Invintel
СтатистикаОстровок здравого смысла Аноним: http://t.me/anonaskbot?start=sls3qail8xiqo 6 сағатта жауап келмесе қайта жаз
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 2
- Всего постов
- 24
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 187
- 1/48двое суток
- 214
- 1/72трое суток
- 231
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қорадағы сарайды бұзып жинау кезінде құлаққаппен бірдеңе тыңдау керек болды. Ол үшін YouTube-тегі кейін қараймын деп жинағандарды азайту керек. Көбіне хайп біткен кеткен кезде талдаған өзіме ұнайды. Алдында шу боп еді ғой, подкастқа келіп, ондағы сөздерінен Данияр біраз қателіктерін тізіп, талдау жасап еді. Мына видео одан бір жарым жыл бұрын шыққан екен. «Әлі күнге шейін түсінген емеспін» деп тілінен тауыпты ғой, өз сөзінен авария бопты-ау деп ойладым. Сол секілді осы подкаста психологияны ұнатпайтынын, жаратпайтынын айтса, 1 жарым жылдан кейінгі подкаста «Шариғаттың өзі психология» деп толық жоққа шығармайтынын, толық қабылдамайтынын айтыпты. Келесі жылы тағы да ұстанымы өзгерер ме екен... P.S. шұбалшаңнан авария болсам шіли ауыр емес ау)
Негізі норм пост дайындап жазып жатқам. Кейін телеграмда глюк болды. Бірнеше сағатқа істемей қалды. Бұйыртса, ертең шығарармын. Ал қазірге мынау. «Мені червяк (шұбалшаң) боп кетсем де жақсы көресің ба?» Негізі есі дұрыс адам шұбалшаңды жақсы көрмейді ғой. Не істейді оны? Махл, «Иә, шұбалшаң боп кетсең де сүйем» дейтін жауапты рамантишні, мило көретіндер бар ғой. О-о, тоба. Апама жездем сай.
Нәп-нәрмәлні сөйлесіп отырғанымда «Қашан үйленесің?» деп сұрақ қойғанда:
Қазір дұрыс емес дегенді 5 жылдан соң дұрыс деуі мүмкін. Айтпақшы, ЛРТ 5 айда бітпеді, ол ақпаратты ойдан жаза салдым. Миларың бірнеше айдан соң, мұны "иә, 5 айда біткен" деп жазуы мүмкін немесе "5 айда біткен десе ми алданады деген пост бар еді ғой Invintel-де" деп жазуы мүмкін. Екіншісі қып жазып алыңдар) الله أعلم Кеше бір кісі "бұрын тәптіштеп жеткізген посттарыңыз көбірек болған сияқты" деп есіме салды. Тағы жазып көрейін дедім.
ЖАД Байқоңыр, дөнер, шашлык, Алматы, ЛРТ. Былайша қарағанда жәй сөздер. Бірақ әркім өз алдына ассоциациялық жадпен байланыстырады. Байқоңыр сөзін естігенде ғарыш айлағын, дөнер дегенде өзі сүйіп жейтін кафедегі дөнер, шашлык дегенде біреуге тауықтың, біреуге еттің шашлыгы, Алматы дегенде таулар, өзі оқыған университет, студенттік шақ, ЛРТ дегенде мініп көрмегендер мен құрылысы тоқтап тұрған бетонды елестетеді. Ми оны қайдан алып жатыр? Қысқаша, солай сақтап алған. Бірақ «бірақ» дейтін тұсы бар. Қаншама жыл бітпеген ЛРТ-ны қытайлар 5 айда бітірді деп айтсам ше? Осыны оқыған адамдар ЛРТ-ны еске түсіргенде осы ақпаратты да ассоциацивті түрді жалғап алады. Бұл не? Нені білдіреді? Өткенді әр еске алған сайын ми жаңа ақпаратты жазып алады. Ол түпнұсқа естелікке басында ұқсауы мүмкін. Алайда уақыт өте келе, жиі еске алумен ескі ақпараттың жаңара беріп, түпнұсқадан түбегейлі өзгеше болуы ықтимал. Мысалы, біреу бала кезде белсебеттен құлап, қолына шрам түскен. Оны еске алғанда қай тараптан еске алуы да рөл ойнайды. 