Нұғман Оразұлы
Статистика— ислам, кітап, ойлар. 🩵 инста: 19nugman 🐳 дұға каналым: https://t.me/soulbirdua ✈️ сұрақтар: t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=lg6zhj
- Последний пост
- 10 авг.
- Последнее чтение
- 13 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 518
- 1/48двое суток
- 593
- 1/72трое суток
- 640
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Осыдан 23 жыл бұрын дәл осы күні бір кішкентай бала дүниеге келген. Қазір сол бала осы мәтінді жазып отыр. Әлхамдулилләһ, тағы бір жас. Аллаһтан өткенімді кешіріп, келерімді хайырлы әрі берекелі етуін тілеймін. Бисмилляһ, 23 🩵
Адамдар сенімен қанша жерден «до конца» барамын десе де, максимум бара алатын жері — қабірдің есігі.
Нәзік бір ескерту: Өзіңді махаббатқа мұқтаж етіп сезіндіретін қарым-қатынастардан алыста. «Жоғалттым» деп ойлаған адамыңның бәрі шын мәнінде «жоғалту» емес. Егер біреуді сүю саған зиян келтіріп жатқан болса, ол махаббат ішіңде қала берсін. Себебі, махаббат — әр жараға ем бола бермейді. Кейде, сені дәл сол махаббат жаралайды.
без подписи
без подписи
без подписи
Баршаңызға Аллаһ разы болсын! Барлығы рақметін айтып жатыр. Жалпы 27 штук таратылды. Осындай іске ортақ болған әрбіріңізге Аллаһтың нұры жаусын. Осындай қуаныш, эмоцияларды көргенде қалайша жақсылық жасауға ұмтылмайсың?! Біреу үшін «түк емес» болған нәрсе біреу үшін «көп нәрсе» болуы мүмкін…
Маа шаа Аллаһ, 15 минутта алғашқы 10к жиналды. Аллаһ тағала қабыл етсін. Негізі шамамен 30 адамға есептесек, 90к теңгедей керек екен. Бірақ, шарт емес, жиналғанына қарай тарата береміз. Жиналған қаражатқа продукты алып, жасамаймыз, дайын тамақтар сатып алынады.…
Өте керемет бір дұға: Я, Раббым хайырлы істі кешіктіруден, хайырсыз іске асығудан сақтағайсың. Уақытымның қадірін білгендерден ет!
Кейде сен ойлаған жақсы сөзді ешкім айтпайды. Сондықтан кей жақсы сөзді алдымен өзіңе өзің айту керек.
Маа шаа Аллаһ, 15 минутта алғашқы 10к жиналды. Аллаһ тағала қабыл етсін. Негізі шамамен 30 адамға есептесек, 90к теңгедей керек екен. Бірақ, шарт емес, жиналғанына қарай тарата береміз. Жиналған қаражатқа продукты алып, жасамаймыз, дайын тамақтар сатып алынады. Кафе, асхана емес, өзіміздің жасаған тамақтардан сатып алып таратамыз. Оның ішінде тамақ, тәтті, сусыны деген сияқты. сұрақтар болса, үстін басыңыз.
Ассаламу алейкум, қалайсыздар? Жұма күнгі үрдісіміз бар еді ғой, тағы болады ма деп сұрап жатқан жандар үшін: Егер иә, жасайық десеңіздер, осы жұма жасайық Аллаһ қаласа. Иә десеңіздер бір белгі беріңіздер. Маған да оңай емес, жасаған сайын 200-300 адам шығып жатыр. Аллаһ қаласа, арнаны қолға аламыз)
Кез-келген нәрсе өзінше әдемі, өзінше сұлу. Сен оны көре алмасаң, ол жоқ деген сөз емес. Әрбір нәрседе бір жақсылық бар.
Адамдарды жоғалтудан қорықпаңыз, оларды разы етемін деп жүріп өзіңізді жоғалтып алудан қорқыңыз.
Сөздер қаламмен жазылады, сезімдер жүрекпен жазылады. Екеуінің арасындағы айырмашылықты тек қана ғашық адам түсіне алады.
