Қостанай академиясы🇰🇿 Костанайская академия🇰🇿
СтатистикаОфициальный телеграм-канал Костанайской академии МВД имени Шракбека Кабылбаева
- Последний пост
- 26 окт.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 23
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Республика күні мерекесі аясында Рудный қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанаты өтті. Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі қатысты. Сонымен қатар, Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрмет қарауылы сапындағы курсанттары да белсенді атсалысып, өздерінің жоғары тәртіп пен Отанға деген сүйіспеншілігін көрсете білді. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін мақтаныш пен рух биіктігінің символы. Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға академияның басшылығы, ардагерлер және жеке құрам қатысты. Қостанай академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов қатысушыларды ұлттық мереке — Республика күнімен құттықтап, бұл күннің еліміздің тарихындағы маңыздылығын атап өтті. Ол барша қызметкерлерге табыс пен игілік тіледі. Мерекелік іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал орындап, қоғамдық өмірге белсене атсалысқаны үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен бірқатар қызметкерлер мерзімінен бұрын арнаулы шеңдермен марапатталды. Сонымен қатар Академия қызметкерлеріне Министр атынан және Қостанай академиясы бастығының грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Салтанатты жиын мерекелік концертпен қорытындыланды. Концерт барысында Отанға арналған патриоттық әндер мен музыкалық композициялар орындалды.
«Жастар сарайында» Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы қатысып, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген белсенді азаматтарға арнайы марапаттар табыстады. Академия курсанттары құрмет қарауыл сапында ерекше тәртіп пен абырой танытып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік кеш облыс әкімі атынан ұсынылған ықылас гүл шоқтарымен қорытындыланды. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! В «Жастар сарайы» состоялось торжественное мероприятие, посвящённое Дню Республики, которое прошло в особой праздничной атмосфере. В мероприятии принял участие аким Костанайской области Кумар Иргибаевич, который вручил специальные награды активным гражданам, внесшим вклад в развитие региона и процветание страны. Курсанты Академии достойно представили наше учебное заведение: в составе почётного караула они проявили образцовую выправку, дисциплину и высокий патриотический дух, заслужив искренние аплодисменты зрителей. Поздравляем всех с Днём Республики!
Қостанай академиясының офицерлері мен курсанттары полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған фильмді тамашалады. Фильм 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында болған оқиғалар негізінде түсірілген. Капитан Газиз Байтасов өз өмірін құрбан етіп, террористі тоқтатып, бейбіт тұрғындарды аман алып қалды. Оның ерлігі – нағыз қайсарлықтың, отанға адалдықтың және антына берік болудың үлгісі. Газиз Байтасовтың есімі жүрегімізде мәңгі сақталады. Офицеры и курсанты Костанайской академии посмотрели фильм, посвящённый подвигу капитана полиции Газиза Байтасова. Фильм основан на реальных событиях, произошедших 12 ноября 2011 года в городе Таразе. Капитан Газиз Байтасов, ценой собственной жизни, остановил террориста и спас мирных жителей. Его подвиг — это настоящий пример мужества, верности присяге и преданности Родине. Имя Газиза Байтасова навсегда останется в наших сердцах.
Бұл тәжірибе бізге маңызды бір нәрсені еске салады: бір-бірімізге немқұрайлы қарамауымыз керек. Кейде көмек сұрау көзге көрінбес белгілермен жеткізіледі. Бейжайлық — үнсіздікпен келген қауіп. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жанымыздағыларға жанашыр болайық. Проведенный эксперимент напоминает нам об одном важном: мы не должны равнодушно относиться друг к другу. Иногда просьба о помощи выражается незаметными знаками. Равнодушие — это опасность, приходящая в тишине. Очень важно поддерживать друг друга и проявлять заботу к тем, кто рядом. #заңментәртіп
#заңментәртіп
Ішкі істер министрлігінде «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы Мәжілістің көшпелі Үкімет сағаты өтті. Жиын аясында ішкі істер органдары қолданатын арнайы техника, арнайы жасақтағы қару-жарақ пен киім үлгілері қойылған тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Жедел басқару орталығында депутаттарға қоғамдық қауіпсіздіктің цифрлық жобалары көрсетілді. Толығырақ бейнероликте. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. #мәжіліс
Қостанай академиясында екі апта бойы ішкі істер органдарының қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеу бойынша оқудан өтті. Бағдарламаға теориялық дайындықпен қатар заманауи дрондарды қолдана отырып өткізілген практикалық сабақтар да кірді. Курстың негізгі мақсаты – қызметтік міндеттерді орындау тиімділігін арттыру, әуе мониторингін жүргізу дағдыларын жетілдіру, оқиғаларға жедел әрекет ету және қоғамдық қауіпсіздікті заманауи технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз ету. Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын сәтті көрсетіп, курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
