- Последний пост
- 8 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 206
- 1/48двое суток
- 236
- 1/72трое суток
- 254
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
“желкеніңізге сеніңіз, зәкірге шырмалмаңыз!”
соңғы демім қалғанша иісіңе тұншығып, көздеріңді сүю, таңға дейін қиялымдағыны айтып тауыса алмай, құшағыңда көз іліп кету… ең, ең, ең сүйікті әдетім.
сен берген махаббатты дәл солай өзіңе қайтара алмасымды біліп, өзімді аздап қатыгез көрем. бірақ махаббат сауда емесі есіме түссе, ішімде тағы бір гүл бүр атып шығады.
сені үйде көңіл күйсіз қарсы алған күндерім есіме түсіп’ өзімді бір жазғырып алам.
жұмыстан келіп баласын айналып-толғанып, кешкі ас дайындап, ып-ыстық шай құйды. үстел үстін жинап, ыдыстарды жуып, қоқыс тастауға шығып кетті. өзім өмірге жаңа келгендей боп жүрген осы күндерді, оның қолдауын ешқашан ұмытпаймын… ❤️
видео или голосовое, без подписи
өмірдің сосын, сенің еркең…
жұмыстан келгенде үйден кешкі асты емес, үйдің тазалығын емес “сені” іздеуі. жерік асыңды үйден өзі дайындап беруі. ас бөлмеде үлгермей жүргеніңде, оның үндемей келіп ыдыстарды жуып қоюы. дүкеннен сен ұнататындарды алып келуі. үйден шықса, үйге асығуы. оның маған осыған дейін сыйлаған гүлдерінен, көйлек, билет, ақшасынан да қымбат дүниелер осылар болған екен 🧿
көп ер адамның арасында күйеуіме қарап, дұрыс таңдау жасағаныма мақтанам. тазалығына, ұқыптылығына, сөйлеуіне, тамақтануына, киім киісіне. аааа, қайта ғашықпын.
оятқышқа да, қоңырауларға да оянбайтын күйеуім: “сен қасымнан тұрып кеткен соң ояндым”
тек жан серігім болғаның үшін емес, шынымен де “жақсы адам” болғаның үшін жақсы көрем.
ерінің жанында өзін сүйікті сезіну - әйелге ең жарасымды хәл.
әйелім менсіз де өз жолын таба алады. менсіз де армандарына, қалауларына жете алады. бірақ оған менің қасымда “әйел” болып, иық сүйей алатын адамы барын сезінгені керек. күйеуім менсіз де тұрмысын құра алады: ас, киім, үй. менсіз де өмір сүре алады. бірақ оған қолындағы дүниесіне мән, жанына тыныштық сыйлайтын әйелі керек. {отбасы болу - бір-біріне тәуелділік емес. екі адам да осыны мойындаса, “міндеттісің” деген сөздер айтылмаушы еді.
жамандықтың өлетін жері - жақсылардың кеудесі…🤍
дәл қазір Әуезов театрының кіші залын сағынып отырмын…
мен оны ‘ұнатпай’ қалған сәттерде де, ол мені өзінше сүйе берді. махаббаттың қандай екенін көрсетуден еш тайынған емес… жақсы көрем 🤍
тағдырыма ұқсайды тамызды кеш…
өзі туған айының бір ғажайыппен байланысы бар секілді, әр адамда… мен үшін ол ай - Тамыз. тамызда мен қоштасудың не екенін алғаш сезгем. тамызда орындалмастай көрінген армандарым орындалған. тамызда мен ең алғашқы жұмыс орнымды тапқанмын. тамызда мен өмірімде үшінші рет өзге қалаға көшіп көрдім. (жалғыз) тамызда мен жаңа жұмыс орныма орналастым. тамызда мен оны кездестірдім… тамызда мен ересек өмірге тағы бір қадам жақындап, отбасын құрдым. алда тағы бір тамыз жақындап келеді. не күтсем екен?
Сен үмітің үзілген нәрседен азатсың, ал дәметкен нәрсеңе құлсың. ©️Ибн Атауллаһ
«Жасқа жас, ойға кәрі болыңдар» Абай @aitqynkeldineni