2-3 күнде жазылып кеткен болса да, еске ала берумен 2 апта мектепке бармай үйде жатқаны есіне түседі (шын мәнінде ми солай суреттеп береді). 1 рет зелёнка жаққан болса, кеткенше жаққан боп шығады, мектепке де сол жасыл-жасыл боп барғаны шығады. Бастапқы кезде аяғы тайған деп ойлап жүрсе, кейін белсебеті бұзылғаны еске түседі. Солай шынайы ақпарат бұрмалана береді. Екінші мәселе, адам бір нәрсеге қатты мән берсе, айналасындағы заттарға мән бермейді. Кезінде бір видеоролик бар еді ғой: бәрі доп ойнап жатады, доптан көз алмай қарап отыруың керек. Бір кезде арасынан горилла киімін киген адам өте шығады. Басым көпшілігі оны байқамайды, оны мен де байқамағам. Тек сондай горилла өтті деген кезде видеоны басынан қойып, допқа мән бермей горилланы күткенде көре алдым. Жоғарыдағы мысалда да адам жарақат алғанын жиі еске алғасын белсебеті одан кейін 1 апта өткенде бұзылғанын сонымен жалғап, бір күнде болған етіп жібереді. Үшінші мәселе бар. Стендаперлердің детская травма дегенді мазақ етіп жүргендері бар. Біз үшін ол кезде травма болмаған, қалыпты жағдай еді. Ал кейінгі 6-7 жылда «детская травма» көп айтылып, оны негативті оттенкіде көрсеткесін елдің көбі баяғыда күліп еске алып жүрген естелігін негатив көріп, әке-шешелерін кешірумен әлек боп кетті. Шынайы травма алғандарға бұл сөздерімнің қатысы жоқ, трендке ілескендерге қатысты жазып отырмын. Демек, әлеуметтік ортамыз бен қоғамның интерпретациясы да бұрынғы естелігімізді жақсы не жаман екенін өзгертіп қайта жаза береді. Мидың осы жұмысынан көбіне жапа шегетіндер — әйелдер. Бір болған оқиғаны мың қайтара жаза бергеннен негативті реңі арта береді. Күйеуімен әр ұрыс-керіс болған оқиғасын еске алады. Соңғы 5 жылда тек бір рет 8-наурызбен құттықтамаған болса, сол естелікті алып қалып, қалғанына мән бермейді. Уақыт өте келе, қандай тиран, абьюзер, жаны ашымайтын, қамқорлығы жоқ, бәріне безразлично қарайтын, мейірімі жоқ деген образ күшейіп, өзін бақытсыз сезініп, ажырасуға бет бұра бастайды. ("Тағы да әйелдерді қыстырды" дейтіндерге айтарым: поқи, бұл есті жиғызатын ақпарат сендерге керек, маған емес) Кезінде бір ғалымның бидғат сөзді естіп, оны 25 жыл есінен шығара алмағаны жайлы Ерсін ұстаздың уағызынан естіп едім. Ми адаммен солай ойнайды. Бүгін сен оның бидғат екенін білдің. Бірақ уақыт өте келе ми оны переформатировать еткенде бір дұрыс ғалымның сөзі секілді етіп жібереді. Оны енді біреу айтып түземесе, солай адасып кетуің ықтимал. Ғалымдардың қарапайым адамдарды Інжіл, Тәурат секілді кітаптарды, әртүрлі наным-сенім кітапшаларын оқудан тыюының бір себебі де осы. Тәураттан оқып алған Мұса عليه وسلم қиссасын Ислам ғұламалары айтқандай еске алып, оны Ақиқат ретінде қабылдап қоюы мүмкін. Ғалымдар қайсыбірінің жеке басындағы ойларымен күресе береді? Бұл қазіргі күнде әлем әдебиеті мен әртүрлі "өсу", "даму" шлактарын оқитындарға да қатысты. Пайда алам деп жүргендерің бірнеше жылда мидың жұмысына шатысып, зиян көрулерің әбден мүмкін. Дұрыс нәрсе оқыңдар, әрбәлені оқып, адасып кетпеңдер, миларыңның фильтріне сеніп жүре бермеңдер. Ол фильтрлерің де жаңарып отырады.
