- Последний пост
- 6 авг.
- Последнее чтение
- ещё не заходили
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- русский
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 293
- 1/48двое суток
- 335
- 1/72трое суток
- 362
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Біз заттарға, адамдарға, белгілі бір көзқарасқа, қысқасы, бәріне байланамыз, ақырында байлану – өнерге, өмір салтына, бәсекеге айналады. Бірақ байланған сайын қасіретіміз де ұлғая түседі, себебі, өмір бір орында тұрмайды, тіршілік үздіксіз қозғалыс үстінде – болмыстың заңы осы, тіпті бір-бірінен кейін келген екі сәт бір-біріне ұқсамайды. Т. Әсемқұлов “Абайдың ұлы жұмбағы” Маған осы мақала ұнайды, жиі қайталап оқи беремін. Неге ұнайтынын айтсам сөздерім жасанды, жаттанды сөздерге ұқсап қалатын сияқты. Жай ғана маған ұнайтынын, қайталап оқи беретінімді ғана біліп жүре берің.
“Өзіміз ойлап тапқан шындық бізге бақыт сыйламайтын шығар, бірақ соған сенбесек, ең ауыр ақиқаттың беті ашылмақ. Адам өмірінің мәнсіздігі туралы ақиқат. Сондықтан біз ылғи алдануды таңдаймыз. Сол үшін де біз ылғи жақсылыққа деген үміттің жетегінде жүреміз. Бәрінен үміт бағалы. Ал «танго» жалғаса береді. Екі қадам алға, бір қадам артқа. Бәлкім, біз де қазір сайтан сомдап жатқан бидің ырғағына ілесіп алған болармыз...”
❤️
“экономикалық жағдайдың мүшкіл болғаны сонша, елдің бәрі өзін қаржылай сауатсыз сезінеді. ал шын мәнінде, біз жай ғана тамақ сатып алып жүрміз…“ :(
Талайды өткердік, өткенге салауат, келешек ғажайып, келешек ғаламат! Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз, ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат! ескі әнұранның осы шумағы кейде есіме түсіп кетеді.
осыдан бір ай бұрын әпкем мен жездем, жиендерім алматыға қыдырып келген. солармен пикникке шығып бара жатып, жолдағы додо пицца’ға тоқтай салдық. пиццаға тапсырыс беріп, асықпай күтіп отырмын. тапсырысымды алар кезде, кассадағы қыз маффины беріп тұр. түсінбей қалдым. "мынау сізге, оқырманыңыз едім" дейді. қасымда тұрған жездем аң-таң, бұл қалай танымал болып кетті деп ойлаған шығар. менің адасып жүрген жазба, өлеңдерімді оқыған екен. біртүрлі елжіреп кеттім. рахмет, Аяулым❤️ құшақтадым сізді. осыдан кейін көөөп жазғың келеді ғой. Құдай үнемі дүниеде ізгіліктің бар екеніне сендіре береді.
без подписи
без подписи
өлеңдерім мамырда “Мархабат” журналына жарияланған еді. осы жаққа да салып қояйыншы, естелік қой ☁️✨ сілтемесі осында
қыздар жұмбақ болу керек дейтін заманда шешем мені жаңылтпаш қып туған :)
Қамықпа кейде сағынбады деп жазылмай қалса өлеңдер, Көкжиек бүгін сәулеге тұнды, Бесігін Күнге бөлеп Жер, Көкте құстардың әлди-әуені, жерде-жұпары жусанның Далаға шықшы! Сезесің сонда Сағынбайтынымды сенен кем. Мөлдір әлемде Мұңымды шайып мөлдіреп аспан бір ауық, Мөлдір сезімге тұнсыншы кеудем Кеткенше көктен Күн ауып. Кеше де саған сағынғанымды сансыз тамшылар жеткізген, Батыстан көшкен баянсыз желмен Бұйығы бұлттар Жылауық. Қамықпа, күнім, сағынбады деп, Сезімнен ада жоқ адам. Екеуміз барда сағыныш-әуен Жер менен көкке толады ән. Дүниеден осы көшкен шағымда өлең боп сіңіп ғайыпқа, Оралар болсам дүниеге қайта Сағыныш болып оралам... Жанна Ерекина
анаммен сөйлесіп отырмын. саған деген ең аяулы сезімдерін көңіл түкпірінде әлдилеп, қызғыштай қорыған бір жүректің барын білу, осы үлкен ғаламның әйтеуір бір бұрышында саған шексіз сенетін, шартсыз қабылдайтын бір жүректің лүпілдеп тұрғанын сезу… соған сену, сол жұдырықтай жүректі сағыну, тәу етудің өзі үлкен нығмет сияқты.
