Әскен Әскерханұлы
СтатистикаӘбішев Әскен: - Сарыағаш медресе-колледжі түлегі; - Триполи университеті (Ливан) түлегі. "Ілім ордасы" - Шымкент медресе колледжі дайындық курсының арнасы.
- Последний пост
- 7 янв.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Образование
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Бұл – менің WhatsApp каналым. Мұнда әртүрлі хадистер, ғұламалардың нақыл сөздері, пайдалы насихаттар, жүректі тазартып, иманды күшейтетін ойлар жарияланады. 📌 Пайдалы деп тапсаңыздар, басқаларға да таратып, сауапқа ортақ болыңыздар. Алла баршамызға пайдалы ілім нәсіп етсін Подписывайтесь на канал "Asken_ustaz" в WhatsApp: https://whatsapp.com/channel/0029Vb6vUtYCBtxD54iAez2A
Риядус-солихин 273-бөлім: Мұсылмандарды кемсітуге тыйым салу 1576-хадис. Жундуб ибн Абдуллаh (р.а.) риуаят етеді: Алла Елшісі ﷺ былай деді: «Бір адам: “Алла пәленшені ешқашан кешірмейді”, – деді. Сонда Алла Тағала айтты: “Менің құлымды кешірмеймін деп, Маған серт беретін кім бұл? Мен ол адамды кешірдім, ал сенің амалыңды зая кетірдім!”» (Муслим риуаят еткен) Шейх Юсуф Хаттар
Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: «Менің Алла Тағала тарапынан әкелген мысалым – өз қауымына келіп: “Ей, халқым! Мен жау әскерін өз көзіммен көрдім. Сендерді ескертіп тұрмын, тезірек құтылуға асығыңдар!” – деген адамның мысалы секілді. Қауымының бір тобы оған бой ұсынып, алғашқы түнде-ақ көшіп кетіп, жау әскерінен аман қалады. Ал енді бір тобы оның сөзін өтірікке шығарып, орындарында қалады. Таң ата жау әскері басып кіріп, оларды қырып салады. Маған бой ұсынып, мен алып келген шариғатқа ілескендер мен маған қарсы келіп, жеткізген ақиқатты жоққа шығарғандардың мысалы – міне, осыған ұқсас». (Сахих әл-Бұхари) Пайғамбар ﷺ осы мысал арқылы бізге маңызды ақиқатты түсіндіреді: Оған бойсұнып, алып келген шариғатқа ілесу — құтылудың жолы. Ал оның сөзін жоққа шығару, ескертуді елемеу — дүниеде де, ақыретте де өкінішке апарады.
بَدَأَ الْإِسْلَامُ غَرِيبًا، وَسَيَعُودُ كَمَا بَدَأَ غَرِيبًا، فَطُوبَى لِلْغُرَبَاءِ ". "Ислам бөтен болып басталды және бөтен болып қайтады, бөтен болғандарға жақсылық (жәннат, жәннаттағы ағаш) нәсіп болсын". (Сахих Мүсілім) Түсіндірмесі: Ислам бөтен болып басталды…» Ислам алғаш келген кезде оны қабылдағандар аз болды. Көпшілік олардың сенімін жат көрді, мазақ етті, қарсы шықты. Бірақ сол азшылық ақиқатта болды. «…және қайтадан бөтен болып оралады» Уақыт өте келе адамдар діннің мәнін әлсіретіп, әдет-ғұрыпты, нәпсіні, қоғамның талабын діннен жоғары қояды. Сол кезде шынайы сүннетпен жүрген, харамнан тыйылған, ақиқатты ұстанған мұсылман көпшілікке «бөтен» болып көрінеді.
без подписи
"Шынайы дос – сені Алла Тағаланы еске түсіретін және Оның разылығын алуға көмектесетін адам."
"Қайғы екі түрлі болады: бірі – сен үшін, екіншісі – сенің зияныңа. Ақырет үшін болған қайғы – сенің пайдаңа. Ал дүние мен оның сәні үшін болған қайғы – сенің зияныңа. Яғни, ақыретті ойлап уайымдау – адамды жақсылыққа жетелейді, ал дүниенің қызығына уайымдау – адамды алдандырады. Иброхим ибн Адхам
Өткінші қиындыққа сабыр етсек – сыйы мәңгілік жаннат. Уақытша ауырлыққа төзген жан, Алланың шексіз нығметіне кенеледі. @ Алла бізге сабыр мен жаннатты нәсіп етсін!