Қазір имамдар дұрыс нәрсе айтса, жазса, астына қыздардың "сгл", "кө* қысша", "қо*** жеме" деп жазатынын байқап жүрмін. Неге бұлай болды екен? Қап, әттеген-ай) Ойбай-ай, қай жерден қателік кетті? Вроде еркектер міндетті, үй шаруасына көмектесу сүннет, әйел ханшайымдай өмір сүру керек деуші еді ғой. Қай жері жақпай қалды екен оларға?) Ойланыш керек, тағы қаншалықты төмендеуге болады, әйелдер қауымы наконец бағалап, сыйлап-құрметтейтіндей? "Әйелдің разылығын алу керек" деген сөз де аздық етіп жатыр ғой) Бұның мысалы ЛГБТ тарихына үқсайды. Батыста күн көрсетпей қорлайтын еді, 60-70 жылдардан бастап эмпатия басталды. Ақырын ақшасы мол секторда үлесі көбейгенде, қолдарына билік тигенде, кері дискриминация, яғни лгбт-ға "ләм-мим" деп қарсы сөйлегенді қудалау басталды. Қазір Америка мен Еуропада дұрыс нәрсе айту мүмкін болмай тұр. Не нефорлар қудалайды, не билік қамайды. Қазір сарказммен, екіұшты сөздерді ептеп қолданумен ғана дұрыс ойды жеткізуге талпынып жатыр. Болашақта "әйелінің аяғындағы шаңды маңдайына жағатын" деген адамдар мансапта, елдің көзінде "өсетін" шығар. Мейлі, өсіңдер, сосын көшіңдер)
ҰРҒАШЫ 2. Әйел, жамағат, зайып, қатын. Ағын жесең ақылың жаннан асар, Сарысын алсаң, дәулетің судай тасар. Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар (Абай, Тол. жин.). Қатын алма төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер…
ҰРҒАШЫ 2. Әйел, жамағат, зайып, қатын. Ағын жесең ақылың жаннан асар, Сарысын алсаң, дәулетің судай тасар. Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар (Абай, Тол. жин.). Қатын алма төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер жанды (Алдаспан). Алыс тұрып, ақырды қыр басынан: "Берекесін бұл жердің кім қашырған?.." Өңім бе, түсім бе деп таңданады, Кез алмай орамалды ұрғашыдан, Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан (М.Мақатаев, Шығ.). Жүрегім қызынбайды ұрғашыға, Сөзіңнің ерсем дағы турасына. Қара жер – ата-анам, ең жақыным, Мені аяп, азаттық бер бір басыма! Басың жас, тілегіңіз алдыңызда, Көңілдің азба, шырақ, қызбасына. Сау болсаң, таңдап сүйіп қосыларсың, Не төре, не бір байдың мырзасына (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Жұмыстан еңбек демалысы бітуге таяған шығар. Көбі жазда алады ғой. Түрік группаласым бірде "отбасымен демалыс — демалыс емес, жұмыс" дегені бар. "Бәрін қадағалап жүресің, бүкіл заттарды өзің көтеріп жүресің. Суретке де сен түсіруің керек. Шашлык істесең ешкім көмектеспейді. Қауіпсіздігін қамтамасыз етуің керек. Ақша шығыны көптігінен бөлек, тамақтың ерекше және қымбатын таңдап жеп көргісі келеді. Кеттік деген жерге дереу шыға салмайды, 2сағат күтесің. Тез шаршап қалады. Балалармен жүрсең жылап, мазаңды қашырып, орта жолдан қайтасың. Ауырып қалса, үйге қайтасың. Тарихи жәдігерлерге қызығады. Пәленінші ғасырдағы құмыраны көргісі келеді. Нәтижеде ойыңдағыдай шықпай, жоспарыңның жарымын да орындамай қайтасың. Суретке түсіретін фотограф болуың бөлек дүние. Оған да риза болмай, көңіл бөлмейсің деп әңгіме айтады. Оданша достарыммен шыққан оңай. 8де шығамыз десек, 8де шығамыз. Қосымша нәрселерге алаңдамай, баратын жерге тіке барып, тіке қайтамыз. Табиғатта әркім өз рөлін бөліп алып, тамақтанып, жинап қайта саласың. Ақша да көп кетпейді" Бұл сөзбе-сөз емес, примерный аудармасы. Сөзінде жан бар негізі)
