Кітап үзіндісі
Статистика- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 5
- Всего постов
- 22
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 1 243
- 1/48двое суток
- 1 424
- 1/72трое суток
- 1 536
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
— «Ыңғайлы-ыңғайсыз» деп аяқкиімге айтады. Әйелге ең бастысы — өз адамын тауып, бақытты өмір сүру. — Ема-а-а-а, — ол бетін тыржитады, — романдарды көп оқыған соң осы енді. Әйелге сүйеніш керек, сосын да бай адамды іздейді. Әйелдің табиғаты ол. — Әйелдерге не керегін түсінбейсің. Қазір заман басқа, әйелдер өздері-ақ ақша табады... Әсел Төлепберген «Таңбалы жол» https://t.me/kitapuzindisi
Өткен өмір – ұмтылған түстей ғана, Енді бізге ешкім де түспейді ара. ...Өтіп кетер ме екенбіз бұл өмірден, Күбірлесіп екеуміз іштей ғана. Ерлан Жүніс «Кездесу» https://t.me/kitapuzindisi
Көк аспаннан бара жатыр, Өмірімнің жұлдызы ағып... Есенқұл Жақыпбек
Бірақ қазіргі тірлігі күйкі, мимырт. Уақыт өтіп барады, тындырған түгі жоқ. Мәселен, кеше түстен бүгінгі түске дейінгі бір тәулік ішінде не бітірді? Жарайды, уақа емес, емтиханнан шаршаған шығарсың. Ал сонда бос кеткен күнің осы ғана ма? Мұндай күннің талайы кеткен жоқ па… Қор боп, жылап кетіп жатқан жоқ па… Өстіп кете бермек пе? Сонда отызға келгенде, қырыққа келгенде кім боласың? Елуге не бетіңмен жетесің? Елуге жете қойсаң жақсы, үлесіңе берілген өмір өлшеулі, одан әлдеқайда аз болса қайтпексің? Тағдырдың пешенеге жазған еншісі қарашы жұрттан өзгеше болса, өзгеше екеніне сенімді болсаң неге еңбек етпейсің, неге жан қинап терлемейсің? Бар ойы – қарын қамынан аспаған қаса наданнан не айырмаң бар? Мұхтар Мағауин «Көк мұнар» https://t.me/kitapuzindisi
Жасырынып біреуден… Қашып… Тоңбай… Жатсам деп ем самарқау тасып-толмай… Мүмкін емес екен ғой жүрек барда Өмір сүріп біреуге ғашық болмай... Танакөз Толқынқызы https://t.me/kitapuzindisi
– Кейде өстіп көзіме жас толатыны бар, әпкетай. – Ыстық жас ажарлы бетке әжім түсіреді. Қолыңнан келсе жыламасқа тырыс, бауырым. – Адам әдейі жылай ма, әпке? – Иә… қазандағы су жалын өтсе ғана қайнайды. Әбділда Тәжібаев «Майра» https://t.me/kitapuzindisi
Өмір деген қызық, кейде ол адам тағдырымен сүт құятын тостағанмен ойнаған мысық сияқты ойнайды, мазақ қылады, кейде таң қараңғысын түре кеп, терезеден бетіңе түскен күн сәулесі тәрізді күле қарайды. Сәуірбек Бақбергенов «Ақ боз атты ару» https://t.me/kitapuzindisi
Сен білесің, жан білмес сырларымды, өзім шеше алмайтын жұмбағымды, Ешбір адам көрмеген белгілерді, Еш жинаққа енбеген жырларымды. Ерлан Жүніс «Сен білесің» https://t.me/kitapuzindisi
Біз білгенде Қ-ның Ө, Ң, Ғ, Ұ деген қолдың саласындай туған інілері мен Ү, І атты көздің жауын алатын қарындастары бар еді. Осы бір отбасы өзімен-өзі болғалы еш жақсылық көрмеді, бағы жанбады. Өз үйінің төрінде отырып қыспаққа түсті, теперіш көрді. Бұлар да бір ел екен-ау деп оларды елеп-ескерген, санасқан ешкім болмады. Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде» https://t.me/kitapuzindisi
Қызғаншақтық деген әйелге де, ерге де дерт. Бұл көп жайда теңсіздіктен, ерлі-зайыпты екеуі бір-біріне тең болмаудан, немесе, тең болады. Кейде бірі сүйіп, бірі сүймей қосылатын ала ауыздықтан шығады. Әсіресе, әйелдің шайпау мінезі ер жігітті жүдетеді, жүнжітеді. Сәуірбек Бақбергенов «Кентау» https://t.me/kitapuzindisi
