АРИСТОКРАТ
Статистика📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы. 📒Бизнес кітаптар 📒Әлем мен Қазақ әдебиеті 📒Психология 📒Мотивация 📍Реклама @dalareklanabot
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 3
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Бизнес
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 346
- 1/48двое суток
- 396
- 1/72трое суток
- 427
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
Бірақ қазіргі тірлігі күйкі, мимырт. Уақыт өтіп барады, тындырған түгі жоқ. Мәселен, кеше түстен бүгінгі түске дейінгі бір тәулік ішінде не бітірді? Жарайды, уақа емес, емтиханнан шаршаған шығарсың. Ал сонда бос кеткен күнің осы ғана ма? Мұндай күннің талайы кеткен жоқ па… Қор боп, жылап кетіп жатқан жоқ па… Өстіп кете бермек пе? Сонда отызға келгенде, қырыққа келгенде кім боласың? Елуге не бетіңмен жетесің? Елуге жете қойсаң жақсы, үлесіңе берілген өмір өлшеулі, одан әлдеқайда аз болса қайтпексің? Тағдырдың пешенеге жазған еншісі қарашы жұрттан өзгеше болса, өзгеше екеніне сенімді болсаң неге еңбек етпейсің, неге жан қинап терлемейсің? Бар ойы – қарын қамынан аспаған қаса наданнан не айырмаң бар? Мұхтар Мағауин «Көк мұнар» https://t.me/kitapuzindisi
видео или голосовое, без подписи
🚀 Киев КТК-ны Patriot-қа алмастыру операциясын сәтті жүзеге асырғанға ұқсайды Жабық есік жағдайындағы соңғы отырыстан кейін, Украина бұдан былай Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына тиіспеуге түпкілікті гарантиясын толық растаған. Дәл сол кезде Patriot әуе қорғанысы жүйесі бойынша келіссөздер алға жылжып, Вашингтон Киевке аса қажет болып тұрған компоненттерді бірнеше партиямен беруге келіскені туралы ақпарат пайда болды. Осы аптада Украина Қара теңіздегі танкерлерге рұқсат беру алгоритмін пысықтап, іске қоспақ. Сонда қазақ мұнайын тасымалдау қауіпсіз бола түседі. Оның алдында Қазақстан билігінің қолдауымен Вашингтондағы Chevron мен ExxonMobil бастаған алпауыт мұнай лоббиі Капитолийдің Киевке кезекті қатаң демарш жасауына ықпал еткен болатын. Киев жабық каналдар арқылы әңгіменің ауаны Patriot жүйесіне тіреліп тұрғанын ыммен түсіндірген еді. Мұнай лоббиі ол бойынша да мәселені шешкенге ұқсайды. Себебі, Таяу Шығысқа көбірек беріліп жатқан PAC-3 пакеттерінің соңғы траншының жүрісі баяулап қалды. Киевке бірер пакет қазір жеткізіліп, ал түпкілікті қорытындысында лицензиялық өндіріс бойынша мәселе шешілетін сияқты. КТК Қазақстан мұнай экспортының негізгі артериясы және әлемдік нарықтағы шамамен 2% мұнай ағынына жауап береді. Шілдедегі дрон шабуылдары мен қауіпсіздік мәселелерінен КТК арқылы тиеу көлемі 20%-дан астам төмендеп, Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болған еді. Еліміз бекітілген жоспарлы мұнайдың 8,9 пайызын өндіре алмады. Былтырғы жылдың басында КТК-ның Кропоткинская станциясына кемінде жеті дрон соққы жасады. Ал күзінде дрондар Новороссийск маңындағы теңіз терминалындағы айлақ құрылғысын істен