DALA INSIDE
Статистика✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
- Последний пост
- 12 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 2
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Экономика
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 1 847
- 1/48двое суток
- 2 116
- 1/72трое суток
- 2 282
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Мәди Мырзағараев: Әділетсіздікке нүкте қоямыз Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында Jibek Joly телеарнасында командалық теледебат аяқталды. Пікірталасқа «Әділет» партиясының атынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев қатысты. Дебаттың негізгі тақырыбы – «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі». Теледебаттың бірінші кезеңінде Мәди Мырзағараев заң үстемдігі, сот пен құқық қорғау жүйесінің тәуелсіздігі, мемлекеттік органдардың ашықтығы және азаматтардың қауіпсіздігі жөніндегі партияның ұстанымын таныстырды. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
🚀 Киев КТК-ны Patriot-қа алмастыру операциясын сәтті жүзеге асырғанға ұқсайды Жабық есік жағдайындағы соңғы отырыстан кейін, Украина бұдан былай Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына тиіспеуге түпкілікті гарантиясын толық растаған. Дәл сол кезде Patriot әуе қорғанысы жүйесі бойынша келіссөздер алға жылжып, Вашингтон Киевке аса қажет болып тұрған компоненттерді бірнеше партиямен беруге келіскені туралы ақпарат пайда болды. Осы аптада Украина Қара теңіздегі танкерлерге рұқсат беру алгоритмін пысықтап, іске қоспақ. Сонда қазақ мұнайын тасымалдау қауіпсіз бола түседі. Оның алдында Қазақстан билігінің қолдауымен Вашингтондағы Chevron мен ExxonMobil бастаған алпауыт мұнай лоббиі Капитолийдің Киевке кезекті қатаң демарш жасауына ықпал еткен болатын. Киев жабық каналдар арқылы әңгіменің ауаны Patriot жүйесіне тіреліп тұрғанын ыммен түсіндірген еді. Мұнай лоббиі ол бойынша да мәселені шешкенге ұқсайды. Себебі, Таяу Шығысқа көбірек беріліп жатқан PAC-3 пакеттерінің соңғы траншының жүрісі баяулап қалды. Киевке бірер пакет қазір жеткізіліп, ал түпкілікті қорытындысында лицензиялық өндіріс бойынша мәселе шешілетін сияқты. КТК Қазақстан мұнай экспортының негізгі артериясы және әлемдік нарықтағы шамамен 2% мұнай ағынына жауап береді. Шілдедегі дрон шабуылдары мен қауіпсіздік мәселелерінен КТК арқылы тиеу көлемі 20%-дан астам төмендеп, Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болған еді. Еліміз бекітілген жоспарлы мұнайдың 8,9 пайызын өндіре алмады. Былтырғы жылдың басында КТК-ның Кропоткинская станциясына кемінде жеті дрон соққы жасады. Ал күзінде дрондар Новороссийск маңындағы теңіз терминалындағы айлақ құрылғысын істен шығарды. Қазақстан осыдан кейін Киевтен мұндай шабуылдарды тоқтатуды талап еткен еді. Бірақ Украина оған құлақ асқан жоқ. Ал биылдан бастап Қазақстан өзі емес, алпауыт мұнай лоббиін Вашингтон арқылы сөйлететін тактикаға көшкен. Ол өз жемісін берді. Қазіргі таңда Киевті Ресейдің Циркон мен Искандер сынды баллистикалық зымырандарынан тек Patriot жүйесі қорғай алады. Оның зымырандарды атып түсіретін оқтұмсықтары таусылды. АҚШ-тың фокусы Иранға ауып кетті де, оқтұмсықтардың жаңа партиясын дереу жеткізе қоймады. Ал Ресейдің соңғы соққысынан Украинаның ешбір баллистикалық зымыранды қағып түсіре алмағаны байқалды. Украина гарантия бергендіктен Қазақстан өзінің мұнай экспорты бойынша биылғы жоспарын мүмкіндігінше орындауға тырысатын болады. Оған 4 ай уақыт бар. Енді танкерлер қозғалысы жиілеуі тиіс. DALA INSIDE КТК-ның ендігі болашағын қадағалап отырады. Бірге бақылайық👇 https://t.me/dalainside
«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағытының таныстырылымында мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне жат ұстанымдарды таңуға бағытталған әрекеттер қайта байқала бастады. «Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай діни догма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғары тұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуіне және жастар санасын улауға әкелетін архаикалық және радикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол бермейміз. Мемлекет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әйелдердің қадір-қасиетін және мәдениет еркіндігін дәйекті түрде қорғауы тиіс. Бұл – өмірде де, интернеттегі посттарға да бірдей қатысты. Жаңа Конституцияның талаптарын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық нормалар мен қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер бірден тиісті құқықтық бағасын алуы тиіс. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей және бұлтартпай сақталуы керек», – деді өз сөзінде. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
«Әділет» тағы да көш бастады: екінші теледебаттың қорытындысы «Әділет» партиясы көрермендердің онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша саяси партиялардың теледебатында кезекті рет жеңіске жетті. «Жетінші арнадағы» дебаттардың қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы көрермендердің 45,48% дауысын жинады. Екінші орынды 15,58%-бен «Ауыл» партиясы иеленсе, үшінші орынға 12,01%-бен Respublica партиясы жайғасты. Қалған орындар төмендегідей бөлінді: • ОСДП — 9,71%; • «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 7,98%; • Қазақстан халық партиясы — 6,96%; • «Байтақ» партиясы — 1,58%.