Әрбір қиындықпен бірге – жеңілдік бар. Бұл дүниенің ауырлығына сабыр етсең, ахыретте жеңілдікке жолығасың. Сондықтан нәпсіге ұнайтын өткінші қызықтарға алданып қалма. Құлшылыққа сабыр ету қиын көрінсе де, тозақ отына ешкім сабыр ете алмайды. @ Алла бізге бұл өмірде тауфиқ, ақыретте жарылқау нәсіп етсін!
без подписи
Ізгі амал жасаған соң, мақтануға асықпа. Себебі мақтану – рияға бастайды, ал риямен жасалған амал қабыл болмайды. Қабыл болмаған амалыңмен қалай мақтанбақсың? @ Алла бізді риядан сақтап, ықыласты құлдарынан етсін!
Кішіпейілдіктің көрінісі – адам өз кемшілігін танып, өзгеден өзін төмен санауында. Күнәсін мойындаған тәкаппар болмайды, ал өзгеге құрметпен қарау – жүректі жұмсартады. @ Алла бізге шынайы кішіпейілдікті, таза жүрек пен дұрыс ниет нәсіп етсін!
Ең ауыр сынақ – күнә. Тәубені кешіктірсек – Алладан алыстаймыз. Ал дүние сынағында сабыр етсек – Аллаға жақындаймыз. @ Алла жүрегімізді туралықта берік етсін!
Ахыреттің мәңгі, ал бұл дүниенің өткінші екенін білеміз. Бірақ соған қарамастан, неге мәңгілік өмірге азық жинап, соны көбірек ойламаймыз? Неге уақытша ләззаттар мен жалған рахаттарға алданып жүрміз? Шын ақиқатқа көз жеткізіп тұрып, амал етпеу – жүректегі ғапылдықтың белгісі. @ Алла бізге сергектік пен хидаят нәсіп етсін!
Денеңді қалыпта ұстау үшін аптасына кемінде екі рет жаттығу жасау қажет. Сол сияқты, иманыңды нығайтып, сақтап қалу үшін рухани сабақтарға тұрақты түрде қатысу керек. Рух пен тән бірдей күшеюі тиіс. @ Алла бізге хидаят берсін!
Сауда жүрмесе, дереу қамданып, себеп іздейміз. Ал құлшылықта ықылас болмаса, мән бермейміз. Нәпақа үшін жан саламыз, ал Раббымызға құлшылықты кейінге қалдырамыз. Сонда дүние біз үшін ақыреттен артық болғаны ма?.. @ Алла бәрімізге хидаят нәсіп етсін!
https://www.instagram.com/stories/asken_ustaz/3634500656374723172?utm_source=ig_story_item_share&igsh=YnJrdWZpYjkzbmIz
Channel name was changed to «Әскен Әскерханұлы»
*أسيادكم خُدّامكم* *«Мырзаларың – сендерге ең көп қызмет еткендер.»* Бұл – пайғамбарлық жол, хақ жол. Алланы шын таныған, жүрегі иманға толы ұлы ғалымдар өз шәкірттеріне осы сөзді жиі айтатын. Себебі, нағыз ұлылық – әмір беру мен биікте тұруда емес, үмбетке қызмет етуде. Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ – күллі жаратылыстың ең ардақтысы бола тұра, үмбетіне жан-тәнімен қызмет еткен, ешқашан өзін биік қоймаған. Кішіпейілділік пен жанашырлық – оның өнегесінің өзегі еді. ✦ @ Алла Тағала баршамызға осы көркем мінезді, қызметке ұмтылған жүректі нәсіп етсін! ✦ Бізді де пайғамбарлық жолды ұстанған хидаят иелерінен етсін!
لِّيَسْأَلَ الصَّادِقِينَ عَن صِدْقِهِمْ "Алла шыншылдардың шындығынан сұрау үшін" (Ахзап сүресі, 8-аят). Егер Алла шыншылдардың шыншылдығы жайлы сұраса, өтірікшіні сұраусыз қалдырады деп ойлайсың ба? Олар Алла тағаланың мына сөзін естімеді ме? وَقُلِ ٱعْمَلُواْ فَسَيَرَى ٱللَّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُۥ وَٱلْمُؤْمِنُونَ وَسَتُرَدُّونَ إِلَىٰ عَٰلِمِ ٱلْغَيْبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُم تَعْمَلُونَ "(Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) оларға айт: "Істейтіндеріңді істеңдер. Істеріңді Алла, Пайғамбар және мүміндер көреді. Сондай-ақ көмес, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар да, сендерге не істегендерің білдіріледі ". (Тәубе сүресі, 105-аят). Олар өздерін шыншыл кейпінде көрсетеді, алайда Алладан бет бұрған кісілердің істерін жасайды. Ибн Ато’илла Ас-Аскандари