yerlan_ustaz
СтатистикаМысыр 🇾🇪 Каир қаласы "Әл-Азһар" университетінің магистранты Даруль Ифта түлегі (Мысыр пәтуа бөлімі) Парақшада пайдалы ақпараттармен бөлісетін боламын
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 4
- Всего постов
- 24
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 169
- 1/48двое суток
- 193
- 1/72трое суток
- 208
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
«Олар мұның себебін былай түсіндірді: Суәйба оған өзінің бауырының ұлы Мұхаммед ибн Абдулланың дүниеге келгенін сүйіншілеген кезде, Әбу Ләһәб оны сол сәтте азат еткен. Сол ісі үшін оған осындай сый берілді». Мәуліт айы құтты болсын.
Имам Жәләлуддин әс-Суюти өзінің «Хуснул-Мақсад фи ‘Амали әл-Мәулид» атты еңбегінде былай дейді: فَإِذَا كَانَ أَبُو لَهَبٍ الْكَافِرُ الَّذِي نَزَلَ الْقُرْآنُ بِذَمِّهِ جُوزِيَ فِي النَّارِ بِفَرَحِهِ لَيْلَةَ مَوْلِدِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِهِ، فَمَا حَالُ الْمُسْلِمِ الْمُوَحِّدِ مِنْ أُمَّةِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُسَرُّ بِمَوْلِدِهِ وَيَبْذُلُ مَا تَصِلُ إِلَيْهِ قُدْرَتُهُ فِي مَحَبَّتِهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ؛ لَعَمْرِي إِنَّمَا يَكُونُ جَزَاؤُهُ مِنَ اللَّهِ الْكَرِيمِ أَنْ يُدْخِلَهُ بِفَضْلِهِ جَنَّاتِ النَّعِيمِ. Мағынасы: «Егер Құран Кәрімде айыпталған кәпір Әбу Ләһәб Пайғамбарымыздың ﷺ дүниеге келген түніне қуанғаны үшін тозақта сол қуанышы үшін сыйға ие болса, онда Пайғамбарымыздың ﷺ үмбетінен болған, бір Аллаға иман келтірген мұсылман оның ﷺ дүниеге келгеніне қуанып, оған деген сүйіспеншілігі жолында қолынан келгенін жұмсаса, оның жағдайы қандай болмақ?! Жаныммен ант етейін! Мұндай адамның сыйы — Жомарт Алла Тағаланың оны Өз кеңшілігімен нығметке толы жәннаттарына кіргізуі болмақ». Содан кейін Хафиз Шамсуддин ибн Насыр әд-Димашқидің «Мәуридус-Сади фи Мәулидил-Һади» атты кітабынан мына өлең жолдарын келтіреді: إِذَا كَانَ هَذَا كَافِرًا جَاءَ ذَمُّهُ وَتَبَّتْ يَدَاهُ فِي الْجَحِيمِ مُخَلَّدَا أَتَى أَنَّهُ فِي يَوْمِ الِاثْنَيْنِ دَائِمًا يُخَفَّفُ عَنْهُ لِلسُّرُورِ بِأَحْمَدَا فَمَا الظَّنُّ بِالْعَبْدِ الَّذِي طُولَ عُمْرِهِ بِأَحْمَدَ مَسْرُورًا وَمَاتَ مُوَحِّدَا Мағынасы: «Егер бұл — Құранда айыпталған кәпір болса да, Тозақта мәңгі қалатын жан болса да, Ахмадтың ﷺ дүниеге келгеніне қуанғаны үшін Әр дүйсенбі азабы жеңілдетілсе, Өмір бойы Ахмадқа ﷺ қуанып, Оны сүйіспеншілікпен еске алып, Таухидпен дүниеден өткен адамның жағдайы қандай болмақ?!» Әбу Ләһәбтің Суәйбаны азат етуі және осыған байланысты азаптың жеңілдеуі туралы ғалымдар бірнеше жолмен хабар келтірген: قَالَ عُرْوَةُ: وَثُوَيْبَةُ مَوْلَاةٌ لِأَبِي لَهَبٍ، كَانَ أَبُو لَهَبٍ أَعْتَقَهَا، فَأَرْضَعَتِ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَلَمَّا مَاتَ أَبُو لَهَبٍ أُرِيَهُ بَعْضُ أَهْلِهِ بِشَرِّ حِيبَةٍ، فَقَالَ لَهُ: مَاذَا لَقِيتَ؟ فَقَالَ أَبُو لَهَبٍ: لَمْ أَلْقَ بَعْدَكُمْ غَيْرَ أَنِّي سُقِيتُ فِي هَذِهِ بِعَتَاقَتِي ثُوَيْبَةَ، وَأَشَارَ إِلَى النُّقْرَةِ الَّتِي بَيْنَ الإِبْهَامِ وَالَّتِي تَلِيهَا مِنَ الأَصَابِعِ. أخرجه الإمام البخاري في صحيحه، كتاب النكاح، باب: وأمهاتكم اللاتي أرضعنكم ويحرم من الرضاعة ما يحرم من النسب، حديث رقم (5101)، من طريق الزهري عن عروة بن الزبير. Аудармасы: «Уруа ибн әз-Зубәйр былай дейді: “Суәйба Әбу Ләһәбтің күңі еді. Әбу Ләһәб оны азат еткен болатын. Кейін ол Пайғамбарымызды ﷺ емізді. Әбу Ләһәб қайтыс болғаннан кейін, оның отбасы мүшелерінің бірі оны түсінде өте ауыр жағдайда көрді. Одан: — Қандай жағдайға тап болдың? — деп сұрады. Әбу Ләһәб: — Сендерден кейін ешқандай жақсылық көрмедім. Алайда мына жерден, — деп бас бармағы мен одан кейінгі саусағының арасындағы ойықты көрсетті, — Суәйбаны азат еткенімнің арқасында маған сусын берілді, — деді». ذَكَرَ السُّهَيْلِيُّ وَغَيْرُهُ: أَنَّ الرَّائِيَ لَهُ هُوَ أَخُوهُ الْعَبَّاسُ، وَكَانَ ذَلِكَ بَعْدَ سَنَةٍ مِنْ وَفَاةِ أَبِي لَهَبٍ بَعْدَ وَقْعَةِ بَدْرٍ، وَفِيهِ أَنَّ أَبَا لَهَبٍ قَالَ لِلْعَبَّاسِ: إِنَّهُ لَيُخَفَّفُ عَلَيَّ فِي مِثْلِ يَوْمِ الِاثْنَيْنِ. ذكره الحافظ ابن كثير في «البداية والنهاية» ناقلًا عن السهيلي وغيره، في سياق ذكر حواضن النبي ﷺ ومراضعه. Аудармасы: «Әс-Сухайли және басқа да ғалымдар былай деп келтіреді: “Әбу Ләһәбті түсінде көрген адам — оның бауыры әл-Аббас еді. Бұл Әбу Ләһәб қайтыс болғаннан кейін, Бәдір шайқасынан соң бір жыл өткен кезде болған. Сол түсінде Әбу Ләһәб әл-Аббасқа: — Маған әр дүйсенбіде азап жеңілдетіледі, — деді». Әрі қарай оның себебін түсіндіреді: قَالُوا: لِأَنَّهُ لَمَّا بَشَّرَتْهُ ثُوَيْبَةُ بِمِيلَادِ ابْنِ أَخِيهِ مُحَمَّدِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ أَعْتَقَهَا مِنْ سَاعَتِهِ فَجُوزِيَ بِذَلِكَ لِذَلِكَ. ذكره ابن كثير عن السهيلي وغيره في «البداية والنهاية». Аудармасы:
Мына жазба еріксіз көзге жас әкелді. Анасы барлар қадірін біліңіздер, анасынан айырылғандар дұға жасауды ұмытпаңыздар 🤲😢
«Ақырет — фантастика» дейтіндерге: Бұрынғыларға сенің бүгінгі өмірің де фантастика еді. Өйткені олар көрмеген нәрселерін елестете алмайтын еді. Сол сияқты, көрмеген нәрсең — жоқ деген сөз емес.
