Өз ойым | أفكاري
СтатистикаБұл арнада көрген-білгенімді және солардан түйген ойларымды, алған пайдаларымды жазамын... Мұсылмандық тұтқасы @al_nasafi Сұрақтар болса: @nurmslm
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 7
- Всего постов
- 27
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 204
- 1/48двое суток
- 233
- 1/72трое суток
- 252
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Мұсылман еместерден немесе бейнамаз қыздардан хиджабтағылардың феминизмі өте жаман. Бейнамаздың арасындағы феминистер үй тірлігін бөліп алумен қатар ақша табуды, пәтер ақысын төлеуді, ортақ қарызды жабуды, ипотеканы төлеуді де бөліседі. Ал хиджабтағы феминистер…
Мұсылман еместерден немесе бейнамаз қыздардан хиджабтағылардың феминизмі өте жаман. Бейнамаздың арасындағы феминистер үй тірлігін бөліп алумен қатар ақша табуды, пәтер ақысын төлеуді, ортақ қарызды жабуды, ипотеканы төлеуді де бөліседі. Ал хиджабтағы феминистер "жұмыс істеу, асырау, киіндіру, баспанамен қамтамасыз ету сенің міндетің" деп түздің тірлігін толықтай еріне жүктеп, үй тірлігіне келгенде тағы теңдей бөліскісі келеді. Яғни, "сен мені асыра, бақ, киіндір, мен үйде жатамын. Сосын кезектесіп үй жинап, кезектесіп бала қарап, кезектесіп тамақ пісіреміз" дейді. Фиқһты қате түсініп алып, үй жинау, бала қарау, бала емізу әйелдің міндеті емес дейді. Үй жинамайтын, өз баласына келгенде міндетім емес дейтін, тек өзінің құқықтарын ғана біліп алған "тақуа", бірақ қит етсе талақ бермегеніне қарамай үйіне кетіп қалатын, жалпы өз дегенін істеткісін келетін, ислами психологтарға тойып алған, санасыз феминист қатын есі дұрыс еркекке тегінге де керек емес. Сол үшін бірден басын ашып, көзқарасын біліп алыңдар. Феминизммен миы уланған қыз қатын болып жарытпайды. Жүйкеңді жұқартып, өміріңнің берекесін кетіріп, басыңның соры болады. Ондай оранғаннан феминизммен миы уланбаған, санасы таза, әйелдік болмысын жоғалтпаған оранбаған тәрбиелі қыз мың есе артық.
"Өзіңді сыйлайтын жерге қайта-қайта жылтыңдап бара берме. Қадірің кетеді "дегендей, ұқпасқа сөзіңді құрта берме, салмағы кетеді...
Қанша айтқың келсе де жауапсыз қалған сөздерің еске түсіп, қадіріңді кетірмес үшін іштей тынасың. Өзін сыйлаған адамға тіленіп алынған жауаптан, жанға маза бермейтін, қадірін сақтайтын сөзсіздік, үнсіздік артық...
Мен үшін қазақ тілі сүйегіне сіңіп кеткен, сөйлегенінде түрлі тіркестер мен мақалдар, нақыл сөздер мен теңеулер тілінен автоматты түрде, өздігінен шығатын, яғни жасандылығы жоқ екі тұлға бар. Бірі Бекболат Тілеухан болса, екіншісі Серікжан Біләш. Бұл кісілер сөйлегенде сол жағдайға байланысты мақал мен теңеулерді ойланбастан, алдын ала жоспарламастан айта береді. Сүйегіне сіңіп кеткен дегенде меңзегенім осы. Омар Жәлелдің Абай, Мәшһүр, Шәкәрімдердің сөзін жаттап алғаны болмаса шешендігі мен көркем сөйлеуі жоқ. Ал Тазабековтың сөйлегені құр қара сөз, қаймағынан ажырап қалған құр сылдыр сүт секілді.
😁😁
ҰРҒАШЫ 2. Әйел, жамағат, зайып, қатын. Ағын жесең ақылың жаннан асар, Сарысын алсаң, дәулетің судай тасар. Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар (Абай, Тол. жин.). Қатын алма төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер…
ҰРҒАШЫ 2. Әйел, жамағат, зайып, қатын. Ағын жесең ақылың жаннан асар, Сарысын алсаң, дәулетің судай тасар. Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар (Абай, Тол. жин.). Қатын алма төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер жанды (Алдаспан). Алыс тұрып, ақырды қыр басынан: "Берекесін бұл жердің кім қашырған?.." Өңім бе, түсім бе деп таңданады, Кез алмай орамалды ұрғашыдан, Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан (М.Мақатаев, Шығ.). Жүрегім қызынбайды ұрғашыға, Сөзіңнің ерсем дағы турасына. Қара жер – ата-анам, ең жақыным, Мені аяп, азаттық бер бір басыма! Басың жас, тілегіңіз алдыңызда, Көңілдің азба, шырақ, қызбасына. Сау болсаң, таңдап сүйіп қосыларсың, Не төре, не бір байдың мырзасына (Ә.Найманбаев, Шығ.).
