Ali Saǵatuly
СтатистикаӘл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 5
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Образование
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 229
- 1/48двое суток
- 262
- 1/72трое суток
- 283
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Мұсылман еместерден немесе бейнамаз қыздардан хиджабтағылардың феминизмі өте жаман. Бейнамаздың арасындағы феминистер үй тірлігін бөліп алумен қатар ақша табуды, пәтер ақысын төлеуді, ортақ қарызды жабуды, ипотеканы төлеуді де бөліседі. Ал хиджабтағы феминистер "жұмыс істеу, асырау, киіндіру, баспанамен қамтамасыз ету сенің міндетің" деп түздің тірлігін толықтай еріне жүктеп, үй тірлігіне келгенде тағы теңдей бөліскісі келеді. Яғни, "сен мені асыра, бақ, киіндір, мен үйде жатамын. Сосын кезектесіп үй жинап, кезектесіп бала қарап, кезектесіп тамақ пісіреміз" дейді. Фиқһты қате түсініп алып, үй жинау, бала қарау, бала емізу әйелдің міндеті емес дейді. Үй жинамайтын, өз баласына келгенде міндетім емес дейтін, тек өзінің құқықтарын ғана біліп алған "тақуа", бірақ қит етсе талақ бермегеніне қарамай үйіне кетіп қалатын, жалпы өз дегенін істеткісін келетін, ислами психологтарға тойып алған, санасыз феминист қатын есі дұрыс еркекке тегінге де керек емес. Сол үшін бірден басын ашып, көзқарасын біліп алыңдар. Феминизммен миы уланған қыз қатын болып жарытпайды. Жүйкеңді жұқартып, өміріңнің берекесін кетіріп, басыңның соры болады. Ондай оранғаннан феминизммен миы уланбаған, санасы таза, әйелдік болмысын жоғалтпаған оранбаған тәрбиелі қыз мың есе артық.
«Ақырет — фантастика» дейтіндерге: Бұрынғыларға сенің бүгінгі өмірің де фантастика еді. Өйткені олар көрмеген нәрселерін елестете алмайтын еді. Сол сияқты, көрмеген нәрсең — жоқ деген сөз емес.
Бұрын қажылық туралы: “Қажылық – бай мен кедейдің, басшы мен қызметшінің Алланың алдында теңелетін жері. Барлығы бірдей ихрам киіп, дүниелік дәрежесін сыртта қалдырады. Адамның қадірі байлығымен емес, тақуалығымен өлшенеді”, - деп айтылатын еді. Енді бұл сөзді бұрынғыдай нық айту қиын… Өйткені қазір ол жерде байлық пен кедейліктің айырмасы көзге анық көрінеді. Әл-Харамның бір жағында қиналып әрең келген қажылар, екінші жағында VIP қажылық пен қымбат қонақүйлер. Тіпті тауап жасап жүрген адам сәл басын көтерсе, Қағбаның маңындағы зәулім сағат қонақүйлерін көреді. Төменде ихрамдағы адам Алланың алдында тең болуға келген. Ал жоғарыда байлықтың, дүниенің сән-салтанатын жарқыратып тұр. Мәселе байлықтың өзінде емес. Мәселе қажылықтың рухында. Әттең, закон қуаты қолымда болғанда, қажылықтың архитектурасы мен ұйымдастырылуын адам баласының бәрі байы да, кедейі де Алланың алдында бірдей құл екенін жүрегімен сезінетіндей етіп қайта жасар едім.
Адамдардың сезіміне келгенде: “Махаббат іспен дәлелденуі керек” дейді, ал Алланың хақысы айтылса: “Иман жүректе болса да жеткілікті” – екен... қойыңдаршиш))
Тауке ханның «Жеті жарғысы» (1678–1718 жылдар): Құдайға тіл тигізген кісінің жазасы (7 адам растаса) — тас боран арқылы өлім жазасы.
Ин шәә Аллаһ Ертеңге жоспар құрып қойдым!!! Бірақ таңда оянбай қалсам ше? Оған жоспар құрмадым ғой…
Бір қиындық туа қалса болды: “Көз тиді...” Жұмысы жүрмей қалса “көз тиді”. Берекесі кетсе “көз тиді”. Тіпті ерлі-зайыптылар ажырасып кетсе де “көз тиді” дейді. Иә, көз тию – хақ. Бұған күмән жоқ. Бірақ болғанның бәрін көз тиюге жаба салу қателік және өзіңді әдемі алдау. Бәлкім берекені көз емес, күнә алып кеткен шығар... Бәлкім намазға немқұрайдылық әсер еткен шығар... Бәлкім Алладан алыстаған жүрек берекеден де алыстаған шығар... Бәлкім мәселе көзде емес, ер мен әйелдің арасындағы мінезде болған шығар… Ең әуелі “маған кімнің көзі тиді?” деп емес, “менің Раббыммен қарым-қатынасым қандай?” деп өзімізден сұрайық.
Балаларың сенің дастарханыңнан тамақ тауып, бірақ жүрегіңнен даналық таппайтын күннен қорық. Сен ойын-сауықтың соңында жүргенде, олар ақыл мен өнегені өзгенің әкесінен іздеп кетпесін. Өйткені балаға ең қымбат мұра – байлық емес, әкенің даналығы. Ең үлкен жетімдік – әкесі тірі бола тұра, оның тәлімінен мақұрым қалу. Бүгін балаңа дүние емес, ең әуелі дұрыс бағыт қалдыр. Әйтпесе ертең оның жүрегіндегі орныңды білімді, көреген, тәрбиелі біреу иеленуі мүмкін.
“Кофе ішкенше садақа бер, ақыретіңе сауап жина” деген науқастарға, медресе құрылыстарына сбор видеоны көріп, “манипуляция”, “психологиялық қысым” деп сөгіп жатқандар көбейіп кетті. Садақа бергің келмесе – берме. Ешкім сені күштемейді. Кофеңді де іше бер. Оған ешкімнің таласы жоқ. Бірақ садақаға үндегенді сөкпе. Өйткені садақа біреуге емес, ең алдымен өзіңнің ақыретің үшін. Берсең өз пайдаңа, бермесең өз таңдауың. Бүгін “жұрттан жинап жатыр, дінмен монипуляция жасап” деп сынаған адамның өзі ертең жақыны ауыр дертке шалдығып, емге жүздеген миллион қажет болғанда: “Құдай үшін көмектесіңіздерші…” деп халыққа жүгінері сөзсіз. Өмірдің сынағы кімнің басына қашан келетінін ешкім білмейді. Сондықтан қолыңнан келмесе үндемей өте шық. Қолыңнан келсе жәрдем бер. Ал қайырымдылыққа шақырған жанды жазғырудың қажеті жоқ.
Бұл жерде жалпы жақсылық пен көмектің барлық түрі жайында айтып отырмын. Біреу кезінде сізге көмектеспеген шығар. Елемеген де болар. Бірақ оған бас ауыртпаңыз. Өйткені сіздің мақсатыңыз – адамдардың разылығы емес, Алланың разылығы. Егер жүрегіңізде: “Мен бәрін Алла разылығы үшін істеймін” деген сенім болса, онда кеше сізді елемеген адамның бүгін көмек сұрауы сіздің ықыласыңызды өзгертпеуі керек. Шамаңыз келсе, көмектесіңіз. Ол үшін емес, Алла үшін. Ал ықыласыңыз өзгеріп кетсе онда бұл ықыласқа адамның разылығы араласа бастаған. Нағыз ықылас – адамның қарым-қатынасына емес, Алланың разылығына қарап амал ету. Міне, бұл нағыз жәннатқа лайық адамның сипаты. Алла разы болатын мүміннің сипаты да осы.
Жақсылық жасауға мүмкіндігі бола тұра сараңдық танытатын адамның мәселесі түптеп келгенде ықыласқа келіп тіреледі. Өйткені ықылас әлсіреген сайын дүниеге деген байланыс күшейіп, адамның көзі дүниемен тұманданады. Сонда ол үлкен игіліктерден қалыс қалып, болмашы ғана жақсылығына мәз болып, өзін ізгі жан санап кетуі мүмкін.
Әрбір қысылған жүректің түбінде Алладан алыстау жатыр. Алламен байланыс әлсіреген сайын, жүректегі бос кеңістік ұлғая береді. “Ал кім Мені еске алудан теріс бұрылса, расында оған тар (қысылған) тіршілік болады…” Таһа сүресі, 124-аят
Намаз адамды Аллаға жақындатса, сол жақындық оның мінезінен, ісінен және адаммен қарым-қатынасынан көрінуі тиіс. Әйтпесе, дін өмірдің мәніне емес, әшейін тек рәсімге айналып қалады.
Дінді тек ғибадатпен шектейтін мұсылмандар көбейіп барады: намазын қаза етпейді, алайда саудасында адалдықты, отбасында жауапкершілікті, сауда да адалдықты, ішкен асында халалдықты және мінезінде көркем ахлақты байқамайсың…
Емтихан деп жүріп, өзге каналдарды оқымақ түгілі өз каналым бар екенін де үнемі ұмытып кете беремін, басқа кезде де))😅
“Мына дұға өте күшті”, “мына сөзді 313 рет айтсаң бәрі шешіледі”, “мына құпия дұғаны ешкім білмейді” деген сөздер көбейіп кетті. Ал Пайғамбарымыз ﷺ үйреткен дұғаларға қарасақ, олар адамның дүниесі мен ақыретін түгел қамтиды. Сондықтан көптеген ғұламалар Құран мен Сүннетте келген дұғаларды ерекше қадірлеген. Әрине, өз сөзімен дұға жасауға болады. Бірақ мәселе онда емес. Мәселе біреулердің Сүннеттегі дұғаларды ысырып қойып, дәлелі жоқ “құпия әдістерді” діннің бір бөлігі сияқты көрсетуінде. Мұсылман үшін ең қауіпсіз әрі берекелі жол ол Алла Елшісі ﷺ үйреткен жол. Жаңа “формулаларды” іздемей тұрып, әуелі оның ﷺ үйреткен дұғаларын меңгеріп алайық.
Аллаға мұқтаждықпен емес, махаббатпен жақындаушылардан болып үлгер🌱
Тіпті ондай Алланың ескертуіне мән бермейтін дәрежедегі адамдардың намаз оқуының өзі күмән тудырады. Бір жақта билеп, секеңдеп, ерсі қылықпен елдің назарын жинап, бір жақта намаз оқу – екеуі бір жүректе оңай тоғыса бермейді.
О Алла, жағамды ұстадым… Бір-екі хиджабтағы қыз TikTok-қа ерсі билеп видео салыпты. Астына біреу: “Нұр” сүресінің 31-аятындағы Алланың әмірі қайда қалды? деп жазған екен. Сосын әлгілер: “тебе что? и что? отвали” сынды сөздермен жауап беріпті. Алла сақтасын… Мұсылман адам Құран аяты айтылса, тым болмаса үндемей қалады. Тым болмаса ойланады… Тым болмаса қорқыныш оянады… Алланың аятынан келген ескертуді пысқырып та көрмеу тым қорқынышты.
Болмайтын сұрақ қоймаңыздар анонимный хатқа