Адамдардың сезіміне келгенде: “Махаббат іспен дәлелденуі керек” дейді, ал Алланың хақысы айтылса: “Иман жүректе болса да жеткілікті” – екен... қойыңдаршиш))
Әһу Суннә уәл Жамаға имамы атанған, Тура жолдың имамы атанған, Имам Ағзам Әбу Ханифаның ақидасын жүйелеп, кеңінен таратқан имам Матуриди зияраты. (Қабіріне құрылыс жұмыстары жүріп жатыр екен) Аллаһ ол кісіні рақымына алсын 🤲🤲🤲
Құраннан кейінгі екінші қайнаркөз аталған Сахих Бухари кітабын жазған Имам Бухаридың (Аллаһ ол кісіні өз рақыметіне алсын) зияраты.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رضي الله عنه، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَعَنَ اللَّهُ السَّارِقَ، يَسْرِقُ الْبَيْضَةَ فَتُقْطَعُ يَدُهُ، وَيَسْرِقُ الْحَبْلَ فَتُقْطَعُ يَدُهُ». متفق عليه. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымыздан ﷺ риуаят етіп былай дейді: «Аллаһ ұрыны лағынет етсін. Ол жұмыртқа ұрлайды да, соның кесірінен қолы кесіледі; арқан ұрлайды да, соның кесірінен қолы кесіледі». Бұхари және Муслим. Шариғатта кәдімгі жұмыртқа немесе қарапайым арқан сияқты кішкентай аз нәрсе ұрлағаны үшін адамның қолы кесілмейді. Демек бұл хадисті «бір жұмыртқа ұрлаған адамның қолы бірден кесіледі» деп түсіну дұрыс емес. Хадистің тәрбиелік мәні — адамның ұсақ ұрлыққа жеңіл қарап, оны елемеуі бірте-бірте үлкен ұрлыққа алып барып ол оның қол кесуіне апаруы мүмкін екенін ескерту. Яғни үлкен қателік көбіне бірден пайда болмайды. Кейде ол адам елемеген, «ұсақ нәрсе ғой» деп мән бермеген кішкентай кемшіліктен басталады. Біз бұдан өз өмірімізге қатысты да үлкен сабақ алуымыз керек. Көп жағдайда адам бойындағы кішкентай кемшіліктерге мән бермейді. «Мұның не зияны бар?» деп жеңіл қарайды. Тіпті біреу ескертіп жатса, өзінің кемшілігін көргеніне ренжіп, «осыны да байқап қалдың ба?» деп қабылдауы мүмкін. Алайда адам бойындағы еленбеген кішкентай кемшілік уақыт өте келе қалыптасқан әдетке, кейін мінезге айналуы мүмкін. Ал мінезге айналған нәрсені түзету әлдеқайда қиын. Сондықтан адам бойынан қандай да бір кемшілік байқалса, оны «ұсақ нәрсе ғой» деп елемей қоюға болмайды. Керісінше, кішкентай кезінде-ақ оған мән беріп, түзетуге тырысу керек. Бұл жақсылыққа да қатысты. Кейде аз ғана жақсылықты, аз ғана сауапты амалды да менсінбей жатамыз. «Мұның не пайдасы бар?» деп оны тастап қоюымыз мүмкін. Бірақ Пайғамбарымыз ﷺ: «أَحَبُّ الأَعْمَالِ إِلَى اللَّهِ أَدْوَمُهَا وَإِنْ قَلَّ» «Аллаға ең сүйікті амал — аз болса да, тұрақты жасалған амал», — деген. Демек, аз ғана болса да, тұрақты түрде жасалып отырған жақсылықты менсінбеуге болмайды. Сондай-ақ Пайғамбарымыз ﷺ адал табыстан жасалған аз ғана садақаның өзін Алла Тағала еселеп өсіретінін айтып: «منْ تَصَدَّقَ بِعَدْلِ تَمْرَةٍ مِنْ كَسْبٍ طَيِّبٍ، وَلَا يَقْبَلُ اللَّهُ إِلَّا الطَّيِّبَ، وَإِنَّ اللَّهَ يَتَقَبَّلُهَا بِيَمِينِهِ، ثُمَّ يُرَبِّيهَا لِصَاحِبِهَا، كَمَا يُرَبِّي أَحَدُكُمْ فَلُوَّهُ، حَتَّى تَكُونَ مِثْلَ الْجَبَلِ» «Кім адал