"Ұрғашы деп хайуанды, малды, мысалы иттің күшігін айтады. Біз бұрыннан иттің күшігін еркек не ұрғашы деп айтатынбыз" дейді. Сонда еркек деген иттің күшігіне, малға қолданатын сөзді ер адамға қолдануға болады екен да, ұрғашы сөзін әйел адамға қолдануға болмайды екен))). Еркек дегені үшін "бізді қорладың, малға теңедің" деп арыз жазып жібереміз ба ерлер?😁)
Осы ше ер мен әйел бір-бірін сүйремесе, демемесе, түсінісе алмаса, сыйластық болмаса несіне үйленеді? Неге біз «сенің міндетің мынадай» деуге құмармыз? Ол маған не береді емес, мен не істей алам деген сұрақ мазалағанда өмір мәндірек әрі қызығырақ болмай ма? Қазір көп психолог, өмір сүруді үйреткіш мамандар айтып жүрген «жеке шекара», «самооценка», «алдымен өзіңді жақсы көр», «ұнамаса, ашық айт немесе ажырас», «сенің адамың емес» дейтін қыртымбай сөздерге күлкім келеді. Ең сорақсы — тырнақша ішіндегі қазақ әйелдерінің сүйікті ақылшысы Құралай ханымның «еркектер дурочка әйелді жақсы көреді» деген сөзі))) Білім, таным деген нәрсе жыныс таңдаушы ма еді, білім ерге де, әйелге де аса қажет нәрсе және ол үздіксіз дамытып отыруды қажет етеді. Қызық, әйел адамның білімді болуынан кім қандай жапа шегеді? Қазір әдемі болу — оп-оңай ғой. Ақылды болу қиын. Білім алу, ылғи ізденісте болу оңай емес, есесіне көрікті қолдан жасауға болады)) Әйел білімді болса, саналы ұрпақ тәрбиеленеді. Бала тәрбиесімен ана айналысады. Еркек түзде. Еркекке де дурочка керек емес шығар. Жетістікке жеткен әрбір еркектің артында оның әйелі тұр. Өтірік майысқаннан еркекке не пайда — ойлы дүние айтып ақылдаса алмаса, ортақ тақырыбы болмаса әңгімелескенде. Сонда үйде не айтады балаға киім керек, тамақ пісіру керек сонымен болды ма?) Қазақта небір ақылды әйелдер болған. Шыңғыс ханның өзі Бөртенің ақылына жүгінген. Кешегі Фатима Ғабитова үш бірдей арысымызға жар болды. Сонда оның тек сырт келбетіне «сынып» қап немесе сәнді киінгеніне бола жар етуді қалады ма?) Жоооо, мен түсінем, ер алдында түрлі себеппен ақымақ көріне салу керек кездер болады, бірақ ол түбегейлі «дурочка» болудан мүлде бөлек нәрсе ғой) Негізі, қай жерде ақымақ болу керек екенін білу үшін де ақыл керек)) Әйел еркектен әрдайым бір қадам кейін тұруы керек, бірақ «дурочка» болғандықтан емес, ақылы толысқандықтан. Тұру керек деп жұрт айтқандықтан емес, неге олай жасауы керек екенін түсінгендіктен. Талай әлемге танымал еркектің артында ақылды әйелдер тұрған, тұр һәм тұра береді...
Адамның жады мен түсінік-түйсігі қызық иә?! Оның ең қызық сәті өзгеге дәріс өткенде, бір мәселені түсіндіргенде көрінеді. Кейде шәкіттерге дәріс өтіп жатып, бір мәселені түсіндіріп жатқанда біраз уақыттан бері түсінбей жүрген мәселеңді өзің түсініп қаласың.…
Адамның жады мен түсінік-түйсігі қызық иә?! Оның ең қызық сәті өзгеге дәріс өткенде, бір мәселені түсіндіргенде көрінеді. Кейде шәкіттерге дәріс өтіп жатып, бір мәселені түсіндіріп жатқанда біраз уақыттан бері түсінбей жүрген мәселеңді өзің түсініп қаласың. Кейде өзің айтып жатқан сөзіңнің дәлдігіне өзің таң қаласың. Кейде осыдан бәленбай жыл бұрын жаттап, кейін ұмытып қалған хадистер, ғалымдар сөздері еркіңнен тыс есіңе түседі. Шейх Салах Әбу әл-Хадждың "мәселені түсінбедің бе? Дәріс бер" дегенін енді түсініп жатырмын. Жад деген бір сыр сандық секілді. Ішінде не бар екенін нақты білмейсің. Кейде ішінде не бар екенін білуге тырыссаң "ештеңе жоқ" дейді. Кейде ештеңе жоқ деп ойласаң "мынау бар" деп шығарып тұрады.
