Фикр / الفكر/
Статистикаبسم الله رب العلمين ҚМДБ Ұстазы Ілім талап етуші
- Последний пост
- 23 мая
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Образование (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Расында, ізгі деп табылған әйелдердің өздерінен ізге амалдары, ілім, білім қалса да, олардың түр сипаттары бізге жетпеген екен. Яғни, қай діни мәтінді алсақта, олардың түр әлпеті, дене бітімі, дауысының ырғақтылығы сипатталып жазылмапты. Болмасаң да, ұқсап бақ.
Кейде видеолар түсіріп ақпараттармен бөліскім келеді де, одан соң, ойланып қаламын... Әйел адамды әурет деп Аллаһ құнды етсе, демек видеоға түрімді немесе дауысымды салып Аллаһтың алдында "құнсыз" болып қаламын ба деп...
Араб әліпбиін үйрету қазақтарға орыс, неміс сынды өзге ұлт өкілдерінен гөрі жеңіл келу себебінің бірі де осыда. ДНК деңгейінде ұрпақтан ұрпаққа ата-анасының меңгерген білімі де беріледі. 9 поколениеге дейін сақталатын ДНК-дегі ақпараттар бар. Кезінде "молдадан" сауат ашқан кісінің, ұрпағына қазіргі күні Құранға түсу жеңіл келеді (Ғылыми көзқарас). Құран оқыған кісі, ұрпағы үшін дұға етіп, Аллаһ дұғасын қабыл етсе, міндетті түрде ол кісінің ұрпақтарынан Құран оқитын балалар шығады. (Діни көзқарас). Аллаһ қалаған құлына ілімге жол ашады. Суретте Ахмет, Әлихан, Міржақып бабаларымыз шығарған “Қазақ” газеті.
Имам әл-Ғазали бойынша жүрек тыныштығы (итми’нан) 1. Жүрек – тек Алламен ғана толатын «бос кеңістік» Имам әл-Ғазали өзінің Ихъя улум әд-дин еңбегінде былай түсіндіреді: Адам жүрегі жаратылысы бойынша бір нәрсені сүйіп, соған байлануға мұқтаж Егер ол Алламен толмаса, онда дүниемен, адамдармен, қорқынышпен толады Сондықтан: Жүрек тек Алланы еске алғанда ғана өз орнына келеді (итми’нан табады) 2. Мазасыздықтың түп себебі – Алладан алыстау Имам әл-Ғазали айтады: Жүректегі уайым, күйзеліс, бос сезім – Алланы ұмытудың нәтижесі Дүниелік нәрселер уақытша болғандықтан, олар жүрекке тұрақтылық бере алмайды. Истиқрар (тұрақтылық) болмайды, себебі: жүрек тұрақсыз нәрсеге байланып қалған 3. Зікір – жүректің «емі» Имам әл-Ғазали зікірді тек тілмен айту емес, жүрекпен сезіну деп түсіндіреді: тілмен – айту, ақылмен – түсіну, жүрекпен – сезіну. Осы үші біріктірілгенде: Жүрекке нұр түседі, уайым кетеді, ішкі тыныштық орнайды 4. Шынайы тыныштық – Алланы танудан (мағрифат) келеді Имам әл-Ғазали үшін ең маңыздысы: Жүрек Алланы танығанда ғана тынышталады Бұл жай сенім емес, терең рухани таным (мағрифат) Аллаға жақындаған сайын: қорқыныш азаяды тәуекел артады жүрек орнығады 5. Дүние мен ақырет арасындағы тепе-теңдік Имам әл-Ғазали түсіндіреді: Дүниеге тым байланыс – жүректі мазасыз етеді Ақыретке бағытталу – жүректі тыныштандырады Себебі: жүрек мәңгілікке бағытталғанда ғана тұрақты болады
