- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 2
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 518
- 1/48двое суток
- 593
- 1/72трое суток
- 640
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Адамдар өміріңе келеді, кетеді. Жаралайды, жақын болады. Алыстайды, бәрінен жақсы түсінеді. Адамның өзі тұрақсыздық қой. Кез-келген адаммен бір күні қарым-қатынас үзіледі. Сол кезде сізбен болатын, үнемі бірге болған да Алла ғана. Сол сәтте сіз Алламенсіз бе, осы маңызды. Дәл осы себепті не болса болсын! Намазыңызды тастамаңыз. Аллаһ сізбен болады ғой, сіз Алламенсіз бе? Сол маңызды.
Бисмиллях🤍 Қазір барлық адамдар блог жүргізеді, курс сатады, бизнес жасайды. Барлығымыз адамдардың назарын қаратумен әлекпіз, себебі сол бізге танымалдылық, ақша, мүмкіндіктер әкеледі. Хадисте дүние мен ақыретті теңдей ұстаңдар делінген. Біз қазір ақша, саяхат, дүниені күшті өрбітіп жатырмыз. Бірақ екінші жағынан рухымыз, иманымыз құлдырап барады. Шайтан айтады: неғыласың, хиджабсыз сұлурақсың, өзіңді тап, шеш, өміріңді толықтай сезініп сүрсеңші дейді. Намаз сенің уақытыңды алып, тұтқын етіп ұстап жатқандай сипаттайды. Аллаға емес, өзіңе, дүниеңе сенуге шақырады. Сені бағаламайтын еркек саған неге керек деп қанша отбасыны ажырастырды. Сен өзің ақ күн көре аласың, еркін боласың, орамалсыз сұлулығыңмен мүлде көп ақша табасың деді. Мұсылман бауырларым, жақсы, көп дүниеңіз бар делік, бірақ барлығы дүниеге келіп тірелмейді ғой. Онымен іс бітпейді ғой. 80 жасқа дейін шалқып өмір сүрдіңіз мейлі, ары қарай ше? Қабірде бір алтын жарық бере алмайды, бір Құран аяты нұр болады ғой. Бір намаз құтқарады, ысыраптарыңыз одан сайын тозаққа батырады ғой. Жәннәтқа дайындалсақ минуста қалмаймыз. Жәннәт мәңгілік. Тозақ та мәңгілік. Махаббат, бала, дүние бәрі сіз қабірге жатқанда осы дүниеде қалады. Тек қана Алламен қарым-қатынасыңыз сізді қабірде, ақыретте құтқарады. Сауаптарыңыз бен жақсы амалдарыңыз ғана сізді алып шығады. Ал осы дүниеде жүріп тұрған, барған, көрген, жерлеріміз, тамағымыз, шығыстарымыз үшін біз сұраламыз. Жұмсаған әрбір дүние үшін сұраламыз. Неге, қайда, қалай жұмсадың? Өтірік мақсаттардан арылыңыз. Өмірдің өзі иллюзия. Үлкен өтірікте өмір сүріп жатырмыз. Нағыз өмір өлімнен кейін басталады. Ал қазір сізде оған дайындалатын мүмкіндік бар. Ойланыңыз..
