tgindex
oilar 💭
@oilaarРелигияказахский

жан дүниеңнің бақшасы..

Последний пост
3 июл.
Последнее чтение
14 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
6 553
−4 за 2 дн.
Сутки
−2
−0,03%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
7 731
20 постов
Вовлечённость
118,0%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
2
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 3 июл.3 42414128

    Адам адамды тура жолға сала алмайтыны қандай қызық ия…Орамалыңызға қарсы болған ата-ананы, сізді түсінбеген дос-құрбыны, намазыңызды ұқпайтын жарыңызды- ешкімді тура жолға сала алмайтыныңыз қандай қиын әрі өкінішті. Расында біз тек ескертушіміз, бір-бірімізге демеу болатын жандармыз, бірақ билік Раббымызға тиесілі.🤍 Шаршамау керек, бірдеңені қайта-қайта түсіндіріп,айтып, энергиямызды шашпауымыз керек…Қолдан келген әрекетіңізді жасаған соң, қалғанын Аллаға тапсырып үйреніңіз…

  • 1 июл.3 89418224

    Ештеңені мінсіз үлгі тұтпау керек, ешкімнің өмірі мінсіз емес. Біреу үшін ең қиын өмір-балалы өмір, біреу үшін ең қиыны-баласыз өту. Біреу жұмыс таппай қиналып жүр, ал енді біреу жұмыс жасайды, бірақ сүйікті жұмысы емес. Әркімнің басында бір қиындық бар, бірақ Алла Тағала Аса мейірімді, Рақымды, Қамқор🤍 Барлық адам түптің түбі - Рахманның құлы, тек Алладан жәрдем сұрап қана қиыншылықтан өтеміз, Оған жақын болу арқылы жүрегіміз тазаланады. Қанша уақытыңыз болмай жатса да, Раббыңызға бірер минутыңызды арнап, риясыз жүрекпен шүкір айтуды ұмытпаңызшы.

  • 30 мая5 16020132

    “Ендеше Алланың қай нығметін жоққа шығарасыңдар?” (Рахман сүресі)🤍 Раббыңның қамқорлығы сондай, сені Өзі тәрбиеледі, жүрегіңді оңашалап, адамдарға күніңді қаратпай… Оған ғана мұқтаж екеніңді секунд сайын есіңе салып тұрды, саған дұға еткізді… Сені Өзі тәрбиеледі, құшақтады бар мейірімімен.. Раббыңның қамқорлығы сондай, қыстан кейін бірден жаз қылмады. Жүрегің үйренсін, кеудең көндіксін, түсініксіз сезімде боп қалмасын деп, ортасына көктемді әкеп қойды… «Раббыңның қамқорлығы сондай, сені автобустарға, рейстерге, сабақтарға, жиындарға кешіктірді, сені сақтау үшін... Жаман оқиғаның алдын алу үшін. Өйткені ол оқиғалар сен үшін емес еді. Сенің тағдырыңда емес еді...» «Раббыңның қамқорлығы сондай, сені ризықтандырды, қалтаңда 500 теңге болса да, сен ризықсыз, аш-жалаңаш қалмадың, ешкімге қолыңды жаймадың... Өзі өсірді.. Өзі денсаулығыңды күтті..»

  • 27 мая4 73622843

    Кеше Аллаһым бір нәрсені түсіндіреді ғой Адам тек Раббысына ғана мұқтаж, кішкентай жүрегі жылап, Құдайын ғана іздейді. Дүние, жылтыр бұйым, қыдыру, ақша бәрі уақытша нәрсе, бәрінің сұрауы бар. Қаншалықты көп роскошьта, байлықта өмір сүрсең, соншалықты көп сұраласың, Алланың есебі түзу, Ол Аль Хасиб. Сондықтан қазір сүріп жатқан қарапайым өміріңізді сүйіңіз, ақша жетпейтін, кейде дұрыс киер киіміңіз жоқ өміріңізді құрметтеңіз, шүкірсіздік қылмаңыз. Деніңіз сау ма, Исламдасыз ба, болды басқа ештеңе керек емес сізге, бізге🤍🫶🏻

  • 20 мая5 39518242

    Егер Алла Тағалаға мына дүние қымбат болғанда оны кәпірлерге бермес еді. Раббымыз үшін мына дүниенің “маса қанатындай” қадірі жоқ. Сондықтан сіз де бұл дүниені қатты қадірлеп, қорқа бермей, жеңіл өмір сүріп көріңіз. Адамдар ашуланып жатқан жерде ең сабырлы адам болыңыз. Асығып жатқан кезде, ең байсалды, жай адам болыңыз. Жай ғана рұқсат етіңіз, сонда өзгереді бәрі…Адамдар айта береді, асықтыра береді, түбінде таңдау өзіңізде.🤍

  • 20 мая4 34512015

    Үнемі жан рақатын бірінші орынға қойыңыздар.🫶🏻 Асылында Аллаһ Тағала жүрекке ненің дұрыс/бұрыс екенін көрсетеді. Тек дұрыс ориентир керек. Қазір басыңыз аурып, қиналып, шеше алмай жүрген нәрсеңіз болашақта мысқалдай маңызы жоқ нәрсе шығар?

