Подкаст емес, әңгіме💡
Статистика✨Телегшілер туындысы✨ ▫️Сіздің дамуыңыз үшін үздік жазбалар; ▫️Танымал тұлғалармен және таныссыз таланттармен подкаст; ▫️Поэзия кеші; Бізге хат: @pikirbek_bot
- Последний пост
- 11 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
реакция басып, белсенділік танытқандарға сөзім жоқ, молодецсіңдер❤️🥹
Подкаст емес, әңгіме💡 pinned «Ұсыныстарыңды @pikirbek_bot көмекшімізге жазып жіберсеңдер болады»
Ұсыныстар тізімі: 1. Нәрікби Мақсұт 2. Мади Фазл 3. Dosekesh деген әнші бар, сол кісіні шақырыңыз. Негізгі мамандығы – филолог. 4. Балжан Алпысбай 5. Балпанақ арнасының иесі 6. Eighth level 7. Yeldos Serikpayev 8. Алмас Мержақып 9. Төлен Әбдік 10. Ұларбек…
Қай қалада түсіресіздер? Онлайн дауысчат арқылы эфир өтеді. Қазақстанның кез келген жерінен үйде отырып жүргіземіз.
Біздің оқырмандар белсенді еді ғой, кәніі🥹 күткізіп қоймайсыңдар деген ойдамыз
Ұсыныстар тізімі: 1. Нәрікби Мақсұт 2. Мади Фазл 3. Dosekesh деген әнші бар, сол кісіні шақырыңыз. Негізгі мамандығы – филолог. 4. Балжан Алпысбай 5. Балпанақ арнасының иесі 6. Eighth level 7. Yeldos Serikpayev 8. Алмас Мержақып 9. Төлен Әбдік 10. Ұларбек Нұрғалымұлы 11 .Азамат Скаков 12. Әділет Сапарғали әлемді аралаған қазақ 13. Жомарт (Дөп сөз) 14. Елдос Тоқтарбай 15. Әлия Әшім
Ұсыныстарыңды @pikirbek_bot көмекшімізге жазып жіберсеңдер болады
Подкаст емес, әңгімемізге кімді шақырғанымызды қалар едіңіздер?
арнамыздан шықпаймыз, келістік пе?
Күтіп жүрсеңіздер, естеріңізге біз түссек, иә болса ❤️, жоқ болса 🌚
Сәлеметсіңдер ме, оқырмандар! Подкаст емес, әңгімеміздің жаңа бөлімін бастайық па?
қалайсыздар? сағындыңыздар ма? сіздер барда, біз бармыз.
– Бұлай істеме, жаман болады. – Неге олай істемеу керек. – Сол жаман болады. Осы кезден-ақ ми анық факт болған кезде ғана "шынымен істеуге болмайды екен ғоой" деп қалады. Осыны істе, сонда жақсы боласың. Бұл кезде де миға ұстап көруге болатын факт керек. Нақты бір істі жасау мен бас тартудың мақсаты айқын болуы керек. Нақтылық жоқ жерде ми жалқауланады. Білім алудағы мақсат – айқын өмір сүруге мүмкіндік. Беймаза, мезі болатын кездер – нақты саған керек біліммен сусындамаудан шығар? Әлеуметтік желідегі ақпарат – алдамшы. Арзан дофамин сыйлайтынын білеміз. Сол себеп шексіз ақпаратқа жол ашып тұрған. Детокс. Оны да жасау керек екенін білеміз. Бірақ жасамаймыз. Неге? А зачем нам это? Жаныңды жейтін ойлардан арылтып жатыр ғой. Қазір технология дамыған заманда өзіңмен қалу – азап. Ойларыңды еститін болсаң оған жауапкершілік алу керексің/немқұрайлы болуды таңдайсың. А нұсқасын таңдаған уақытта сен ұтасың. Бірақ жеңілуге, сол кездегі сезіммен, ерік-жігермен күресуге де жауапкершлік алуың керек. Осы кезде бәрін орта жолдан тастап, сынып жатамыз. Б нұсқасын таңдау оңай. Бастапқыда айтқандай ми жалқау. Осы тұста қайтадан мақсатты айқындап, не үшін істеу керек екенін ой-лан! Жаңа нәрсені байқап көруден қалдық. Тредсте ақпарат судай ағылған заматта тың ақпарат оқыдым. Яки миым соны байқауды жөн көрді. Көп мысалдың ішінде "оңақай болсаң тісіңді сол қолмен жу, солақай болсаң оң қолмен жу". Таң уақыты. Жасап көрдім. Осы уақытқа дейін миымның бір бұрышындағы ойдың пісуін жұлып алып, қоржынға салды. Демек заметкиді ашып, жазу соңғы мәре. Ал сенің мәреге жетуге кедергі келтірген не нәрсе екенін түсіндің бе)