шығарды. Қазақстан осыдан кейін Киевтен мұндай шабуылдарды тоқтатуды талап еткен еді. Бірақ Украина оған құлақ асқан жоқ. Ал биылдан бастап Қазақстан өзі емес, алпауыт мұнай лоббиін Вашингтон арқылы сөйлететін тактикаға көшкен. Ол өз жемісін берді. Қазіргі таңда Киевті Ресейдің Циркон мен Искандер сынды баллистикалық зымырандарынан тек Patriot жүйесі қорғай алады. Оның зымырандарды атып түсіретін оқтұмсықтары таусылды. АҚШ-тың фокусы Иранға ауып кетті де, оқтұмсықтардың жаңа партиясын дереу жеткізе қоймады. Ал Ресейдің соңғы соққысынан Украинаның ешбір баллистикалық зымыранды қағып түсіре алмағаны байқалды. Украина гарантия бергендіктен Қазақстан өзінің мұнай экспорты бойынша биылғы жоспарын мүмкіндігінше орындауға тырысатын болады. Оған 4 ай уақыт бар. Енді танкерлер қозғалысы жиілеуі тиіс. DALA INSIDE КТК-ның ендігі болашағын қадағалап отырады. Бірге бақылайық👇 https://t.me/dalainside
Бүгін бүкіләлемдік кітапқұмарлар күні. Оқығанды жаны қалайтын, әріпті құр жібермейтін жандар үшін мереке. Жан тыныштығын кітаптан тапқандар үшін бір-бір лайк. 😁
https://t.me/kzkitap
Сәуірбек Бақбергенов - Ақ боз атты ару Сәуірбек Бақбергеновтің «Ақ боз атты ару» романына қазақтың ұлы ғалымы, этнографы, тарихшысы Шоқан Уәлихановтың өмірінің соңғы кезеңіндегі оқиғалар арқау болған. Романда ғалымның туған халқын шексіз сүюі, оның болашағына көзқарасы және өз басының сүйіспеншілігі, жары Айсараға деген махаббаты кеңінен баяндалады.
Оңай соқпас мықтыға да, осалға Қоштасу сәт – ең қиыны қашанда. Енді қайтып көрмесіңді білсең де Қоштаса біл, жанарыңа жас алма. Исрайл Сапарбай «Қоштаса біл» https://t.me/kitapuzindisi
Тіршіліктің адам баласына ешқандай құны қалмайтын сәттері болатынын жаңа түсінді. Кейде біреулер өзіне-өзі қол жұмсап, жазым кешіп жатқанда, басқалар бас шайқап, неге өйтті екен деп жатады ғой. Солай болады екен, жаңа ғана түсінді. Бір сәттік қана сезім жеңсе. Сосын жалғыз ғана сызық. Содан әрі аттап кетсең болды, басқа бір әлем... Сайлау Байбосын «Ажалын жоғалтқан адам» https://t.me/kitapuzindisi
💸 Қазақстанның мемлекеттік қарызында сыртқы борыш қысқарып, ішкі нарықтың рөлі арта бастады Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгені құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 36,4 трлн теңге болған, яғни өсім шамамен 2 трлн теңге немесе 5,7%-ды көрсетті. Бірақ бұл өсімнің негізгі бөлігі сыртқы қарыз есебінен емес, ішкі міндеттемелердің артуынан қалыптасты. Мемлекеттің ішкі қарызы жыл басындағы 26,14 трлн теңгеден 28,47 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ішкі нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы қаржыландыру көлемінің артқанын білдіреді. Ал сыртқы мемлекеттік қарыз керісінше қысқарды. 