ІІМ Қостанай академиясында әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының «Шериф» ғылыми үйірмесінің жұмысы шеңберінде 2 курс курсанттары арасында «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» пәні бойынша зияткерлік ойын өткізілді. Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша төмендегідей бөлінді: 1 орын - «Әділет» командасы, 207 взвод; 2 орын - «Әділет қырандары» командасы, 206 взвод; 3 орын - «Әділет күш» командасы, 203 взвод. Қатысушылар грамоталармен, сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы дайындаған әкімшілік қызмет бағыты бойынша оқу-практикалық әдебиеттермен марапатталды. #айтылдыорындалды
Қостанай облысында “Taza Qazaqstan” республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өтті. Бұл игі іске Қостанай академиясының офицерлері мен курсанттары белсене қатысып, академияға жақын аумақта сенбілік ұйымдастырды. Қатысушылар айналаны қоқыстан тазартып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті. Осындай шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосады. В Костанайской области прошли масштабные работы в рамках республиканской экологической акции “Taza Qazaqstan”. К мероприятию активно присоединились офицеры и курсанты Костанайской академии, организовав субботник на прилегающей к академии территории. Участники очистили окружающую среду от мусора и на деле показали важность бережного отношения к природе. Подобные мероприятия способствуют повышению экологической ответственности и формированию культуры заботы об окружающем мире. #тазақазақстан
“Заң және тәртіп” іс-шаралар жоспарын орындау аясында ІІМ Қостанай академиясының әскери және тактика-арнайы даярлық кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі В.В.Заварыко Қостанай қаласының № 11 жалпы білім беретін мектебінің білім алушыларымен кездесу өткізді. Ол оқушыларға заңдарды сақтаудың маңыздылығы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және полицияның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтты. Мұндай іс-шаралар оқушылардың заңға құрметпен қарауға және тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. Әрі қарай Академияға түсу тәртібі мен шарттары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Қостанай академиясында ашық есік күні өтті. Бүгін Академияға Қостанай қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің түрлі мектептерінен үш жүзден астам оқушы келді. Мектеп оқушылары мен олардың мұғалімдері Академия өмірімен танысып, курсанттардың оқу процесінің ерекшеліктерін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Олар дәрісханалар мен кітапхананы, казарманы, асхананы, атыс тирін, спорт залды, динамикалық орталықты және мұражайды аралады. Әсіресе, болашақ полиция қызметкерлері жедел және әкімшілік дағдыларды меңгеретін оқу-жаттығу полигондары оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Танымдық экскурсия соңында Академия өкілдері қонақтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, оқу орнына түсу ережелері мен талаптары туралы толық ақпарат ұсынды.
Жас ұрпақтың заңды білуі, оны құрметтеу және сақтау – қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі. «Жас сақшы» – осы асыл мұраттың жүзеге асуына үлес қосатын, тәртіп пен әділдікті өмірлік ұстаным еткен өрендер ұйымы. Бүгінгі жас сақшы – ертеңгі ел қорғаны, заң мен тәртіптің адал сақшысы! Знание закона, уважение к нему и его соблюдение — залог спокойствия и стабильности в обществе. «Жас сақшы» — это ученики, вносящие вклад в осуществление этой благородной цели, сделавших порядок и справедливость своим жизненным принципом. Сегодняшний Жас сақшы — завтрашний защитник страны, верный хранитель закона и порядка! #заңментәртіп #законипорядок
Академиямыздың ардагерлеріне қамқорлық – біздің ең басты міндетіміздің бірі. 2-курс курсанттары офицерлермен бірге ардагеріміз, құрметті Гүлсұм Мұратқызына көмек көрсетті. Қолайсыз ауа райынан кейін аулаға жиналған қоқыстарды, сынған ағаштан тазалап, ауласына жайлылық орнатуға атсалысты. Бұл – тек еңбек емес, ұрпақтар сабақтастығының, үлкенге деген құрметтің көрінісі. Академия ардагерлері әрқашан біздің жүрегімізде, біз оларға әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Забота о ветеранах нашей академии – одна из наших главных обязанностей. Курсанты 2 курса совместно с офицерами оказали помощь нашему уважаемому ветерану Гульсум Муратовне. После непогоды они помогли очистить двор от скопившегося мусора и поваленных деревьев, создавая уют и порядок. Это не просто труд, а проявление преемственности поколений и глубокого уважения к старшим. Ветераны академии всегда в нашем сердце, и мы готовы оказывать им поддержку в любое время.
