Жазушы - كاتب
СтатистикаБұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер. Арнайы бір бағытта емес. Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Анонимдік байланыс: t.me/anonaskbot?start=3y5d8iym4zb18
- Последний пост
- 10 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 23
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 581
- 1/48двое суток
- 665
- 1/72трое суток
- 718
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қартайған молданың жас молдаға мінберін бергісі келмейтіні туралы бұрыннан естуші едік. Қазіргі таңда кейбір жасы келген діни қызметкерлер өзінен жасы кіші діни мамандарды радикал етіп көрсеткісі келеді.
Негізі әрбір діни мәселенің өз толқыны болады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері қаншама діни түрлері кірді. Әрқайсысының бір дәуірі болды, толқыны өтті. Кезінде қатты насихаттағандардың көбі қазір жоқ, үндері де өшті. Қазір атеизмнің дәуірі сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ оның да уақыты өтеді. Одан кейін басқалар келуі мүмкін. Ал дәстүрлі дін бәрібір қалады.
Ақшаңды естелікке жұмса, әсер қалдыруға емес. 📕 «Ақша психологиясы» ©️ Морган Хаусел
Кішкентай жинақтар уақыт өте үлкен капиталға айналады. 📕 «Вавилондағы ең бай адам» ©️ Джордж С. Клейсон
Әр сатып алудан бұрын өзіңнен: «Бұл маған шынымен қажет пе?» деп сұра. 📕 «Ақша немесе өмір» ©️ Викки Робин, Джо Домингес
Ақша қалғанын жинама. Алдымен жина, қалғанын жұмса. 📕 «Вавилондағы ең бай адам» ©️ Джордж С. Клейсон
Әкесіз өсіп жатқан бүлдіршіндерге қиын ғой. Біреуінің әкесі қайтыс болған, біреуін әкесі тастап кеткен, біреуі әкесінің кім екенін де білмейді, кейбірі әкесімен жолықтырмайды. Кеше бір жерде болғанмын, бала-шаға да ойнап жүр екен. Бір бүлдіршін ойыншығын көрсетіп: “Мынаны маған әкем алып берді. Сенің әкең де осындай алып бере ме?” – деп сұрады. Ана бүлдіршін біртүрлі болып қалды. Біз байқамайтын, көрмейтін осы секілді қаншама сәттер болып жатыр бүлдіршіндер арасында… ауыр 😕
Ислам әдебіне қатысты кітаптың бірінда мынадай мәселелердің бірі айтылған: Мысал; жолда кетіп бара жатқанда біреудің үйінің қақпасы немесе есігі ашық тұрса, қарауға болмайды. Ал біздің қоғамда керісінше, көпшілік тесіліп, үңіліп қарап, зерттеп өтіп кетеді.
Діндегі әйел мен ердің құқықтары мен міндеттері бірін-бірі кемсіту, әйелді құл ету немесе ерге қарсы қою үшін емес. Керісінше, әрқайсысының өз орнын біліп, бақытты ғұмыр кешуі, бір-бірінің ақысын жемеуі және өзара сыйластық пен әділдікті сақтауы үшін бекітілген. 😀🫶🏻
Ене мен келін арасында дау болса, күйеуі анасының сөзін сөйлесе - әйелі үшін надан ер. Әйелінің сөзін сөйлесе - анасы үшін оңбаған бала. Ал егер әділ шешім қабылдаса, ешкім сөзін сөйлемей, екі жаққа да жексұрын болады. Себебі әйел адамның нәпсісіне шынайы әділдік ауыр келеді, әрқайсысы көңіліне жағымды, өз сөзінің сөйлегенін қалайды.
Жігіттің жаманы – ақкөңіл мен қызба мінез. Ақкөңіл – елге жем, қызба мінез – өзіне сор.
Ислам дінінде отбасыда бір проблема туындаса немесе ажырасуға бел буатын болса, екі жақтан адам салынады. Мысалы, әйел жағынан екі адам, ер жағынан екі әділ адам қатысады. Сол кезде ақиқат ашылып, отбасылық мәселе әділ шешіледі. Ал қазіргі қоғамда кейбір адамдар мәселені желіге шығарып, бір жақтан жамандайды. Бұл жағдайда тек өз нұсқасын ғана айтады. Психологияда “кім бірінші жамандайды соның айыбы бар” деген пікір бар. Өйткені кейбір адамдар өз кінәсін жасыру үшін бірінші болып шабуыл жасайды.
