- Последний пост
- 6 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 871
- 1/48двое суток
- 998
- 1/72трое суток
- 1 076
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
“ең өкініштісі тірі адамды жерлеу екен”
без подписи
«Сүйгенің болайын, рұқсат сұрайын»✨
Ғасыр буаз болмаса да әділдікке желіндеп, Қай кезде де Жеңіс даңқы екі топқа бөлінбек: «МӘҢГІ ЖЕҢІС» және «БАРЛЫҚ УАҚЫТША ЖЕҢІСТЕР». Күш жоқ осы заңдылықты тайдыра алар өрістен. Уақытша жеңістердің уақытша бағы бар, Бар тіршілік кейде тіпті уақытшаға бағынар, Жеңімпаздың мойнына алтын алқа тағылар, Жағымпаздар жамыраса теңеу таппай сабылар. Әркез бұған елікпейтін қайсар тұлға табылар, Сол тұлғаны «түзеу» үшін уақытшалар жабылар... Дантес «жеңдім» деп ойлады Пушкинді атып құлатып, Бірақ оңбай жеңілгенін дәлелдеді уақыт. Оразбайлар «жеңдік» деді Абайды ұрып, сұлатып, Олардың да ұтылғанын әйгіледі уақыт. Қарсыластар қылышынан өр Махамбет өлді де, Нәтижеде, қара күштер ұлы ақынды жеңді ме? Жан шындығы қамалғанмен зұлымдықтың торында, МӘҢГІ ЖЕҢІС қалып қойды Махамбеттің қолында! Шыншыл, асау тағдырым бар пенделікпен тебіскен, Сақта, Құдай, мені барлық уақытша жеңістен. Кеңейтуге жол ашпаса әділдіктің өрісін, Уақытша билік пен даңқ неге қажет мен үшін? Бір бақшада өссін, мейлі, Бәйтерек пен Асқабақ, Менің бағым — Асқабақты күндемейтін басқа бақ. Менің бағым — елдік, ұлттық мүддеменен өрілген, Сондықтан да ұлтпен бірге өлу даңқы берілген... Рухсызға жеңіс жолы тым оңай боп көрінбек, Бәлкім, маған тас атқанның бәрі ертең жеңілмек... Бұл ізгілік ағыс күшін ұқпаған бар, ұққан бар, Ал ұққандар, негізінен, пенделігін жыққандар. Пенделігін жыққан жандар — Рух тауға шыққандар, Оларға риза Махамбеттер, Абай, Мағжан, Мұхтарлар. 📝Уақытша жеңістер – Мұхтар Шаханов
Аз да болса көмек қолын созып жіберейік🫂
без подписи
Бір күн шықса, бір күннің батуы анық, Екі күннің тұруы мүмкін емес...
без подписи
без подписи
Мен жоқ кезде арнамнан шығып кеткен жандардың құрметіне бір минут үнсіздік...
без подписи
Адам алдана білмесе, кеп-келте ғұмырында басынан кешіретін сан-сапат тауқымет пен азапқа бір күн де төзе алмас еді. Көңілдің қорғанышы – алданыш. Адам армандаймын деп жүріп алданумен болады, алданып жүріп-ақ талайды бітіреді. 📚Әбіш Кекілбайұлы "Шыңырау".
Сонда өмір сүру деген енесіне жамырап кетпесін деп күні бойы темір қазықты шырқ айналып шыға алмайтын арқандаулы қараша ботадай не қорлықты көрсең де, не сұмдықты бастан кешсең де, жан-жүйеңді жадыратқан тәтті қиял, аңсар арманның бәрінен адыра қалып, маңдайыңды тауға ұрып, тасқа соқсаң да өзінің тіленіп келмеген, келгесін еш тілегіңді қабыл қылмайтын көр тағдырдың тастақ тар қойнауына қызыл өңешіңнен қылғына байлану ма...? Әлде өмір сүру дегеннің өзі де әлгі бір әзәзіл сауалға жауап таба алмай бас қатыру ма? 📚Әбіш Кекілбайұлы "Шыңырау".
Адам, асылы өмір бойы көңіл деген көтерем тұғырды бас-көзге төпеп бақыт қуған сайын, одан солғұрлым алшақтай түсетін сияқты; бақыт қуған адамның тапқан бақытынан жоғалтқан бақыты көп болса керек. Бақыт... Адам байғұстың қиялы жеткен жердегі жақсы мен тәттіні бір бойына сыйғызған осы бір сөз қашан кісінің көңіліне шемен боп байланған сәтінен бастап, бастапқы мән-мағынасының бәрінен түгел айырылып, онсыз да кем қанағат, онсыз да өлермен пендені онан сайын жан алқымға түсіретін қайыс қамшыға айналатын көрінеді. Ондай қайыс қамшының саныңнан қан саулатып сабылтып жеткізетін жері – бақ шығар, дәулет шығар, даңқ шығар, әйтеуір, бақыт емес. 📚Әбіш Кекілбайұлы "Шыңырау".
без подписи
Сағым жүрсе, телмірем сен екен деп, Жете алмай орамалын бұлғап тұрған.
Құрбан айт құтты болсын!🫂🤍
«Жаудың иттері келіп сендерді таламасын десеңдер, өз елдеріңнің арыстандарын өлтірмеңдер!» 📝Мысыр елінің демократиялық жолмен сайланған алғашқы және соңғы президенті марқұм Мұхаммед Мурси (рахимаһуллаһ)
Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді, Осылай шежіреден көрінеді. Саны көп, сапасы жоқ һәммеден бос, Ғылымға мойынсұнбай ерінеді. Шет шығып сахарадан баспас қадам, Болады бүйтіп жүріп қашан адам? Бейхабар ғаламдағы хикматтан, Тұтқындай қапастағы күні қараң. Болмайды кемшіліксіз һешбір халық, Бәрінен кейін қалған қазақ анық. Басқа жұрт біз секілді жалқау емес, Ғылыммен қараңғыны етер жарық. Шығып жүр һәр халықтың талаптысы, Болмай ма талаптанған әлі-ақ кісі. Қазақта жазылмайтын бір ауру бар – Келмейді мінін айтсаң жаратқысы. 📝Міржақып Дулатұлы