tgindex
Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

Статистика
Последний пост
10 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
5 881
−12 за 5 дн.
Сутки
−4
−0,07%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
2 548
20 постов
Вовлечённость
43,3%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
10
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
2 018
1/48двое суток
2 312
1/72трое суток
2 494

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 10 авг.98716122

    Аллаға махаббат пен күнәға махаббат бір жүректе тұра алмайды. Аллаға махаббат жүректе орнауы үшін, күнәға махаббатпен күресу керек

  • 10 авг.1 16918544

    Күнәға махаббатты қалай емдейміз? Көптен қоя алмай жүрген күнәң болса, оның шипасы туралы Басир аль-Ғанзи былай деген: "Құранды көп оқысаң, күнәға шахуатыңды басады. Бұны көп оқығандар біледі. Оқыған сайын күнәні қалау азая береді. Тіпті бір күні күнәні жек көре бастайсың. Бұл - құранның берекеті. Бір күнәні қоя алмай жүрсең, көп құран оқы".

  • 10 авг.1 014978

    Атвң аталмаса жетіспедім деме. Алла құранда пайғамбарлардың өзін әрбірін жеке атамаған. وَرُسُلًا لَّمْ نَقْصُصْهُمْ عَلَيْكَ (4:164) "Сондай-ақ бұдан бұрын өзіңе жай-күйлерін баяндап берген пайғамбарларымызға уахи түсіргеніміздей, жай-күйлерін саған баяндамаған басқа да көптеген пайғамбарларымызға да (аян беріп, уахи түсірдік) һәм Алла Мұсамен тікелей сөйлесті" Атым аталсын деп асықпа. Жасаған жақсылығыңды Алла біліп, құзырындағы ұлы мәжілісте еске алса жеткілікті. Бишр аль-Хафи

  • 10 авг.1 13011915

    Әлбетте еңбек керек. Бірақ еңбек - біздің ықыласты ғибадатымыз бен ниетті жария етуіміз ғана. Ғибадат талап болғандай, еңбек те талап. Бірақ нәтиже әрдайым Алладан. Сондықтан, біреудің еңбегі жемісті болады, біреудікі болмайды. БІЗ "ПАХАТЬ" ЕТІП ЖАТҚАНДА "РАССЛАБЛЕННЫЙ" БОЛУЫМЫЗ МАҢЫЗДЫ. Кез-келген боксёрдан сұраңыз. Удар қатты болу үшін дене босап тұруы керек. Ең жақсы соққы сондай кезде болады. Өйткені шектен шыға мотивированный болу нәтижеге кері әсер етеді. Путинге жаңа машинаны таныстырып жатқанда ручкасын жұлып алған адамды көрген шығарсыз. Сол сияқты. Менеджментте де бұл нәрсе бар. Ішкі расслабление қайдан келеді, нәтижені Аллаға тапсырмаса? Сондықтан, "улыбаемся и машем". Немесе біздің жағдайда "расслабляемся и пашем".

  • 10 авг.1 065988

    Екінші алдау сөз - "бәрі сенің қолыңда". Мұсылманның қолындағы ұлы ту - لا حول و لا قوة إلا بالله "Алладан басқа ешкімде ешқандай күш құдірет жоқ". Бұлай болса, қалай бәрі Сенің қолында болады?

  • 10 авг.1 0591166

    "Әрбіріміз ұлы іске жаралдық" деген сөзге тойып алып, қарапайым бақыттың қадірін аз білдік

  • 3 авг.2 56814622

    Ниеттің тарылуы ризықты да тарылтады

  • 2 авг.2 10317325

    أعياد المريدين ورود الفاقات Атоулла ас-Сакандари айтады: "Өмірлік қиындықтардың келуі [Алланың разылығы мен рухани тазаруды дүниедегі тыныштық пен комфорттан жоғары қоятындар үшін] мереке" [Еркін аударма - Ә.М.]. Ашып түсіндірейін. Қиындықтардың келуі адамға жағымсыз. Тіпті қинауы мүмкін. Бірақ терең ізденіске түсіп, рухани тазарып, өзінің Алла алдындағы шынайы мұқтаждығын сезініп, Оның разылығын қалағандар үшін бұл үлкен МҮМКІНДІК. Өйткені бұл қиындықтар рухани тазартады. Әрі адамға өзінің әлсіздігін сезінуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде ЫҚЫЛАСҚА әкеледі. Сондықтан, біз қорқып жүрген қиындықтар біреулер үшін қуаныш әрі көптен күткен сәт. Сол арқылы адам дүниелік сеніп жүрген (опора) нәрселерінен баз кешіп, Аллаға оралады. Сен сеніп жүрген таныс, ақша, бизнес, бәрі бос екенін түсінесің. Өзіңе сынақ, ауырлық тілеме. Бірақ олар келіп жатса, оны ЖАЗА деп емес, МҮМКІНДІК деп қабылдай біл. Деген ой жатыыыыр...

