- Последний пост
- 21 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 394
- 1/48двое суток
- 451
- 1/72трое суток
- 486
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Мені ешкім жұмысқа ала салмай ма сонда)
Диплом алғаннан кейінгі өмір 🫠🫠🫠
🤣
без подписи
✅
без подписи
без подписи
Сүйінші, ағайын! Дипломымды қорғадым🥹 95✅
🤓
КЕЗЕКШІ Мектептің ішкі тәртібімен бекітілсе де мұғалім Құдай бере салған сабақ арасындағы 5 минутты кезекшілікке арнап, келесі сабағына кешігіп жүргенін жек көрем мен. Сабағына кедергі келтірмейтіндей, екі сабағының арасында бос уақыттар болса, сол нәрсе ескерілсе жақсы. Бірақ мектепте кезекші мұғалімнің сабағына асыққанын, кешіккенін көп көріп жүрдім. Үзілісте не істейді мұғалім? Кабинет ауыстырады, үлкен мектеп, корпустары көп болса мүлдем қиын, мен практикада новый корпус ескі корпус деп, одан қалса үш этаждың арасында жүрдім, 5 минутың жетпейді кабинет ауыстыруыңа. Тақтаға жазатының бар, толтыратын журналың, қайталайтын материалың бар. Сабақты ұйымдастыруға дайындалуың керек. Менің тіпті макияж түзетуге қоңырауда уақытым болмады ғой🤣 Екі сабақ арасында бір жұтым су ішіп, ентігіңді басып демалғыыың келеді. Міне қоңырау не үшін. Айтқым келгені, кезекшілік жаман емес, бірақ мұғалімнің сабағына, негізгі жұмысына кедергі келтірмейтіндей ұйымдастырылғаны дұрыс. Мектептің ішкі тәртібін ұйымдастыруға, қадағалауға жауапты адам сайлап қойыңыздаршы.
Заңда бәрііі жазылған, мұғалім өзінің кәсіби құзыреттілігін, біліктілігін арттыруға, өсуге, қызметінде өсуге, “Болашақпен” кетуге, әскеріне кейінге қалдыруға, т.б. құқылы. ҚР “Педагог мәртебесі туралы заңы” 7-бап: Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары 1. Кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің: 2) лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға; 3) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне; 4) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына; 19) өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, әрекеттеріне және шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға; 20) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы бар. Толығырақ: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293 сайтында Неге дәл осы тармақтарды қалдырдым? Себебі мұғалімнің аталған құқықтарының жиі бұзылғанына куә болдым. 2-тармақ: заңсыз араласу. Оқу процесіне, сабақтағы әдіс-тәсілдерге, бағалауға, кәсіби қызметін еркін атқаруына өзге мұғалімнің, ата-ананың, АДАМДАРДЫҢ ОРЫНСЫЗ АРАЛАСУЫ. Өзім (мейлі енді, мені практикант деп менсінбеген болар) сабағымда екі мұғалімнің келіспеушілігіне (бет жыртысқанына ғо жаңағы) оқушылармен бірге куә болдым. Өзге мұғалім менің жетекші мұғалімімнің оқу процесіне, сабақты өткізу, бағалау тәсіліне араласқанын, оқушылардың көзінше келемеждегенін көрдім. Артынша менің басымнан өтті осы жайт. Оқушылардың көзінше менің біліміме, ар-намысыма нұқсан келтіретін сөздердің, сабақты өткізу тәсілдерімнің тиімсіз екендігі айтылды. Қысқасы, оқушылардың көзінше позор болдым ғо. 3-тармақ: мұғалім адамдардың тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне құқылы Ата-аналардың мұғалімге тұтынушылық көзқараспен қарауы, нақтырақ айтқанда, мұғалім бізге қызмет көрсетуге міндетті деп санауы; оқушылардың, ұжымдастарының, мектеп әкімшілігінің тарапынан тиісті құрмет көрсетілмеуі күнде орын алып жатыр. Ең қорқыныштысы бұл мемлекеттік мектеп қалыпты жағдайға айналған. 4-тармақ: мұғалім кәсіптік қызметін жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жасалуына құқылы. Бұл базовый нәрсе. Бірақ көп мектепте жағдай жоқ екені өтірік емес. Бағыма орай мұғалім/оқушы “бор сатып алмайтын” мектепке түстім. 19-тармақ: мұғалім өзіне қатысты қабылданатын шешімдерге, адамдарға сотқа шағым жасауға құқылы Бірақ неге мұғалімдер көп әділетсіздерге көз жұма қарайтынын түсіне алмадым. Мұғалім өзінің кәсіби міндетіне кірмейтін жұмыстарға әлі жегіліп жүр. Бұл оның қызметіне нұқсан келтірсе де үндемейді. Бұл сенің өзіңді қорғау құқығың. 20-тармақ. Мұғалім АДАМДАРДЫҢ тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы бар. Бұл енді түсінікті шығар) Педагог құқығын қағаз жүзінде емес, іс жүзінде қорғайық. Мен мұғалімдерді мінсіз деуден аулақпын. Әртүрлі жағдай орын алады. Бірақ мұғалімдердің қоғамда құрметке ие болғанын қалаймын. Қазір әлеуметтік желі, ата-аналар, жүйе мұғалімнің жұмысына көп әсерін тигізуде. Мұғалімдер ғана құрметке лайық деуден аулақпын. Әр мамандықтың қоғамда ойып алар орны бар. Тек қазіргі мұғалімдерге жасалып жатқан әділетсіздіктер көңілге, сосын жүйкеге салмақ. Өз міндеттерін дұрыс атқармай жүрген, педагогтік әдептен жұрдай мамандар бар екенін де жоққа шығармаймын. Біржақты айыптаудан аулақпын. Бәрін өзімізден бастайық! Үлгілі ұстаз болуды жазсын! Жақсылық болсын!
