- Последний пост
- 9 дек.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Неге мұңайып отырсың? Жәннаттан мақрұм қалдың ба, әлде тозақпен сүйіншілендің бе?! Дүниенің шынайы құны – бір түйір уайымға татымайды. ©️Фәнуун
жүрегіңіз сияқты жүректерде болыңыз.
“Бұл дүниенің қызығы — бар болғаны біреудің ұйықтап, түсінде жақсы көретін нәрсесін көріп, қайтадан оянып кеткеніндей ғана”. Хасан әл-Басри (Алла рахымына алсын) 📚 Ибн Касир. Тафсир
Нәпсі тек уағызбен тазармайды. Нәпсіні тазарту – тоқтаусыз күрес. Нәпсіні тазарту – тоқтаусыз құрбандық.
Ақылмен тәрк еткен нәрсеге сезіммен қайта оралма. ©️Ізгілер даналығы (Таң атқанда📚)
Көтеріл. Көріну үшін емес, көру үшін. (Таң атқанда📚)
Құдай бар болғандықтан, адамдар Оның жоқтығын дәлелдеуге тырысады. Егер жоқ болса, Оған басты қатырып та әуре болмас еді. Әрбір кейіпкер өз авторын іздейді. Олар Құдайды тапты ма білмеймін. Бірақ Құдайды іздеп жолға шыққандары анық.
Намаз туралы айтылған ең көркем сөздің бірі… Намаз — ризықты арттырады, денсаулықты қорғайды, жамандықты кері қайтарады.Ол жүрекке күш, жүзге нұр, жанға қуаныш сыйлайды. Жалқаулықты қашырып, рухты оятады. (Зәд әл-мәғәд📚)
«Қоғам сені қалай көрсе, Алла да дәл солай көреді» — деген сөз шындыққа жанаспайды. Ибраһим пайғамбарды (ғалейһиссәләм) өз қауымы жақтырмады. Пұттарды қиратқаны үшін оны бүлікші әрі бұзақы деп таныды. Бірақ Алла Тағала оны ардақтап, жалғыз өзін «үммет» деп атады. Сол сияқты, сені де қоғам қабылдамауы, дұрыс түсінбеуі мүмкін. Алайда бұл Алла алдындағы дәрежеңнің төмен екенін білдірмейді. Сондықтан, өз орныңды қоғамның пікірінен емес, Раббыңның разылығынан ізде. ©️Шейх Әдһәм әл-Ғасими
Біз адамдар, өзгеден өзгеріс күтсек, бірден үлкен нәтижені қалаймыз. Ал Алланың құзырында сенің кішкентай ғана әдетің де ұнамды болуы мүмкін. Адамдар сенен: «Күніне қанша пара Құран оқисың?» – деп сұрайды. Ал Аллаға сенің ұйқыдан оянған сәтте “Әлхамдулилләh” деп дұға айтуың ұнамдырақ. 😄 Нурбол Рахматилла ұстаз
просто знай: кому-то уже легче, потому что ты есть
😂😂.
инстаграмнан фейкпен қараған адамдарды бірден қара тізіміме еңгізіп отырамын, жоқ айтыңдаршы мен шіли фейкпен қарайтындай адам емеспін ғо
Субханаллаһ! Мен түнгі намазды тұрақты оқыған әр адамның жағдайы түбегейлі өзгеретінін байқадым. Ол Аллаға жақындап, ақырет оның бар уайымы мен тілегінің негізгі мақсатына айналады. Дұғалары қабыл бола бастайды. Сенің алдыңда үлкен мүмкіндік бар — құптан намазынан таң намазының азанына дейін. Осы уақытта екі, төрт немесе одан да көп ракағат түнгі намаз оқуға болады. Түннің соңында Құран оқу — жүректі түзетуге, жағдайыңды жақсартуға ерекше әсер етеді. Жүрегіңді түзеймін десең, Алламен бірге бол!
"Хижаб — бұл әйелге тән құлшылық. Әйел хижабын киген сәттен бастап ол — құлшылықта. Тіпті отбасымен серуенге шықса… Ер адамдар рұқсат етілген істермен (мубах) айналысып жүруі мүмкін, ал әйел болса — хижабымен құлшылық жасап жүреді!" ✒️ Шейх Мұхаммед Уаиль әл-Ханбали
يَا رَبِّي، مَا أَرْحَمَكَ.🥹❤️🩹
Іздесе, пендеге жол табылмай ма?
Раббым Сен нендей маған жақынсың, мен нендей Сенен алыспын… Ибн Атайлля ас-Сакандари р.һ
Сен әлсіз есте сақтау қабілетімен сыналуың мүмкін. Көп қайталауға мәжбүр боласың. Бірақ сол көп қайталау — Жәннатқа кіруіңе себеп болар, өйткені сауаптарың да көп болады.
Қалай көрінсек сондай болуымызды нәсіп етсін