Көп адамның ойынша садақа беру үшін міндетті түрде бай болу керек. Бірақ, мүлде олай емес. Қолыңда бар ақшаның бір бөлігін Аллаһ үшін садақа ету, мейлі ол мың теңге бола ма, жүз мың теңге бола ма, бастысы шын көңілден беруің. Бүгін қолыңдағы мың теңгенің жүз теңгесін бере алмасаң, ертең жүз мың теңгенің мың теңгесін беруің екіталай. Тіпті, садақа беру үшін бай болу былай тұрсын, ақшаның да керегі жоқ. Жәй ғана бір жақсылық, бір көмек, бір адамды қуантудың өзі садақа. Бауырыңа күліп қарау, жолдағы кедергіні алып тастау, жақсы сөз айту, т.б. айта берсең көп. Құстарға, мысықтарға су құйып беру, жем беру, нанның қиқымын беру болсын… Қолыңнан келетін нәрсемен әрекет ете беру керек, бай болғанда беремін, қартайғанда намаз оқимын деп жүре бермей. Кім біледі, қартаймайтын шығарсың, бай болмайтын шығарсың, тіпті ертең бар болуыңның өзі екіталай. Сондықтан, бүгіннен баста, бәлкім сен үшін ертең жоқ шығар?!
Негізі, сіз әлемдегі ең бай адамсыз. Оны қазір дәлелдеп бере аламын: — Сізге келіп, «екі көзіңді берші, саған әлемнің бүкіл байлығын береміз», — десе, бересіз бе? Әрине, жоқ. Демек сіз байсыз. Аллаһ Тағала қаншама нығметті беріп қойды, бірақ біз оларды байқамаймыз.
hayat kısa, yol uzun, ben yorgunum.
Аллаһқа шүкір! Барлығын аман-есен табыстадық. Алдыңғы жолы да алған кісілер рақметін айтып жатыр, өте керемет болды, Аллаһ разы болсын деп. Барлығы 22 дана тамақ таратылды. Барлығы дән риза, рақметтерін айтып, қатты қуанып қалды. Толық жетпей қалғаны болмаса, барлығы жақсы болды. Жасы үлкен кісілер де баршылық. Үш мың теңге көп ақша емес, бірақ осындай қызмет етіп жүрген кісілердің разылығына бөленіп, алғысын алғанға не жетсін. Бір мұсылманды тойдыру, қуанту ең үлкен бақыт емес пе?! Сіздермен бірге бұл істі жасадық, баршыңызға Аллаһ разы болсын. Бұл тек бастамасы, алда әлі талай үлкен істерді атқарамыз. Сенім білдіріп, атсалысқан әрбіріңізге алғысымыз шексіз. Кейбір қате-кемшіліктер кеткен болса айып етпегейсіздер. Рақмет, Аллаһ разы болсын! Бүгін сіз бір бауырыңызды қалай тамақтандырған болсаңыз, Аллаһ сізді жәннатта солай тамақтандырсын.
Selamun aleyküm, nasılsınız? Естеріңізде болса, алдыңғы жолы Жұма күні тамақ таратқан болатынбыз. «Тағы да жасайық, қашан болады» деген сынды хабарламалар келгендіктен Аллаһ қаласа тағы да ұйымдастырсақ деп ойлап отырмыз. Жиналған ақшаға сай тамақ сатып алып таратамыз. Дәл кафеден алғанмен бірдей болады. Бірақ магазин немесе кафеден емес, өзіміз жасаған тамақтардан сатып алып, таратамыз. Бір адамға үш мың теңгенің шамасында, оның ішінде тамақ, сусын, тәтті деген сияқты. Егер қосыламын, үлес қосамын десеңіз мархабат, Аллаһ ниетіңізді қабыл етсін. Тағы да айтамын, бұл ешқандай сбор емес. Кімнің көңілі қаласа, жүректегі сол бір жақсы ниетін іске асыруға деген бір кішкентай ғана себеп. Мақсат сан емес, сапа. Құдды бір «мың дирхамды озған бір дирхам» іспеттес. сұрақтар болса: 🤏