«Атадан ұл туса еді, ата жолын қуса еді» деп бұрынғылар неге тіледі дейсің. Ұлдың өзі тумайды, келін өзі келмейді. Бәрі де атаның күші, ананың сүтінен тарайды, — дей келіп, өзінің замандасы Құнанбайға байланысты бір әңгіме айтты. — Қазір Арғын ішінде мойны озып тұрған азамат — Абай ғой. Сол бір жолы әкесі Құнанбаймен сөз таластырып отырып: «әке, мен сенен асып кеттім» деген екен. Сонда Құнанбай іле жауап беріп: «оның күпірлік болар, балам. Сен менен асу үшін, әуелі мен сияқты өзіңнен асқан бала тудырып ал» депті... Сол Құнекең айтқандай, әкеден озып туатын да, азып туатын да бала болады. Тек күн өткен сайын ұрпақ ұсақтап, пейіл тарылып, ата салтынан айнып кетпесе болғаны да. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» https://t.me/kitapuzindisi
Оңай соқпас мықтыға да, осалға Қоштасу сәт – ең қиыны қашанда. Енді қайтып көрмесіңді білсең де Қоштаса біл, жанарыңа жас алма. Исрайл Сапарбай «Қоштаса біл» https://t.me/kitapuzindisi
Тіршіліктің адам баласына ешқандай құны қалмайтын сәттері болатынын жаңа түсінді. Кейде біреулер өзіне-өзі қол жұмсап, жазым кешіп жатқанда, басқалар бас шайқап, неге өйтті екен деп жатады ғой. Солай болады екен, жаңа ғана түсінді. Бір сәттік қана сезім жеңсе. Сосын жалғыз ғана сызық. Содан әрі аттап кетсең болды, басқа бір әлем... Сайлау Байбосын «Ажалын жоғалтқан адам» https://t.me/kitapuzindisi
Менімен бірге жүргелі әке-шешең туралы бір айтқан емессің, бәрінен жеріген сияқтысың. Соларды тап, адамға туыс керек. Бізден көргенің — ет пен терінің арасындағы желік. Сен оны қайталама, ал енді бар! Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде» https://t.me/kitapuzindisi
– Жас кезімізде осынау өмірдің шет-шегі жоқ, тіпті таусылмайтындай көрінуші еді. Сөйтсек, оның өзі қамшының сабындай, екі айналуға келмейтін тым қысқа нәрсе екен ғой Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» https://t.me/kitapuzindisi
Сонда, бақыт деген әйел болғаны ма? Әйелі жақсы адамның бәрі бірдей бақытты ма? Жақсы әйел ғана бақыт болса, онша қиын да емес болар-ау, бақыт дегеніміз. Әлде жақсы әйел аз, жаман әйел көп пе? Бақыт саналатын жақсы әйел дегеніміз кім? Оны қалай білуге болады? Бұл ма, бұл, ер адамның ойлайтыны ғой. Сәуірбек Бақбергенов «Кентау» https://t.me/kitapuzindisi
Ең мықтылардан үйрену керек әмәнда, Тәжірбие деген қашанда қажет адамға Біреуге беріп, біреуден алмай бола ма? Жүрген соң жасап адамзат деген қоғамда. Әбділда Тәжібаев «Ағалар туралы» https://t.me/kitapuzindisi
Қуанғам себебім — өзім бой жете келе іштей аңсаған, көрмесем де, сондай болса екен-ау деп үздіге армандаған бір ұнамды идеал тұтқан жанның мен ғұмыр кешіп отырған мынау пәни жалғанда бар болып шығуы. Менен гөрі көйлекті бұрын тоздырсаңыз да, күнделікті тірлігіңіз, барлық жағдайыңызды менікінен гөрі басқашалау болса да, балалық қиялыммен санамды сурет бұрын-ақ салынып қойылған асыл жанның өмірде бар болып шығуы мен үшін үлкен жұбаныш. Нұрдәулет Ақыш «Мұңды жанардың сәулесі» https://t.me/kitapuzindisi
💌Ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot 📚Кітаптар: @kzkitap
«Жұмыстан ораларда сенің аяқ тықырыңа бір әйел құлағын түріп тосып отырса, еркектің бақыты деген осы!», – депті. Қандай керемет айтылған сөз! Шынында да еркекке одан артық не керек? Шаршап келгенде сенің ғана қас-қабағыңа қарайтын бір адамның болуы деген қандай бақыт! Сайлау Байбосын «Ажалын жоғалтқан адам» https://t.me/kitapuzindisi