  • 26 июл.2 64716225

    "Шынайы айрылысу өлім емес. Біріміздің тозаққа біріміздің мәңгілік жаннатқа кетуіміз. Тозақтық кейіпке кіріп бара жатсам, құшақтап ал да мешітке алып кетші, досым" деген сөз оқып қалдым

  • 24 июл.2 90817917

    Кейде біз әсер ете алмайтын әлемдік нәрселерге бұрқылдап жүреміз. Бірақ тамақтан кейінгі дұғаны естен шығарамыз. Ақіретімізді құтқаратын шынайылық пен өзімізге қатысты істер екенін ұмытпайық

  • 22 июл.5 1212465

    Бүгін күні бойы Олжекең жайында не жазсам болады деп ойландым. Ештеңе ойыма келмеді. Екеуіміз аз ба, көп па бірге сүріппіз. Өмірдің әртүрлі кезеңдерін бірге өткізіп, бір бөлмеде тұрып, білім жолында бірінші курстан бірге оқып, шетелде бірге тұрдық. Қазір ол кісінің қайтқан күнінде жазар сөз таба алар емеспін. Махаббат тілсіз шығар. Сүйген адам сүйдім деп айта алмағаны сияқты, сағынған адам да сағындым деп айта алмаса керек. Шынайы дос болғың келетін адамды табу оңай сияқты көрінгенімен, олай емес. Алла арамызды қияметте қайта қоссын. Сіздің орныңызды басатын адам ақыры таппадық. Бақұл болыңыз

  • 22 июл.2 432491

    Уже бесінші шот бүгінге. Вообще әсер етпейтін болған ба

  • 22 июл.2 488455

    Мирас Ерланұлының намазға қатысты өзекті мәселелерді жинақтаған кітапшасы. Намаздың ішінде көбісі біле бермейтін мәселелері қамтылған. Кеңес беремін ұстаздың өзін де, кітабын да https://t.me/meraserlan

  • 22 июл.2 11943

    Уже бесінші шот бүгінге. Вообще әсер етпейтін болған ба

  • 21 июл.3 13719726

    Балапан шығар алдын жұмыртқа жарылады. Егер ол бұрынғы тұтас күйінде қалса, жаңа әлемге шықпас еді. Барған сайын тарлық ететін еді. Жаңа жағдайға, үлкенірек әлемге шығар алдын ескі әлемің тас талқан болады. Соның арқасында жаңа, кең, көркем әлемге жол ашылады. Әлемің дәл қазір тас-талқан болып жатса, жаңа мүмкіндіктерге, жаңа әлемге дайындал. Алла сәтін салсын

  • 19 июл.2 70224012

    Мені жақында бір жиыннан қуып жіберді. Қараптан қарап, еш кінәсіз. Сөйтсем мынау жақта одан да маңызды нәрсе күтіп тұр екен. Мүмкіндік жіберіп ала жаздаппын. Алла әртүрлі өмірлік ситуация арқылы бағыттап отырады. Сол бағыттауларды шағым айтпай қабылдай алу маңызды

  • 14 июл.3 37915528

    "Ертең өзгеремін деген адамдарға тозақ толы" деген сөз оқып қалдым

  • 10 июл.4 67520939

    "Қиындықтар таусылады деп жүргенде өмір таусылды" деген ой оқып қалдым. Өмірдегі әртүрлі ситуацияларға қарамай, әрбір сәтте шүкіршілікке себеп тауып, бақыт сезе алуымызды нәсіп етсін

  • 1 июл.3 9171482из abylaikenzhaly

    Айтылған уағыз-насихат көңілге жаға қалса: “нағыз имам осындай болу керек”, – деп асыра сілтеп мақтайды. Ал көңілге сәл жақпай қалса: “дінмен манипуляция жасама”– деп айтады.

  • 30 июн.4 33315632

    Әдемі ой оқып қалдым: Кешегі өткен өртке өкініп, бүгінгі үйді өртеме. [Кешегі өткен жамандықты жібер. Қазіргі сәтіңе орал].