурызға дейін күнделікті қарастырылған. Ересектерге тәулігіне 35 000 теңгеден, ал балаларға 15 000 теңгеден төлем жасалады. Сонымен қатар, клиенттерге 15 күнге 5 ГБ интернет-трафигі бар eSIM тегін қызметі ұсынылады. Қызметті қосу мүмкіндігі Freedom SuperApp арқылы қолжетімді. Банк азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды, Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуды және жергілікті билік органдарының ресми нұсқауларын орындауды ұсынды. @Tengelifekz

  • Kaspi.kz пен ұялы операторлар Таяу Шығыстағы азаматтарды қолдауға кірісті Таяу Шығыс елдерінде жүрген қазақстандықтарға Kaspi.kz қаржылай қолдау көрсетеді. Компания мәліметінше, Kaspi Travel сервисі арқылы тур немесе «бару-қайту» әуе билеттерін сатып алып, қазіргі уақытта өңірде жүрген немесе транзиттік жолаушы ретінде сол жақта қалып қойған клиенттерге материалдық көмек беріледі. Ересектерге тәулігіне 35 000 теңгеге дейін, ал балаларға 15 000 теңгеге дейін төлем қарастырылған. Қаражат мәжбүрлі түрде өңірде болған бүкіл кезең ішінде күн сайын Kaspi Gold картасына аударылады. Сонымен қатар, Kcell және Activ Таяу Шығыста жүрген абоненттеріне тегін роуминг-пакет ұсынды. Пакетке 1 ГБ интернет және 10 минут кіреді. Минуттар кіріс қоңырауларға, Қазақстанға жасалатын шығыс қоңырауларға және орналасқан ел ішіндегі қоңырауларға жарамды. Тегін пакет 1 наурызда автоматты түрде қосылып, жеті күн бойы жұмыс істейді. @Tengelifekz

  • Сауд Арабиясындағы әлемдегі ең ірі мұнай өңдеу зауытына дрондармен шабуыл жасалды Saudi Aramco компаниясына тиесілі, әлемдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыты саналатын Рас-Таннура кешені дрондар шабуылына ұшырады. Кәсіпорын Рас-Таннура қаласында, Сауд Арабиясы аумағында орналасқан. Sky News Arabia телеарнасының мәліметінше, мұнай өңдеу кешенінің жұмысы қауіпсіздік мақсатында уақытша тоқтатылған. Дереккөздер өрттің оқшауланғанын және жағдайдың бақылауға алынғанын хабарлады. Ирандық ақпарат құралдары да Shahed-136 дрондарының қолданылғанын растаған. Әлеуметтік желілерде болжамды өртке қатысты бейнежазбалар таралуда, алайда олардың шынайылығы ресми түрде расталған жоқ. Рас-Таннура мұнай өңдеу зауыты мұнайды өңдеу және экспорттау бойынша әлемдік нарықта стратегиялық маңызға ие нысан саналады. Оның жұмысының үзілуі Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуі аясында жаһандық мұнай бағасына әсер етуі мүмкін. @Tengelifekz

  • «Отбасы банк» 2 наурыздан бастап кезектегілерге жаңа талап енгізеді 2 наурыздан бастап «Отбасы банк» тұрғын үйді кезекте тұрған азаматтарға тек міндетті түгендеуден өткеннен кейін ғана бөлетін болады. Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметі мәлімдеді. Түгендеу барысында кезектегі азаматтың отбасы құрамы, санаты және тұрғын үйінің бар-жоғы тексеріледі. Процедура арнайы портал арқылы жүргізіліп, жеке деректерді өңдеуге келісім беру қажет. Түгендеуден өтпеген азамат мұқтаждар тізімінен шығарылмайды. Алайда тексеру аяқталғанға дейін банк оған жалдамалы тұрғын үйді бөле алмайды және 2% (ГЭСВ 2,0–2,1%) және 5% (ГЭСВ 5,2–5,8%) мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие бермейді. Бұған дейін уақытша тәртіп қолданылып, пәтерлер алдымен бөлініп, кейін түгендеу жүргізілетін. Тексеру кезінде кей азаматтардың баспанасы бар екені немесе отбасы құрамы өзгергені анықталып, тұрғын үйді қайта бөлуге тура келген. @Tengelifekz

