tgindex
mendik
@mendiikРелигияказахский

🪽

Последний пост
12 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
3
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
14 авг.
Подписчики
233
+3 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
115
20 постов
Вовлечённость
49,4%
к подписчикам
Постов в день
0,4
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
49
1/48двое суток
56
1/72трое суток
60

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • ұзақтан бері енді ғана өлең оқуға қайта құмарлана бастаппын. сірә, күз жақындады ғой деймін…

  • мен бір жүрегімде шексіз шүкіршілік тереңінен өмір сүріп кетер осындай сәттерімді жақсы көрем. кеуде кере дем алып, мөлдір жасыңа булыға Оған алғыс қана айта берудің бақытын-ай! шүкір ғой тек, шүкір!💖

  • үмітті болсаң, күш тапсаң ғажаптарын тізіп қоятынын-ай..✨

  • Я поняла: единственный человек, который никогда меня не оставит и перед кем мне не нужно танцевать с бубном, — я сама. Мне незачем сомневаться в своих желаниях или доказывать себе реальность своей боли: для меня всё именно так, как я чувствую. Я могу себе верить. Мне можно на себя опереться.

  • осы жақында ғана екеуміз де бір жерде жұмыс істейтін досыма “саған алғаш бастық боп, тәжірибең жоқ кезде сенген басшының өміріңде алар орны ерекше боп қалады ғой” деп өзімнің алғаш жұмысқа тұрған шақтағы естеліктерімді еске алғам. әңгіме барысында сол кісіге іштей бір сондай ризашылығым барын түсінгем. бүгін сол басшыммен демалыстан соң бір-бірімізді енді көріп сұхбаттасқанымызда, ол кісінің сондай бір күлімкөз боп сағынғанын көргендей қарсы алғанына, болашақ жоспарларыма қызыққанына және санасқанына, демегеніне өте бір күшті боп қалдым. [нәзік сыйластық деген жіпті үзбей қол астыңдағыларды басқара алу да өнер ғой' дегенді айтқым келді]

  • өз үйімде, қара шаңырағымда шын бақыттымын, алаңсызбын, еркемін. шүкір. мендегі ең үлкен нығмет – жүректі жандардан құралған осы отбасым. барларынан..!🫂

  • beni benden öğren, herkese aynı değilim

  • өзіне құрар жоспарым көп қой, ол туралы кейін өзіне ұзыннан-ұзақ, асықпай айта беремін. не де болса бақытты, мен сияқты тым арманшыл, қиял қызы болады. сөйтсе де мұндай тосыннан келер сыйлар менің айтақтауыммен ғана болмаса, өзі де жеткілікті түрде романтик болса деймін ғой әлгі. тағдыр қосқанда менің арнамды оқыры анық, сондықтан құлағына алтын сырға артықтық етпес.

  • видео или голосовое, без подписи

  • жабылмаған гештальт: болашақ өз адамымнан ішінде “сені бүгін дәл осы көйлекпен көргім келеді” деген жазбасы бар сыйлық қорабын алу.

  • енді көңілім аумаған, сүйікті емес ер адамнан гүл алмаймын деп шештім. мән бермеймін деп ойлайтынмын, беру керек екен. себебі сүйікті адамымнан алған кездегі күйім, оны баптауым мен жай маған көңілі бар жігіттерден алған сәтімдегі ісімде айырмашылығым жер мен көктей екенін түсіндім. бір күнге де жетпей лақтыра салуым, емірене иіскемеуім, түк мән бермеуім гүлге де, көңілге де обал. ал ара-қатынас үшін сондай бір нәзік қуаныштың “мәнсіз” боп қалғанын қаламайды екенмін.

  • 19 июл.1064из msendik

    кешір, жүрек бола бермейді адамдардың ойлағаны…

  • – Раушааан, синнабон пісіріп шайға шақыршы, жегім кеп жүр – болды, ертең келсеңдерші әй, не деген бақыт, ә? ауылға келгенде еркелетіп жіберетін, жылауық мінезіме дейін жақсы көре берер жүрек достарым бар🙂‍↔️

  • «Қыздар биік болыңдар, өр болыңдар, сұлу болыңдар, сауатты болыңдар. Оңайлық жолында жүрмеңдер. Тәкәппар болыңдар. Міне сонда, бақытты боласыңдар». – Ақұштап апа Бақтыгереева

  • түк смайликсіз жазатын, минимализм деп орнымен ғана қолданатын қалпыма соңғы уақытта жиі смайлик қолданатыным біртүрлі қызық көрініп жүр. сонда да ұнайды, өзі ғана жетіспей тұратындай күй боп жүр.

  • “папа, мына жерге бару керек”, “аға, мына жерден алып кетіңізші” дегенде күн-түн демей, көлікпен жетіп келетіндерін Астанада автобуспен жүретін шақтарымнан соң қатты бағалап кетем өзі.🫰🏻

  • туған әпкем жоқ, осы күнге дейін аласұрып менде жоқ қой деп те іздемеген екенмін. бірақ бүгін ауырып жатқанымда, жеңешемнің маған деген қамқорлығын көріп “әпке” дегенге де кенде қалмағанымды ұқтым. сол сәт бойымды жылы сезім тербей қойды. жаным өзі!🫂

  • бас қаладағы соңғы күндер тым асығыс, қарбалас өткен. іштей шаршап жүрсем де, демалудың сәті келмеген апыл-ғұпыл күндер болған. сол уақытта физикалық та, моральдық та тұрғыда қажалып кеткенімді білем. соның әсері енді шығып, соңғы бір жылда ауырмаған мен бүгін таң атқаннан төсектен бас алмадым. бәрінің маңызы кетіп қалды. бүкіл сай-сүйек сырқырау' деген осы шығар дедім. үйімде екенім қуаныш.🏠🧡

  • күн шығар уаққа таласып теңізге. көлікте «billie jean».😮‍💨

  • жазғы салқыннан жаныңды аяма.💙

mendik — tgindex