Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى
СтатистикаБұл каналда Шейхымыздың дәрістерінен және сұрақ-жауап тобынан пайдалы мағлұматтар аударылып салынады. Whatsapp: https://whatsapp.com/channel/0029VbAoL8AK5cD5Y6tGsE3J Канал Шейхтың حفظه الله تعالى рұқсатымен ашылған.
- Последний пост
- 12 авг.
- Последнее чтение
- 13 авг.
- Постов за неделю
- 2
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 158
- 1/48двое суток
- 181
- 1/72трое суток
- 195
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
س: السلام عليكم ورحمة الله وبركاته شيخنا الكريم، حفظكم الله ورعاكم. مولانا، ذكرتم في إحدى كلماتكم أن إعفاء النبي ﷺ شعره وإطالته لم يكن من خصائص النبوة، ولذلك لا يُقال إنه سنة من هذه الجهة. وأما إعفاء اللحية، فهو سنة، بل قيل بوجوبه على قولٍ آخر. فهل هناك قاعدة أو ضابط يفرّق بين هذين الأمرين؟ وكيف نعرف أن الفعل الذي فعله النبي ﷺ كان من الأمور المتعلقة بالنبوة والتشريع، أو أنه من الأمور التي فعلها بحكم العادة والطبيعة البشرية، وليس من السنة التشريعية؟ جزاكم الله خيرًا وبارك فيكم ونفعنا بعلمكم. ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته بالنسبة للحية فقد ثبت بعدة أحاديث صحاح الامر بإعفائها والمنع من حلقها لذا خرج بذلك إطلاق اللحية عن كونه عادة ومن يقول بأن إطلاق اللحية عادة هذا ضال مضل او تائه جاهل او....... والعلماء بحثوا ذلك على وجه التفصيل وبينوا ذلك СҰРАҚ: Құрметті шейх! Аллаһ сізді сақтап, қамқорлығына алсын. Хазірет, бір сөзіңізде Пайғамбардың ﷺ шашын өсіріп, ұзын ұстауы пайғамбарлыққа тән істерден болмағандықтан, осы тұрғыдан оны сүннет деп айтылмайтынын айтқан едіңіз. Ал сақал өсіру — сүннет, тіпті басқа бір пікір бойынша уәжіп делінген. Осы екі істің арасын ажырататын қандай да бір қағида немесе өлшем бар ма? Пайғамбардың ﷺ жасаған ісі пайғамбарлық пен шариғи үкімге қатысты іс пе, әлде әдет-ғұрып пен адамдық табиғатына байланысты жасаған, шариғи сүннетке жатпайтын іс пе — мұны қалай ажыратамыз? Аллаһ сізге жақсылық беріп, берекесін жаудырсын және біліміңізбен бізге пайда берсін. ЖАУАП: Сақалға келетін болсақ, бірнеше сахих хадисте оны өсіруге бұйрық беріліп, қыруға тыйым салынғаны бекітілген. Сондықтан осы дәлелдер арқылы сақал өсіру жай ғана әдет болудан шығады. Ал кімде-кім сақал өсіруді жай ғана әдет деп айтса, ол — адасқан әрі өзгелерді адастырушы немесе жолдан жаңылған надан, немесе... Ғалымдар бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, түсіндіріп кеткен. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
س: بسم الله الرحمن الرحيم السلام عليكم ورحمة الله وبركاته. فضيلة الشيخ الدكتور شنار حفظه الله ورعاه. أسأل الله تعالى أن يحفظكم، وأن يبارك في علمكم وعملكم، وأن ينفع بكم الإسلام والمسلمين. لدي سؤال يتعلق بالحياة الزوجية في هذا العصر: لقد انتشر استعمال وسائل التواصل الاجتماعي، مثل: إنستغرام، وتيك توك، وسناب شات، بين كثير من النساء، حتى إن بعضهن يقضين فيها أوقاتًا طويلة، مما يؤدي أحيانًا إلى التقصير في حقوق الزوج والأسرة، وقد يكون سببًا في كثرة المشكلات الزوجية، بل وربما أدى إلى تفكك الأسرة. فإذا رأى الزوج أن استعمال زوجته لهذه الوسائل يسبب ضررًا على دينها أو أخلاقها أو حياتهما الزوجية، وطلب منها تركها أو التقليل منها، فلم تستجب له، فهل يجب عليها شرعًا طاعة زوجها في ذلك؟ وما هو المنهج الشرعي الذي ينبغي للزوج أن يسلكه في معالجة هذه المشكلة، بما يوافق الكتاب والسنة وأصول مذهب الإمام أبي حنيفة رحمه الله؟ جزاكم الله خيرًا، وبارك فيكم، ونفع الله بعلمكم. ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته اولا انا لست دكتورا يعني لا أحمل شهادة الدكتوراة ثانيا لا يجوز للزوجة ان تتشاغل بهذه التفاهات ويجب على الزوج ان يمنعها ويجب عليها طاعته اما المنهج انت انظر ما الشيء الذي يجعل زوجتك ترتدع وتطيعك فافعله بالمعروف المشكلة ان الواحد منكم لما يريد الزواج يختار بشكل عشوائي ويغتر بالجمال وبعد الزواج تتكشف الحقائق فيعود بالندم والحسرة احسنوا اختيار الزوجة واحسني اختيار الزوج СҰРАҚ: Аса құрметті шейх Шаннар, Аллаһ сізді сақтап, қамқорлығына алсын. Аллаһу Тағаладан сізді сақтауын, біліміңіз бен амалыңызға береке беруін және сіз арқылы Ислам мен мұсылмандарға пайда жеткізуін сұраймын. Қазіргі замандағы ерлі-зайыптылардың өміріне қатысты сұрағым бар: Қазіргі кезде Instagram, TikTok, Snapchat секілді әлеуметтік желілерді көптеген әйелдер қолданады. Тіпті кейбіреулері онда ұзақ уақыт өткізіп, соның салдарынан кейде күйеуі мен отбасының ақыларын орындауда салғырттық танытады. Бұл ерлі-зайыптылар арасындағы көптеген мәселелерге, тіпті отбасының ыдырауына да себеп болуы мүмкін. Егер күйеуі әйелінің осы әлеуметтік желілерді қолдануы оның дініне, мінез-құлқына немесе отбасылық өміріне зиян келтіріп жатқанын көріп, оларды қолдануды тоқтатуды немесе азайтуды талап етсе, ал әйелі оған бағынбаса, шариғат бойынша әйелдің бұл мәселеде күйеуіне бағынуы міндет пе? Сондай-ақ күйеуі бұл мәселені Құран мен сүннетке және Имам Әбу Ханифа мәзһабының негіздеріне сай шешу үшін қандай шариғи тәсіл қолдану керек? Аллаһ сізге қайырлы сый берсін, сізге береке беріп, біліміңізді пайдалы етсін. ЖАУАП: Біріншіден, мен доктор емеспін, яғни докторлық дәрежем жоқ. Екіншіден, әйелдің осындай бос нәрселермен айналысуына болмайды. Күйеуі оны бұдан тыюы керек, ал әйелі күйеуіне бағынуы міндет. Ал қандай тәсіл қолдану керектігіне келсек, әйеліңіздің мұндай істен тыйылып, сізге бағынуына не себеп болатынына қараңыз да, соны шариғат құптаған жолмен жасаңыз. Мәселе мынада: сендердің бірің үйленгісі келген кезде жар таңдауға немқұрайлы қарап, сұлулығына алданып қалады. Ал үйленгеннен кейін таңдаған жарының ақиқаты ашылып, соңында өкініш пен қайғыға батады. Сондықтан жар таңдауға мұқият болыңдар! Ер адам жақсы жар таңдасын, әйел де жақсы жар таңдасын. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
Өткен ізгілер сүннетке қайшы амалды көрсе, бірден оның шариғатқа қайшы екенін ескертетін. Ал егер ол іс жалғаса берсе, сол жерден кетіп қалатын. Жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю — осы діннің тіректерінің бірі! Егер білім иелері шариғатқа қайшы амалды көрген сәтте үнсіз қалса, үммет құрдымға кетеді. Білім иелерінің шариғат тыйым салған нәрселерден тыюы — олардың ұлы міндеттерінің бірі. Егер адам жамандықты көрген сәтте үнсіз қалуды әдетке айналдырса, бұл — үлкен мәселе. Өйткені ол әуел бастан жамандықтан қайтаруға дағдыланбаса, болашақта имам немесе уағызшы болғаннан кейін де мұндай істерге үнсіз қалып, сөйлемеуді әдетке айналдырады. Жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю — діннің ұлы тіректерінен. Мұны әрдайым есте ұстап, ешқашан ұмытпауымыз