  • Банк ЦентрКредит Birge+ жаңа депозитін ұсынды: енді бірге ақша жинауға болады Банк ЦентрКредит (BCC) клиенттеріне арналған жаңа қаржылық өнім — Birge+ депозитін іске қосты. Жаңа формат жинақты жеке емес, ортақ мақсат үшін бірігіп қалыптастыруға мүмкіндік береді. Birge+ арқылы пайдаланушылар депозит ашып, оған бес адамға дейін қатысушы қоса алады. Әр қатысушы ортақ шотқа өз үлесін енгізіп, жинақтың қалай өсіп жатқанын қосымша арқылы бақылай алады. Депозит банктың мобильді қосымшасы арқылы ашылады. Қатысушылар салған қаражатын және жалпы жиналған соманы онлайн режимде көре алады. Жаңа өнім баспана алуға, той жасауға, білім алуға немесе армандаған саяхатқа қаражат жинауға ыңғайлы. Бірнеше адамның күш біріктіруі қажетті соманы тезірек жинауға мүмкіндік береді. @Tengelifekz

  • Қазақстанда бизнесті несиелеудің жаңа тәсілі пайда болды Қазақстанда шағын және орта бизнесті (ШОБ) қаржыландыру нарығы жаңа кезеңге аяқ басты. Бұған дейін кәсіпкерлер үшін несие алу көбіне кепіл мүлкінің болуына байланысты болса, енді нарықта бизнес деректеріне негізделген қаржыландыру моделі қалыптаса бастады. Осындай тәсілді ұсынған компаниялардың бірі — MOST. Компания өз стратегиясын Қазақстан қор биржасы алаңында таныстырды. Кепілсіз сенім: деректерге негізделген модель Қазақстанда ШОБ-тың қаржыға қолжетімділігі әлі де өзекті мәселе болып отыр. Банктер тәуекелді бағалауда көбіне кепілзатқа сүйенеді. Соның салдарынан тұрақты табысы мен түсінікті бизнес-моделі бар кәсіпкерлердің өзі жеткілікті кепіл ұсына алмағандықтан несиеден қағылады. MOST ұсынған модель осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Компания бизнесті «құжат арқылы» емес, оның күнделікті операциялық қызметі арқылы бағалайды. Яғни шешім қабылдауда кәсіпкердің табысы, айналымы, маусымдық өзгерісі, сатылым жылдамдығы секілді нақты деректер ескеріледі. Цифрландыру дәуірінде мұндай тәсіл техникалық тұрғыдан мүмкін бола түсті. Кәсіпкерлер CRM, POS-жүйелер мен бұлтты сервистерді белсенді қолдануда. Осы деректер қаржы ұйымдары үшін жаңа «кепіл» рөлін атқара бастады. Несие — платформа ішінде Компания классикалық микрокаржы ұйымдары сияқты клиент іздеумен айналыспайды. Оның орнына цифрлық платформалармен интеграция жасайды. Нәтижесінде кәсіпкер өзіне таныс сервистің ішінде-ақ «несие алу» батырмасын пайдалана алады. Бұл тәсіл: өтінім беру процесін жеңілдетеді; қаржы тарту уақытын қысқартады; әкімшілік жүктемені азайтады. Қаржылық өнім әр платформаның бизнес-моделіне бейімделеді. Мәселен, маркетплейс қатысушылары, логистика тізбегіндегі ойыншылар немесе қысқа мерзімді жалға беру сервисі арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлер айналым қаражатын жедел ала алады. Клиент тарту шығыны — нөлге жуық Компания өкілдерінің айтуынша, дәстүрлі қаржы институттары үшін бір ШОБ клиентін тарту айтарлықтай шығынды талап етеді. Ал платформалық интеграция жағдайында клиент ағыны автоматты түрде қалыптасады. Технологиялық бірігу аяқталған соң әрбір жаңа өтінім қосымша маркетингтік шығынсыз түседі. Бұл модель компанияға инвесторлар үшін табыстылықты арттыруға және кәсіпкерлерге ұсынылатын мөлшерлемені нарықтық деңгейден төмен ұстауға мүмкіндік береді. Биржа арқылы капитал тарту Интеграциялар санын көбейту және несиелік портфельді ұлғайту үшін компания облигациялар шығарып, Қазақстан қор биржасы алаңында орналастырды. Шығарылым көлемі шамамен 2–2,5 млрд теңгені құрайды, мерзімі — 12 ай, ай сайын купондық төлем қарастырылған. Тартылған қаражат толықтай шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бағытталады. Бұл қадам финтех-компаниялардың венчурлік қаржыландырудан институционалдық нарыққа көшу үрдісін көрсетеді. Нарық қай бағытқа бет алды? Платформалық экономика мен цифрландыру қаржы секторындағы дәстүрлі тәсілдерді өзгертіп жатыр. Егер деректерге негізделген модель тұрақтылығын дәлелдесе, ол ШОБ үшін қаржыға қолжетімділікті айтарлықтай кеңейтуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жүйе жаңа тәуекелдерді де туындатады — технологиялық тәуелділік, деректер сапасы және жылдам өсіп жатқан портфельді басқару мәселелері. Дегенмен бір нәрсе анық: қаржы қызметтері барған сайын цифрлық платформаларға «еніп», бизнестің күнделікті процесінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. MOST сынды компаниялар осы жаңа қаржылық инфрақұрылымның контурын қалыптастырып жатыр. Дереккөз: exclusive.kz @Tengelifekz