💸 Қазақстанның мемлекеттік қарызында сыртқы борыш қысқарып, ішкі нарықтың рөлі арта бастады Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгені құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 36,4 трлн теңге болған, яғни өсім шамамен 2 трлн теңге немесе 5,7%-ды көрсетті. Бірақ бұл өсімнің негізгі бөлігі сыртқы қарыз есебінен емес, ішкі міндеттемелердің артуынан қалыптасты. Мемлекеттің ішкі қарызы жыл басындағы 26,14 трлн теңгеден 28,47 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ішкі нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы қаржыландыру көлемінің артқанын білдіреді. Ал сыртқы мемлекеттік қарыз керісінше қысқарды. 2026 жылдың басынан бері сыртқы міндеттемелер көлемі 3,9%-ға азайып, 8,35 трлн теңгені құрады. Оның ішінде еурооблигациялар көлемі 5,01 трлн теңгеден 4,81 трлн теңгеге дейін төмендеді. "Бұл үрдіс бірнеше маңызды факторды көрсетеді. Біріншіден, Қазақстан сыртқы валютадағы қарызға тәуелділікті біртіндеп азайтып келеді. Мемлекеттік борыштың ішкі көздер арқылы қалыптасуы валюталық тәуекелдерді төмендетеді. Себебі сыртқы қарыз көбіне доллар немесе басқа валюталарда алынады, ал оны өтеу бюджетке қосымша қысым түсіруі мүмкін. Екіншіден, ішкі қарыз нарығының дамуы экономиканың қаржы жүйесі үшін қалыпты тәжірибе. Көптеген дамыған мемлекеттер бюджет тапшылығын негізінен ішкі облигациялар шығару арқылы қаржыландырады. Бұл жағдайда негізгі кредиторлар ретінде ішкі инвесторлар, банктер, зейнетақы қорлары және қаржы ұйымдары жақсы дамиды", - дейді, DALA INSIDE арнасына жағдайды түсіндірген Үкіметтегі инсайдер. Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы деңгейі экономиканың көлемімен салыстырғанда әлі де басқарылатын деңгейде қалып отыр. Негізгі мәселе қарыз көлемінде ғана емес, оны қандай мақсатқа жұмсап жатқанына байланысты. Егер тартылған қаражат инфрақұрылымға, өндіріс пен экономикалық өсімге бағытталса, ол болашақ табысты арттыра алады. Сонымен бірге ішкі қарыздың жылдам өсуі де бақылауды қажет етеді. Себебі мемлекеттік бағалы қағаздар көлемінің артуы пайыздық шығындарды көбейтеді және бюджетке қызмет көрсету жүктемесін ұлғайтуы мүмкін. Сонда жалпы картина мынадай. Қазақстанның мемлекеттік қарызы номиналды түрде өскенімен, оның құрылымында сыртқы борыштың қысқаруы байқалады. Бұл елдің халықаралық валюта нарықтарына тәуелділігін төмендететін және қаржылық тұрақтылық тұрғысынан оң фактор. Енді Үкімет ішкі қарыздың өсуін экономикалық қайтарымы жоғары жобалармен байланыстырғысы келеді. Ол уақытылы қолға алынып отырған бастама. https://t.me/dalainside
🟣 Wildberries Қазақстанға көшу нұсқасын стратегиялық жабық жиналыста талқылаған Маркетплейстің басқарушы компаниясы - ООО "РВБ" Қазақстанға көшкен "inDrive" схемасын зерттей бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Wildberries үшін Қазақстандағы қатысуын тек қойма жалдаумен шектемей, корпоративтік құрылымын да біздің юрисдикцияға жақындату мүмкіндігі өте қажет болып тұр. Әңгіме Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы редомициляция немесе соған ұқсас корпоративтік көшу туралы болған сияқты. Осы схеманы іске асырса, Вайлдберрис халықаралық құрылымын сақтай отырып, басқару орталығының бір бөлігін Қазақстанға ауыстырады. Демек жергілікті инфрақұрылымға сүйенеді және санкциялық әрі логистикалық тәуекелдерін азайтады. Қазақстан бұған дейін Ресейден көшкен бірқатар технологиялық компанияларды осы схемамен қабылдаған болатын Ал АХҚО шетелдік компанияларға