Жаным, менің жүрегімді көрші, Судан тұнық Сүттен ақ Айдан нұрлы, Жерден кең, Ол рухтас таулармен Орманмен Өзенмен Көлдермен. Ол бейопа армандарымның қабырстаны, Онда менің балалық шағым жерленген… Менің жүрегім мұңлы күй, Мұңлы саз, Мұңлы үн, Мұңлы ән, Мың үміт Мың уайым Мың қасырет Мың арман, Мың күмән! Енді қалай тал қармасам екен жаным-ау, Енді осы жүрекке сені қалай сыйдырам...? Түсесің-ау албастымен алысқан періштенің күйіне, Билейсің-ау бағытсыз желдің биіне… Қып-қызыл қанын сорғалатып, Менің жүрегімді құшақтап қайтасың үйіңе ! Жаным-ау, Енді ойлашы, Менің мұңыммен болуға етене, Сенің қауқарың жете ме?! Оданда ол менің кеудемде қалсын, Өзінің жарасын өзі емдесін, Өзінің теңін өзі теңдесін, Оның кешкен мұңын ешкімге бермесін! Ал, сен, өз жүрегіңді нұрландыр! Қуаныш Өмірбек
осы біз сүріп жатқан қоғам өте бір лайықсыз, түкке пайдасыз адамдарды көкке көтеріп, қолдан тұлға жасап алуға шебер ғой. сосын сәл шалыс баса қалса, артынан өздері жерініп, жерден алып, жерге салып жатады. бірақ көп ұзамай тағы сол адам деңгейлес біреу шықса, қайта дәріптеп әкетеді. қызық.
көкейіңде туған көркем өлеңнің, мен мұңдылау қайырмасы шығармын… кім білген?
“мен көрген түстерді сен де көрсең ғой…”
ескі әндерге деген біртүрлі махаббатты не істейміз?)
Осыдан тұп-тура бір апта бұрын Елзат Ескендір түсірген «Әбіл» фильмінің тұсаукесеріне бардық. Шыны керек, фильмнің өзінен бұрын елге даңқы мен дақпырты жетті. Фильмді көрген соң, ауыр, мұңдылау ойдан арыла алмай ұзақ жүрдіи. Әбілдің тағдыры, үміті мен шарасыздығы, соңғы сахна ойыңнан айналшықтап шықпай қоятыны бар. Ақ жолдан айнымай келе жатқан кіршіксіз тағдырға әлдебіреулердің өзіндік бейшара танымымен, қатерлі ақымақтығымен, ойсыз тоғышарлығымен қойып кетіп, былғап ойраңдап және соны ерлік көретіні – адамзат жаралғалы бері келе жатқан дерт сияқты. Фильмді жекешелендіру не бір биліктің құлдырап, қоғамның қақ бөлінуі туралы деп жылы жаба салуға болатын шығар. Бірақ фильмнің күллі өзегі одан да терең. Одақ ыдырап, колхоз бен совхоз тараған, мал-мүлік бөліске түскен дәл осындай өлара кезеңде қиянат көрген бір ғана Әбілдің тағдыры арқылы тұтас ұлттың қасіретін бере алған шеберлікті жоғары бағаладым. Фильм бір ғасырға жуық Кеңес езгісінен енді ғана құтылған, болашағынан үміттенсе де, бүгіні көңілін жарым еткен, жаралы, азалы күйдің көрінісі іспетті. Өткені толған күдік пен күйік, бүгіні азап, ертеңі шарасыздыққа байланған бұл кезең туралы Әбілдің: «Совет одағы болмаса мен кім болар едім, ол кім болар еді? Ал қазір ол кім? Мен кіммін?» дейтін сахнасы көп сөздің түйінін шешетін сияқты. Дәл осы сөз, дәл осы күй езгіде өткен, ендігі атын тартып алып, ері қолында кеткен есіл өмірдің жоқтауындай ащы естіледі, жан-жүйкеді шымырлатып жібереді. Туындыда заманынан озып, алға шығып кеткен бірде-бір сахна жоқ. Әсіресе соңғы кадрдағы кейіпкер көзіндегі шарасыздық, үмітсіздік қандай әсерлі... Білмеймін, әйтеуір, фильмнің әр кадрына, әр деталіне тоқталып, мәнін ашып, сөйлеткің келеді. Жазғың келеді. Розаның әнін шырқап жатқан радионың да, арақтың та, ыстық нан мен ердің де, мылтықтың да арқалаған ойы, мәні мен мағынасы бар сияқты. Бос тұрған, артық жатқан ештеңе жоқ. Бізге сонша таныс, сондай аяулы адамдардың тағдырлы болмысын шебер жеткізгені үшін авторларға, әртістерге сүйсіндім.
өткеннен бері бір әдет шығарып алдым. Абайдың қара сөздерін аудиоформатта тыңдап жүрмін. сосын өзіме де ыңғайлы болу үшін ерінбей бәрін бір каналға жиып қойған едім. сілтемесін қалдырып кетейін, біреуге пайдам тисе, қуанамын ғой. https://t.me/gaiypsyz
өзің біл шауып бер қолыңды азсынса жаныңды ол жарық жансын деп, сен өшір шамыңды. ол алса айтар ма, сен бердім демейсің. өзіңе келгенде неліктен өгейсің? мейірім, махаббат, бер тегін ал өзің сұрама өзгеге жаныңнан жер тегін. олар да сұранбай тұра ма? жәрмеңке жүрегің, жылулық таратып өз жаның ішіңде суынып қалатын. себепсіз сүймес деп мені ешкім кім сені аяр шын? (бірінші өзіңе керексің) өзгенің жанына өтінем, болмашы даяршы. қарашы далаға еш жеміс бермейтін еш жеміс бермейтін ағаштар қаншама адамға берері жай ғана көлеңке болса да олар тек өседі жар салып баршаға тамыры жер құшып, жел тербеп бұтағы табиғат осылай адамнан ұтады. олардан екеуміз көп затты үйреніп, жақсару қажетпіз. себебі, талдарға өмірді өзімдей сүйдім деп ақталу қажетсіз. ағаштарға қарашы, айнам aijaryq.s