  • Көктемде картоп бағасы қандай болады? Биыл наурыз–сәуір айларындағы маусымаралық кезеңде Қазақстанда картоптың бөлшек саудадағы бағасы килограмына 280–290 теңге көлемінде болады. Бұл туралы Азат Сұлтанов мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, өткен жылғы өнімнің қоймадағы көтерме бағасы шамамен 200 теңге деңгейінде сақталады. Алайда логистика шығындары мен сауда үстемесіне байланысты дүкен сөрелеріндегі баға біршама жоғары болуы мүмкін. Ішкі нарықта тапшылыққа жол бермеу үшін Қытайдан 50 мың тонна картоп импорттау жоспарланып отыр. Бұған дейін картоп негізінен Пәкістан мен Мысырдан жеткізілетін. Министрлік Қытайдан әкелінетін картоптың барлық фитосанитарлық талаптарға сай келетінін және тұтынуға қауіпсіз екенін ресми түрде растады. @Tengelifekz

  • Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады. Ал Ораза айт мерекесі 20 наурызға белгіленген. Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады. Сонымен қатар, биыл пітір садақа мөлшері жан басына 735 теңге болып белгіленді. Оны Kaspi Bank, Halyk Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит және Alatau City Bank мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшелері арқылы аударуға болады екені де ресми түрде мәлім етілді. @Tengelifekz

  • Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысында салынуы мүмкін Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) салу мәселесі талқылануда. Жаңа кәсіпорынның ықтимал орналасу орны ретінде Ұлытау облысы қарастырылып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артуы жаңа зауыт салу қажеттігін туындатып отыр. Қазіргі уақытта жобаның бірнеше нұсқасы қарастырылуда, ал нақты техникалық сипаттамалары мен орналасу аймағы бойынша сарапшылар есеп жүргізіп жатыр. «Зауыттың нақты параметрлері мен орны анықталған соң қосымша ақпарат беріледі», – деді вице-министр. Дереккөз: informburo.kz @Tengelifekz

  • Кaspi.kz әлеуметтік желіде осылай хабарлама таратыпты

  • Kaspi Bank тарифтерді өзгертеді: жаңа комиссиялар енгізіледі 2026 жылғы 31 наурыздан бастап Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсетуі 10 мың теңге болады. Картаны қайта шығару да – 10 мың теңге. Басқа банктерге аударымдар үшін комиссия 5% (кемінде 200 теңге) мөлшерінде белгіленеді. Лимиттен асатын немесе үшінші тұлғалардан түсетін операцияларға да 5% комиссия қарастырылған. Kaspi Pay шотын ашу – 15 мың теңге, ай сайынғы қызмет көрсету – 15 мың теңге. Сыртқы аударымдар үшін 1000 теңге алынады, ал қолма-қол ақша шешу комиссиясы 5%-ға дейін өседі. Банк кей клиенттерге 100%-ға дейін жеңілдік беру құқығын сақтайды. Дереккөз: https://t.me/nb_kz/16407 @Tengelifekz

TengeLife | Бизнес, Экономика — tgindex