ТРК Президента
СтатистикаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс web-cайт: https://ptrk.kz/ Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/ YouTube: https://youtube.com/@trkpresident TikTok: @ptrkkz
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 9
- Всего постов
- 23
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 1 250
- 1/48двое суток
- 1 324
- 1/72трое суток
- 1 427
Медиана по постам, которые мы застали свежими и померили через сутки.
Посты
🈂️Көкшетаудың көркем табиғаты, Бурабайдың көгілдір көлдері мен қарағайлы орманы – «Таза қала» Ақмола облысында Түсірілім тобы өңірдегі танымал демалыс орындарын аралап, жаңарып жатқан туристік нысандарды, жаңа бағыттар мен инфрақұрылымды бағамдайды. 🏞 Бурабайдың туристік әлеуеті, саяхатшылар мен жергілікті тұрғындарды толғандыратын мәселелер және өңір туризмін дамыту мүмкіндіктері – «Таза қала» бағдарламасының жаңа шығарылымында. 📺 Бүгін сағат 19:30-да Jibek Joly телеарнасы қосулы болсын! @ptrkkz
🈂️Теледебат. Құрылтай – 2026 Jibek Joly арнасында – саяси пікірталастың қызу сәттері, өткір сұрақтар мен маңызды жауаптар. 📺 Дәл қазір Jibek Joly арнасын қосыңыз! @ptrkkz
видео или голосовое, без подписи
✔️Жылдың басты саяси оқиғасының бірі – Jibek Joly эфирінде! 😊7 партияның өкілдері маңызды қоғамдық-саяси мәселелерді талқылап, өз бағдарламалары мен ұстанымдарын таныстырады 📌Түрлі көзқарас, нақты ұсыныстар мен дәлелдер – көрермен барлығын салыстырып, өз бағасын бере алады 📺 Ұлттық теледебатты 12 тамыз, сағат 20:00-де тікелей эфирде Jibek Joly арнасынан өткізіп алмаңыз! @ptrkkz
Тартысты пікірталас. Өткір сұрақтар. Батыл жауаптар. Күтпеген сәттер… 📰12 тамыз, сағат 20:00-де – көпшілік асыға күткен ауқымды теледебатты Jibek Joly арнасынан өткізіп алмаңыз! 🔴Теледебаттың тікелей эфирін Instagram, Facebook және YouTube платформаларынан көре аласыздар. ✈️ Telegram: Jibek Joly TV Debate ▶️ YouTube: Jibek Joly TV 📷 Instagram: @jibek_joly.tv @jibekjoly_news 🔵 Facebook: Jibek Joly 💬 TikTok: Jibek Joly TV 📌Тікелей эфирдің резервтік арнасы – Jibek Joly News @ptrkkz
🎮 Виртуалды әлем мен шынайы спорт тоғысқан дода – «Болашақ ойындары – 2026» Астана төрінде өткен мультиспорттық жарысқа 30-дан астам елден 800-ге жуық үздік атлет қатысып, 4,6 миллион доллардан астам жүлде қоры сарапқа салынды. Спорт пен цифрлық технологияны ұштастырған тартысты бәсеке көрерменге ерекше әсер сыйлады. 🈂️Фиджитал-футбол, баскетбол, шутер, жекпе-жек, би, MOBA Mobile, MOBA PC және Корольдік шайқас – жарыстың ең қызықты сәттерін «Астана. Болашақ ойындары» деректі фильмінен тамашалаңыз. 📺 Бүгін сағат 18:45-те Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz
видео или голосовое, без подписи
+1
🪶10 тамыз – Абай күні «Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. Оның ой-толғамдары қанша заман өтсе де өзекті болып қала береді» Қасым-Жомарт Тоқаев @ptrkkz
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы Құрметті отандастар! Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қатарынан айрықша орын алады. Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Ақын жұртшылықты толғандыратын көкейкесті мәселелерді бүкпесіз айтып, халқымызды бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Хакімнің «Толық адам» идеясы – әрбір азаматты рухани кемелденуге үндейтін және ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мазмұны терең тұжырым. Биыл Абай күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстанның Халық Конституциясы заңды күшіне еніп, биліктің барлық институттарын түбегейлі жаңғырту үдерісі басталды. Бұл – шын мәнінде, ұзақ мерзімге арналған даму бағдарымызды айқындайтын ерекше кезең. Көп ұзамай ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы Парламент реформаларды сапалы әрі тиімді жүзеге асыруға тың серпін беретіні сөзсіз. Бұл өзгерістердің түпкі мәні – жасампаздық құндылықтарын азаматтардың санасына сіңіріп, Қазақстанның тың қарқынмен дамуына жол ашу. Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеалдарды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз. Ұлы ақын халықтың болашағы үшін білімпаздық, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттер өте маңызды екенін ұғындырды, көрегендік танытып, жұртты бірлік пен келісімді сақтауға шақырды. Абай қара сөздерінің тағылымы қазіргі Қазақстанның құндылықтарымен толық үндеседі. «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» тұғырнамалық идеялары – Абай армандаған берекелі қоғамның берік негізі. Сондықтан, біз Әділетті, Озық әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлы ойшылдың мол мұрасы алдағы уақытта да өскелең ұрпақты шынайы отаншылдық пен туған елге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу ісінде рухани азық болады деп сенемін. Баршаңызға амандық және табыс тілеймін! Абай күні құтты болсын! @ptrkkz
📑 III Казахстанско-Российский медиафорум объединил свыше 60 представителей медиа-сообщества двух стран, государственных органов и экспертных кругов для обсуждения актуальных вызовов современного информационного пространства @ptrkkz
📌 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Озық және заманауи көлік жүйесін қалыптастыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет» @ptrkkz
@ptrkkz
🌐 Жаңа технологияларды енгізуге әзірлік деңгейі бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр – Біздің Президент @ptrkkz
✔️ Мемлекет басшысы: «Соңғы жылдары Қазақстанда тас жолдарды түбегейлі жаңғырту жұмысы қолға алынды. Бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба табысты аяқталды» @ptrkkz
🧷 Важной задачей является не просто строительство дорог, а создание современной цифровой экосистемы – Глава государства @ptrkkz
🛣 Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын бастап берді @ptrkkz
🧷 Дороги жизни в неосвоенных степях Приаралья сделают тупиковые прежде маршруты важными перекрестками ключевых транспортных коридоров Евразии – Глава государства @ptrkkz
✔️ Мемлекет басшысы: «Біздің мақсатымыз – Қазақстанды Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретінде дамыту» @ptrkkz
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи