tgindex
шай және искусство (18+)

шай және искусство (18+)

Статистика
@irohkokeЭротикаказахский

🫖шай ішейік, ботақан? жарнама: @kobelek444 📌 каналдың маршруты: #электронды_нұсқа #обзор #мақала #әуен

Последний пост
5 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Эротика
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
5 355
−19 за 2 дн.
Сутки
−7
−0,13%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
3 428
20 постов
Вовлечённость
64,0%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1 109
1/48двое суток
1 270
1/72трое суток
1 370

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 5 авг.1 251288

    видео или голосовое, без подписи

  • 16 июн.4 9843017

    Жанымды тыншытпайды сезім деген, Қалай жүр, япырау, төзіп денем?! Қаншама күндер өтті дамылдамай, Қаншама түндер өтті көз ілмеген, Білмеймін, не іздейді сезім менен?! Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы, Белгісіз, қайда апарып соқтырары. He, сезім, мені бір күн от қылады, He, сезім, мені бір күн жоқ қылады!.. Қаншама көлденеңнен өтті қарғып, Әлемге әмір беріп, етті жарлық. Ғаламдық заңдылықты мойындамай, Жүргені, барды жоқ қып. Жоқты бар ғып. ...Адамның сезімінен сезіктенбе, Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де. Ақыл менен парасат бұғынады, Шынайы шын сезімге кезіккенде... шай және искусство 18+

  • 2 июн.5 273202

    Мұхтар ағаның шайынан алып отырыңыздар☕️ 🕊 Күре тамырды іздеу

  • 2 июн.4 901154

    Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар, Кезің келді қоғам жүгін арқалар. Анау емен неге қисық? Анау қайың неге айрылды көріктен? Анау жүйрік ақсап қалды неліктен? Бұған неге үнсіз жатыр Анау көңілі әділдікке іңкәр жан? Анау қарға неге озады сұңқардан? Міндеті ауыр намыс пенен ардың да. Бұл сұраққа сен бересің жауапты Дүниеге ертең келер нәрестенің алдында. шай және искусство 18+

  • 2 июн.4 29493

    Ер жігіттің маңдай тері, Арулардың көз жасы мен күлкісі, Абырой мен атақ-даңқтың түр-түсі, Әлемдегі асу бермес ең ұлы іс, Күнделікті жеңіс пенен жеңіліс Елге деген махаббаттың безбенімен өлшенер, Безбен сынса, безбүйректік белсенер. Алдыменен өз жаныңның қайшылығын жеңіп ал, Биік ұшқың келсе егер. шай және искусство 18+

  • 2 июн.3 719135

    Әр биіктің өз сыры бар, сүйіктім, Өз жыры бар жан табылса тыңдарға. Кім біледі, мына тұрған биік қыр, Төмпешікке айналар бір жылдарда. Ай көңілсіз көрінеді тұманда, Сәуле түссе, жез алтын боп жарқырар. Мен куәлік ете алмаймын бұған да, Бағы тайса, асау өзен тартылар. Бағы тайса — нұрлы сезім мұнарлы, Шаттық әр кез бола бермес қалтада. Кесу үшін алпыс жылдық шынарды Алты-ақ мөнет керек екен балтаға. Тұяғымен дастан шертіп, күй құрап, Өмірінде баспастан жай бүлкілге, Мың күн жүлде бермей келген жүйрік Бағы тайса, ақсап қалар бір күнде. шай және искусство 18+

  • 2 июн.3 2022011

    Жаңбырына жалынсаң да көктемнің, Жуа алмайсың, жуылмайды өткен күн. Шайқап сансыз жүрегіңнің тұнығын Шаттығыңды ала қашып ұры күн, Өткен шақтың бір қатесін түзеуге Аздық етер кейде бүкіл ғұмырың. шай және искусство 18+

  • 28 мая3 6712911

    Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! Жылы, тәтті у тарады қаныма. Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы, бүкіл дүние малына. Құшақтатып нәзік талдай беліңнен, Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен. Бой шымырлап, талықсиды жүрегім, Балқып денем, барам еріп деміңнен. Кір қойныма, қыпша белің бұралып, Тарқат шашың, жатсын жібек оралып. Жаным! Жаным! Тезірек тисін төске төс, Көз жұмулы, жиі ыстық дем алып. #махаббатхочу шай және искусство 18+

  • 25 мая3 141196

    Махаббат бар жерде көз жасы қоса жүреді. Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді. Құштарлық - махаббат хабаршысы. Құштарлықты көз айтып, тілекті тіл түсіндіреді. Жүрегін махаббат мекендесе, ең сабырлы деген адамның өзі ересен мырза боп кетеді. Әдемі әйелдің әлегі көп. Сұлу әйел сорға бітеді. Көрікті әйелдің күйеуінің көңілінен күдік арылмайды. Сұлуға сұқтанушы көп. Сорлының әйелі сұлу болады шай және искусство 18+

  • 19 мая3 619226

    Махаббат пен сұлулыққа сенгелі Махаббат пен сұлулыққа сенгелі алғаш тапқан сұлуымсың сен менің. Сенде бірақ тіршілік жоқ, ең абзал қуыршақсың қиып тіккен қағаздан. Қағазым мен қаламыма сенгелі ойлап тапқан сұлуымсың сен менің. Сұлуымсың ойлап тапқан оңаша, сондықтан да толқытасың мені аса. Жұмекен Нәжімеденов шай және искусство 18+

  • 12 мая3 972235

    Махаббаттың көп елге үлгі етері, Мұны ұқпайды кеткендер теңге теріп. Қара жерге тимейді кейде аяғың, Қолтығыңның астынан жел көтеріп. Бұл махаббат қызыңа, Еріңе сын. Бір берілсең өлердей берілесің. Өзің жерде болғанмен, Ойың көкте, Ұшып жүрген сияқты көрінесің. Бұл махаббат өзгеге, өзіңе сын. Бірақ кімге, мәселе, кезігесің?! Періштеге жолықсаң, Сен өзіңді Ақ қанатты періште сезінесің! Жолықпасаң, Ортайып тағат-құты, Қамығасың күн күтіп, Сағат күтіп, Махаббаттың айында, Адам түгіл, Құрт-құмырсқа ұшады қанат бітіп. шай және искусство 18+

  • 12 мая3 4223517

    Пай, пай, Өмір! Өтесің-ау бір күні. Тиясың-ау қуанышты күлкіні. Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай, Өмір деген – көк аспанның күркірі. Пай, пай, Өмір, Өтесің-ау бір күні! Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, Кетеміз-ау, әй, кетеміз… пендеміз. Ұрпақтарға береміз де кезекті, Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз. Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы. Қаның кеуіп қаталаған кезіңде Сусыныңды қандырсаң бір болғаны. Мына күн де, мына аспан да, дала анау, Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау! Өмір дейтін - тағатсыз бір қозғалыс, Өмір дейтін - өлемін деп қарамау. шай және искусство 18+

  • 8 мая3 421126

    Кезің келді қоғам жүгін арқалар. Анау емен неге қисық? Анау қайың неге айрылды көріктен? Анау жүйрік ақсап қалды неліктен? Бұған неге үнсіз жатыр Анау көңілі әділдікке іңкәр жан? Анау қарға неге озады сұңқардан? Міндеті ауыр намыс пенен ардың да. Бұл сұраққа сен бересің жауапты Дүниеге ертең келер нәрестенің алдында. Тек жүзіңді төмен салма, Тек көзіңді жасауратпа, Сенің көзің заман үшін бағалы. Сенің әнің асқақ шықса, Менің даңқым жоғары! шай және искусство 18+