табысынан бір құрманың мөлшеріндей садақа берсе, — Алла тек адал болған нәрсені ғана қабыл етеді, — Алла оны Өз тарапынан қабыл алады. Содан кейін оны садақа берген адам үшін өсіріп-өндіреді. Сендердің бірің құлынын өсіріп-баптағанындай, оны өсіреді. Ақырында ол таудай болады», — деген. Яғни аз ғана жақсылықты да менсінбей қарауға болмайды. Ықыласпен жасалған, адал жолдан келген кішкентай амалдың өзін Алла Тағала еселеп, үлкен сауапқа айналдыруы мүмкін. Сондықтан адам жақсылықтың азын да менсінбей қарамасын, жамандықтың азын да елемей қоймасын. Кішкентай кемшілікті дер кезінде түзету — үлкен қателіктің алдын алуы мүмкін. Ал кішкентай жақсылықты тұрақты түрде жасау — үлкен сауапқа себеп болуы мүмкін. Ұсақ нәрсе деп ешбір жақсылықты тастамаңыз, ұсақ нәрсе деп ешбір кемшілікті елемей қоймаңыз. Өйткені адамның үлкен жетістігі де, үлкен құлдырауы да кейде өзі мән бермеген кішкентай нәрседен басталады.
без подписи
без подписи
Бір адам арақ ішеді. Бірақ оның харам екенін мойындап, «Мен дұрыс істеп жүрген жоқпын, бұл — күнә» деп біледі. Нәпсісіне жеңіліп, күнә жасап жүр. Мұндай адам — күнәһар. Бірақ ол Аллаһтың үкімін жоққа шығарып тұрған жоқ. Оның тәубе етуі, күнәні тастап, бір күні толықтай тура жолға түсуі әбден мүмкін. Аллаһтың рақымынан үміт үзілмейді. Ал екінші адам арақ ішіп қана қоймай, оның харам екенін жоққа шығарады: «Оның несі харам? Бидайдан жасалған ғой», — деп Аллаһтың анық тыйым салған нәрсесін өз ақылымен ақтап, шариғаттың үкімін қабылдамайды. Екі адамның айырмашылығы жер мен көктей. Екіншісінің қауіптілігі әлдеқайда ауыр. Өйткені біріншісі: «Уа, Аллаһ, бұл — харам екенін білемін, бірақ нәпсіме жеңілдім», — дейді. Екіншісі болса: «Бұл харам емес», — деп, Аллаһтың үкімінің өзін теріске шығаруға барады. Шариғатта харам екені анық әрі дінде белгілі болған нәрсені әдейі жоққа шығару — өте ауыр мәселе. Сондықтан мұндай сөздермен ойнауға болмайды. Дәл осы нәрсе арақтан басқа күнәларға да қатысты. Егер нәпсіңізге еріп, шариғат тыйым салған бір істі жасап жүрген болсаңыз, ең үлкен қателіктің бірі — сол күнәні ақтау үшін шариғаттың үкімін бұрмалауға тырысу. «Мен қателестім» деу — имансыздық емес. «Мен нәпсіме жеңілдім» деу — Аллаһтың үкімін жоққа шығару емес. Керісінше, күнәні күнә деп мойындап: «Уа, Раббым, мен әлсіздік танытып, қателестім. Мені осы күнәдан құтқар», — деп Аллаһтан жәрдем сұраңыз. Күнәні мойындау — тәубеге апаратын жол. Ал күнәні ақтау үшін шариғаттың үкімін өзгертуге тырысу — адамды әлдеқайда қауіпті жолға алып баруы мүмкін. Сол үшін де шариғатта білімсіз сөйлеу өте қауіпті. Білімсіз адам өзі байқамай-ақ Аллаһқа және Оның үкіміне қарсы сөз айтып қоюы мүмкін. Қазақтың «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген сөзінің мағыналарының бірі де осы шығар. Қазір, өкінішке орай, діннен мүлдем білімі жоқ адамдардың өзі ойланбастан өз ойымен үкім айтуға құштар. Ақиқатты нәпсімізбен емес, шариғатпен таразылайық.