  • 19 мая7 39325743

    Байқадыңыздар ма, адамда позитивті көзқарас болса(көңілді) ол адамға тәубешіл, шүкіршіл болу оңай. Көбіне айналасына уын шашып, жынданып, ашуланып жүретін адамның Құдайға рақметі жоқ болады. Егер құл өзінде бар нәрсеге шүкір етсе, ол адамға жоқ нәрселер де келеді. Алладан бірдеңе сұрағанда дефицит болғаннан сұрамаңыз. Барыңызға шүкіршілік етіңіз, сонда Алла Тағала жоғыңызды да береді, барыңызды арттырады.🫶🏻

  • 10 мая5 51126822

    Намазды бір қаза қылып үйренген адам Раббысының алдында беті ашылып, ұялмай кетеді Сол үшін таң намазына өте сақ болыңыз, әрі қарайғы намаздар оқуға оңай🤍🤲🏼Тек таң намазыңызды қаза қылмасаңыз, иншаАллах Аллах күш береді күндізгі уақыттарға.

  • 8 мая5 27114816

    Ойыма бір нәрсе келіп тұрып қалды да… Осы өмірде ештеңені шынайы, реалистік тұрғыда (всерьез) қабылдамай өмір сүрсек қалай болады? Тура ойнап жүргендей…Қиналған кезде оны да кезекті бір ойын деп түсінсек.Ойында бонус, тиын жинап отырамыз ғой, тура сол секілді сауап жинап, қиындықтарды елеп-ескермей, секіріп жүріп ойнасақ өмір әлдеқайда жеңіл болмас па еді?

  • 25 апр.10,2 тыс271121

    Раббыңнан басқасының бәрін жібер… Шешілмеген мәселені, сені жүдеткен жұмысты, көңіліңді түсірген сәтсіздікті, оқылмаған хаттарды, қайтарымы жоқ сезімді, һайыры жоқ махаббатты- бәрін жібер. Жүрегің алысқа самғасын, қорықпай соқсын. Маңдайыңа жазылмаған тағдырды баянды қылам деп жалғыз өзің күреспе. Бәрін жібер, тек Раббыңнан ұстап қал, Исламнан алыстама. Нағыз гүлдейтін, қауыз жаратын шағың бұл. Өкінішке жақын болма, керісінше болашақтан күтер үмітің көп болсын. Раббыңа сенсең, құстай ұшасың, бәрі тез-ақ орындалады. Сен жай ғана адамдарды өміріңде ұстап қалуға тырыспа..

  • 22 февр.9 4563655

    Ал ең бастысы- қанша адасып кетсең де, шындықтан көз жазып қалсаң да, айналаңда нәпсіңді оятып, қызықтыратын жылтырақ көп болса да, Алланың панасына тығылу, қашу🤍 Бұл өмірде Алладан артық Дос, Жанашыр жоқ, іздеп бекер әуре боламыз. Әйтеуір бірінің іштарлығы, көреалмастығы судың бетіндегі майдай болып кілкілдеп көрініп тұрады. Сол үшін өз басым ешкімге сенбеймін де, ешкімді әурелемеймін де, тыныш өмір сүремін..

  • 5 февр.9 8842148

    Бәрін Аллаға тапсырып, ештеңені уайымдамай, тып-тыныш бола қалған қандай ғажап🤍Ия, әрқайсымыздың бір мұңымыз, қасіретіміз, уайымымыз бар. Бірақ, Раббың менің жанымды тыныштандыратыны, уайымымды жаратқан Аллаһым емес пе? Демек ол шешіледі. Шешілмесе де шешіледі. Шеше алмасам, Аллаһым Өзі шешіп береді. Өмір ешқашан бір арнада тоқтап қалған емес, солай ғой? Әр қиындық өз уақытында қиын, үлкен проблема болып көрінгенімен…дәл осы қиындық- біздің өмір жолымыз ғой. Әдемі, нәзік өмір жолымыз…🕊️

  • 30 дек.11,8 тыс18475

    Ең жеңіл өмір-адамды ғайбаттамауда, жек көрмеуде🤍Жай оның да әлсіз құл екенін ескеріп, дәл сол қалпында қабылдауда деп білемін.Өйткені бәріміз күнәһар құлдармыз. Бәріміз.

  • 30 дек.10,3 тыс12338

    Бір ғалымның сөзі бар: “Егер бір адаммен қарым-қатынасыңды үзсең, одан тіліңді де үз” дейді. Дәл осы ғибратқа амал етсек, біз басымыздағы көп күнәдан аман қалар ма едік? Әр әділетсіздік пен сатқындық, ғайбат пен өсек өзімізге екі есе қайтып жатқанын білеміз бе?