  • 8 мая3 2852923

    Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға. шай және искусство 18+

  • 7 мая3 251111

    Тұлғасына табындырған, Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған, Менің ұлы әкем сенсің, Отаным! Әкем сенсің - Арман тұлға, Ай тұлға, Перзенттерің саған деген сағынышын өзінің, Махаббатын, ең асаси сезімін Тиісті емес жасық сөзбен, жалған сөзбен айтуға. Ал, жасықтық — жалынсыздық, Жалынсыздық — дәрменсіз дарынсыздық, Жүрген сол ар ақын атын қор қылып. Және солар қанаттыға тор құрар. Жалынсыздық - о бастан-ақ сорлылық, Жалынсыздың барлығы да сорлылар. Жамылғанмен махаббатты қалқан ғып, Жалынсыздың түп атасы жалғандық. Сол жалғандық жаншымағай сананы, Өнердің де ең негізгі талабы – Жалындыны мадақтау, Жалынсызбен күресу боп қалады! шай және искусство 18+

  • 7 мая2 6732711

    Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны, Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны. Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып, Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық! Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары, Маңдайда емес, жүректе - Ғашықтардың жанары. Қадыр Мырза Әлі шай және искусство 18+

  • 6 мая2 7392811

    О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Мен сені ұмытқамын. Жылытқаның есте жоқ суытқаның. Суып қаным, Жинағам құрып халім, Жығылған отауымның уықтарын. Содан бері мен сені ұмытқанмын. О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің?! Тірі ме едің... Мен де енді тірілемін! Ақ періште, алдыңа жүгінемін, ...Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені шай және искусство 18+

  • 4 мая2 492292

    Өлең құрау – ақындықтың көп қырының бір түрі. Тек сол үшін оны ардақтау, жөнсіздеу һәм күлкілі. Дәуірі мен билігіне саналғанмен алымды, Ұлтын сатқан ақындар бар, бірақ жыры дарынды… Ерлігі жоқ, елдігі жоқ, аузы ғана белсенер, Сөзден ісі алшақ жатса, оған қалай ел сенер? Неге бүгін ұлт мүддесі науқас жандай теңселер?.. Мұндай шақта ақындық күш тек шындықпен өлшенер. шай және искусство 18+

  • 3 мая2 714208

    Біp үмітке біp үміт жалғадым, Көп-ақ екен бергенімнен алғаным. Заңғар көкке самғағаным не керек, Саған ұшып бармаған соң арманым. Әнмен айтып балаңдығын, пәктігін, Көктем де өтті зорға басып аптығын. Күнде баққа қыдырғаным не керек, Сен қасымда болмаған соң, шаттығым. Батты қанша күн қызарып, атты қанша таң күліп, Кеудемнен сан жұлдыз ағып, тау құлады жаңғырып. Сонда да мен сенімімнің бepіктігін ән қылып Тым айнығыш сезімдерді ар отына жандырып. Жүріп келем асыл әнім, жүріп келем паң күліп, шай және искусство 18+

  • 2 мая2 532339

    Махаббат пен сұлулыққа сенгелі алғаш тапқан сұлуымсың сен менің. Сенде бірақ тіршілік жоқ, ең абзал қуыршақсың қиып тіккен қағаздан. Қағазым мен қаламыма сенгелі ойлап тапқан сұлуымсың сен менің. Сұлуымсың ойлап тапқан оңаша, сондықтан да толқытасың мені аса. Көкірегіңді от боп қарып жыр тілі шыланбайды сенің қайқы кірпігің. Сөз айтқанда сырлы тілдер нендей бір, бетіңе қан ойнап шыға келмейді. Сүйдім сені, көп жүдедім, көп аздым, – ерінінде от бола ма қағаздың! Қағазға арнап қағаз сөзді жазғалы өзім қағаз болып кете жаздадым. Жұмекен Нәжімеденов шай және искусство 18+

шай және искусство (18+) — tgindex