ҚЫЗДАААР!😍 Человек паукты🕷️🕸️ хиджабтағы қыздар болып бірге көруге қалай қарайсыздар? 9 тамыз, жексенбі, Алматы📍 19:30да Ақысыз🙅🏻♀️Тек қана билетке төлейсіз💸 Кинозалда бір қатар толық тек қана орамалдылар болып отырамыз🤭 Керемет фото, видеолар жасаймыз💕😍 Нәзік, ашық түсті киіммен келеміз❕ Ешқандай уағыз болмайды, орамалымыз біз үшін сөйлейді☺️ Өмірде орамал тақпасаңыз да кездесуге орамалмен келесіз🥰 18:00 жиналу 18:00-19:00 контент жасау 19:00-19:30 Шам намазы 19:30 Кино!🕷️ 9 тамыз, жексенбі, Алматы📍 19:30да Ақысыз🙅🏻♀️Тек қана билетке төлейсіз💸 Орын алу үшін: 87773600743
барлық жауаптар намазда это конец болып көрінсе де ештеңе көмектесе алмайтындай болып көрінсе де қаншама рет көзім жетті намаз сенің жалғыз құтқарушың үмітсіз шайтан ғана. оның енді шансы жоқ. сол үшін де бар амалы өзімен как можно по больше адам алып кету ал сенің қабірге дейін күнде, әр секундта мүмкінгің бар. намазда ең Лучший Советчикпен ақылдасасың. ең жақсы хәлді беріп қоя салады күмәнің болмасын үмітің сөнбесін жарығым🕯️
Адам қаласа себеп табады. Қалмаса сылтау табады. Өзінің бай болатынына сене алмайтын адам, кедей болатынына көне алады. Үнемі біреуден бірдеңе күтуді доғар. Бүкіл әлемді үйіңдей көр. Нагло өз мақсатыңа қарай жүр. Күтуді доғарғанда ренжуді қоясың. Сенен зависить еткеннің бәрін жаса, сенің қолың жетпейді Құдайға тапсыр.
Ертең Аллаһ бұйыртса қыздарға арналған кездесу өткізбекшімін❤️ Орын алу үшін: 87773600743
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
Бір адамды көргенде Алла есіңізге түсетін болса, демек ол адамға Алланың назары түскен екен❤️🩹
Ауа райына тіл тигізу, шағымдану кедейлік шақырады екен. Жоқтықты қолдан жасамайық❤️
Токсик, іші толған негатив адамдар саған позитив, дамушы, үнемі жарыққа жүруші орта керектігін жеткізеді. 💡 Сенің қабілетіңді құнсыздандырып, еңбегіңді бағаламайтын, тек минусыңды теретін жерде жүріп сен өзіңе риясыз сені қолдайтын, бойыңдағы жақсылықты көре алатын, айта алатын, ішіндегі шырағымен бөлісуге қабілетті адамдар керектігін түсінесің. 🕯️💕 Сенің, өзінің уақытыңа немқұрайлы қарайтын, миыңды керексіз ақпаратпен ағызып, бітпес жалобаларымен шаршататын, сені өзінің жеке “тыңдаушысы” етіп алып, әйтеуір энергияңды сорын алғысы келіп тұратын адамдардың қасында сен өзіңе - жауапты, өзін де өзгені де құрметтейтін, өзгенің рухын ластаудан аулақ, ! ересек ! , өз мақсаты, өз жолы және сау ұстанымдары бар адам керектігін ұғасың. ⏳❤️ Біреудің сені орынсыз басқаруынан тұншыққанда саған өзін-өзі басқару, еркіндік және гибкий график керектігін ұғынасың. Жасап жүрген ісіңнен құсқың келсе, тұрған орның ұнамаса ол саған сенің жолың, миссияң, сен үшін жаралған іс басқа екенін айқайлап айтып жатыр деген сөз. Саған өміріңде ұнамайтын нәрселер - сенің компасың. Кейде әрекет жетпейді, ал кейде шүкіршілік. Осы екеуді ажырата білу керек❤️
Адам бір сөзден кейін күрт өзгеріп кетуі мүмкін. Бір ғана сөз өмірді өзгертуге құдіретті. Мән беру мен ойлану жеткілікті. Бірақ өкініштісі адам мән бергісі келетін нәрсесіне ғана мән береді.
Өтірік айтқалы жатқанда есіңе ал: осыны жабу үшін артынан он өтірік тағы айтасың
Екі істі қатар жасап отырған адам ештеңемен айналысып жатқан жоқ
Бір сәтке елестетіп көрдім де. Жердің астында жатқанда осы өміріміздегі біз атау берген “кішкентай нәрселер” ол жақта сондай бақыт болатын шығар. Біреумен сөйлесуге зар болатын жер астында, үйдегілермен сөйлескенің есіңе түсетін сияқты. Біреудің жымиғаны, біреуге берген сыйлығың, әдемі ауа райындағы серуен, бір жұтым шырының, ұшақта ұшқаның, жерде аяқ басып жүргендерің, осылай телефон қарап отырғаның, тынышытығың, уайымсыздығың. Осының бәрі сондай бағалы сыйлық болғанын түсінетін сияқтымыз. Өлімге күнің жақындағанда, қатты қартайғанда бағалай бастайтын бүгінің - қазір де бағаланыла алатын нығмет қой. Ойлап қойдым да..)
