taube
Статистикалечите свои сердца нежностью, молитвой, тишиной, знанием, искусством и добрыми поступками💕
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 13 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 52
- 1/48двое суток
- 59
- 1/72трое суток
- 64
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
видео или голосовое, без подписи
Ең үлкен өзгеріс жер ауыстырғанда емес, ниет ауыстырған кезде болады.
Шариғатта «не істесең, алдынан сол шығады» деген қағида бар. Жақсылық жасасаң – қайтарымы болады, ал біреуге қиянат жасап, алдап жүрсең, ертең сол нәрсе өзіңе қайтады. Әрбір ісің үшін өмірде жауап беретініңді ұмытпа. Сондықтан жамандықтан аулақ болған жөн.
Барында бағала… Уақыт ешкімді күтпейді. Бүгінгі сәт – ертең естелік. Жақындарыңды құшақта, жылы сөзіңді аяма, махаббатыңды кейінге қалдырма. Өйткені өмірдің ең қымбат байлығы – уақыт. Ал уақыттың бағасын көбіне кеш түсінеміз…
Біз «Алла разы болсын» деген сөзді көбіне жай алғыс ретінде айтамыз. Бірақ бұл – жай сөз емес, біреудің ісіне Алланың разылығын тілейтін үлкен дұға. Адамның разылығы уақытша, ал Алланың разылығы – мәңгілік. Сондықтан бұл сөз «ісің қабыл болсын, сауап жазылсын, өмірің берекелі болсын» деген терең мағына береді.
Қайырлысын күт… Себебі, Алла әр нәрсені өз уақытында, дәл керек сәтінде және сен ойлағаннан да жақсы етіп нәсіп етеді. 🤍 Сен тек сеніміңді жоғалтпа. Кешіккендей көрінген әрбір жақсылықтың артында үлкен хикмет жатады. ✨
Жақсылық жасасаң есептеспе. Сонда, есепсіз нығметке кенелесің.
Жазылғысы келмейтін науқасты арқалама, өйткені ол сені де ауру қылады.
Исламда ризық туралы түсінік өте әдемі. Мысалы, сен жеп отырған бір тілім жеміс саған ағашта өскен кезінен-ақ жазылып қойған. Ол сенің қолыңа жеткенше қаншама адамнан өтіп, қанша жол жүреді. Бірақ соңында бәрібір саған келеді. Себебі ол сенің несібең. Бұл өмірде саған бұйырған әр нәрсе міндетті түрде өз уақытында жетеді. Алла қаласа, ешкім сенің несібеңді алып қоя алмайды.
Бар нәрсеге назар аудар, жақсылықтар мен нығметтерге, өміріңдегі жақсы ұсақ-түйектерге шүкір ет. Алла сені көркем тосын сыйлармен ризықтандырады
Ортаң өзгермейінше, табысың өзгермейді.
Тағдырдың толып жатқан басқа да соққылары, бөлісетін жан болса, сені есеңгірете алмайды. Адамның жұлын-жүйкесінің қайғы қасіретке төтеп бере алмауы жан азабын бөлісетін жақын жанның жоқтығынан. Парасат майданы
Сен күткен барлық есіктер жабылса да, Рабыңның есігі сен үшін әрқашан ашық екенін ұмытпа.
Бәлкім, бүгін емес, бәлкім, ертең де емес, бірақ бір күні сіз өз дұғаңыздың жауабын аласыз… Тек үміт үзбе жақыным🤍
«Ақшаны дұрыс басқара алмасаң, миллион тапсаң да кедей болып қаласың» Табысыңды көбейту ғана емес, оны сақтап, өсіру де маңызды. Роберт Кийосаки
Байқайсыз ба? Өміріңізде құлшылық болмаса, уайымыңыз көбейеді. Не нәрсеге уайымдап жүргеніңізді білмейсіз, бірақ жүрегіңіз тыныш болмайды. Рухыңыз аш, ол аштықты тек Аллаға махаббатпен толтыра аласыз. Ал енді күніне қанша құлшылығыңыздан бас тартып, уайымыңыз неше есеге көбейіп жатқанын біле беріңіз…
Қуанышты хабар естідің бе? Бірден бәріне жариялауға асықпа… Алдымен жүрегіңді Аллаға бұр. Аятүл-Курси оқы. Фәләқ пен Нас сүрелерімен өзіңді қорға. Сол қуанышыңның берекесі үшін садақа бер. Содан кейін ғана адамдармен бөліс. Ал егер жүрегің ауырса… Бір жағдай көңіліңді сындырса… Тағы да алдымен адамдарға емес, Аллаға бар. Дертіңді ең бірінші Аллаға айт. Көз жасыңды да, ішіңдегі ауыр сөздерді де, ешкім түсінбеген үнсіздігіңді де Оған тапсыр. Аятүл-Күрси оқы. Фәләқ пен Нас сүрелерін оқы. Садақа бер. Сосын ғана адамдарға айт. Өйткені кейбір қуаныш қорғауды қажет етеді. Кейбір қайғы алдымен шипаны қажет етеді. Ал жүрекке ең бірінші пана болатын адамдар емес, Аллаһ.
Сенде бар дүние біреулер үшін қол жетпес арман. Бүгін "Шүкір" деп айтуды ұмытпа. Барыңды бағала, жоғыңа сабыр ет.
Ұмытпа жақыныым.. «Дұға кешіксе де, жауапсыз қалмайды»
Бақытты күндер әлі алда, тек сабырлы бола біл. Ин шаа Аллаһ, бәрі де жақсы болады, тек ниетіңді түзу сақта🙌🏻🤍