tgindex
Сығанақи

Сығанақи

Статистика
@magrifattaРелигияказахский
Последний пост
27 июл.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
799
+3 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
468
20 постов
Вовлечённость
58,6%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
2
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
203
1/48двое суток
232
1/72трое суток
250

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Қыдыр а.с Зұлқарнайн дос болған. Екеуі бір ғасырда өмір сүрген. Доул мағали Мулла Али Қори

  • "Әлди" айтқан әкемізді "тәхлил" айтып шығарып салдық.

  • Ілімнің артықшылығы соншалық тіпті үйретілген ит пен үйретілмеген иттің аулап алғанына әсер етеді. Үйретілмеген иттің алғаны харам болады. Ал үйретілген иттің алғаны халал болады. Шейх Әдхам

  • Әбу Ханифа р.а ұстазы Хаммадты р.а құрметтегені соншалық оның үйіне қарай аяғын созабаған.

  • 6 июл.570185

    "Хара хачи бу" немесе сүннетпен тамақтану Мені жапондар көп таңқалдырады.Соңғы таңғалғаным жапондардың тамақ жеу әдісі. Тамақ жеген кезде қарынды 80% - ға дейін толтыру техникасы. Жапондар оны "хара хачи бу" деп атайды. Жапонша Hara hachi bu (腹八分) сөзбе-сөз былай аударылады: Hara (腹) – іш, қарын. Hachi (八) – сегіз. Bu (分) – бөлік, үлес, оннан бір бөлік (ескі жапон өлшемінде). Сөзбе-сөз мағынасы: «Қарын – сегіз бөлік» немесе «Қарынның сегізден он бөлігі (80%)». Бұл әдіс пайғамбарымыздың с.а.с сүннетімен дөп түседі.Бұл - тамақ жегенде қарынды толық толтырмау. Пайғамбар ﷺ: « Адам баласы асқазанынан жаман ыдыс толтырған емес. Бірнеше үзім белін тік ұстауға жеткілікті. Ал егер міндетті түрде жейтін болса, онда асқазанының үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға, үштен бірін ауаға қалдырсын», – деген. Бұл біздің өмірімізге де енуі керек.

  • 4 июл.399202

    Намазда жылау Ханафи мәзһабында жылау намазды бұзбайды. Алайда жылаған кезде дыбыс шығаратын болса себебіне қаралады. Егер жәннатты аңсап немесе тозақтан қорқып немесе ақыреттік мәселелермен жылайтын болса намазы бұзылмайды. Ал егер қайғыдан жылайтын болса: Еріксіз түрде жылап жатса бұзылмайды. Егер ерікті түрде жылап жатса бұзылады. 🎙 Шейх Салах Әбу ал-Хадж

  • 2 июл.428153

    10-хикмет әл-Хикам әл-Атаия: ادفن وجودك في أرض الخمول، فما نبت مما لم يُدفن لا يتم نتاجه. Қазақша аудармасы: Өзіңді көзге түспеудің (қарапайымдылықтың) топырағына көм. Өйткені жерге көмілмеген дән толық өнім бермейді. Түсіндірмесі Бұл хикметте Ибн Атаиллаһ әс-Сәкәндари адамның рухани кемелденуі үшін ықылас пен қарапайымдылықтың қаншалықты маңызды екенін өте көркем мысалмен түсіндіреді. Дән жерге көмілмесе, ол өспейді, жеміс те бермейді. Сол сияқты адам да өзін үнемі көрсетуді, мақтауды, танымал болуды көздесе, рухани тұрғыдан толық жетіле алмайды. «Өзіңді көм» деген сөздің мағынасы: мақтаншақтықтан аулақ болу; атақ пен даңқ іздемеу; істеген игілікті адамдарға емес, Аллаға арнау; қажетсіз түрде өзін алға шығармау. Бұл адамның қоғамнан оқшаулануы керек деген сөз емес. Егер қызметіңіз, ұстаздығыңыз немесе басшылық міндетіңіз болса, оны атқару қажет. Бірақ жүрек адамдардың мақтауына емес, Алланың разылығына байлануы тиіс. Өмірлік сабақ Істің берекесі көбіне ықыласта болады. Қарапайым адамды Алла дәрежесін көтереді. Жемісті ағаш қалай иіліп тұратын болса, кемел адам да кішіпейіл болады. Адамдар алдында үлкен көрінуге емес, Алланың алдында қадірлі болуға ұмтылу керек. 🎙 Шейх Рамазан Бути