أَلَا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ» «Расында, жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады» (Құран) Мәдәрикут-Тәнзил тәпсірінде Имам ән-Нәсәфи осы аятты терең рухани әрі ақида тұрғысынан түсіндіреді: Истиқрар (жүректің тынышталуы) Имам ән-Нәсәфи бұл жердегі «تطمئن» (татма’инну) сөзін тек сыртқы тыныштық емес, ішкі тұрақтылық, орнығу, сенімділік мағынасында ашады. Ол «истиқрар» ұғымын бірнеше деңгейде түсіндіреді: 1. Күмәннің кетуі, сенімнің орнығуы Жүрек Алланы зікір ету арқылы шүбә мен күмәннен арылады. Адамның жүрегі табиғатынан мазасыз: қорқыныш, белгісіздік, күдік бар. Бірақ Алланы еске алу (зікір) – жүректі ақиқатқа бекітеді.Яғни, истиқрар – иманның берік орнығуы. 2.Қорқыныштан амандыққа өту Имам ән-Нәсәфи айтады: жүрек Алланы еске алғанда қорқыныш пен уайым сейіледі. Дүниелік себептерге байланған жүрек – тұрақсыз Ал Аллаға байланысқан жүрек – амандықта Истиқрар – жүректің Аллаға сүйенуі (тәуекел) 3. Қанағат және разылық күйі Зікір жүректі тек тыныштандырмайды, оны қанағат пен разылыққа жеткізеді Адам тағдырға разы бола бастайды Ішкі қарсыласу жоғалады Бұл – нафстың тынышталуы (итми’нан) 4. Ақиқатты тану арқылы орнығу Имам ән-Нәсәфи бойынша: жүрек Алланы танығанда (мағрифат), ол басқа нәрсеге алаңдамайды Дүние уақытша екенін түсінеді Негізгі мақсат – Аллаға жақындау. Истиқрар – мақсаттың айқындалуы
Әссәләму әлейкум уә рохмәтуллаһи уә бәрокәтуһ! Аллаһ күнімізге береке берсін! Бүгіннен бастап дипломдық жұмысқа дайындық басталды. Арнаға Құран оқудың маңыздылық ары туралы ақпараттар салып отырамын. Аллаһ жеңілдік берсін деп дұға етіп қойыңыздаршы.
Рамазан айында 30 күн ораза ұстаудың өзі әркімге беріле бермеген Аллаһтың мейірімі ғой. Аллаһ намазды да, оразаныда парыз етті. Әйел адам белгілі себеппен кейде намазы қаза болады, бірақ ол намаздың қазасын өтемейді. Тура сол себепті оразасы да қаза болады. Бірақ, оразаның қазасы өтеледі. Осы жерден-ақ, ораза ұстаудың маңызы мен оның Аллаһтың алдындағы сый-сияпаты белгілі емес пе?
Әссәләму әлейкум уә рохмәтуллаһи уә бәрокәтуһ!❤️ Қасиетті Рамазан айының келуімен сізді шын жүректен құттықтаймын! 📖 Рамазан – жүректі ғапылдықтан оятып, пенде мен Раббысының арасындағы байланысты тереңдететін ұлы рухани мектеп. Қасиетті Құранда: «…Бәлкім, тақуалыққа жетерсіңдер» («Бақара» сүресі, 183-аят) деп баяндалғандай, бұл айдың басты мұраты – тақуалыққа ұмтылу, нәпсіні тәрбиелеп, ниет пен амалға жауапкершілікпен қарау. 🤍 Рамазан – сабырдың саясы, мейірімнің мәйегі, кешірімнің кеңістігі. Бұл – дұғалар қабыл болып, жүректер жұмсарып, үміттер жаңаратын ай. Ораза – тек тәннің аштығы емес, рухтың тоқ болуы, адамның Жаратушысына деген мұқтаждығын терең сезінуі. ✨ Қасиетті айда әр шаңырақта Құран үні естіліп, әр дастарқанда береке болсын! Ұстаған оразаларымыз бен жасаған құлшылықтарымыз қабыл болғай. Қасиетті ай баршамызға рухани жаңғыру мен жүрек тазалығын нәсіп етсін!
