صرم افندي ✍️
Статистика📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 3
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 677
- 1/48двое суток
- 775
- 1/72трое суток
- 836
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Балаға қазақша есім қойыңдар деп шулап жүргендер - иа, сөздері ішінара дұрыс. Бірақ олар ешқашан баласына “Мұқанбет, Абдолла, Қадиша, Бәтима деп қоймайды, қойғысы да жоқ. Одан арғысы, олардың дені қоғамда қазақы құндылықты ұстанушы уә насихаттаушы емес. Бата білетіні ілеу де біреу, Дәстүрден бес сауал қойсаң, үшке біледі. Сүйте тұра осындай сәтте ультраұлтшылдығы ұстап кетеді. “Өзің диуанасың, кімге пір боласың?” дейді мұндай да атам қазақ…
“Абайды Абай қылған Құнанбай” деген пікірге бес тиынымды қыстырғым кеп отыр☺️ Хәкім Абай 41 қара сөзінде былай дейді: “Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек. Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек… Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек.” Қажы Құнанбайда екеуі де болған еді. Ыбырайды Ыбырай қылған Балқожа би-тұғын. Шоқанның арғы атасы алты алашты билеген Абылай хан. Мағжанның әулеті ауқатты кісілер болған. Әлихан да қара тұяқ емес еді.… Әлбетте қарадан шыққан да тұлғалар жетерлік. Бірақ байлық пен шенді дұрыс жұмсай білсе, Абай болмаса да Абай тектсес тұлғалар өсер еді… Әй, бірақ қазір ол форумала жұмыс жасай ма екен?🤔 Оданша, Құнанбай болмаса да Бекболат ағамдыкі сияқты артыңды тірейтін бір дөкейің болса ғой, смело сөйлейтін…🤭
Жәннатқа кірсем, иншалла Человек Паук сияқты фык-фык етіп ұшсам ба деп отырмын. Бір хор қызын құшағыма қысып алып…😅🤪 #әпендішілік
Шәкәрімді оқып отырмын. Еңбегінде әйел жынысын “ұрғашы” десе, жүкті әйелді “буаз қатын” деп жазыпты. Сірә, сол кездегі жазба әдебиеті мен тілдік қолданыста солай болса керек. Мұны қазіргінің қатындары естісе шалқасынан түсетін шығар деп қоямын шәйланып отырып😅
Hanafi.kz сайтын жүргізіп жүрген кезімде танымал бір шейхтың “Мен қалай ханафит болдым?” деген ұзын көлемді мақаласын қазақ тіліне аудардық. Мақаланың постерін атыраулық бір танымал дизайнерге жасаттым. Қызығы сол дизайнер ярий ахи болып кетті кейін…😬😬😬 Бүгін тредсте әлдебіреуді боқтап отырғанын көріп қалып, осы оқиға есіме түскені…🥲
Ескі жұмыстас келіншек бар. Жолдасымен ұзақ жылғы некеден соң белгілі бір себептерге байланысты ортада бала барына қарамастан ажырасып кетті. Сол келіншік кейін жалғыз өзі жүріп жақсы ЖК-дан пәтер алды. Жақында марафонда жүздесіп қалдық, жүгірумен тұрақты айналысып жүр екен. Диета ұстап, бір пұттай арықтапты, қаладағы мен деген фитнес залға барады екен. Оған қоса, тәніне тату салдыруды да ұмытпапты. Общым, апым бақытты да табысты өмірге бет бұрған екен. Қоштасып бара жатып “көп табысты әйелдің артында ажырасқан еркек тұрады” деген тәмсілімді іштей еріксіз қайталадым… #әпендішілік
“Орамалды қызбен танысу - акиматқа жұмысқа кіру сияқты. Тек таныс арқылы” - депті бір әпенді Тіредсте…😅 #әпендішілік
Үш әйелімен желіні шулатқан ахижан ӘҚБТК 456-2 бабының 3.1 тармағы бойынша хаттама толтырылыпты. Бұл тармақта 20 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген.
- Неге Астанада бой көтерген НӘН мешітке НӘН-нің есімі болмаса ата-бабасының аты қойылмады? - Неге Нұр-Астана мешіті атауын өзгертіп тастады? - Неге РБМ-ке бас имам емес жай имам сайланды? Сонда бас имам кім??? - Қанат имам неге небәрі үш айға сайланды?…
Абыздығым бекер емес қой…🤗
Тағы бір блогер орамалын шешіпті…😢 Елде бір түсініксіз құбылыс жүріп жатыр. Бағамдай алар емеспін…
Құрбан айт келсе қойдың бағасын көтереміз. Гай келсе, аптечка мен огнетушитель құнын айқайлатамыз. Ковид келсе маска мен парацетомолды қымбаттатамыз. “Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының… себебі - …. төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан…” деп Абай қалай дөп айтқан дерсің…
Ахиватор - әрдайым уағыз айтып, жамағатқа діни мотивация беріп жүретін намазхан #жаңасөз
360 градусқа өзгергім кеп жүр… #әпендішілік
Әпендішілік…
Молдат - әскерге барған имам #жаңасөз
ахитация - сәләфилік үгіт-насихат #жаңасөз
Имануэлла - иманды әрі пошлая ухтишка #жаңасөз
Мұсылманмын дегенің — Тек намазбен өлшенбес, Адал жүрек, таза ойың — Нағыз Иман білсең кеш! ✍️Мәшһүр Жүсіп
Атақты адаммен суретке түсудің үш пайдасы бар екен: 1) Туған күнін әлжеліде құттықтау үшін; 2) Жаңа қызметке өскенде, марапат алғанда құттықтау үшін 3) Өлгенде қайғырып статус/сторис салу үшін; #әпендішілік