заңды тұлға мәртебесін, активтері мен міндеттемелерін сақтай отырып, юрисдикциясын ауыстыруға мүмкіндік береді. "Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін компания шамамен 10% сақтау қуатынан айырылып, Қазақстаннан балама қойма алаңдарын іздей бастады. Онымен қатар, маркетплейс Қазақстанда онсыз да ауқымды логистикалық база құрып жатыр. Астанада көлемі 160 мың шаршы метр болатын, құны 47,7 млрд теңгелік хаб салынуда. Оның іске қосылуы 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Алматыда тағы 103 мың шаршы метрлік орталық ашу жоспары бар. Логикаға сай, Қазақстан Wildberries үшін тек өткізу нарығы емес, Ресейден тыс тауар ағынын қайта бөлетін қауіпсіз логистикалық плацдармға айналуы мүмкін", - дейді, дереккөз. Келген инсайд бойынша, әзірге нақты шешім қабылданбаған. Қосымша зерттеу және бұл сценарийді іске асыруға қажет қаржылық инвестицияларды, заңдық тәуекелдерді есептеу қажет деп танылған. РВБ тобының 2025 жылғы жалпы тауар айналымы - GMV 6,1 трлн рубльден асты. Бұл 2024 жылғы 4,1 трлн рубльмен салыстырғанда 49%-ға көп. Топтың таза пайдасы 104 млрд рубльден 175 млрд рубльге өскен. Инфрақұрылымға, IT мен жаңа жобаларға салынған инвестиция көлемі 310 млрд рубльден асқан. Бірақ 2026 жылғы балансында үлкен проблемалар пайда болатыны анық. Биыл маркетплейстің таза пайда көрсету мүмкіндігіне қатысты үлкен сұрақтар бар. DALA INSIDE бұл мәселені қадағалап отырмақ. https://t.me/dalainside
Әр облыс жас мамандардың ипотекасына 1 млрд теңге бөлу керек– «Әділет» теледебатта тың ұсыныс айтты Бүгін саяси партиялардың ұлттық теледебатында әр партияның өкіліне екі сұрақ қойылды. Соның бірі – ауылдағы дәрігер мен мұғалім тапшылығын жою үшін партиялар не істейді? «Әділет» партиясының атынан барған кандидат Ренат Бектұров партия атынан да, өз атынан да мынандай нақты мәселелерді айтты: Біріншіден, «Дипломмен ауылға» сияқты жас мамандарды қолдайтын бағдарламаларды МОНОҚАЛАЛАРҒА да енгізу керек. Екіншіден, ауылға барған жас мамандарды қолдауға бөлінетін қаржыны сақтап қалу. Үшіншіден, әр облыс сол аймаққа баратын жас мамандарға ипотека беру үшін млрд теңге бөлуі тиіс. «Жас мамандарды тарту оңай, ұстап қалу маңызды. Жас мамандар аймаққа бала-шағасымен барғаннан кейін, сол балаларына жақсы білім бергісі келеді, денсаулық сақтау жүйесінің дұрыс болғанын қалайды. Сондықтан, біздің партияның сайлауалды бағдарламасының үшінші бағыты «Мықты өңірлер - мықты ел» деп аталады. Өңірлер мен қалалар арасындағы теңсіздікті азайту керек», - деді Бектұров. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
Жасанды интеллект пен дрондар шоуы: «Әділет» партиясы Түркістан халқына ерекше көңіл күй сыйлады Бүгін Түркістандағы кештің сәні бөлек болды. Әуелі ашық аспан астында концерт өтіп, оның соңы көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлаған дрондар шоуына ұласты. Мұндай көріністі Түркістан жұртшылығы күнде көре бермейді. Жүздеген дрон бір мезетте көкке көтеріліп, Қазақстан картасын, Мемлекеттік ту, Тайқазан, қыран бейнесін және өзге де ұлттық нышандарды әуеде бейнеледі. Көздің жауын алған көрініс көптің көңілінен шықты. Шоудың ең әсерлі тұсы – көрерменнің ықыласы болды. Балалар жарқыраған бейнелерден көз алмай, бір-біріне көрсетіп мәз болса, ересектер ерекше сәтті телефон камерасына түсіруге асықты. Әр жаңа композиция аяқталған сайын алаң ду қол шапалаққа бөленді. Осылайша бүгінгі кеш көпшіліктің көңілінде ұзақ сақталатын әсерлі сәтпен қорытындыланды.