керек! Егер біз отырған мәжілісте күнәлі істер жасалып жатса, онда отырмаймыз, кетіп қаламыз! Өйткені олармен бірге үнсіз отыруымыз — сол жерде болып жатқан істерді құптау болып саналады. Екіншіден, егер адамдар үлгі тұтатын болса, онда мәселе одан да маңызды. Өйткені адамдар: «Пәленше деген адам осындай жерде отырды әрі болып жатқан нәрселерге қарсы шықпай, үндемей отырды. Демек, бұл іс шариғат қайтарған іс емес», — деп, сенің сол жерде отырғаныңды шариғат тыйым салған істердің рұқсат екеніне дәлел етуі мүмкін. Аллаһу Тағала бізді де, сендерді де мұндай нәрселерден сақтасын! Әмин. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheih_shannar/183
س: السلام عليكم شيخنا يسأل سائل امرأة تريد الذهاب الى العمرة وزوجها مريض عاجز يجوز لها الذهاب جزاك الله خيرا ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته إن كان هناك من يقوم على خدمته وقد أذن لها بالذهاب فلا حرج عليها إن وجد المحرم والأولى عدم تركه لان ذلك يحزنه غالبا СҰРАҚ: Бір кісі сұрайды: бір әйел ұмраға барғысы келеді, алайда күйеуі науқас әрі дәрменсіз. Оның ұмраға баруына бола ма? Аллаһ сізге жақсылық берсін. ЖАУАП: Егер күйеуіне қарайтын, қызметін жасайтын біреу бар болса, күйеуі оған баруға рұқсат берсе және махрамы табылса, онда оның ұмраға баруында еш әбестік жоқ. Алайда күйеуін тастап кетпегені абзал. Өйткені мұндай жағдайда оның кетуі көбіне күйеуін мұңайтады. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
«Алла үшін жақсы көру мен Алла үшін жек көру». Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/serikjumash
Жақсылыққа шақырушыны айыптаудың қауіптілігі Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарған адамды осы ісі үшін айыптау өте қауіпті. Мысалы, бір ер адам білместікпен алтын тағуды рұқсат деп ойлап, алтын тағып жүр делік немесе мойнына күміс алқа, қолына күміс браслет тағып алған болсын. Сонда бір мұсылман оған насихат айтып: «Ер адамға алтын тағу харам», «Мұндай әшекейлер әйелдерге тән. Ал әйелдерге ұқсаған ер адамдарды Пайғамбарымыз ﷺ лағынеттеген», – деп шариғат үкімін жеткізгенде, біреу соған ашуланып: «Мына адамда не шаруаң бар?», «Әркімнің өз еркі», «Бұл – оның жеке шаруасы», – деп жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарған әлгі адамды айыптаса, дәл осы ісі – күпірлік (яғни, өте қауіпті). Өйткені ол сол ісімен шариғат тыйым салған амалды қорғап, оны дұрыс әрі рұқсат етілген іс ретінде бекітіп тұр. Аллаһ сақтасын. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheih_shannar/392
س: السلام عليكم، مولانا هناك مصورة تصور فيديوهات لمرأة محجبة لكن التي تصورها وستظهر بالفيديو تضع المكياج الكثير، والمحتوى هادف، وهذه الفيديوهات تنشر على مواقع التواصل، فهل يجوز تصويرها لها لوجود المكياج؟ ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته سيدي الفاضل هذا من المنكرات التي عمت وطمت، تخرج المرأة بأبهى زينتها وهي تضع خرقة على رأسها ثم تقول إنها محجبة. هذه حجبت أقبح ما فيها وأظهرت أجمل ما عندها فتنة للناس وإضلالًا. فهذا العمل لا يجوز أبداً. ولا حول ولا قوة إلا بالله العلي العظيم. СҰРАҚ: Хазірет, бір әйел видеограф болып жұмыс істейді. Ол хиджабтағы әйелдерді түсіреді. Бірақ видеода көрінетін әйелдің бетінде көп макияж болады. Контенті пайдалы әрі бұл видеолар әлеуметтік желілерде жарияланады. Осындай әйелді түсіруге бола ма? ЖАУАП: Бұл – бүгінде кеңінен жайылып кеткен жамандықтардың бірі. Әйел ең көрікті сәнімен шығып, басына бір орамал тағып алып, өзін «хиджабтымын» деп атайды. Шын мәнінде, ол денесінің ең көріксіз жерін жауып, ең көрікті жерін ашып, адамдарды фитнаға салып, адастыруда. Сондықтан мұндай іске мүлде болмайды. Алладан басқа күш те, қуат та жоқ. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