"Интернетке тәуелділік" терминін америкалық психиатор Айвет Голдберг 1995 ж енгізген. Адамның өзін-өзі басқаруының төмендеуінің арқасында қалыптасқан өмір сүру қағидаларын бұзуға әкелетін мінез-құлықтың ерекшелігі деген анықтама берген екен. © Информатика, 6-шы сынып
Әр бір адам бақытты болу үшін жаралған. Бірақ бақытты болу да, бақытсыз болуда әр адамның өз таңдауы дер едім... Бұл дүние сынақ. Сынақтың нәтижесі ахырет. Сол ахыретте, сіздің бақытты болуды немесе бақытсыз болуды таңдағаныңыз белгілі болады. Тек, таңдау емес қой, таңдаудан кейінгі әрекет және оның жемісі. Сынақтан шығар жол нұсқаушы ол Құран. Құран оқуды бастаңыз))
Бүгін, апамның кітап сөресінен атамның ескі кітаптарының бірін көріп, балалық шағым есіме түсті... Сол кітаптарды аламын деп, талай хрустальдарды сындырған едім... Кітапты оқып отырып, хрустальдарды күннің сәулесіне шағылыстырып, жарқ-жұрқ еткен сәулелердің қызығына тамсана қараушы едім))) Әр әріпке жеке сәуле түсіретін менің ермегіммен қаншама хрустальдар сынған еді... "Қайран балалық шақ" деп бүгін сағынышпен еске алғанымыздай, 20-30 жылдан соң, "Қайран жастық шақ" деп еске алар күндерде келер... Жастық шағымызда жақсылықпен, ізгілікпен еске алатын күндеріміз көп болсын. Қамшының сабындай ғана ғұмырды татулықта, бірлікте, ізгілікте сүруді нәсіп етсін. Жастық шағың қарттығыңа, ахыретіңе дайындық... Жылдың ауысуы, жасымыздың толықсуы тек сандар ғана болмай, даналық пен дариялық болсын. Өлшеніп қана берілген уақыттың қадіріне жете алу, уақытты жоспарлау мен әрекет етуден тұрады. Әрекетке қарай берекет.
Куфалық ғұлама Ибн Шубруманың құзырында бір кісі келіп: Бәленшеге пәлендей бір ісін бітіріп бердім, Түгеншеге пәлен бердім, ана бір кісіге осындай қызметін орындап бердім - деп күпсініп тұрса керек. Ибн Шубрума оған: لا خيرَ في المعروفِ إذا أُحصي "Есептеп санап жүрген жақсылықта қайыр жоқ" - деп тиып тастаған екен. ﴿لَا تُبْطِلُوا صَدَقَاتِكُم بِالْمَنِّ وَالْأَذَى " Садақаларыңызды міндетсіну (менменсу) мен ренжіту арқылы сауабын жоймаңыздар" _Бақара сүресі, 264-аят_ *"المن"* Міндетсіну - берген көмегін қайта-қайта еске салу. "الأذى" Жәбір көрсету – жақсылықтан кейін (жасаған жақсылығымды ұмыттың ба? - деген секілді) ауыр сөздер айту, қорлау.
Ілімнің жүрекке орнығуына арналған дұға: اللَّهُمَّ افْتَحْ عَلَيَّ حِكْمَتَكَ وَانْشُرْ عَلَيَّ رَحْمَتَكَ Транскрипция: Аллаһуммафтах ‘аляйя хикмәтәкә уәншур ‘аляйя рохмәтәк Мағынасы: Уа, Аллаһ! Маған даналығыңның есігін аш және рақымыңды жаудыр!
Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) өзінің хадисінде: شعبتات لا تتركهما أمتي النياحة و الطعن في الأنساب Менің үмбетімнің әлі күнге дейін тәрк етпеген екі әдеті бар: жоқтау айту (дауыс көтеріп жылау) және адамдардың тегіне тіл тигізу *“نِيَاحَة”* нияхa - _қатты дауыс көтеріп жылау - “Бізді тастап кеттің!”, “Не үшін өлдің?!”, “Қайтып кел!”, “Өмірді қараң етіп кеттің!” - деген секілді, тағдырға наразылық сөздер, күпірлік және өлімге қарсы шағым айтып қатты айқайлап жылауды айтады. Бұл - дінімізге жат істер. *الطعن في الأنساب* Текке тіл тигізу - кісінің әкесіне немесе атасына, жоғары не төмен буыннан болсын, шығу тегіне күмән келтіріп ”пәленше өзінің әкесінен туған емес” “некесіз туған” деп айыптау - мұсылманға тиым салынған. Ғалымдар: “Адамдар өз тектері жөнінде аманат иелері. Яғни кез келген адам “әкем - пәленше, атам - пәлен” десе, оған сену керек, керісінше күмән келтіріп оны өтірікші деуге болмайды” - дейді. Егер ол шынымен өтірік айтқаны дәлелденсе, онда жазасын өзі көтереді. Үлкен күнә. Хадис шәрифте: ”Кім өз тегінен безсе және кім түсінде көрмеген нәрсені көрдім деп өтірік айтса - ол екі үлкен өтіріктің иесі” - делінеді. Яғни адамның өз тегінен безуі де - ең ауыр өтіріктердің бірі.
مَثَلُ ٱلَّذِينَ حُمِّلُواْ ٱلتَّوۡرَىٰةَ ثُمَّ لَمۡ يَحۡمِلُوهَا كَمَثَلِ ٱلۡحِمَارِ يَحۡمِلُ أَسۡفَارَۚ بِئۡسَ مَثَلُ ٱلۡقَوۡمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِۚ وَٱللَّهُ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّٰلِمِينَ «Таурат жүк етіліп берілген, бірақ оны (амалмен) көтермегендердің мысалы – кітап арқалаған есек тәрізді. Аллаһтың аяттарын өтірікке шығарған қауымның мысалы неткен жаман! Аллаһ залым қауымды тура жолға салмайды.» "Жұма" сүресі, Құран. Білім амалсыз болса – ауыр жаза екен. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ : «Қиямет күні ең қатты азапқа ұшырайтын адам – білімімен пайда бермеген ғалым.» (Табарани) -десе, енді бір хадисінде: «Құран сен үшін дәлел болады немесе саған қарсы дәлел болады.» (Мүслім) -дейді. Саңлақ сахабалының бірі Ибн Масғуд (родый Аллаһу әнһу): « Біз он аят үйренсек, сонымен амал етпейінше келесісіне өтпейтінбіз.» -десе, Әли (родый Аллаһу әнһу): «Ілім шақырады. Егер оған амал жауап бермесе – ілім кетеді.» -дейді. Әмируль-му'минин болған Омар (родый Аллаһу әнһу): «Ілім көп болуы – құтқармайды. Құтқаратын – тақуалық.» -деген екен. Сахабалардан кейінгі буын табининдердің бірі Хасан әл-Басри: «Ғалым – сөйлеген адам емес, амал еткен адам.» - деп "тек, ғалымдар ғана шынайы Аллаһтан қорқады" деген аятты түсіндіруге тырысқан болса, Суфиян әс-Сәури: «Ілім – амал үшін. Егер мақсат болмаса, ол адамға қарсы дәлел болады.» - деген. Бұл аят тек яһудилерге емес, бұл – барлық білім алып, амал етпейтін мұсылмандарға да ескерту! Аллаһ бізге Құранды терең түсінуді, оған сай амал етуді нәсіп етсін!🤲
Әссәләму ъәлейкум уә рохмәтуллаһи уә бәрокәтуһ! Жұманың берекеті бізбен бірге болсын! Аллаһ күнімізге береке берсін!🤲 Жұма күні жұма намазға бару уәжіп амал. Және садақа берудің және мұсылмандардың бір бірін қуантып сыйлық жасайтын күн!
Ілім алу сізге нәсіп болса, ол Аллаһтың сізге берген нығметі. Алған іліміңізді түсіну нәсіп болса, ол нығметтің төресі. Алған ілімге сай амал ете алсаңыз ол Аллаһтың сізге түсірген рахымы. Шүкір ете біліңіз.❤️
Құранда Аллаһтың жақсы көретін құлдарының сипаттары: 🕌 إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ … «Ақиқатында, Аллаһ жақсы көреді…» Жүректердегі сөздер: 1. المُحسِنِين – жақсылық жасаушыларды, игілік иелерін 2. الصَّابِرِين – сабыр етушілерді 3. المُتَّقِين – тақуаларды, Аллаһтан қорқып сақтанушыларды 4. المُتَوَكِّلِين – тәуекел етушілерді, Аллаһқа сүйенушілерді 5. التَّوَّابِين – тәубеге келушілерді
«Жиһадтың ең абзалы – нәпсімен күресу»; «Жүгендеуге мұқтаж болған нәпсіңнен артық асау жоқ» ©Хасан әл-Басри
„ Мына өмірді жәннаттағы мәңгілік бақытқа апаратын қысқа ғана мүмкіндік екенін білген адам, оны ешқашан босқа өткізбейді“ ©Имам Әбу әл-Фараж Абдурахман ибн әл-Жаузи (Аллаһ оны рақымына алсын), «Хифзу әл-умр».