- Последний пост
- 21 июл.
- Последнее чтение
- 12 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 93
- 1/48двое суток
- 106
- 1/72трое суток
- 114
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қазіргі таңда кейбір "оқымыстылар" шариғатта әйелге үй жинау, тамақ пісіру сияқты үй ішіндегі қызметтер міндетті емес деген пікірді насихаттап жүр. Алайда бұл мәселені дұрыс түсіну қажет. Фиқһ кітаптарында қазылық (соттық) тұрғысынан әйелді бұл істерге мәжбүрлеу қарастырылмағаны айтылғанымен, бұл Алла Тағала мен құлдың арасындағы діни міндет емес дегенді білдірмейді. Ханафи мәзһабының үлкен ғалымы Имам Кәсәни р.а былай дейді: «Егер ер адам әйелін ай сайын белгілі бір ақыға өзіне үй қызметін атқаруға жалдаса, бұл дұрыс болмайды. Себебі үйдің ішкі қызметтерін атқару – әйелдің Алла Тағаланың алдындағы діни міндеті. Өйткені Пайғамбар ﷺ Әли мен Фатиманың (Алла екеуіне де разы болсын) арасындағы жұмыстарды бөліп берген: үйдің ішіндегі жұмыстарды Фатимаға, ал сырттағы жұмыстарды Әлиге жүктеген. Сондықтан міндетті болған іске жалдау дұрыс саналмайды.» (Имам Кәсәни, «Бәдәәи' әс-Сәнәәи'», 4/192). Демек фиқһтағы «қазылық тұрғысынан міндетті емес» деген сөзді «діни тұрғыдан да міндетті емес» деп түсіну дұрыс емес. Бұл екеуі екі бөлек ұғым. Қазылық тұрғысынан – күйеуі әйелін сот арқылы үй шаруасына мәжбүрлей алмайды. Діни тұрғыдан – ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты. Үй ішіндегі қызметтерді атқару – әйелдің Алла алдындағы міндеттерінің бірі, егер маған міндетті емес деп орындамаған жағдайда күнә болады.
📚«Қазіргі замандағы ең таңғаларлық әрі ең қиын нәрсе – ақылды болумен қатар ниеті таза болуы, өзіне пайдалы істермен айналысуы және жаман әдеттерден аулақ жүруі. Өйткені қазіргі ақылды адамдардың көбі дүниені жақсы көріп, соған ғана ұмтылады, ал ақыретті екінші орынға қояды.» وأغربُ شيءٍ في هذا الزمانِ وأصعبُهُ: اجتماعُ ذكاءِ فَهْمٍ مع حُسنِ نِيَّةٍ، وسَعْيٍ فيما يعني وهجرِ للعوائدِ التي قادتْ إلى كلِّ بليَّةٍ، وإنَّما الذكيُّ اليومَ مبتلًى في الغالبِ بحبِّ الدنيا والسعيِ لها، وعدمِ الابتهالِ بالآخرةِ Әс-сануси (Шарх ақидатул-усто)
📚«Егер білмейтін адам үндемегенде, адамдар арасындағы келіспеушілік аз болар еді.» لو سكت من لا يدري لقلَّ الخلاف بين الخلق Имам Ғазали (Файсалут-тафриқаһ)
📚«Құдайы – нәпсісі, табынары – билеушілері, құбыласы – дирхамдары мен динарлары, шариғаты – нәпсінің жетегіндегі әдеттері, қалауы – мансап пен құмарлықтары, құлшылығы – байларға қызмет ету, зікірі – уәсуәс, ал ойы – өз беделі мен мәртебесін сақтау үшін айла-тәсілдер ойлап табу болған қауымға ғайып әлемінің сырлары қалай ашылсын?!» وَأَنَّى تَتَجَلَّى أَسْرَارُ الْمَلَكُوتِ لِقَوْمٍ إِلَهُهُمْ هَوَاهُمْ، وَمَعْبُودُهُمْ سَلَاطِينُهُمْ، وَقِبْلَتُهُمْ دَرَاهِمُهُمْ وَدَنَانِيرُهُمْ، وَشَرِيعَتُهُمْ رُعُونَتُهُمْ، وَإِرَادَتُهُمْ جَاهُهُمْ وَشَهَوَاتُهُمْ، وَعِبَادَتُهُمْ خِدْمَةُ أَغْنِيَائِهِمْ، وَذِكْرُهُمْ وَسْوَاسُهُمْ، وَفِكْرُهُمْ اسْتِنْبَاطُ الْحِيَلِ لِمَا تَقْتَضِيهِ حَشْمَتُهُمْ. Имам Ғазали (Файсалут-тафриқаһ)
без подписи
ТОҚТАР АСҚАРОВ pinned a photo
Сенімді ақпарат!
🤲Алла Тағала Арафа күні жасаған барлық дұға-тілектеріңізді, құлшылықтарыңызды қабыл етсін. Күнәларыңызды кешіріп, өміріңізге береке нәсіп етсін. Арафа күні сіз үшін кешірім мен рақым күні болғай. Әмин!
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
🌞 Жазғы лагерьге таптырмас кітапша! 📚 «Бір Аллаға сиынып кел, балалар, оқылық!» — балаларға арналған имани әрі тәрбиелік кітапша. ✨ Кітап ішінде: • Алланың 99 есімі • Дәрет алып үйрену • Намаз үйрену • Қысқа хадистер • Дұғалар мен зікірлер • Сүннеттер • Ақида және фиқһ негіздері • Пайғамбарымыздың ﷺ өмір баяны • Тәрбиелік мақал-мәтелдер Балаңыздың демалысын пайдалы әрі мағыналы өткізуге көмектеседі. ✅ ҚМДБ сараптау комиссиясы мақұлдаған. 📩 Тапсырыс беру үшін: Қарағанды wa.me/77059089874 +7 747 963 9098 Алматы wa.me/7072066939 +7 707 206 6939
العاقل من ينظر لعاقبته ولا ينظر بعاجلته Ақылды адам - қазіргіге (осы дүниеге) алданбай, соңын (ақыретті) ойлайды... (Имам Ғазали)
без подписи
без подписи
✅Бір күліп алыңыз😊 Аудармасы: Бірде әйелі күйеуін достарымен бірге сыртқа шығармай қойған екен. Сонда күйеуі: Бір әйел мысықты қамап қойғаны үшін тозаққа кірген, соны ұмытпа. Ал сен болсаң арыстанды қамап отырсың - деген екен… 😁өзін арыстан деп отыр ғой
Бір қызық сұрақ😊: Тозақта болады, бірақ азапталмайды. Кімдер деп ойлайсыз?
😁
😁