Nurbakhyt Aidosuly
Статистика2017-2021 Нұр Мүбәрак университеті 🇰🇿 2022-2023 Дәрул Фунун Араб және Ислам ілімдері институты🇹🇷
- Последний пост
- 5 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 775
- 1/48двое суток
- 888
- 1/72трое суток
- 957
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
“Таңертең көңілді оянғың келсе, түнде кіммен сөйлескеніңе мән бер”. Махмуд Даруиш
📖 Кім ғалымдармен бірге отырса — әдебі артады. 📖 Кім әйелдермен бірге отырса — шәһуаты артады. 📖 Кім байлармен бірге отырса — жүрегі қатады. 📖 Кім балалармен бірге отырса — ойын-күлкісі артады. 📖 Кім күнәһарлармен бірге отырса — жеңілтектігі артады. 📖 Кім ізгілермен бірге отырса — тақуалығы артады. 📖 Кім фақиһтармен бірге отырса — дәрежесі ұлық болады. ⸻ Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Адам өз досының дінінде болады. Сондықтан әрқайсың кіммен дос болып жүргеніне қарасын.»
Ибн әл-Қаййим (Алла оны рақымына алсын): «Сенің өмірің — өтіп кеткен шағың мен алда тұрған болашағыңның ортасындағы дәл қазіргі сәтің. Өткенді — шынайы тәубемен түзейсің, ал Болашақты — күнәдан тыйылумен, бекем жігер мен шынайы ниет арқылы түзейсің. Ал бұл екеуінде дене мүшелеріңе ешқандай ауыртпалық пен шаршау жүктелмейді».
Алла елшісі ﷺ бір хадисінде: «Кімде-кім бір жиында отырып, онда артық-ауыс сөздерді көп сөйлеп қойса, сол орнынан тұрмас бұрын: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика, әшһаду ән ля иләһә иллә әнтә, астағфирука уа атубу иләйк» («Я, Аллаһ өзіңді пәктеймін және саған мақтаулар айтамын. Сенен өзге тәңір жоқ екеніне куәлік беремін. Өзіңнен кешірім сұрап, саған тәубе етемін») – десе, осы отырыста болған (қате-күнә) нәрселері кешіріледі». (Тирмизи риуаяты) Дұғаның арабша мәтіні мен транскрипциясы: سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، أَسْتَغْفِرُكَ وَأَتُوبُ إِلَيْكَ «Субханака Аллаһумма уа бихамдика, әшһаду ән ля иләһә иллә әнтә, астағфирука уа атубу иләйк»
Осман ибн Аффаннан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алланың елшісінің ﷺ былай айтқанын естідім: «Кім құптан намазын жамағатпен оқыса, ол түннің жартысын құлшылықпен өткізгендей болады. Ал кім таң намазын жамағатпен оқыса, ол түнді толықтай намазбен өткізгендей болады». (Имам Муслим риуаяты)
«Егер сен өз мақсатың үшін әрекет етпесең, біреудің мақсатына жету үшін құралға айналасың…»
Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Муғаз ибн Жәбәлға (Алла оған разы болсын) айтқан ең керемет өсиеті: “ қай жерде болсаңда Алладан қорық, жамандық жасасаң соны жойып жіберетіндей артынша бірден жақсылық жаса, әрі адамдармен көркем мінезбен мәміле қыл”.
«إن هذه القلوب أوعية فاشغلوها بالقرآن، ولا تشغلوها بغيره». سيدنا ابن مسعود -رضي الله عنه-. «Расында, бұл жүректер – ыдыстар секілді. Ендеше оларды Құранмен толтырыңдар, оны басқа нәрселермен толтырмаңдар». Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын)
Өзіңнен сұрашы! Қазір ұйықтап, ертең оянбайсың десе қандай амал жасар едің?! Ендеше сол амалды жаса, ертең оянуымызға ешқандай кепіл жоқ!
Күнә жасаған пенде әлсіз емес, күнәсінә тәубе етпейтін пенде әлсіз.
Аллаға артылмаған үміттің барлығы үзіледі.
Құлшылығыңды тек Раббыңның разылығы үшін жаса. Ал Раббың сенің қалған барлық мәселелеріңе жеткілікті.
Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “ Ертең қияметте тозаққа алғаш болып кіретін 3 топ адамның бірі Алланың разылығынан өзге нәрсені мақсат етіп Құранды жаттаған қари адам” - деді.
محاضرة:[ الماتريدية ورثة اعتقاد الحنفية] مولانا الشيخ حمزة البكري شاهد:https://youtu.be/fSjdqYvbArQ?si=h_Rs9Vc83N-4u4_W
Қазіргі араласып жүрген ортаң, ертең жаназаңда тұратын жамағатың. Сондықтан кіммен араласып жүргеніңе мән бер!
Ұйқың қанша қалың болса, сорыңда соншалықты қалың екенін ұқ! Міржақып Дулатұлы
Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Дерттеріңді садақа берумен емдеңдер” - деді. 📚 Әбу Дауд
Кедей деген ол мал мүлкінен айырылып қалған адам емес. Нағыз кедей көркем мінез бен әдептен айырылған адам.
Құл кешірім сұраудан жалықпаса, Алла кешіруден еш жалықпас!
#Түңгі_ләззат Имам Ахмад ибн Ханбал түнгі намазға тұрмайтын ілім талап етушіні көрсе, сабақ беруден бас тартатын болған. Әбу Исма деген кісі үйінде түнейді. Имам Ахмад оның қасына дәрет алуы үшін су қояды. Сөйтіп таң намазына азан шақырудан алдын келсе, ол әлі ұйықтап жатыр екен. Су сол күйінде тұр. Оны оятып алып: "Ей Әбу Исма, не үшін келдің?" дейді. Ол: "Хадис үйрену үшін келдім" дейді. Сонда Имам: "Түңгі құлшылығың болмаса қалай хадис үйренбекшісің?!" деген екен. Имам Шәфиғи: "Ғалымның өзі мен құдай арасында жасырын ізгі амалы болуы керек" дейтін еді. Әли ибн Бәккар айтады: "Қырық жылдан бері мені таңның атуы ғана қынжылтады". Фудайл ибн Ияд: "Егер күн батса, раббыммен жеке қалғаным үшін қуанамын. Егер күн шықса, адамдар маған келгені үшін қайғырамын" дейді. Әбу Сүлеймен Дәрани айтады: "Түңгі құлшылықтың ләззаты бос ойын-сауықтықтың ләззатынан күштірек. Егер түн болмағанда, мен бұл дүниеде қалудан мән көрмес едім." Ибн Мункәдир: "Үш нәрседен басқа бұл дүниенің ләззат қалмады: түңгі намаз, сүйіктілермен жолығу және жамағатпен бірге намаз оқу" деген екен. Бір ғалым айтқан екен: "Аллаға ғашық жандардың түңгі құлшылығы - Жақып көзін сүрткен Жүсіптің жейдесі секілді. Түңгі намаз - құдайға жақын құлдар ғана білетін сырласу мен нығмет. ( مَن ذاقَ عرف ،، ومَن عرف اغترف ) Кім дәмін көрсе, біледі. Білген адам кіреді. Аллаһым, бізді солардың қатарынан ете гөр! 🤲 ©️Шейх Йахиа Ғаусани (хафизаһулла)