- Последний пост
- 12 июн.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Алланы сүй, Алланың хикметін сез, Сонда ашылар жүректен көркем мінез!
Кейбірі бақытқа бөленген шақта, кейбірі мұң арқалайды… #бір_кем_дүние
Һей, жігіттер, сөз айтайын сендерге, Махаббатты сезбей өтпес әр пенде. Түн ұйықтатып, таң оятса адамды, Ұйықтатпайды махаббат ғашық жанды! Һей, жігіттер, аруларға тек жігіт боп жүгірме, Аға болып, әке болып оны әркез қадірле! Гүл сезімі жақұт болып жұпар аңқып тұрғанда Ең төменгі әрекетпен нәзіктікті бүлдірме! Һей, жігіттер, еркек болып жүру үшін ғаламда, Күн көргенде күлімдеген жалғыз бидай аздық етер адамға!
Дәурен өтер, адамдар қолды сілтер, Келешектен көрінбейтін үміт күтер. Бір әрекет жасалмаса бұл ғұмырда, Құр ойменен биік болу мәні бекер… Бекер, бекер, Бекердің бәрі қатер. Өкіну, өкпелеуге кеп үлесер. Өкінген, өкпелеген адамдарға Мол мүмкіндік, зор мүмкіндік айтыңдаршы қайдан келер?!
Махаббаттың айдынына тұрақтауға көнбес еш, Жұптар, жұптар: Тағы асығыс, тағы судан дәметкіш. Толқындарға шыдай алмай бірін-бірі кінәләп Әне батты, міне батты біз сүйсінген жұп екеш…
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
“ЖҮРЕК БЕЙНЕЛЕУІ”🎨 қалам сиясымен өрілген алғашқы туынды🚀 📚 "Жүрек бейнелеуі" – өмір заңымен келетін студенттік кезеңнің қуанышы мен қиындығын сипаттап өтер хикая. Өмірге деген махаббатты – жүрекпен таны❤️ 🎁 "Бақшаға тарап" – жігіт пен қыздың сезімдері мен сөздерінен құралған диалог шумақтар💌 Кітаптың алғашқы оқырманы болуға асығыңыз💫 Тапсырыс беру бас-тал-ды🥳 Кітаптың бет саны: 160 Кітап құны: 5000тг Тапсырыс беру үшін: маған @kanagatabu "Жүрек бейнелеуі" деп жазсаңыз жеткілікті✅ Толық ақпарат сол жақта📲
Біреу білсе, біреу білмейтін, білгендердің де есінен шығар уақыт өткен «Жүрек бейнелеуі» атты кітабым біраз уақыт үнсіз қалған еді. Үнсіздіктің де үн қатар күні бар екен. Жаратқан берген сәттілікпен қуаттанып өткен апта кітапты баспаға тапсырдым✨ Біра-а-аз күтіп жүрген кітабымның оқырман қолына жетуіне күн аз қалды🌻 Осы орайда осы арнаны үзбей оқып жүрген әрбіріңізге алғысыммен қатар бір бұйымтайымды жеткізгім келіп отыр. Менің осы уақытқа дейін жүрегім ұсынып, тілегім құраған, жазбалар арқылы жариялаған туындыларымды сіздер ғана бәрінен жақсы білесіздер. Әрі үзбей оқып жүрсіздер. Солардың түбірінен өрілген кітабымды сіздерден артық ешкім түсінбес. Алғашқылардың бірі болып өздеріңіз оқысаңыздар нұр үстіне нұр, һәм маған да ерекше жеңіл болмақ🫂 Бұйымтайым: Жақында жарыққа шығар кітабымды жылы құшақтарыңызға алуға дайын болсаңыздар❤️ Еш жатырқамайды🤓 Санаулы күндер, санаулы сағаттар, санаулы минуттар⏳
Кейде бір арман үшін – мың адам, мың арман үшін – бір адам жолығады. Бақыт та, қуаныш та, махаббат пен сезім де бәрі-бәрі сол жандар арқылы өрнектеле түседі🪐 Жаныңда да, жырақта да ғұмырыңа нұр сәулесін шашып жүрген жандарға құрмет білдіріп, алғыс айту қашанда аздық етеді💫 #ой_толғау
Сен өкінбе, шегінбе құр бекерге. Өзіңді-өзің тергеп, іштей сөнбе. Сен өркенде, биікте, жебе көзде. Оқ жеткенше, өзің жет көздегенге!
Қыстан кейін қайта тірілген табиғат жасылға боялу үшін көктемді күтудің қажеті жоқ. Айналаны көзбен бояп, көңілмен бейнелей түс🎨 #тауға_шық #тау_ғашық
егер жүректе арман болса, демек сол арманның орындалуы үшін сен таңдалдың🌱
Кешегі бабалардан кем тұсымыз – Шын сүймей кеткендейміз елімізді… #бір_кем_дүние
ең жақын адам – сенің барыңда да, жоғыңда да саған әрдайым шынайы тілекші болатын жан💚
КӨРКЕМ КӨКТЕМ Көлікке көлеңкелер жиі түсіп, Қаладан зулап шықтым тысқа қарай. Жазық дала жолыма кезіккенде Қалай өтем, Айналама назар салмай? Көктемнің әсем болған белгілері: Көзіме жалт-жұлт етіп ілігеді. Қызғалдақ жайнап тұрса оң жағымда, Сол жағымда қызарып күн кетеді. Қызғалдаққа ұмтылдым қызыққаннан, Неткен сұлу, неткен әсем. Неткен талғам. Жайқалған қызыл кілем үстіменен Жүріп-ақ мол құрметке ие болғам. Құрметіне көктемнің алғыс айтам!