Қазіргі жүріп жатқан саясат, ер мен әйелдер арасында; Проекция - адамның өзіндегі ойды, сезімді немесе қасиетті басқа адамға таңуы, яғни өзінікін өзгеден көруі. Мысал: Бір адам өзі қызғаншақ болса, бірақ оны мойындағысы келмесе, серіктесін негізсіз “сен қызғаншақсың” деп айыптауы мүмкін. Жалпылау “генерализация” (generalization) - бір адамға қарап, бәрін сондай деп ойлау. Мысал: Бір қыз алдады → “Барлық қыздар алдайды.” Бір еркек өтірік айтты → “Барлық еркектер өтірікші.”
Қазіргі кезде көптеген енелер өздері көрген өмірді келіндерден көргісі келетіндей.Бұрынғы әйелдер көбіне үй шаруасымен ғана айналысып, сол өмірге бейімделіп қалған. Ал қазіргі келіндер, үй шаруасынан бөлек әсіресе миллениалдар мен зумерлер, білім алуға, саяхаттауға, спортпен айналысуға (фитнеске) ұмтылғысы келеді. Осы айырмашылықтардың салдарынан ұрпақтар арасында түсінбеушіліктер туындайды. Яғни, Х ұрпағына жататын енелерге келін болған миллениалдар (Gen Y), сондай-ақ зумерлер (Gen Z) арасында көзқарас айырмашылығы жиі байқалады.
Бала ТВ-дан үйренеді дегенді көріп қалып, бір оқиға есіме түсіп кетті. Бір жас жігіт болған. Сөйлей алмайды, ыммен сөйлейді. Бір кездері бара-бара жігіт агрессивті болып кеткен, анасын, басқа туыстарын жақтырмай, анасын дайындаған тамақты ішпей, до того қуып кеткен. Сөйтсе, жігіт азаннан кешке дейін интернетте отыра беріп, арабтардың ыммен бар уағыздарын көріп, сіңдіріп тәкфірші болып кеткен екен. Жақындары анасы да түсінбей қалған: қалай ол жаққа кіріп, діннен ауытқып кеткенін. Обал-ай!
Бүгін - жұма. Әйеліне (әйелдеріне), отбасына, бала-шағасына сыйлық, тәттілер, үйге азық-түлік алып беру, қыдырту - мұстахаб (көркем амал). Жұма мүбарак болсын!
Мысал: Ішіп алдым, әйелімді ұрдым. Мейлі, біреумен төбелесіп қалдым немесе жол-көлік оқиғасы болды. Қамалып, ұсталдым. Мұндай жағдайда “жігіт басына не келмейді, жігіт болған соң осындай болады” деу орынсыз. Бұл – адамның өзі өзіне істеп алған проблема. Ал жігіт бір кәсіп бастаймын деп әрекет жасады, бірақ жолы болмады. Немесе әйелі, ата-анасы, баласы ауырып, қайтыс болды және тағы сол сияқты жағдайлар орын алды, ауыр дертке шалдығып қалды. Осындай сынақтар жақсы жолда әрекет жасап жүрген адамның басына келсе, онда орынды “жігіт басына не келмейді,” деуге болады.
Идея – ең қуатты қару, ал әрекет – оны жеңіске жеткізетін күш.
Идея – ең қуатты қару, ал әрекет – оны жеңіске жеткізетін күш.
Бір қызық айтайын… Бір жігіт тоқал алды ғой. Желіден көріп жатқан шығарсыздар. Қоғамдағы әйелдер жазғырып, жерден алып, жерге салып жатыр. Бір келіншек бар еді. Танысым ғой. Маған жыны ұстайтын, себебі мен көп әйел алу жайлы айтатынмын. Білесіздер иә?)) Ол бұған қатты қарсы болатын, тіпті мені көрсе ашуланатын. Ал қазір өзі біраз уақыттан бері біреудің жария етіп алынған тоқалы😀 Еее, “қалай екен?” десем, “жақсы, әркім өз жолымен” деп қояды. Жалпы, адам не нәрсеге ұмтылса, не нәрсеге қарсы болса, не нәрсені жазғырса - өзі сонымен міндетті түрде сыналады. 😀🙂