- Последний пост
- 11 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 84
- 1/48двое суток
- 96
- 1/72трое суток
- 103
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Мынандай ойнаңдаршы. Коментте танысып, бір-бірлеріңе кітап жіберіңдер. Қандай кітап екенін айтпай.
Ақырындап осындай жағдайға келе жатқандаймыз ба қалай өзі…💔
Аллаһтың құзырындағы дүниеге де, нығметіне де, құдыретіне де шек жоқ. Сол себепті Ей, Пенде! Сұра, сұра және тағы сұра. Сен үшін зәулім сарайдай көрінген дүние Аллаһқа зәулім сарай емес. Оның дүниесі шексіз.
Айтпақшы, телегші достарыма да қуанышты жаңалығымды айтқым келеді. Бұл арна барлық қуанышты сәттеріме, жылы естеліктеріме куә. Мен 14.07.2026 күні екінші рет ана атандым🤍 Есімі Хантөре🫶 19 жасымда бір қыз, бір ұлдың анасы атану мен үшін Аллаһтың берген ең үлкен нығметтері деп білемін. Ал бұл нығметтерге менің шүкіршілігім - оларды салиқалы да көркем мінезді ұрпақ етіп тәрбиелеу🤍
Мені әкем ұзатып шығарып салмады. Және мен бұл үшін ренжіген де, өкінген де емеспін. Әкем: 4 қызымды да ұзату, жасаусыз тұрмысқа беремін. Лажы болса жігіт жақ та той жасамаса екен деймін. Қыздарымның барлығы тегін кетеді. Алыс-беріссіз ,- деген еді. Енді қызығы: Қазіргі жастар (тұрмысқа шыққалы жүрген бойжеткен, үйленейін деп жүрген жігіт) бұл ой мен ұсынысқа қалай қарайды екен? Қыздар. Әкелеріңіз солай тұрмысқа беремін десе не деп айтар едіңіздер? Жігіттер? Сіздерге қыздың әулеті той жасамасаңдар деп бұйымтай айтса, қосылар ма едіңіздер?
oida zhok✨ pinned «Кейбір сөйлемдер кітаптан оқылмайды. Олар өмірден туады. 📚📌 #оқыпқалдым»
Кейбір сөйлемдер кітаптан оқылмайды. Олар өмірден туады. 📚📌 #оқыпқалдым
25+ минутта 3 гол салып алдыға шығып үлгере ме екен деп ойланыыып отыр едім😍
Сұұұмдық ойын болып жатыр ма😁
без подписи
Баланы көркем мінезге тәрбиелегісі келген ата-ана сол жолда өздері көркем мінезділікке жетеді. Баланы тәрбиелеу, оны дұрыс жолға бастау ең алдымен ата-ана өз-өздерін тәрбиелеуі❤️
Жазба ұзақ болса да ертеңгі күніңізге пайдасын тигізеді. Мен қазір жылына 30-50 кітап оқимын, үйленген/тұрмыс құрған соң да солай боп қалады деп сенімді болмаңыз. Анау-мынау емес кәдімгідей білікті маман, жоғарғы оқуда оқыған қыздардың өзі тұрмыс құрған соң тек қана күйеуім екеуіміз бақытты болсақ болды деген сыңды, мен әдемі болып қана жүрсем жеткілікті деген ойымен қанша жылдың еңбегі құр ауаға ұшып жатыр) Сол себепті болашақ жарыңыздың қандай болғанын қалайсыз, басындағы шашының қалыңды, түсі мен ұзындығынан бастап, аяғының тырнағы таза, алынған, жуылған болғанын қалаймын дегенге дейінгі ұсақ-түйек болса да, мінезімен қоса бәрін, бәәәәәәрін күнде Құдайдан жатар алдын сұрап-сұрап, дұға етіп қойыңыздар😁🙌🏻
Білім алуды ешқашан, пряяям мүүүүүүлдееем тоқтатуға болмайды. Әсіресе тұрмыс құрған соң, үйленген соң. Оған дейін қалай кітапты көп оқыдыңыз, қалай көп ақпараттарды зерттеп іздендіңіз -> дәәәәл солай үйленіп, тұрмысқа шыққан соң да солай болу қажет. Егер отбасылық өмір сіздің тыныштығыңызды қамтамасыз етіп, бірақ білім алу жолында еріншек етіп жіберсе барынша сыртқа шығып, жаңа адамдармен танысуды, солармен инсайт, өмірлік бір тәжірибелермен алмасуды әдетке айналдырған жөн. Байқағаным, жұптың біреуі активный, дамуға деген махаббаты ашық болып, екіншісі тек комфортпен жүріп, білімге аш болмаса -> екеуі де бір орында тұрып қалады) Басында ол білінбейді. Мүмкін 1 жыл, мүмкін 4 жыл, әйтеуір дегенде екеуіңіз де тоқтаған жерде тоқтап, ізденісті доғарып, жәй ғана өмірден ләззат аламыз деп тұрып қалуларыңыз мүмкін. Сол себепті отау құрған күн емес, секундтан бастап бір-бірлеріңізбен сол сәттен бастап инсайт алмасып, білім жолында сүйреп, ееееееең болмағанда кітап оқу деген әдет қалыптастырып режимдеріңізге бекітіп тастаңыздар. Ол болашақта білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлкен көмегін тигізеді :)
Қазір машинамен, отбасы болып, балаларымен саяхатқа басқа мемлекеттерге шығатындар көбейіпті иә🥹
Кейде құрбыларым сұрап жатады: - Мырзаң екеуің (күйеуімді солай айтамын) осы ұрысасыңдар ма? Түрлеріңе қараса вооооообще ұрыспайтынға ұқсайсыңдар ,- дейді. Екі түрлі өмір сүріп келе жатқан, екі үйдің, екі ошақтың тәрбиесін сіңірген жандардың өмірі бір шаңыраққа айналғанда әрине түсініспеушілік болады. Бастысы бір керегені ұстап тұрған екі жарты бір бүтін жүректердің ұрсысып, ұрсыспауында емес, бастысы олар өзара түсініспеушілікті қалай шешетінінде. Қалай жұмыс жасайтынында. Жалғасы бар, жолға шығам, асығыспын🥹🤣
Қазіргі балалардың арманы жоқ дим Біздің бітіретін уақыттарда бұндай дүние ойға да келмепті🫠
Оқушылар, мектеп жылын тәмәмдап жатқандарыңмен құттықтаймыыын❤️ Бізге биыл 3 жыл екен🥹
Арналарыңызды қалдырыңыздар, телегшілер👇 Алдын баааарлық арнадан шыққанмын, енді оралатын уақыт келді🙂↔️
Мынандай айдар ашқым келіп отыр. Мен өмірде көрген телегшілер: Теңсіздік Қаңғыбас және сестренкасы Сенімен бірге Әлемтанушы Бөлек әлем Туканай Ажарлым Керегіңді ал Көзқарас Мазмұн Біртүрлі Мақсат Тыныштық Қара күйе Мәдени Парақор Қара Сезімтал періште Үндемес…
Бұл сөзімді кітапты тұрақты әрі жиі оқып жүріп тастап кеткен жан сөзсіз түсінеді.