Шын тектілер ту көтерді Осы аптада «Тектілер ту көтереді» республикалық БАҚ өкілдері арасындағы байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Бұл байқаудың идеясы «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асановқа тиесілі. Бірлестіктің құрылғанына 5 жыл толды. Осы айтулы датаға орайластырылған байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 50-ге жуық баспа, интернет-басылым, радио және телеарна журналистері қатысып, ұлттық тәрбие, қоғамдық сана, ортақ жауапкершілік, рухани мұра және азаматтық ұстаным тақырыптарындағы шығармаларын ұсынды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен төрт негізгі номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Ұйымдастырушы Нұркен Асановтың айуынша, қоғамдық ұйым құрудағы негізгі мақсат – қоғамды сөзбен емес, нақты іспен өзгерту. Осы бес жыл ішінде жүзеге асқан мыңдаған бастама бір ғана идеяға – азаматтық сананы күшейтіп, елдік жауапкершілікті арттыруға бағытталды. "Саналы қоғам – сапалы мемлекет болары ақиқат. Соңғы бес жыл ішінде «Сенімен Болашақ» қазақ қоғамында шама-шарқынша орасан еңбектер атқарды. Қазір амалы-төкпелі заманда өмір кешудеміз. Дүниенің тоқсаннан астам елінде үлкенді-кішілі қақтығыстар мен қан төгістер орын алуда. Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында аспанымыз ашық, ұйқымыз тыныш. Бірақ бағаламағанға бақ, қадірлемегенге құт қонбайды. Осы бейбіт заманды пайдалана отырып, сеніміне, нанымына, ұлты мен нәсіліне қарамастан, адами құндылықтарды ту етіп, ұлттық құндылығымызды тұғырына отырғызуға ел болып жұмыла еңбек етуіміз керек. Елге, ел мүддесіне жаны ашитын азаматтық қоғам қалыптастыруға сіз болып, біз болып қызмет етуіміз шарт", – деді Нұркен Асанов. Ал мақсатқа жетудің ең тиімді жолы – ағартушылық. Ол тек мұғалімнің немесе ғалымның міндеті емес, қоғамға ықпал ететін әрбір мамандықтың, соның ішінде журналистиканың да басты миссиясы. Сондықтан дәстүрлі түрде өтіп тұратын байқау ағартушылық құндылығын қоғам санасына бекітуде маңызды рөл ойнайды. "Біздердің "Сенімен Болашақ" азаматтық қоғам өкілдері ретінде негізгі міндетіміз халыққа, қоғамға қызмет ету болса, БАҚ өкілдерінің де міндеті осы қоғамға, ақпарат алаңындағы ағартушылық арқылы елдік мүддеге қызмет болып табылады. Яғни бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы. Ал елдік қызмет, қоғамға жақсылық ойлау мен әділеттілікті ту еткен журналистерді де бағалау, құрметтеу әрбір азаматтық қоғамның міндеті болса керек", - деп түйіндеді, Нұркен Асанов.
видео или голосовое, без подписи
Құрылтай сайлауы: «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы ашылды. Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша үгіт-насихат кезеңі басталды. Осыған орай «Әділет» партиясы Республикалық штабын ашып, сайлауға қалай қатысатындарын мәлімдеді. Партияның көздеп отырған жұмысы өте ауқымды көрінеді. Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, сайлауалды науқан аясында партия республика бойынша 21 мыңнан астам іс-шара өткізеді. Жиындарға Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар, 30 мыңға жуық сенімді өкіл мен өңірлік штабтардың мүшелері қатысады. «Бүгін – 23 шілдеде сайлау бойынша үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде басталды. «ӘDILET» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының реформаларын, еліміздің алдында тұрған зор мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолында барлық күш-жігерін жұмсайды», – деді Айбек Дәдебай. 👉 толығырақ