Кейде тыныштықтың артында өзің тани алмаған , өмірдің мәнін түсінбеген ,іштей өз өзін сындырып жақсыға лайықсыз санаған , қанша күліп жүрседе көз жанары солып қалған адамдар болады . Олардың жан дүниесі тыныштыққа енуі еленбеген сөздер , тапталған ойлар, орындалмаған армандардан қажуы , шаршаған жүрегі, таласудан мезі болған мінезі ,іштей тыңған сезімдері , керексіз сезінген ересек бала кезі оларды қараңғылыққа тартады . Сонымен қатар , кейбіреуінде Аллаға сенген асықпайтын ,саспайтын сабырлы жандар болуы әбден мүмкін .Олар өмірдің ағысымен жүзіп ,бәріне шүкір етіп ,күпірліктен сақтанатын , адамдарды толық қабылдап жаман-жақсыға да мейіріммен қарайтын жандар. Олар артық сөз айтпайды .Өйткені, ауызынан шыққан әр сөзі дұға екенін біледі. Олар асықпайды, ұрыспайды , жарыспайды тек жанның тыныштығын құлшылық ету арқылы тауып , өз отбасымен бақытты ғұмыр кешеді . Екеуінің айырмашылығы бірінші тыныштық жүрек дерттерінен пана іздеп қара жәшікке тығылып , тар қапасқа қамалады. Екінші тыныштық өмірдің сынақтарына мойымай гүл секілді жайқалады. (с) Aruzhan толық жауап бере алды. #пікір
2025, жыл қорытындысы:
- өсе келе бәрібір бір жүрегің тыныштық таппайды екен. - пока өз жарыңды таппайынша жүрек не істесең де тынышталмайды. #құрбылардыңдиалогынан
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын✨ Дені саудың жаны сау демекші, менталды әрі физикалық денсаулықтарыңыз мықты болсын❤️ Жаңа жылда айтылған ең жақсы әрі ерекше бір тілек жазып өтсеңіздер❤️
мен кеше досыммен сөйлестім. бұл жолы өте ұзаққа созылды. негізі уақытымызды үнемі күліп-ойнап, арзан күлкімен өткізетін едік. бірақ бұл жолы бір салмақты тақырыптарды қозғадық. болашақ туралы, өткеніміз туралы, алға қойылған мақсаттарымызды деген сияқты. өткеніміз демекші, оның әкесі 11 жыл бұрын өмірден өткен еді. сол туралы бастап айтты өзі. әкесі қайтқан кездегі бастан кешірген сезімдері, әкесінің орны қатты білінгенін, әке жағындағы туыстарының оны және оның отбасын дүниелерін тартып алып далада тастап кеткенін, достары азайып кеткенін, жалғыз жүре беріп қатты “ынжық” болып қалғанын, әкенің назарына қатты зәру болғанын айтып бір жылап алды. сол кезде білесіңдер ме менің не ойлағанымды? мен “өте нашар дос екенмін” деп ойландым. өйткені ол үнемі күліп жүретін жігіт. бірақ сол жалған күлкіні жасау үшін қанша жыл төзіп, үйренгенін ойланғанда өзім де қиналып кеттім. жәй ғана сыртқы жағдайының жақсы екенін көріп қазбаланбай сұрамағаныма өкіндім. өйткені мен бұрыннан қасынан табылып, оның ішін ақтарып, “сырыңмен бөліс” деп айтуыма да көп мүмкіндігім болыпты. бірақ мен оны жасауға қорықтым. ал енді мен “өте қорқақ дос екенмін”. “сенің бұндай қиыншылықтан өткеніңді мен білмеппін, білуге де тырыспаппын, мен кешір” деп кешірім сұрадым және енді қасынан жалтармауға сөз бердім. жаңа кейіпкер. назарларыңызға рақмет!
неге адам өзіне керек кезде ғана іздейді екен? осы сұрақтың жауабын тапқым келіп көп араласпай кеткен, маған қарағанда көбірек білетін танысыма жаздым. былай қарап тұрсақ, оны мен өзіме керек кезде ғана іздедім. оған дейін оның өмірінде не қайғы, не қуаныш, не өкініш, қандай жағдай болып жатқанын да сұрамай жүрдім ғой. әйтеуір “пендешілік емес пе?” деп жаба саламыз осылай. бірақ адамгершілігімізді жоғалтып жатқанымызды байқамаймыз. мүмкін адам осылай жаратылған болар?… кім біледі? бірақ осылай жаратылсақ, осылай өмірден дым өзгеріссіз өтеміз деген сөз емес. әр адамға мүмкіндік бірдей берілген. тек амал қолдана білу қажет. жаңа кейіпкер. назарларыңызға рақмет!
кейде досыңа қолдау білдіруінің өзі оған қаншалықты сенімділік беретінін білмей қаласың. қолдаудың бізге көрінбейтін күші бар.