Кейде жақсы көретін адамыңның көңіліңді қалдырғаны да жақсы. Жүректен шығару оңай болады. Былайша айтқанда ол саған жәрдем беріп жатыр...
Енді сол жылдар бойы қалыптасқан санаға диагноз қою керек. Диагноз қоюда шыншылдық, әділдік болмаса пайда жоқ. Диагноз --> мойындау --> емдеу
Адам өмірінде негізгі шешуші рөлді атқаратын нәрсе – оның санасы. Ал адамның санасы оның отбасындағы тəрбиесі, қоршаған ортасы, оқыған материалдары, көрген-білгеніне қарай жəне ең соңында өзінің ақиқатты іздеуі жəне сол ақиқатқа деген көзқарасына қарай қалыптасады.…
Адам өмірінде негізгі шешуші рөлді атқаратын нәрсе – оның санасы. Ал адамның санасы оның отбасындағы тəрбиесі, қоршаған ортасы, оқыған материалдары, көрген-білгеніне қарай жəне ең соңында өзінің ақиқатты іздеуі жəне сол ақиқатқа деген көзқарасына қарай қалыптасады. @oz_oyim #өзойым
Ол кісі маған басқа ұстаздарым сияқты фиқһтан, ақидадан, құраннан сабақ беріп, ілім үйретпеген. Тек санамды дұрыстап берді, болды. Ол кісімен кейбір фиқһи, ақида мәселесінде келіспейтін жерлерім бар. Кәләм, мантық іліміне қарсылығы бар. Бірақ маған ол маңызды…
Бірақ, ол әсер аздық ететін. Глобализм мәшинесінің алдында және батыстық қожайынынша ойлайтын оқымыстылардың қасында өз ұлтым, өз дінім үшін ұялу, қуыстану(комплексовать ету), ақталу, жеңілген санаға берілу, қарсыласқа жағыну, өзіңді рационал-полу-толерант…
Адамның қысқа ғұмырында әртүрлі адамдар жолығады. Бірі кері әсер етсе, бірі оң әсерін тигізіп, ал бірі еш із қалдырмай кете береді. Студент кезім. Алматы. ВК енді шығып, жастар арасында кеңінен тарала бастады. Сол ВК арқылы бізге орыс жастарының түсінігі…
Адамның қысқа ғұмырында әртүрлі адамдар жолығады. Бірі кері әсер етсе, бірі оң әсерін тигізіп, ал бірі еш із қалдырмай кете береді. Студент кезім. Алматы. ВК енді шығып, жастар арасында кеңінен тарала бастады. Сол ВК арқылы бізге орыс жастарының түсінігі де таралып, жастар әсер ала бастаған сәт. Феминизмге қатысты түсініктер, "өз өмірім - өзім білем" деген ұстанымдар таралып, алғашқы "лохтардың" түсінігі қалыптасып жатқан кездер. Қызға тізерлеп гүл беріп, "она сказала - да" деп қуанғанды, қыз бен жігіттің некесіз бір пәтерде тұрғанын, өзінше "толерантты" студенттердің қазақтың таным-түсінігіне жат қылықтарға бейтарап қарағанын, ілмиген жігіттердің орысша шүлдірлеп, өздерін өркениеттің адамы санап, Шымнан келген бізге мүсіркей қарағанын және сол сияқты бізге бөтен,бейтеныс істерді алғаш көрген сәттер. Үлкен қала, жаңа орта, жаспыз. Әлі өз ойымыз, өз түсінігіміз қалыптаспаған. Ол кезде қазіргідегідей уағыз-насихат, дәрістер, діни арналар өте аз еді. Енді сол жас баланың өз ортасына еруі оңай дегендей, мен де әсер ала бастадым(оны кейін түсіндім). Ойым өзгере бастағанда ең алғаш дұрыс әсер еткен Жетісайлық группаласым. Өзі қазақи отбасында өсіп, қазақтың жыр-дастандарына әуес еді. Жаңа қаладағы жастардың "заманауи" түсініктеріне әрдайым жирене, жиіркене қарайтын. Әрдайым айыптап, сөгіп, салыстырып, кемшілігін айтып отыратын. Сырттай мойындамайсың ғой, бірақ іштей ойланатынмын. Солай, Алланың мейірімімен сондай қазақи группаластардың себебінен "гуманизмнің" шыңына жете алмадық)).