📌 Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын партиялық тізімін тіркеді. Енді партия ресми түрде сайлауға қатысады және еліміздің жаңа заң шығарушы органындағы орындар үшін таласа алады. Тізімге 186 кандидат кірді. Олардың арасында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық сала өкілдері бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас. «Әділет» партиясы ұсынған кандидаттар тізімі сапалы әрі теңгерімді жасақталған. Оның құрамында мемлекеттік басқару, заң шығару, кәсіпкерлік, өндіріс, энергетика, білім, ғылым, медиа және құқық қорғау салаларында тәжірибе жинақтаған мамандар бар. Парламенттік тәжірибесі бар кандидаттар мен жаңа буын өкілдерінің үйлесуі тізімнің кәсіби әлеуетін арттырады. Өңірлік, гендерлік және этникалық құрамның кеңінен қамтылуы партиялық тізімнің қоғамның түрлі топтарының мүддесін білдіруге қабілетті екенін көрсетеді. Партияны Айбек Дәдебай басқарады. «Әділет» партиясы сайлауға заң үстемдігі, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарына негізделген бағдарламасымен қатысады. Бағдарламаның негізгі басымдықтары арасында цифрландыруды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтіп, азаматтардың өмірін жақсарту сияқты бағыттар бар. 👉 Толығырақ
🇰🇿💴 Орталық Азияда жаһандық капиталды тартудың бәсекесі күшейіп келеді Қазір аймақтағы әр мемлекет инвесторларға жаңа мүмкіндіктер, табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші мен қолайлы географиялық орналасу ұсынуға тырысуда. Алайда экономиканың ауқымы, нарықтың сыйымдылығы және институционалдық дамуы жағынан Қазақстан әзірге өңірдегі басты инвестициялық орталық болып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жұмыс сапары қарсаңында All China Review басылымында Қазақстанның экономикалық артықшылықтарына арналған мақала жарияланды. Шетелдік басылым еліміздің қазіргі жетістіктеріне тоқталып, Қазақстан экономикасының халықаралық инвесторларды не себепті барған сайын көбірек қызықтырып отырғанын саралаған. Қазақстанның бірінші әрі басты артықшылығы – экономиканың көлемі. Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика ғана емес, сонымен бірге сатып алу қабілеті, өндірістік әлеуеті және капиталды игеру мүмкіндігі жоғары ең ауқымды нарық саналады. Ел экономикасының көлемі жалпы ішкі өнімі 147,1 млрд доллар шамасындағы Өзбекстаннан екі еседен де артық. Өңірдегі өзге мемлекеттермен салыстырғанда алшақтық одан да айқын көрінеді. Түрікменстан экономикасының көлемі 77,4 млрд доллар, Қырғызстанда – 21,6 млрд доллар, ал Тәжікстанда 17,5 млрд доллар деңгейінде бағаланады. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші де Қазақстан экономикасының сапалық басымдығын аңғартады. Қазақстанда бұл көрсеткіш шамамен 15 мың долларға жетсе, Түрікменстанда – 11,6 мың доллар, Өзбекстанда – 3,8 мың доллар, Қырғызстанда – 3 мың доллар, ал Тәжікстанда 1,7 мың доллар шамасында. Бұл айырмашылық тек экономиканың үлкендігін ғана білдірмейді. Ол Қазақстандағы еңбек өнімділігінің, өндірілетін қосылған құнның және халықтың тұтынушылық мүмкіндігінің өңірдегі көптеген мемлекеттен жоғары екенін көрсетеді. Инвестор үшін нарықтың көлемімен қатар, оның сапасы мен төлем қабілеті де шешуші рөл атқарады. Қазақстанның екінші маңызды артықшылығы – елде капитал тартудың және ірі жобаларды жүзеге асырудың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тәжірибесі бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та тұрақты әрі болжамды бизнес ортасын қалыптастырудың маңызын бірнеше рет атап өтті. Мемлекет жүргізіп отырған инвестициялық саясат реттеудің ашықтығын күшейтуге, меншік құқығын қорғауға және инвесторларға ұзақ мерзімге жоспар құруға мүмкіндік беретін жағдай жасауға бағытталған. https://t.me/dalainside
🤺 Нұрдәулет Джеки Чан. Әкім шеше алмаған су проблемасын актер шеше ала ма? Ақтауға әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан келген еді, жергілікті тұрғындар оған ауыз су мәселесін шешіп беруді сұрап жаза бастады. Осыдан бірнеше ай бұрын Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде су тапшылығы болмайтынын мәлімдеген. Бірақ дәл қазір Ақтаудың кейбір тұрғындары суды түнгі сағат үште күтіп, бір жарым сағаттың ішінде ыдыстарына жинап алуға мәжбүр. Сондықтан қағаз жүзінде бар, бірақ Ақтаудағы пәтердегі кранда жоқ ауыз су Құрылтай сайлауы алдында жағымсыз әрі үлкен проблеманың бетін ашайын деп тұр. Осыдан үш күн бұрын Kazinform Ақтауда ауызсу мәселесінің қайта ушығып кеткенін жазған еді. Қала тұрғындарының айтуынша, кейбір шағынаудандарда су тәулік бойы берілмейді. Жоғарғы қабаттарда тұратын азаматтар суды тек түнгі