Дәретханада Алланың атын тіліме алуға мәжбүр болдым. Бүгін болған оқиға. Ұшақта дәретке қатты қысылдым. Дәретханаға тұрып жатқандарды көріп болады екен дедім. Бардым, кезектемін. Бортсерік - тұруға болады деген жарық әлі жанған жоқ, өз қауіпсіздігіңізге өзіңіз жауапкершілік аласыз деді. Жақсы дедім. Жақсы болған бәрі. Кірдім. Ісімді бітіріп, қолымды жуғалы жатқан едім. Бір кезде ұшақ 6-7 баллдық жер сілкінісіндегі үй сияқты қатты шайқалды. Оңнан солға, солдан оңға, тоқтаусыз қабырғаға ұрғылайтвн соққылар. Сұмдық болды. Өте қатты қорықтым. Бір трубаға жармасып, жабысып ұстап алғанмын. Бітер түрі жоқ. Турбуленттік зонаның емес, менің біткен жерім осы дедім. Было страшно за все. За свою жизнь. За свою смерть. За свое выживание. За свое спасение. За судный день. За могилу. За родных. За непрожетую жизнь. За совершенные грехи. За непрочитанные намазы. За недостигнутые мечты. За все. Дәретханада өлемін ба? Дәретханада тәубеме келетіндей дәрежеге түстім ба? Дәретханада тілімді кәлимаға келтіріп, Құдай кешірші дейтіндей соншалықты аянышты хәлдегі құлға қашан айналып кеткенмін? Өлімім позорный бола ма? Осымен бәрі бітті ме? Дәретханада Алланы аузыма алатындай шарасыздықтамын ба? Қандай түкке тұрғысыз болып қалғанмын? Әлде бұрыннан солай меді? Өзім жайлы биік ойда едім бе? Жасым пора пора ағып жатыр. Ерінім жыбырлап, тіліме не келсе истиғфар бар ма, кәлима, зікір, аят аль курси, салауат бар ма тоқтамай айта бердім. Таңертең ғана Құраннан ұстазым: “Бүгін жолға шықсаңыз, аузыңыздан истиғфарды барынша тастамай айтып келіңіз. Бірақ шынайы түрде, жүрекпен сезініп. Кейін нәтижесін көресіз Алла қаласа” дегені еді, сезген шығар, дәретханада есіме түсті. Сапарға шыққанымды көрген бәрінің “аман есен жет” дегендері есіме түсті. Бұл сөзге немқұрайлы қарап келіппін. Күнәларымды мойындап, өкініп, тек тәубе ете бердім. Аман қалсам оларды жоюға уәде бердім. Орнын Алланың сүйген істерімен толтыруға ниеттендім. Шамасы он бес - жиырма минут өтті, әлі де шайқалып келеді, оттың ұшқынындай жақсылыққа кішкентай бір үмітім бар. Қалған тоқсан тоғыз пайызы - уайым, тәубе, өлімге дайындық. Тәнімнің бөлшектерге бөлініп, әр жерде жатқаны көзіме елестейді. Қай жерде құлар екенбіз, жаңалықтан ұшақтың құлағанын көрген ата-анамның хәлі не болмақ? деген сұрақтарды ойлана бастадым. Әкеме алған оның сүйікті шоколадын апара алмадым ау деп өтірік жымидым). Ертең сөмкемді біреу тапса, жарықтық, әкесіне сыйлық апара жатқан екен ғой дейді ме екен дедім. Бір кезде бортсерік есікті тоқылдатты: сізде бәрі дұрыс па? Мен: иә (негізі жоқ, өлердец қорқып, өлуге дайындалып отырмын). Келіңіз мына жерге отырыңыз. Қасындағы басқа бортсерікке: Өтініш мына кісіні отырғыза қойшы деді. Жандарына алып отырды. Олардың белдіктері мықтырақ, сәбилерді көлікте таситын автоорындықтың белдіктеріндей толық қамтылған екен. Қауіпсіздік сезіндіреді. Ол жерде де 15-20 минуттай отырдық. Қорқынышым сейілді, қасымдағы күнде ұшатын кісілер уайымсыз отырғасын, маған да әсер етті, тыныштандым. Бортсеріктердің бөлмесіндегі ағылшынша жазуларды оқып отырдым. Сансыз шүкір, турбуленттік зонадан шықтық ау деймін, бортсеріктер орындықтарынан тұрды, менің де белдігімді босатты. Орныма барып отырғанда менен бақытты адам болмады. Шүкіршілікпен ұзақ ойландым. Осылайша сіз оқыған осы жазба туылды. Бұл жазба кімге не беретінін білмеймін. Бірақ әркім өзіне тиген жерін өзі біледі, ойланды, ал менің мақсатым осы жазба арқылы орындалды.
