tagylym
Статистика"Раббым ілімімді арттыр" Кері байланыс: @Tagylym_bot Аудио-подкаст: @podcast_123
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 2
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 138
- 1/48двое суток
- 158
- 1/72трое суток
- 170
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Ислам дінді бірінші орынға қоятын иманға негізделген бауырластықтың орнына тек өз ұлтын ғана жоғары қоятын ұлтшылдық түсінікке қарсы. Иә, Исламдағы иман байланысы арқылы тайпашылдық пен нәсілшілдік, ұлтшылдық түсінігі түбегейлі жойылды. Сахабаларға қарасақ, олардың көпшілігінің әртүрлі ұлттардан болғанын бірден байқаймыз. Мысалы, Хазірет Әбу Бәкір – араб, Хазірет Биләл – хабаши, Хазірет Сухайб – византиялық, ал Хазірет Салман – парсы еді. Бұлардың барлығы әртүрлі өлкелер мен әртүрлі халықтардың өкілдері болғанына қарамастан, Исламның ортақ қазанында бірігіп, бір-біріне бауыр болды. Құрандағы: «Расында, Алланың алдында сендердің ең абзалдарың – тақуаларың» (Хужурат сүресі, 49:13) – деген аят та осы ақиқатты айқын дәлелдейді.
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
وَمَن يُطِعِ ٱللَّهَ وَٱلرَّسُولَ فَأُوْلَـٰٓئِكَ مَعَ ٱلَّذِينَ أَنۡعَمَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ وَٱلصِّدِّيقِينَ وَٱلشُّهَدَآءِ وَٱلصَّـٰلِحِينَۚ وَحَسُنَ أُوْلَـٰٓئِكَ رَفِيقًا Кімде-кім Аллаға және елшісіне тиісінше мойынсұнса, міне, солар Алланың шексіз нығметіне бөленген пайғамбарлармен, сыддықтармен, шейіттермен және ізгі жандармен бірге болады. Бұлар қандай керемет жолдастар десеңші! Ниса: 69 *** Хасан, Сағид ибн Жубайр, Қатада, Рабиғ және Суддиден жеткізілген риуаят бойынша, кейбір адамдар: «Пайғамбарлар Жәннаттың ең жоғары дәрежесінде болады, сондықтан біз оларды көре алмай қаламыз», - деп ойлап, қайғырған. Олар бұл жайында Пайғамбардан ﷺ сұраған кезде осы аят түскен. Яғни аяттың сүйіншісі: Аллаға және Елшіге шын бойсұнған адамның дәрежесі пайғамбарлармен бірдей болмаса да, Жәннатта олардың сұхбаты мен жақындығынан құр қалмайды.
«Алла» сөзі Құранда ең көп екі бетте кездеседі, әрқайсысында 16 реттен. 189-бетте: Алланың есімі ең көп еске алынатын мешіттерді салуға ынталандыру бар (Тәубә: 18-аят). 423-бетте: «Алланы көп еске алыңдар (зікір етіңдер)» деген әмір бар. (Ахзаб: 41-аят).
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
@halaldamu_bot Сізге жақын маңдағы халал мекемелерді көрсететін бот
«ومن لكَ أَنيسًا حين تشتدُّ عليك الحياة غير القرآن؟».
لِكُلِّ مَقَامٍ مَقَالٌ وَلِكُلِّ أُرْمَانٍ شَقَالٌ
Edebim el vermez Edepsizlik edene. Susmak en güzel cevap, Edebi elden gidene. Yunus Emre
الر Алиф Ләм Ро муқаттаға әріптерімен басталған сүрелердің ортақ бір ерекшелігі (Хижр сүресін қоспағанда) барлығы пайғамбар атымен аталған сүрелер: Юсуф, Юнус, Һуд, Ибраһим сүрелері.
"Eğer hak ile meşgul olmazsan batil seni işgal eder". İmâm Şâfi
«Мінезі көркем адам ең маңызды сұлулыққа қол жеткізген болып саналады. Бірақ жақсы мінез ашушаңдықпен, дөрекілікпен және жағымсыз мінезбен сыналмайынша, оның шынайылығы дәлелденбейді. Егер адам дөрекі адамдарға тап болғанда да өз мінезін өзгертпесе, яғни айналасындағылардың мінезі шаян мен кобрадай уытты болса да, оларға қарсы әдеп пен көркем қарым-қатынасты сақтауға тырысса, онда ол шын мәнінде көркем мінезді адам деген сөз. Жақсы адамдармен жүргенде әдепті болу оңай. Нағыз көркем мінез - ең жаман адаммен немесе өзіміз жаман деп санайтын адамдармен де әрдайым жақсы қарым-қатынасты сақтай білу.
Адамдардың мырзасының айтқан сөздері - сөздердің мырзасы.
Сабыр — бір нәрсеге қимылсыз күйде төзе беру деген сөз емес. Сабыр дегеніміз: «Біреу жолыңды бөгеген кезде, ағып жатқан өзен секілді өзіңе жаңа арна тауып, міндетті түрде жолыңды жалғастыр!» деген сөз. Бір жолды жауып тастаса, дереу айналма жол табуды білу; жаңа жол тауып, сол жолмен ісіңді жалғастыру.
Бұл аяттың бір түсіндірмесі бойынша уизр (ауыр жүк) деген - күнәнің ауыртпалығы мағынасында. Пайғамбарлардың бір сипаты - күнәдан пәк, бірақ өздеріндегі жіберген кішігірім ижтиһади қателіктерін ауыр жүк, күнә ретінде көрген. Бұл осы хадисте айтылғандай: إنّ الْمُؤْمِنَ يَرَى ذُنُوبَهُ كَالْجَبَلِ يَقَعُ عَلَيْهِ، وَالْمُنَافِقَ يَرَى ذُنُوبَهُ كَالذُّبَابَةِ تَطِيرُ فَوْقَ أَنْفِهِ «Мүмін өз күнәсін үстіне құлайын деп тұрған тау секілді көреді, ал мұнафық өз күнәсін мұрнының үстінен ұшып өткен шыбындай көреді». Сол ауыр жүкті, Фатх сүресінің 2-аятында айтылғанындай: "өткен және келешек күнәларыңды кешіру" арқылы жеңілдеттік, - дейді.
Пайғамбарымыздың ﷺ бір күнде кейде жетпіс, кейде жүз рет истиғфар айтқаны риуаят етіледі. Осыған берілген түсіндірмелердің бірі мынау: Ол үнемі рухани даму, үнемі жоғарылау үстінде болған. Оның бүгінгі күйі кешегіден өзгеше, ертеңі бүгіннен өзгеше, арғы күні одан да биік болатын. Сондықтан артына бұрылып, артта қалған рухани баспалдақтарына қараған кезде: «Астағфируллаһ, мен қалайша сол деңгейде болғанмын?» – деп айтатын еді.
Бисмилләһ Нұр-Мүбарак университетінің қабырғасында Құран жаттап шыққан Қарилардың өмірінен өнеге болған “Нұрлы Ортадан 100 Қари” атты кітабымыз жарық көрді. Кітап+күнделік 10 000 тг орнына небәрі 6990 тгге сатып алыңыз сатып алу үшін 87087653871 📱 нөміріне жазыңыз
Аз да болса тұрақтылық