сағат 3:00 мен 4:30 аралығында жинап үлгеруге тырысады. Облыстық Су ресурстары және ирригация басқармасы қазіргі проблема су тапшылығынан емес, тозығы жеткен инженерлік желілерден туындағанын мәлімдеді. Ресми дерек бойынша, Ақтаудағы су құбырларының шамамен 80 пайызы ескірген. Қалада 500 шақырымға жуық су желісін жаңарту қажет. Оны толық қалпына келтіруге кемінде үш жыл керек. Ақтауда теңіз бар, су тұщытатын зауыттар бар, өндірілген су көлемі жеткілікті, бірақ тұрғынның кранында су жоқ. Өйткені, суды өндіру мәселенің жартысы ғана. Оны ысырап етпей, қажетті қысыммен әр үйге жеткізу керек. Ал Ақтаудың құбырлары бұған дайын болмай шықты. Маңғыстаудың су мәселесі аяқ астынан пайда болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі ахуалды бірнеше рет ашық сынап келді. Президент Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Ақтау қаласындағы су құбыры желілерінің 77 пайызы тозғанын айтқан. Соның салдарынан өндірілген судың 16 пайызы тұтынушыға жетпей ысырап болады. Кәріз желілерінің тозуы да шамамен 76 пайызға жеткен. Президент сол кезде өңірдегі тәуліктік су тапшылығы 23 мың текше метр екенін де атап өткен. МАЭК-тің су тұщыту қуаты әсіресе жаз айларында қажеттілікті толық өтей алмаған. Үш қала мен орталықтандырылған су жүйесіне қосылған 59 елді мекенге су кестемен берілген. "Су тапшылығы – әкімдердің жұмысындағы нағыз олқылық", - деп қатаң ескерткен еді, Мемлекет басшысы. Нұрдәулет Қилыбай әкім болып келгеннен кейін су өндіру қуатын арттыру бағытындағы бірнеше жобаны жеделдетуге тырысты. Бірақ ол фокусты дұрыс қоймаған сияқты. Себебі, бар күш пен қаржы көбіне суды өндіру, яғни тұщыту зауыттары мен магистралды желілерге салынды. Ал қалаішілік инфрақұрылым, яғни сол бар суды кранға жеткілікті қысыммен жеткізу ісі кешеуілдеп қалды. Осы кезде "ана жерде су бар, бірақ ол сенің пәтерінде жоқ" деген парадоксты жағдай орын алды. Ал халыққа су тұщытатын кезекті зауытта кесілген қызыл лента емес, үйде судың ағып тұруы маңызды екенін ескерсек, әкімдіктен жауап ала алмаған тұрғындардың Бозжыраға кино түсіруге келген Джеки Чанға шағымдана бастауы түсінікті. Джеки Чан су құбырын жаңалауға емес, кино түсіруге келді. Бірақ оған қатысты бұл күлкілі жағдай Маңғыстау әкімдігіндегі жауапты тұлғалардың оянуына сеп болса, онда актердің де әлеуметтік ықпалы тиейін деп тұр. Бозжырада түсірілген экшн киноны көріп, Швейцариядан келген турист Ақтаудағы отельде су болмай, душқа түсе алмай, туалеттің суын ағыза алмай отырса, нағыз экшн сонда болады. https://t.me/dalainside
Абай облысында цифрландыру және байланыс инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бұл бағытты ел дамуының маңызды басымдығы ретінде айқындады. Мемлекет басшысы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің экономика, қоғамдық қауіпсіздік және мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Бұл міндеттер өңірлерде де жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Абай облысында телекоммуникациялық инфрақұрылым дамытылып, ауылдар жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылып, қоғамдық қауіпсіздікке жасанды интеллект енгізіліп, цифрлық білім беру ортасы қалыптастырылуда. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен цифрландыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Онда елді мекендерді сапалы интернетпен қамту, автомобиль жолдары бойындағы байланыс инфрақұрылымын дамыту, Алакөл жағалауындағы мобильді байланысты жақсарту, жасанды интеллект технологияларын енгізу және қоғамдық қауіпсіздікті цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады. Абай облысында 326 елді мекен бар. Оның 322-сі ауылдық елді мекен болса, бүгінде 260 ауыл сымды және мобильді интернетке қол жеткізген. «Қазақтелеком» АҚ-мен жасалған инвестициялық келісім аясында облыстағы 178 ауылды талшықты-оптикалық және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету жұмысы басталды. Жалпы ұзындығы 2 352,1 шақырым талшықты-оптикалық желі тарту жоспарланған. Жыл соңына дейін 86 ауылды жаңа байланыс желісіне қосу көзделіп отыр.