ІІМ Қостанай академиясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында Экономикалық тергеу департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қайрат Жаппаев пен Ұймдастыру-бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Әсемгүл Балжакаева курсанттарға қаржы сауаттылығы бойынша республикалық диктантты өткізу тәртібі мен талаптарын түсіндірді. Мұндай іс-шаралар курсанттар мен қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттырып, жеке қаржыны басқару мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Кездесу соңында курсанттар ұсынылған ақпаратқа қызығушылық танытып, алдағы қаржы сауаттылығы диктантына белсене қатысуға ниет білдірді.
ІІМ Қостанай академиясы кітапханасының оқу залында Ұстаздар күні қарсаңында курсанттар үшін «Ұстаздан – ұлағат: Ұстаз-Ұлттық Тәуелсіздік» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кездесуге білім беру саласының өкілдері: ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Қазына» сыйлығының лауреаты Б.Б.Сүйінкина және Қостанай облысының "Шабыт" сыйлығының лауреаты А.Қ. Мұқатов шақырылды. Кездесудің мақсаты білім алушылар арасында ел болашағын қалыптастырудағы педагогтардың маңыздылығы, жас ұрпақты тәрбиелеу мен тәрбие берудегі педагогтардың негізгі рөлін атап өту болып табылады. Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті.
Ұстаздар күні қарсаңында ІІМ Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сейлхан Жолдасқалиев “Қостанай қаласының физика-математикалық лицей” КММ-де болды. С.Жолдасқалиев педагогтарды құттықтап, олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты. Академия курсанттары концерттік бағдарламаға қатысты. В преддверии Дня учителя заместитель начальника Костанайской академии МВД подполковник полиции Сейлхан Жолдаскалиев посетил КГУ «Физико-математический лицей г.Костанай». С. Жолдаскалиев выступил с поздравлением и благодарностями в адрес педагогов, отметив их огромный вклад в воспитание подрастающего поколения. Курсанты Академии приняли участие в концертной программе.
Мұғалімдер күні қарсаңында Жастар сарайында ең қадірлі мамандық иелеріне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға академия басшылығы қатысты. Концерттік бағдарламада әсерлі шығармашылық нөмірлер, музыкалық және би қойылымдары орындалды. Көп жылдық еңбегін ұстаздыққа арнаған ардагер мұғалімдерге ерекше құрмет көрсетіліп, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қолынан лайықты марапаттарға ие болды. Бұл әрқайсысы үшін аса толқулы әрі мәртебелі сәт болды. Көптеген ұстаздар үшін мұндай құрмет олардың еңбегіне деген сыйластықтың белгісі ғана емес, сонымен қатар күнделікті еңбектерінің орасан зор құндылығының айқын дәлелі.
ІІМ Қостанай академиясында Халықаралық қарттар күні Ш. Қабылбаевтың мүсініне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Салтанатты шараға Академия басшылығы, ардагерлер мен курсанттар қатысты. Іс-шаралардан кейін акт залында Академия ардагерлерінің бірінші курс курсанттарымен кездесуі өтті. Академия ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Б.Х.Құрманғалиева құттықтау сөз сөйледі. Ардагерлер курсанттарға өздерінің өмірлік және кәсіби жолдарының кезеңдері туралы айтып, ішкі істер органдарында қызмет атқару кезіндегі бай тәжірибесімен бөлісті және курсанттарға жылы лебіздерін білдірді. Академия ардагерлеріне курсанттарымыз қызықты кездесу үшін шын жүректен алғыстарын айтты.
ІІМ Қостанай академиясының жас ғалымдар кеңесі курсанттарға ғылыми мақалалар мен жұмыстарды жазу ережелері мен ерекшеліктері туралы семинар өткізді. Қатысушылар тақырып таңдау, мәтінді құрылымдау, дереккөздерді пішімдеу бойынша практикалық кеңестер алып, академиялық адалдық пен плагиатқа тыйым салудың маңыздылығы ескертілді.Курсанттар жиі кездесетін қателіктерді талқылап, сұрақтар қойды. Осындай кездесулер ғылыми жазу мәдениетін қалыптастыруға және зерттеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Совет молодых учёных Костанайской академии МВД провёл для курсантов семинар по правилам и особенностям написания научных статей и работ. Участникам дали практические рекомендации по выбору темы, структуре текста, оформлению источников, а также напомнили о важности академической добросовестности и недопустимости плагиата. Курсанты обсудили типичные ошибки и задали интересующие вопросы. Подобные встречи помогают формировать культуру научного письма и развивать исследовательские навыки.