Назарбаевтің кезінде коланың газы мұрыннан шығатын еді деген әзіл тренд боп жатыр ғой. Былай ойлап қарасам, сол кездегі негізгі телеарналарда тек жақсы жаңалық пен жақсы істерді көрсеткені бір жағынан жақсы ма деп ойланам. Жаман нәрсе жоқ дегенді білдірмейді.…
Назарбаевтің кезінде коланың газы мұрыннан шығатын еді деген әзіл тренд боп жатыр ғой. Былай ойлап қарасам, сол кездегі негізгі телеарналарда тек жақсы жаңалық пен жақсы істерді көрсеткені бір жағынан жақсы ма деп ойланам. Жаман нәрсе жоқ дегенді білдірмейді. Жамандықты көрсете беріп оған халықтың бойын үйретіп, үйреншікті жағдайға айналғаны көңіліме құп болмай тұрғаны. Қазір охват/белсенділікті көтеру үшін әдейіге жағымсыз контент жасаушылар да көбейген. Олардың әрекетіндегі мотивті түсінсем де, олардың істерін дұрыс санамаймын. Өйткені хейт ол жазғыру. Әдейілеп жасалған контенттің "кесірінен" болашақта біраз тағдыр "қирай ма" деп қауіптенем. Осындай сәттерде Солтүстік Корея мен Ауғанстанның интернетті бақылауға алуы сау шешім бе екен деген ой келеді. Қазір алдыма сондай контент шықса, бірен-сараны болмаса, қарамаймын, өткізіп жіберем. Сау басына сақина тілеп алдының керісі болуға ой-ниет жоқ...
Мысыр сапары тигізген пайдалардың бірі - мендегі прагматизм сапасының жақсаруына септік болу. Түрлі мазһаб, түрлі ой-пікірлер, түрлі пәлсапа, түрлі ұлттар, түрлі мәдениеттер. Кей жерде үндемейсің, кей жерде қоя саласың, кей жерде принципиально болмаса келісе қоясың, кей жерде ойыңды ашық айтасың, кей жерде әзілге айналдырасың. Әлбетте, нәтиже өзің ойлағандай бола бермейді. За то, өзіңе керегін алып отырасың.
Отпискалар көбейіп кетті. Асылдың сынығы, айдынның тұнығы, жақсының жұрнағы болған админнің кезінде бір жазбалары ұнаған. Автордың кейінгі жазбалары пәдпіщіктің ойындағы өзі құрап алған қияли образдан шығып кетті. Енді қайттік? За то каналдың сапасы жақсарып қалды)
Если говорить об идеалах, то Ислам - это религия сильных, мужественных мужчин и скромных, целомудренных женщин. Люди, которые чувствуют в себе эти склонности и потребности, тянутся к нашей религии, так как видят в ней наиболее правильное, соответствующее здоровому естеству положение людей и вещей, включая многоженство. Однако, каким будет их разочарование, когда они примут Ислам и увидят, что ни о какой скромности речь более не идет, женщина ничего не обязана, считает себя равной мужу, а то и выше, а мужчина должен удовлетворять все ее хотелки, капризы и всячески стремиться к ее довольству, достичь которого возможно только на миг, который через миг уже забывается. С такой интерпретацией Ислама мы можем рассчитывать только на эмансипированных, непригодных для семейной жизни женщин и угождающих им гинопасхатов, многих из которых все равно в чем-нибудь обвинят и бросят, что породит целые поколения безотцовщины. В общем-то, мы уже наблюдаем это в режиме реального времени.