  • 2 июл.310132

    Намазда күлген кісінің намазы Егер намазда өзгелер еститіндей етіп күлсе намазы мен қосып дәреті бұзылады. Бұл жағдайда дәрет алып қайта намазын оқиды. Тоқтаған жерінен жалғастырмайды. Ал егер басқа бір әдеттегі себептермен дәреті бұзылса тоқтаған жерінен жалғастырады. Мысалы дененің қанап кету секілді.Өйткені қарқылдап күлу әдетегі дәрет бұзуға жатпайды.

  • Намазда имамның әйел адамға ниет етуі Ханафи мәзһабының классикалық мәтіндерінде ер адам имам болған кезде әйел адамға ниет етуді шарт етеді. Бұл ниеттің шарт болуының негізігі себебі - әйел адам мен ер адамның саптас (муһәзә) болып қалуынан сақтанғандығы үшін.Егер бір сапта бір намазды бір ниетпен қылып жатса ер адамның намазы бұзылады. Ал егер муһәзә болмаса немесе ондай қәуіптен ұзақ болса ер адам әйелді ниет етпесе де артына ұйыған әйелдердің намазы дұрыс болып есептеледі. 📚 Шарх әл-уиқоя дәрістерінен

  • Құлшылықтың ләззатын жоғалту және сүннеттерді кейде тастап жасамай қоюдың түпкі себебі риякерлік. Бұл өз кезегінде жүрек дерттеріне жатады.Ал оны емдеудің жолы төмендегідей: 1) Ықыласты күшейту 2) Сүннет амалдарды жасау 3) Істің бастауын түзеу 📚Әржузәту ьуюбин ан-нәфс

  • Білім ізденуші бакалавр,магистратура,доктарантура бітіріп тіпті профессор болса да білім алуды үзбеуі керек.

  • Сенен адамдар: "Сұлулықты қайдан іздеп табамыз? " - деп сұраса, сен оларға: "Алладан қорқушы адамның жүзінен табасың", - деп жауап бер. 🎙Мәулана Руми

  • Жүзді жабу ханафи мәзһабында әурет болғандығы үшін емес, бүлікке себепші болғандығы үшін үкім беріледі. Сол себепті екі түрлі нәрсеге қарап бүлікке себепшілігін білуге болады. 1) Егер әйел адам өте әдемі болып бүлікке себепші болса 2) Өмір сүріп жатқан қоғамы оған бүлікке себепші болса Мысалы біздің елде бұған басқаша қарайды.Тіпті жүзін жапқан әйел жүзін ашқан әйелден де көбірек бүлікке себепші болады.

  • Һидаят пен ижтибә Һидаят - пенденің Аллаға қарай жолы. Ижтиба - Алланың пендеге қарай жолы. Құран Кәрімде ۞يَجۡتَبِىٓ إِلَيۡهِ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِىٓ إِلَيۡهِ مَن يُنِيبُ Аш-Шура: 13 "Алла қалаған құлдарын осынау хақ дін үшін таңдайды және Өзіне шын көңілден бет бұрғандарды сол жолға бағыттайды" - деген. Һидаят - пенде ізденіп,күш жігерін салған кезде айтылады. Ижтиба - Алла пендені өзі бағыттаған кезде айтылады. Мысалы: Бишр Хофи, Мәлик ибн Динар секілді. 🎙 Шейх Рамадан Бути (хикаму ал-Атоия)

  • Жаңа форматтағы жаңа кітап Нәзік жандыларға  арналған 40 қағида кітабы. Бұл кітапта нәзік жандылар хайыз бен нифас т.б байланысты 40 қағиданы үйренеді. Кітаптың бағасы: 2000₸ Реквизит: +77768440365 Алу үшін сілтемеге өтіңіз! https://wa.me/77768440365

  • Алма тістеген кезде қанның ізі қалатын болса дәрет бұзылмайды.Өйткені бұл дәретті бұзатын мөлшердегі қан емес.Дәретті бұзатын қан шыққан жерінен таза денеге жылжитындай мөлшерде болуы керек.