🇺🇲💥🇮🇷 Қазақстан АҚШ-Иран соғысы нақты аяқталса ғана Шахид-Раджаи портына ақша салмақ Әзірге 15 гектар жерді алып қойды. Ол бос жер. Ешқандай бағалы зат жоқ. Сондықтан АҚШ әскерилерінің порт маңындағы Бендер-Аббастағы нысандарды бомбылауы Қазақстанға ешқандай шығын әкелмеген. Қазақстан мен Иран өткен айда Шахид-Раджаи портында қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу туралы BOT-келісімге қол қойған. BOT - Build-Operate-Transfer, яғни Қазақстан терминалды салады, пайдаланады, 27 жылдан кейін Иран тарапына тапсырады. 27 жылдың 2 жылы құрылысқа, 25 жылы пайдалануға арналған. Қазақстан онда астық терминалы мен контейнерлік инфрақұрылым салмақ. Ресми деректер ашық көрсетпесе де, Қазақстан тарапы құрылысқа шамамен 25 миллион доллар қаржы құятыны бойынша біршама ақпарат жүрді. Осы арқылы қазақ бидайы Парсы шығанағы мен Африкада тікелей логистика көмегімен сәл арзанырақ сатыла алады. Бұл Украина мен Ресей сынды бәсекелестерден әсіресе Африкада озып кетуге мүмкіндік бермек. Шахид-Раджаи Ормуз бұғазы маңындағы Иранның ең ірі теңіз порты болып саналады. https://t.me/dalainside
Терең өңдеу саласын дамыту: «Әділет» партиясы Президенттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды «Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай партияның Іскерлік кеңесі алаңында тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдардың және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездесті. Іргелі іс-шара барысында саланы дамыту, отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету, жаңа өндіріс орындарын ашу, шикізатты терең өңдеу, инженерлік кадрлар даярлау сынды өзекті мәселелер талқыланды. «Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, саланың әлеуеті ең алдымен ел экономикасын дамыту жолында қызмет етуге тиіс. «Бұл – тек экономикалық мәселе емес. Бұл – әділдік мәселесі. Жер байлығы халықтың әл-ауқатына айналуға тиіс. Сондықтан «Әділет» партиясы терең өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және жоғары деңгейде өңделген өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған Президенттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды», – деді Айбек Дәдебай. Партия Төрағасы кездесуді қорытындылай келе бүгінде саланы дамыту мәселесін талқылап қана қоймай, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті. «Бүгін нақты әрі шын мәнінде аса маңызды өте көп ұсыныс айтылды. Олардың әрқайсысы жан-жақты қаралып, жүйеленіп, Іскерлік кеңестің алдағы жұмысының бір бөлігіне айналады. Біздің міндетіміз – бизнес пен мемлекет арасындағы диалогтың күн сайын жалғасуын қамтамасыз ету», – деді Айбек Дәдебай. Кездесу қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын әзірлейді. «Әділет» партиясы қызметімен ресми аккаунттарында толық таныса аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy https://www.instagram.com/adilet_partiyasy?igsh=MWhhZTVxcmEzd3F5Zw== https://www.facebook.com/profile.php?id=61590547897892
🔋 Яндекс Go қосымшасындағы «Жанармай» бөлімінде электромобильдерді қуаттауға арналған жаңа мүмкіндік пайда болды Яндекс Go қосымшасының «Жанармай» бөлімінде электромобиль иелеріне арналған жаңа мүмкіндік іске қосылды. Бұдан былай қолданушылар өзіне ең жақын қуаттау станциясын тауып, оған апаратын бағдар құрап, көлігін қуаттаған соң оның ақысын тікелей қосымша арқылы төлей алады. Бұл сервис Qazaq Energy Charge компаниясымен бірлесе отырып жасалды. Ал Қазақстандағы электр қуаттау станциялары операторларын қосу және сүйемелдеу жөніндегі ресми интегратор-серіктес Vlife компаниясы технологиялық қолдау көрсетті. Сервис іске қосылған сәттен бастап пайдаланушыларға Қазақстанның барлық өңірінде 340-тан астам қуаттау станциясы қолжетімді. Олар ірі қалаларда да, өңірлерде де орналасқан. Биыл станциялар санын 400-ден асыру, ал алдағы үш жыл ішінде жалпы санын 1000-нан арттыру жоспарланып отыр. «Жанармай» сервисі өкілдерінің айтуынша, Qazaq Energy Charge және Vlife компанияларымен серіктестік электромобиль иелеріне арналған ыңғайлы сервистерді одан әрі дамытуға, жаңа операторларды жүйеге қосуды жеделдетуге және Яндекс Go қосымшасындағы «Жанармай» бөлімінің мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Бүгінде Яндекс Go қала тұрғындарына арналған сапарға шығу, жеткізу, тамақ, дүкен тауарларына және басқа да күнделікті қызметтерге тапсырыс беру секілді түрлі сервисті бір қосымшада біріктіріп отыр. «Жанармай» бөлімі жүргізушілерге автокөлікке қатысты керек шаруаларды оңай шешуге көмектеседі. Мәселен, жанармай мен автожуу ақысын төлеуге, жеңілдіктер мен бонустарды пайдалануға болады. Енді электромобильді қуаттауға да жол ашылды.
