Ұшқын
Статистика- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 23
- Всего постов
- 28
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 102
- 1/48двое суток
- 116
- 1/72трое суток
- 126
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Жасаған Ием! Маңдайыма сыймаған, бірақ мамыражай күндерімнің куәсі болған адамдарға жар бол!.. Тағдырыма сыймаған, бірақ көңіл тереземе жан шуағын төккен адамдарға жар бол!.. Ғұмырыма сыймаған, бірақ жүрегімде мәңгі өшпес із қалдырған адамдарға жар бол!.. Жазуыма бұйырмаған, бірақ мына мен үшін аласармайтын асылзада адамдарға жар бол!.. Мен олардың қиын сәтінде жанында болмасам Сен барсың. Сен жарылқа. Сен қолда. Сен жар бол…
Бекжан аға Аширбаев дүние салыпты. “Көршінің қызы керемет еді”. Бәріміз білетін әннің сөзін жазған ағамыз ғой…
Жеке мұрағатыма Алматыдан келген құнды жәдігер. Екібастұз өңіріне есімі әйгі Әшім молланың пара-параға бөлінген құранын жиеншары әкеп берді. Бұдан бөлек төтеше жазылған күнделігі, шариғат дәптері де бар.
Канье жарықтықты Алматы жақтырмады-ау осы))
Біз ғой “бұйырмағаны да…” — деп жүре берер ек. Менің туған әпкем дәл осындай жағдайдан “Алтын медалін” ала алмай кеткен. Әділеттік пен адалдық үшін күрес жас таңдамайды. Бұйырған дүниені де қолға алу үшін күрес керек. Ал күресу үшін “Мен” керек…
29 жастағы Шерхан Аймахан өз кінәсін мойындамағаны былай, марқұм Нұрай Серікбайдың өзін айыптады. Естеріңізде болса сотталушы марқұмға 35 рет пышақ салған. Оны 4 адвокат қорғап отыр. Сөз жоқ.
Республика партиясының басшысының сөзін мен де тыңдадым. «Құнанбайдың малы болмаса, Абай Абай болмас» деген. Абай Құнанбайдың баласы болмай, Шәукімбайдың ұлы болып туса да, Абай болар еді. Абай әуелде Құдай ерекше жаратқан жан. Аға сұлтан Ахмет Риза медресесінде білім алып жүрген Абайды оқудан шығарып, ерте ел ісіне салады. Аз ғана біліммен-ақ Абай үлкен дәрежеге жеткен. Ертеде орыс оппозициясы көшеге шығып, полиция қуа-қуа Абай ескерткішінің маңынан бірақ шығатын оқиға бар. Навальный «непонятный казах» деп, артынша «Окупай Абай» деп жаңа компания құрып, орыс демократтары Абайдың қара сөзін оқып кеткені бар еді. Абай бәріне ортақ. Бәрінің таласы бар. Осы Құрылтай сайлауында да Абай алға шығып отыр. Құнанбай рас, өз заманының озық адамы. Ал Абай — во всех временах Абай. Қазір Құнанбайды тым әспеттейтіндер, Абайдан асырып тастағысы келетіндер бар. Әркімнің өз ойы. Әрине, әкенің балаға деген ықпалы болады. Бірақ бұл мәселеде жоғарыда айтқандай, Абай дүниеге ерекше келді. Айдарбек Қожаназаров саясатқа кәсіптен келген адам. Кәсіпкерлердің өз танымы, өз логикасы бар. Өз сөзін айтты. Жауабын да оқыдым. Абай кең ғой, біз де кең болайық. Сын айтсақ та, жанашырлықпен айтайық. Шаптан алған кешуі жоқ қоғамға айналып барамыз. Қанат аға Тілеухан
Руми жарықтық біз қуансақ өзіміз сүйген адамға барамыз, ал қайғырсақ өзімізді сүйетін адамға жүгінетінімізді айтыпты. Баратын да, жүгінетін де адам таппасаң ше? Көкем жауап бермепті…
Күз келсін — салқындаймыз…
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
Телепоныңыздың беташарына
Басталды… Таз десең, Алшынбайға тиеді, соқыр десең, Құнанбайға тиеді дегендей. Мұхтар Мағауин туралы оқыс бірдеңе айтсаң, Керей бұртаңдайды;Қабдеш Жұмаділов жөнінде бөгде пікір айтсаң, Найманға жақпайсың; Әбдіжәміл Нұрпейісов жайлы жайсыз сөйлесең, бүкіл Кіші жүздің жауы болып шыға келесің. Осы комплекстен қашан құтыламыз? Осы ағаларымыздың өз білгендері бар шығар.Шығарманың өзін сөз етсеңіздерші, жарандар-ау! Мен бала кезімде "Сорок первый" деген тамаша кино көрдім. Революция жылдары, Арал теңізінің маңы. Лавреневтің повесі бойынша түсірілген. Классика. Махаббат пен борыштың тайталасы. Мерген қыз берген сертінен айнымай, сүйген жігітін, ақтың офицерін атып өлтіреді. Қырық бірінші нысанам дейді. Махаббатын құрбандыққа шалады. Ал "Тарас Бульбадағы" Андрий ше? Поляк қызы үшін отанын сатады. "Капитан қызындағы" Швабрин де дәл сондай. Ал төрелігін айтып көріңіздер. Қайсысы ақ, қайсысы қара. Өмір емес пе? Шыр айналған дүние. Ақбаланың, Аксиньяның трагедиясына бойлап бару үшін сол заман реализмін, сол мезет контексін жете ұғынған жөн. Тағы да қайталап айтамын, "Қан мен тер" өз дәуірінің озық туындысы, социалистік реализмнің бірегей үлгісі. Әдебиет тарихында бір-біріне ұқсайтын шығармалар жетіп артылады. Хамза Есенжанов туралы айттым. Есесін ала алмай кеткен мықты қаламгер, керемет оқымысты еді. Бар айыбы - "халық жауы" болып айдалып кеткені. Профессор Кәкен аға Қамзин
Жалғыздықты желегей құрсанып ап, Алматы емес, көңілің тұрса жылап. Көз жасыңды сүртуге сүлгі орнына, Жүрегімді берейін жұмсағырақ…
Жаңылып күткен шамаңнан, Өртенге түсіп жанасың. Жылылық күткен адамнан, Жұдырық алып қаласың.
Өмірдің ең қымбат шағын баянсыз, бағасыз дүниеге арнағандар туралы Абай не деді?) Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ. Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, өкінгені пайда болмайды. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады… Бүгін - ойшыл Абайдың туған күні… Меніңше, біздің қоғамға да ақылдың көзін байлап, сананы тұрмыс билейтін шақтан ада болмақ керек… Қай жаста да… Ақерке Бектас