Бүгін мен жыладым және мені жылатқан ұстазымның сөзі Бірде Құраннан ұстазым көңілімде бір мұң барын сезді. Сұрады. Айтуға батпадым. Арада уақыт өтті, Алла тағы салды жүрегіне. Мұңымды айттым. Сосын ұстаз былай деді: - Сіздің осы күнәңіз сізден намазды алыстатты. Адам күнә жасағанда Алла одан бір нығметін алып қояды. Сіздің жағдайыңызда ол - намаз. - деді. Ішім жамааан болып қалды. Күліп иә иә дедім. Бірақ жүрегіме қап қара дақ түсті. Ары қарай сөйлесіп отыра бердік. Көңіл күйім жоқ. Сөйтіп отырғанда бір ашу бойымды биледі. Сөйтті де маған іштей былай дегізді: - Стоп. Не??? Жоқ. Қырсыққанда оқимын. Дым емес маған! Ішімде қуаныштан жас шықты. Алла мені беске біледі ғой, дәл тиетін жерімнен ұстап, өзі шақырып алғандай болды. Әңгімелесіп бола сала намазымды қайта оқып кеттім) Кейде сен хайырсыз деген нәрсе (ұстазымның ауыр сөзі) саған хайырлы болуы мүмкін. Сенің тұрып кетуіңе себепші.
Аллаға қайт. Сен қайта келсең қуанады и сені де қуантады
Адамдарға жақсылық жасайсың. Жақсылығыңа жамандықпен, ауыр сөзбен, немқұрайлықпен жауап береді. Сонда сенде сұрақ туындайды. - Е Құдай, мен не істейін? Мейірімділігімді сақтасам, ары қарай жақсылық жасай берсем, нем қалады? Неужели мен де олар сияқты тас адам болуым керек? Енді ешкімге мейірімді болудың қажеті жоқ па? Сол сәтте біл! Ақырет бар. Әр адам бүгінгі таңдауымен, бүгінгі шешімімен, әрекетімен ақыретін шешіп жатыр. Сенің жақсылығың сенің ақыретіңнің азығы. Олардың сенің мейіріміңе жасаған опасыздығы өздерінің тозағына жинаған отыны. Солайша өз-өздерін сұралатын жағдайға апарады, ол өздеріне жасаған тұзағы. Ал сен өз ұстанымыңа, таңдаған жолыңа адал бол. Мейіріміңді төксең, Алланың жүрегіңе салғаны, ақыретіңді ойлағаның. Жақсылығыңды мұқтаждарға жасай бер, көмегіңді бер. Дегенмен қадіріңді біл, жақсылыққа кісілік танытқан адамның алдына барма, түспе, жалынба
менің дінім ең жақсы дін. менің дінім ең мейірімді дін. менің дінімде бәрі тең. менің дінімде Құдай бір. менің дінімде мүмкін емес нәрсе жоқ. менің дінім ең кешірімді дін. менің дінім ең жақсы дін..