🌍 Тимур Құлыбаев өз холдингін қайта құруы мүмкін Осы аптада ол жалғыз акционер ретінде «Joint Resources» акционерлік қоғамын Қазақстан қор биржасынан алып тастауға шешім шығарды. Холдингтің делистингі оны жария алаңнан шығарады. Бұған дейін Joint Resources-тің биржада болуы компанияны тұрақты түрде қаржылық есептілік жариялауға, активтер құрылымын ашуға, байланысты тараптармен операцияларды көрсетуге және ішкі қаржылық ағындарды ашық көрсетуге мәжбүрлеп келген еді. «Тимур Құлыбаевтың соңғы төрт жылда шикізаттық активтерін қысқарта бастағанын көріп отырмыз. Ол «Шұбаркөл көмір» компаниясын сатып, көмір нарығынан кетті. Мұнай активі болып саналатын «Каспий нефть» компаниясын сатады деген қауесеттер жүр. Логикаға сай, бұл компания биыл қожайынын ауыстыратынын сезіп отырмын. Қазір «Joint Resources» холдингі қағаз жүзінде пайда көрсетіп, қаржылық есептілігін жақсартып алды. Осы мажорлы нотада биржадан кетіп қалу сәтті қадам болып саналады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Осы айда «Joint Resources» акционерлік қоғамы өзінің 2025 жылға арналған қаржылық есептілігін жариялады. Холдинг активтердің қайта есептелуінің арқасында 12,75 миллиард теңге таза пайдаға шығып отыр. 2024 жылы компания 86 млрд теңге шығын көрсеткен еді. Қазір холдинг активтері 428,6 млрд теңгеге дейін өсіп, міндеттемелері 104 млрд теңгеге жетті. Сонда 2025 жылы Joint Resources қаржылық активтерді қайта бағалаудан 39,47 млрд теңге кіріс танып отыр. Тек қайта бағалаудың өзі компания нәтижесін шамамен 71,8 млрд теңгеге жақсартты. Joint Resources-тің табысы нақты өндірістік немесе операциялық ақша ағынына емес, активтердің қағаз жүзіндегі бағасының өсуіне қатты тәуелді. Компания балансында бірнеше ірі қаржылық актив бар. Ең бастысы - «Каспий нефть» акционерлік қоғамы. Joint Resources толығымен бұл активтің 100 пайыз үлесін бақылайды. Оның 2025 жылғы бағасы 133,78 млрд теңге деп көрсетілген. Бір жыл бұрын «Каспий нефть» 89,37 млрд теңгеге бағаланған еді. Яғни бір жылда оның бағасы 44,4 млрд теңгеге өскен. Дәл қазір Құлыбаев «Каспий нефть» компаниясын кемінде 120 миллиард теңгеге сата алады. Егер сатып алушы табылып, мұнай кәсіпорны сатылса, онда бөлек холдинг ұстап отырудың қажеті қысқармақ. Себебі холдинг құрамындағы басқа компаниялардың ортақ құны әлдеқайда төмен. Холдинг портфеліндегі «Кристалл Менеджмент» АҚ, «Premier Development Company» ЖШС, «Ақсай» ЖШС сынды қалған компания үлестерінің жалпы нарықтық құны 50 миллиард теңгеден аспайды. Сондықтан Joint Resources делистингі үлкен дайындықтың бір бөлігі екені анық. Холдинг жария кеңістіктен шығып кеткеннен кейін, оны қайта құрылымдау, жабу, активтерін сату операцияларын Тимур Асқарұлы ақпараттық жария фонсыз, тыныш өткізе алады. Жаңа Қазақстанның бизнес картинасында үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Осының барлығын DALA INSIDE бақылап отырмақ. https://t.me/dalainside
⛽ Авиакеросинге бартер. Астана бензинді тек өз шартымен бермек Ресейдің жабық каналдар арқылы Қазақстаннан 50 мың тонна АИ-92 бензині бойынша ұсыныспен шыққанын Reuters жазған болатын. Инсайдерлердің сөзінше оның екі бағыты ұсынылған. Біріншісінде, Ресей Қазақстаннан дайын бензин сатып алады. Екіншісінде, ресейлік мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеп, өздеріне тасиды. "Астана әлі Мәскеуге жауап бермеді. Бірақ жабық есік жағдайындағы кеңесте бензиннің өтеуі ретінде авиакеросин сұрау бойынша нұсқа барлық тараптарға ұнап отыр. Себебі елімізді авиаотын тапшылығы қатты қысып барады. Жазғы демалыс кезеңі басталғанда бұл дефицит өрши түсті. Авиакеросин жетіспесе, авиахабқа айналу бойынша жоспардың барлығы бұзылмақ", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Қазақстан жылына шамамен 724–726 мың тонна авиакеросин өндіреді. Ал елдің жылдық сұранысы 1,1–1,2 млн тоннаға жеткен. Яғни жыл сайын 350–450 мың тонна көлемінде тапшылық импортпен жабылады. Оның басым бөлігі Ресейден келіп жүрген еді. Алдағы шілде айында жағдай күрделене түсуі мүмкін. 26 маусым мен 15 шілде аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды. Осы кезде жазғы демалыс маусымының шарықтау кезеңіне келеміз де, тұрақты және чартерлік рейстер саны көбейеді. Соның салдарынан Қазақстанда авиакеросин тапшылығы күшейеді деген болжам бар. Ресейде авиакеросин өндірісі шамамен 30 пайызға қысқарды да, қалған резервті Мәскеу импортқа шығармай, өзінде стратегиялық запас ретінде ұстамақ ниетте. Қазақстан одан келісілген импорт көлемін тоқтатпауды талап етпек. 50 мың тонна бензин осы келіссөзде қолданатын рычагқа айналып отыр. Не болса да, Қазақстан дайын бензин бермейді. Тек своп алмасу арқылы Батыс-Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауытының қуатын ұсынуы мүмкін. https://t.me/dalainside