2026 жылдың басынан бері сыртқы міндеттемелер көлемі 3,9%-ға азайып, 8,35 трлн теңгені құрады. Оның ішінде еурооблигациялар көлемі 5,01 трлн теңгеден 4,81 трлн теңгеге дейін төмендеді. "Бұл үрдіс бірнеше маңызды факторды көрсетеді. Біріншіден, Қазақстан сыртқы валютадағы қарызға тәуелділікті біртіндеп азайтып келеді. Мемлекеттік борыштың ішкі көздер арқылы қалыптасуы валюталық тәуекелдерді төмендетеді. Себебі сыртқы қарыз көбіне доллар немесе басқа валюталарда алынады, ал оны өтеу бюджетке қосымша қысым түсіруі мүмкін. Екіншіден, ішкі қарыз нарығының дамуы экономиканың қаржы жүйесі үшін қалыпты тәжірибе. Көптеген дамыған мемлекеттер бюджет тапшылығын негізінен ішкі облигациялар шығару арқылы қаржыландырады. Бұл жағдайда негізгі кредиторлар ретінде ішкі инвесторлар, банктер, зейнетақы қорлары және қаржы ұйымдары жақсы дамиды", - дейді, DALA INSIDE арнасына жағдайды түсіндірген Үкіметтегі инсайдер. Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы деңгейі экономиканың көлемімен салыстырғанда әлі де басқарылатын деңгейде қалып отыр. Негізгі мәселе қарыз көлемінде ғана емес, оны қандай мақсатқа жұмсап жатқанына байланысты. Егер тартылған қаражат инфрақұрылымға, өндіріс пен экономикалық өсімге бағытталса, ол болашақ табысты арттыра алады. Сонымен бірге ішкі қарыздың жылдам өсуі де бақылауды қажет етеді. Себебі мемлекеттік бағалы қағаздар көлемінің артуы пайыздық шығындарды көбейтеді және бюджетке қызмет көрсету жүктемесін ұлғайтуы мүмкін. Сонда жалпы картина мынадай. Қазақстанның мемлекеттік қарызы номиналды түрде өскенімен, оның құрылымында сыртқы борыштың қысқаруы байқалады. Бұл елдің халықаралық валюта нарықтарына тәуелділігін төмендететін және қаржылық тұрақтылық тұрғысынан оң фактор. Енді Үкімет ішкі қарыздың өсуін экономикалық қайтарымы жоғары жобалармен байланыстырғысы келеді. Ол уақытылы қолға алынып отырған бастама. https://t.me/dalainside
Орнымнан тұрып, сол жаққа қарай бардым. Терезені астыдан төбеге көтеріп кеп, айқара аштым. Сол екен самал жел есіп, бөлме ішіне ұрлана кіре бастады. — Аладдин өзін ханзада етіп көрсеткенде, жынның оған не дегені есіңде ме? — Иә… «Өтірікпен иеленгенің көбейген сайын, шындықпен ие боларың азая береді». 📖 ЕҢ ҰЗАҚ ТҮН
Әрсілі-берсілі көп жүрдім, тым көп. Ара-тұра терезеден ішке көз тастап қоям. Қара мысық та, иесі де көрінбейді. Тіземді бүгіп тұрған жерімде бүк түсіп отыра кеттім. Мазлұм аспанға қарадым. Әр-әр тұстан жанып тұрған тамаша жұлдыздар жарқырап тұр. Тамаша?.. Бәлкім, жұлдыздар тым алыс болғандықтан тамаша көрінетін шығар… 📖 ЕҢ ҰЗАҚ ТҮН
Бір кезде жаңбыр жауардай аспанға қайта бұлт үйірілді. Терең тыныстадым. — Жауын алдындағы иіс ұнайды, алайда ол өте тез сейіледі. 📖 ЕҢ ҰЗАҚ ТҮН
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
Сонда, бақыт деген әйел болғаны ма? Әйелі жақсы адамның бәрі бірдей бақытты ма? Жақсы әйел ғана бақыт болса, онша қиын да емес болар-ау, бақыт дегеніміз. Әлде жақсы әйел аз, жаман әйел көп пе? Бақыт саналатын жақсы әйел дегеніміз кім? Оны қалай білуге болады? Бұл ма, бұл, ер адамның ойлайтыны ғой. Сәуірбек Бақбергенов «Кентау» https://t.me/kitapuzindisi
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи