Soz sony
Статистика- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 56
- 1/48двое суток
- 64
- 1/72трое суток
- 69
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Есепсіз нығметке бөлену үшін, есептеспей жақсылылықты жасау қажет шығар
«Бұл өмірде Алла маған не байлық берді екен», — деп айналама қарап едім… Шөлдегенде су беретін Анамды, шаршасам көтеретін Әкемді, құласам қол созатын бауырларымды бергенін көргенде «Раббым мені сонша бай етіп жаратты ғой», — дедім
Өмір жүгін бірге арқалағанды ғана “жар” деп атауға болады.
Мектепте өліп-талып алгебраны да, ағылшынды да оқыдым. Бірақ өмір маған «اقرأ» деді.
Бақыт - қазір қолыңда барды байқап, шүкір ете алуыңда!
Өмір саған бәрін бермеуі мүмкін. Бірақ денсаулық берсе соның өзі үлкен нығмет.
Өмір деген – «Бауы берік болсын» мен«Иманы жолдас болсын» деген екі тілектің арасындағы қысқа ғана сапар екен…
без подписи
Жай ғана, кешке жұмыстан үйге асыққанда… Есікті ашқанымда кішкентай аяқтардың жүгіріп шыққанын көргенде… «Келдің бе?» деп күліп қарсы алатын адамның болғанында… Бірге шай ішіп, күннің қалай өткенін айтып отырған сәттерде… Себепсіз ұрысып алып, бірнеше минуттан кейін қайта күліп кеткенімізде… Шаршап келген күнімде «бәрі жақсы болады» деген бір ауыз сөздің өзіне күш бергенінде… Қызымның «әке» деп мойныма асылғанында… Үйдің іші тыныштық пен жылулыққа толғанында… Сонда ғана түсіндім… Мен бақытты болуды күтіп жүрген екенмін.
Бақытты болу мақсат болса, бақытсыз сәттер көбейеді
“Бұйырса” деген әдемі сөз иә? Боларына көзің жетпейді, бірақ үмітің де үзілмейді. 🤍
Көркем мінез үшін де алғыс алуға болады. Алғыстан бұрын - сауап!
Қазір айналамызда ақпарат көп. Дауыс көп. Асығыс көп. Кейде өмірдің мәні ешкім жоқ жерде, өзіңмен өзің қалған бір сәтте ашылады. Өзіңе бұрын қоймаған сұрақтарды қоясың. Бізге өмірдің мәнін көбіне қоғам емес, тыныштық үйретеді. Себебі адам өзін жоғалтқанда ғана емес, өзін тыңдамай қойған кезде де адасады. Бәлкім, қазіргі заманда бізге ең көп жетіспейтіні – бір сәтке тоқтай білу шығар. 📍Семей
Көктемнен кейін жаз келеді деуші еді, жаздым келген жоқ
Үйге 1045 суретпен, кір киімге толы сөмкемен, бос кошелекпен, бірақ естеліктерге толы жүрекпен оралу… Бұдан артық не бар?
Сүйгеніңді ал… Жігіттер, «бұйырғаны» деп емес, жүрек таңдаған адамды таңдаңдар. Тағдырға сілтеп, «болмады» деп қолды бір сілтей салу — оңай. Ал «сүйгенім» деп, сол сезім үшін келген әр сынаққа төзе білу — нағыз ерліктің белгісі. Сүйіспеншілік – жай ғана әдемі сөз емес, ол – жауапкершілік. Ол – кейде өзіңді жеңу, кейде сабыр сақтау, кейде кеткің келсе де қалу. Өйткені шынайы сезім қашудан емес, күресуден тұрады. Бұйырғаны осы болған екен деп, сүймеген адамды ала салу – бір секундтық оңай шешім болуы мүмкін. Бірақ сол шешіммен өмір бойы өкініп өтуіңіз мүмкін. Егер сіз ол адамды шын сүймесеңіз, жүрегіңіз тартпаса — неге оның өмірін қор қыласыздар? Әр қыз бақытқа лайық, ал бақыт — шынайы сезімнен ғана басталады. Қиындық келгенде кетіп қалу – кез келгеннің қолынан келеді. Ал қалу, түсіну, кешіру, қорғау – мықтының ісі. Сол үшін де еркектің күші тек сөзінде емес, ісінде, төзімінде, адалдығында. Егер шын сүйіп, таңдасаң — соңына дейін бар. Себебі махаббатқа лайық адам болу — ең үлкен жеңіс.
Ұлтым деген ұлы жүрек бар бізде
Бақыт ол үлкен жетістік емес, Бақыт ол таңда аман-есен ояну
Жылдар өте келе түсіндім… Әкеме гаражда көмектесуім емес, менің жанында болғаным маңызды екен. Ол жай ғана баласымен уақыт өткізгісі келген.
Мен сені қарызға өсіріп жатқан жоқпын… Бір шыны су да күтіп отырғаным жоқ. Саған менің бейғам қарттығымды қамтамасыз етеді деп үміттенбеймін… Бар арманым – сенің бақытты болуың, өмірден ләззат алуың. 🤍