tgindex
ақжауын

ақжауын

Статистика
@aqjauynказахский

біртүрлілеу ойлар🪷

Последний пост
4 июн.
Последнее чтение
13 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
140
−2 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
748
20 постов
Вовлечённость
534,3%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Мен жаман адамдар тек кітаптарда, романдарда болады деп ойладым. Іші тар, қара ниетті адамдар бұл өмірде тола екен. Налып отырмын.

  • Өлеңдерім «Қаламгер» порталында жарияланды. Өлең оқиық✨

  • Құлағыма сыбырлайды бейуақ үн, Тор-кеуденің ашып көне кей бағын. Жайық іздеп тұра қашқан жетімін, Тағдыр іздеп мұтылған бір мейманын. Бағың менен сорында жоқ шатағы, Уытты тіл дәрменсіз тіл қатады. Жүрегімнен жас төгіліп жатады, Жанарымнан жыр ағылып жатады. Түн. Ойымен арпалысқан батыр сан, Үміт деген сонда сөнер ақыр-шам. Арпалыспай ойларыммен, арман жоқ Осы таңды аман-есен атырсам. 2.05.26 Алматы

  • Тредс деген бәледен safe place телеграмым тәтәй-ақ🥰🥹

  • 24 мар.489из ozdemirasafhayranlari

    Üslubu bozuk kimseye tahammülüm yok... Ama öyle demedi, niyeti öyle değildi gibi savunmalar benim için geçerli değil... Zaman, başkalarının tavrını anlamlandırmaya harcanacak kadar değersiz değil... Ben nasıl dikkat ediyorsam, bana hitap eden de öyle dikkat etmeli!.. İlber Ortaylı

  • Huzur budur belki de.

  • Жақындарым Сезенді қалай жақсы көретінімді біледі. Оның өлең кітабын бір рет пинтересттен көріп қалып: “менде де болса ғой”– дедім де қойдым. Түркияға барғанда осы кітап алдымнан шығып тұр, уа, құдірет дедім)

  • Түркияға барып қалаған кітабымды алу менің арманым еді. Ойламаған жерден достарыммен Түркияға барып, сол жақтан 12 кітап көтеріп келдім. Бақыт деген осы шығар, сірә. Армандар орындалады, сену керек.

  • Мейірім ғана озардай Өмірде мынау кіл жарыс. Жүзіңнен сенің көз алмай, Қараған мен бір – күнбағыс... Г.Салықбай

  • осы әнді тыңдасаң өмір әдемірек бола ма… жүріп келе жатқан көшем бірден ең әдемі көшеге айналады🥹

  • без подписи

  • Әлем сондай зұлым. Адамдар сондай зұлым. Сен өзіңе күн сайын өмір сүруге бір себеп тап. Өзің үшін өмір сүр. Әйтпесе мына әлем өмір сүретіндей жер емес)

  • “Ауру” фильміне бара алмай кететін шығармын. Бір нәрсенің сәті түспесе, соңына дейін түспейді екен ғой, ә

  • сүймеген сылтау іздейді, сүйген амалын табады

  • Бәрі бір-бірінің бетін жұлуға дайын тұратын threads-тің қасында айда, жылда бір есіме түсіп кететін telegram-ым – safe place

  • 31 окт.1 096134

    Алматы сен менің… Орындалмаған армандарымның куәгері, Шарасыз сандалғанымның куәгері, Бар-жоққа таңданғанымның куәгері, Сөніп қап, қайта жанданғанымның куәгері. Алматы сен менің… Неге сенерін білмей жұлқынған жүрегімнің құбыласы, Жаңбыр жауып тұрған кезде сыбырлап тілеген тілегімнің құбыласы, Дем алып ап, қайта бататын түбегімнің құбыласы, Ең ғазиз дұғаны айтып аспанға бұрылған білегімнің құбыласы. Сен менің ең жарқын күлкімнің қанішері, Ақтығына дақ түскен құлқымның қанішері, Аспанын у басқан, тәуелсіз бұлтымның қанішері, Тұрмыстың қамы деп қарайғанын байқамаған ұлтымның қанішері. Сен ақымақтың рөлін ойнайсың, шын мәнінде, өте қусың, әртіссің. Сен қала емессің, сен тіршіліксің, мақұлықсың. Ең пәк пейілдер сенің ашкөз тамағыңа жұтылып жатыр. Сенен қашқандар құтылып жатыр, қалғандар тұтылып жатыр. Оралда өз өмірін өзі сүретін Күн-Ананы, елемейсің, ерте қуасың. Күнің ерте батады, таңың ерте атады. Сен мені алғашында есейттің, енді қартайтып жатырсың. Сен өлімсің. Бірақ бә-әрінен бұрын сен өмірсің. Енді мен сенен қалай кетемін, не сенде қалай қаламын, өзің айтшы?

  • 28 сент. 2025 г.1 09072из suyiktim_m

    өлең жазатындай сезім кешетін кездерді сағындым🤍

  • Десек те біздер: «Жастықтың сырын аз ұқтық» Өмірдің жолы болмайды тегіс, жазықтық. Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным, Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік. А. Бақтыгереева

  • Ал, бастадық. Белгілі бір аралықта кітап оқуға мүлде зауқы соқпай қалатын тек мен емес шығармын. Бұл құбылысты неге байласақ болар екен?

  • Соңғы кезде мені ерекше тебірентетін ән Сезеннен🤍