  • 15 июн.1 276226

    Жүрек мына он нәрсе арқылы өледі 1) Алланы танып,ақысын өтемеу 2) Алланың кітабын оқып онымен амал етпеу 3) Пайғамбарды с.а.с жақсы көремін деп айтып бірақ оның сүннетерін тәрк ету 4) Шайтанды дұшпан деп танып соған ілесу 5) Жәннатты қалаймын деп бірақ оған жету үшін амал жасамау 6) Тозақты рас екенін мойындап одан ұзақтамау 7) Өлімнің шын екенін біліп бірақ оған дайындық жасамау 8) Өзгелердің айыптарымен шұғылданып, өз айыптарына мән бермеу 9) Алланың нығметін жеп оған шүкір етпеу 10) Өлілерді көміп тұрып одан ғибрат алмау 📚 Шарху хикам ал-Атоия

  • Дұға жасағаннан кейін оның тез арада қабыл болады деп ойлама.Өйткені Мұса а.с وَقَالَ مُوسَىٰ رَبَّنَآ إِنَّكَ ءَاتَيۡتَ فِرۡعَوۡنَ وَمَلَأَهُۥ زِينَةً وَأَمۡوَٰلًا فِى ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا رَبَّنَا لِيُضِلُّواْ عَن سَبِيلِكَۖ رَبَّنَا ٱطۡمِسۡ عَلَىٰٓ أَمۡوَٰلِهِمۡ وَٱشۡدُدۡ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ فَلَا يُؤۡمِنُواْ حَتَّىٰ يَرَوُاْ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَلِيمَ Жүніс: 88 Мұса: «Уа, Раббымыз! Сен Перғауынға және айналасындағы шонжарларына осы дүниеде көздің жауын алатын сән-салтанат һәм мол байлық бердің. Уа, ұлы Раббымыз! Олар (осының нығметтердің буына мастанып) нәтижеде ел-жұртты Өзіңнің тура жолыңнан тайдыруда. Уа, Раббымыз! Олардың мал-мүліктерін (байлықтарын) түгін қалдырмай құртып жібер. Жүректерін одан сайын тас қылып қатайта түс. Олардың жайы белгілі, олар ауыр азапты өз көзімен көрмейінше, иманға келмейді», – деп дұға жасаған. Бұл дұға 40 жылдан кейін жүзеге асқан. Сол себепті дұға жасаған болсаң асықпа!

  • әл-Хикам әл-Атаия кітабының бесінші хикметі: اجْتِهَادُكَ فِيمَا ضُمِنَ لَكَ، وَتَقْصِيرُكَ فِيمَا طُلِبَ مِنْكَ، دَلِيلٌ عَلَى انْطِمَاسِ الْبَصِيرَةِ مِنْكَ Оқылуы: Ижтиһәдука фима думина лакә, уә тақсирука фима тулиба минкә, дәлилун ‘алә интимасил-басирати минкә. Мағынасы: "Алла саған кепілдік берген нәрсеге шамадан тыс ұмтылып, ал сенен талап етілген міндеттерге немқұрайлы қарауың — жүрек көзіңнің көмескіленгенінің белгісі." Түсіндірмесі Имам Ибн Атаиллаһ бұл хикметте адамның өміріндегі үлкен қателіктердің біріне назар аударады. Алла Тағала адамның ризық-несібесін Өз мойнына алған. Пенде жұмыс істеуі керек, себептерді ұстануы керек, бірақ ризықтың өзін Алла береді. Ал құлдан талап етілген нәрсе: намаз оқу; Алланы еске алу; адалдық сақтау; күнәдан сақтану; адамдарға жақсы қарым-қатынас жасау. Бірақ адамдардың көбі керісінше әрекет етеді. Олар таңнан кешке дейін дүние үшін жанталасады, ал намазды кейінге қалдырады, Құранға уақыт таппайды, рухани тәрбиені ұмытады.

  • 6 июн.4781321

    Өзіңізге көз тиюден,сиқырдан,көре алмаушылықтан дем салу үшін арналған аяттар жиынтығы...