  • 30 дек.9 53612845

    Мен Алланың Аль Адль (Әділ) есімін қатты жақсы көремін, Оның әділдігіне өте қатты сенемін, әр әділетсіздік, қиянат, қастандық үшін 2,3 есе ауыр сынаққа тартылатынымызды білемін, біреуді өсектеп, сыртынан ғайбат айтар болсақ, сол нәрсенің тез арада өзімізге қайтатынына жан жүрегіммен сенемін. Ешқашан біреудің артын аңдып, айыбын ашпау керек, керісінше барынша жасырын ұстау керек, сонда Раббыңыз да сіздің күнәңізді ақірет күні жасырады (иншаАллах)🤍 Дәл сол секілді, бір адам жайлы жеңіл, жағымсыз ойдан барынша сақтану керек, себебі сіз дәл сол адамнан көмек аласыз, ең жақын, жақсы деп ойлаған адамнан емес. Ешқашан сіз ойлағандай болмайды, кейде Алла Тағала түсіңізге кіріп-шықпаған ситуациялармен сынайды.

  • 7 дек.10,7 тыс22746

    Жақында бір ұстаздан естіп қалдым🤍 Намазды тек жан рахаты үшін оқу жеткіліксіз. Намазды Алла Тағала бізге бақыт сыйлау үшін парыз еткен жоқ. Артымызда өлім деген нәрсе бар болғандықтан, құтылу үшін (тозақ отынан)Алла Тағала оқыңыздар деп әмір еткені үшін оқуымыз керек екен. “Намаз оқысам күшті болып қалам” деген сезім бірде бар, бірде жоқ. Ол сезім кейде шайтан аузубилляхтан да келеді, намазды сезініп оқи алмайтын болдың ғой, оқымай-ақ қой деген секілді ойларға ұласады…Сол үшін намазды сезімге байламаймыз. Күшті болсақ та, болмасақ та оқимыз…🫶🏻

  • 15 нояб.11 тыс27981

    Ешқандай жұмыс, шаруа, проблема сенің өзіңнен және сенің денсаулығыңнан биік емес. Кейде жауапкершіліктің шекпенін шешіп те біл. Оны киетін басқа адамдар табылады. Кейде жай ғана Алла Тағалаға тапсырып көр, сонда ісіңнің сен араласпасаң да, өздігінен домалап жатқанын көресің. Біздегі ең үлкен проблема- мен араласпасам бітпейді деп ойлау, бәріне біздің қатысымыз бар деп түсіну. Осының салдарынан көп күшімізді дүнияуи проблемаларға жұмсап, құлшылыққа ашығып қалып жатырмыз. Кейде жай ғана әлсіз бола біл, әрекетсіз бола біл, бақылай біл, болды, басқасы маңызды емес.

  • 14 нояб.9 21719734

    Мәңгі тыныштығым ол менің намазым, басқа ештеңеден мен бақыт таппадым. Сәл алыстап кетсем сағынамын, өз-өзімнен жүрегім айнып жиіркенемін. Бұл тіпті фанатизм емес, бұл рухани аштық. Намазға аш болу, діннің тәттілігіне аш болу. Бір кісі бұрын “саған діннің салқыны тиген” деп еді, керісінше Ислам мені тоңғанда жылындырды, киетін киімім сияқты болды. Күнде керемет амал ете алмасам да, пенделік басып кетсе де, Алласы жоқ ауыздың құритынын білемін…Аллаһым тек даналық берсін, дүниеге баспен кіріп кетуден сақтасын.

  • 14 нояб.8 79115648

    Ешқандай дүнияуи нығмет, ақша, атақ, машина, бизнес - Алланың алдында сүйікті болудан, Құран оқудан, Құранды жаттаудан, оған амал етуден артық емес. Әдемі киіну, роскошьта шалқып өмір сүру, брендтен киіну ешқайсысы мәңгілік өмірді сатып кетуге тұрмайды. Әдемі бояну, әдемі фигура, әдемі келбет, соны көрсету үшін намазды тастау, орамалды тастау, ешбірі Алланың мәңгілік, ақіреттік нығметтерінің жанында түк емес❗️

  • 12 нояб.8 58933592

    Шүкір етейік. Шаршап жүргенімізге, кейде эмоциялар толып, сөйлей алмай, үйге келіп ұйықтап қалатынымызға, жұмыстан әбден қажып, үйге аш болып келетінімізге, бәріне-бәріне🤍 Не істеп шаршайтынымызды таңдаттырып қойған Аллаға сансыз шүкір. Расында бәріміз де бір істен шаршап жүрміз, бірақ осы нәрсе үшін шүкір ету- көптеген нығметтерге жетелейді.

oilar 💭 — tgindex