Ин шәә Аллаһ Ертеңге жоспар құрып қойдым!!! Бірақ таңда оянбай қалсам ше? Оған жоспар құрмадым ғой…
Бүгін оқыған керемет сөздердің бірі: في المدرسة يعلمونك الدرس ثم يختبرونك، أما الحياة فتختبرك ثم تعلمك الدرس. Мектеп әуелі саған сабақ беріп, кейін сенен емтихан алады. Ал өмір сені әуелі сынап, кейін сабақ береді. Алайда өкінішке орай екеуінен де сабақ алмайтындар болады. 😢Аллаһ бізді сақтасын. 🤲🤲
Ақиқатты айтпасаң да, тым болмаса айтатындарға кедергі жасама.
Кейбір надандар: «Қазіргі заманда адал жолмен ризық тауып, адал мал-дүние табу мүмкін емес. Бүгінде адал болып қалғаны – өзеннің суы мен жерден өздігінен шыққан көк шөп қана. Ал қалғанының бәріне адамдардың қол сұғуы мен бұрыс сауда-саттық араласып кеткен», – деп ойлайды. Алайда бұл – қате түсінік. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ: «Халал анық, харам анық. Ал екеуінің арасында адамдарды шатастыратын екіұшты нәрселер бар. Оларды адамдардың көбі білмейді», – деген. Демек, қай заманда болмасын халал да, харам да, адамдарды шатастыратын екіұшты нәрселер де болады. Адал заттар жоғалып, жоқ болып кеткен жоқ. Керісінше, біздің адалды танып-білетін және оған жетудің жолын білетін біліміміз жоғалды. Имам Әбу Хамид әл-Ғазали (Алла оны рақымына алсын).
Бұндай мысалдар қазір өте көп…
س: السلام عليكم، مولانا هناك مصورة تصور فيديوهات لمرأة محجبة لكن التي تصورها وستظهر بالفيديو تضع المكياج الكثير، والمحتوى هادف، وهذه الفيديوهات تنشر على مواقع التواصل، فهل يجوز تصويرها لها لوجود المكياج؟ ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته سيدي الفاضل هذا…
س: السلام عليكم، مولانا هناك مصورة تصور فيديوهات لمرأة محجبة لكن التي تصورها وستظهر بالفيديو تضع المكياج الكثير، والمحتوى هادف، وهذه الفيديوهات تنشر على مواقع التواصل، فهل يجوز تصويرها لها لوجود المكياج؟ ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته سيدي الفاضل هذا من المنكرات التي عمت وطمت، تخرج المرأة بأبهى زينتها وهي تضع خرقة على رأسها ثم تقول إنها محجبة. هذه حجبت أقبح ما فيها وأظهرت أجمل ما عندها فتنة للناس وإضلالًا. فهذا العمل لا يجوز أبداً. ولا حول ولا قوة إلا بالله العلي العظيم. СҰРАҚ: Хазірет, бір әйел видеограф болып жұмыс істейді. Ол хиджабтағы әйелдерді түсіреді. Бірақ видеода көрінетін әйелдің бетінде көп макияж болады. Контенті пайдалы әрі бұл видеолар әлеуметтік желілерде жарияланады. Осындай әйелді түсіруге бола ма? ЖАУАП: Бұл – бүгінде кеңінен жайылып кеткен жамандықтардың бірі. Әйел ең көрікті сәнімен шығып, басына бір орамал тағып алып, өзін «хиджабтымын» деп атайды. Шын мәнінде, ол денесінің ең көріксіз жерін жауып, ең көрікті жерін ашып, адамдарды фитнаға салып, адастыруда. Сондықтан мұндай іске мүлде болмайды. Алладан басқа күш те, қуат та жоқ. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
Өзіңізге жақын адамдарды өзгеге шағымдандырмаңыз… Керісінше Қамқоршысы бола біліңіз
Жігіттер жұбайларыңды ренжітпеңдер. Егер оны біреу ренжітсе саған айтады, сен оны ренжітсең кімге айтады?!