Университетте педагог мәртебесі деген заңмен танысып едік қой) Сол заң неге кеш қабылданғаны қызық маған. Кеш дегенде, 2019 жылдың 27 желтоқсанында. Ең алғаш рет дәрісте осы ақпаратпен танысқанымда таңғалдым. Мұғалімнің қоғамдағы орны мен үшін қашан да жоғары болған. Қоғам үшін де жоғары деген ойда болдым. ҚР Конституциясының 1-бөлім 1-бап 1-тармағында “Мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі…” деп жазылған. Адам капиталының дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін педагог қауымның ұзақ жылдар бойы құқықтарының заңды түрде қорғалмауы, қоғамда мұғалім “разнорабочий” болып, құрметіне нұқсан келіп үлгерген кезде барып қана заңның күшіне енгені кішкене көңілге тиді. Оған дейін мұғалімнің кәсіби қызметі қалай жүзеге асты екен? Құқығы қорғалды ма? Қанша құқықбұзушылық орын алды? Мұғалімге ерекше мәртебе беріп заңды қабылдаған президентімізге алғыс білдіремін. Қабылдануын қабылданды, бірақ қазір мұғалімнің мерейі өсіп, мәртебесі артты ма? Заң қаншалықты іске асып жатыр? Мемлекеттік мектептердегі жағдай қандай? Неге мектеп мұғалім – ата-ана – оқушы арасындағы соғыс майданына айналуда? Мектеп ұжымының өз ішіндегі жайттарды айтпай-ақ қояйын. Мен әлі маман болмаған соң көп нәрсені түсіне бермейтін шығармын. Мектепте тәртіпті, артық әңгімесі жоқ, сабақтан қалмайтын мұғалімнің қызы болдым. Оқушы образым өзіме ұнайды. Әкем мұғалім, ешқашан жұмысына шағымданған адам емес. Жақсы бір образ болды миымда мұғалімдік жайлы. Жақсы көретін ұстаздарым да аз болмады. Мектептегі практикадан мемлекеттік мектеп жайлы розовые очкиім шешілді.
Мектеп жайлы жазайыншы. Жамандағым келмейді, бірақ мұғалімдерге, мұғалімдердің оқушыларға, оқушылардың бір-біріне жасайтын әділетсіздіктерін көруден де шаршайды екенсің. Мектептегі іс-тәжірибем біраз ойымды өзгертті. Осыны қайталамау керек деп түртіп алған, миыма құйып алған нәрселер бар. Басыма тиді біразы, аузым күйді біршама. Мен әлі маман болып мектепке жұмысқа орналаспадым. Бірақ мектептің бір қырын көргеніме қуаныштымын. Практикант ретінде көргендерім ғой жаңағы.
Біраз естелік жинап қайттық)
Мамыр берекелі өтсін🦋
без подписи
🏔️
без подписи
Негізі уайымсыз жүргем) Жаным универім сюрприз дайындап қойыпты. Сонымен зерттеу жұмысым Action research бағытында боп кетті. Асықпай негізі біз бітірген соң да жасай берсе болатын еді бұны)
Ғылым қуам ба дегем, диплом жазғанға қартайып кеттім🤣 Ғалымдардың анасы болам деп шештім)