Сахабалардың байлығын қазіргі ақшамен қанша деген жазбаны көзім шалды. Иллюстрация жасаушылар қандай ниетте болғаны, не мақсат көздегені белгісіз. Бірақ шығарған нәрсесі есептен гөрі қиялға жақын. Мысалы, Абдурахман ибн Ауфтың (Аллаһ оған разы болсын) 700…
Сахабалардың байлығын қазіргі ақшамен қанша деген жазбаны көзім шалды. Иллюстрация жасаушылар қандай ниетте болғаны, не мақсат көздегені белгісіз. Бірақ шығарған нәрсесі есептен гөрі қиялға жақын. Мысалы, Абдурахман ибн Ауфтың (Аллаһ оған разы болсын) 700 керуені болған деп жазыпты. Оның есебі 500 Bentley немесе 300 жеке JET ұшақтары-мыс. Сондағы есептегені 400 млрд $. Нақты деректерде 700 түрлі керуен емес, 700 түйеге тиелген жүк керуені жайлы айтылады. Немесе өзінен кейін қалдырған мұрасының 1/4 бөлігі 84000 динар болған. Неге бұл 400 млрд $ сәйкеспейді? Мединада ол кезде шамамен 15000 тұрғын болған. Ондай қала 400 млрд $ болатын айналымды генерировать ете алмайды. Әр тұрғынға еңкейген шалдан еңбектеген балаға дейін таратып берсең, жан басына 26 млн $ тиеді екен. Онда неге кей сахабалар қиналып, бір уыс құрманы бір ай талғажау еткен? Абдурахман ибн Ауф соншалықты сараң болғаны ма? Аллаһ сақтасын. Бұл 400 млрд қисынға келмейтінінің көрінісі. Ал 84000 динар қисынға келеді. Бір динар 4,25гр алтын. 357 кг алтын. Шамамен 40 млн $. Әйткенмен, ол кездегі экономика мен қазіргі кездегі экономиканы салыстыру қисынсыз және инфляция деген бір параметр жеткіліксіз болады. Өйткені ол замандағы қаланың ортасындағы коттежді 1 млн динарға сатып алу деген қисынға келмейді. Алтын мен қой бағасы ғана ұқсас демесең, басқа нәрселердің барлығы қатты өзгеріп кеткен. Мұндай посттың төркіні қайдан білесіңдер ме? Жеңілген құлдық сананың салдары. Илон Масктың байлығы 1 трлн $ асып кетті ғой. Жоқ, мұсылмандар қайда алда болған, онікінен де көп болған, инфляцияны есептесек асып кетеді деген бір қиял-ой. Қайтсе де батыспен теңесіп озу керек немесе бізде де өте қатты бай адамдар болған деп көрсету керек. Әйтпесе, "қожайынның" алдында комплексовать етеді. الله المستعان
Біз Овертон терезесі теориясы арқылы қандай идеялар нормализациядан өтіп жатқанын көп жерде айтамыз. Сондай идеялардың бірі де осы. Жеңіл әзіл форматында. Бұл жерде ашық насихат жоқ. Жәй, некеде ерін құрметсіздік көрсетуді, әйелдің еркелігі және еркіндігі етіп әзілмен көрсетеді. Публикаға, әсіресе, әйел жамағатына өтеді. «Онда тұрған не бар?» деп айтуы да мүмкін. Алайда бұл да нормализация кезеңдерінің бірі. Бұл өтпей қалғанда контент үшін басын аяғымен мыжып жатқанды шығарады. Хейт алып, актив көтеру үшін тағы не істеуге болады? Көріп, пікір қалдырушылар «жалғыз мен емес екенмін ғой» деп өздеріне жұбаныш тауып, еркекті табалау нормаға айналады. Солай.
Менен жиі сұрайтын сұрақ бар. Анонимде де сұрап жатады. «Баланы ұруға бола ма?» Жауап видеода)
Менен жиі сұрайтын сұрақ бар. Анонимде де сұрап жатады. «Баланы ұруға бола ма?» Жауап видеода)
Өзін сыйламайтын жігіттердің өзін сыйлайтын жігіттерге тигізетін зардабы бар. Әйелінің қалай болса солай, адуынды, долы, боқтап сөйлесу мәнерін көтеріп жүре беруі — әйеліне басқа еркектермен де еркінсіп, солай сөйлесе беруіне болады деген ой салады. Ал олай сөйлесуге болмайды. Арты жаман болады. Барлық еркек лох емес.