«Қажет болған жағдайда, қабірдің орны ұмытылып кетпеуі және тапталып қорланбауы үшін оған жазуға рұқсат етіледі». Алайда мәйітті дәріптейтін немесе мақтайтын сөздер жазылмайды. Мысалы, тек: «Пәленше пәленшеұлы» деп аты-жөнін көрсету жеткілікті. Сұрақ: Құлпытасқа Құран аяттарын немесе сүрелерді жазуға бола ма? Жауап: Жоқ, бауырым, рұқсат емес. Құлпытасқа Құран аяттарын, мәйітті дәріптейтін немесе мақтау сөздерді жазуға тыйым салынғаны туралы анық мәтіндер келген. Өкінішке қарай, бүгінде адамдар керісінше істеп, құлпытасқа түрлі мақтау сөздер мен мадақтауларды жазып жатады. Мұның мәйітке ешқандай пайдасы жоқ. Сондай-ақ өлең шумақтарын жазуға да рұқсат етілмейді. Мұның барлығы тыйым салынған. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheih_shannar/411
Кім шейхына: «Неге?» немесе «Не үшін?» деп сұраса, ол ешқашан жетістікке жетпейді» деген сөз дұрыс емес. Өйткені Алла Тағала бізге ойлануды, түсінуді және дәлелге сүйенуді бұйырған. Бұған дәлел – Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларды үздіксіз ораза ұстаудан тыйғанда, олар: «Уа, Алланың Елшісі, өзіңіз үздіксіз ораза ұстайсыз ғой?» – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ оларды жазғырмады. Керісінше: «Мен сендер сияқты емеспін. Раббым мені тамақтандырады әрі сусындандырады», – деп себебін түсіндірді. Жалпы, сахабалар Пайғамбарымыз ﷺ-дан көптеген мәселеде: «Неге?», «Не үшін?» деп сұрайтын. Соған қарамастан, Пайғамбарымыз ﷺ ешқашан олардың бетін қайтарып: «Неге сұрайсың?» немесе «Мұндай сұрақ қойма» деп жазғырған емес. Керісінше, олардың сұрақтарына жауап беріп, үкімнің себебін түсіндіріп отырған. Демек, білімді түсіну мақсатында әдеппен қойылған сұрақ – айып емес. Ұстазымыз Шейх Абдуссалам Шаннар (حفظه الله تعالى).
Күмәнді жерлер мен күмәнді адамдардан аулақ болу! Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
Мисуак сүннетін тіс щеткасымен орындауға бола ма? «Ескертпе: Мұнда тіс тазалайтын құрал арак ағашынан болмауы да мүмкін. Мысалы, қазіргі кезде қолданылып жүрген тіс щеткалары. Егер адам тіс щеткасын пайдаланған кезде мисуак, тазалық сүннетін орындауды ниет етсе, оған (мисуак пайдаланғанның) сауабы болады. Бұл мәселеде кейбір адамдар, бәлкім, көпшілік ғапылдықта болуы мүмкін». Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى Ескерту: Шейх басқа бір дәрісінде тіс щеткасын қолданудың сауабы мисуакты, яғни арак ағашының бұтағын қолданғандағы сауаппен тең болмайтынын ескерткен. https://t.me/sheih_shannar/5
Жанды нәрсенің суреті және жазуы бар киім киюдің үкімі Жанды нәрсенің суреті бар киім кию — мәкруһ (тахрим). Өйткені бұл пұтты көтеріп жүргенге ұқсайды. Бұл үкім сурет үлкен болған жағдайға қатысты. Мысалы, адамның бейнесі болса. Кейбір адамдар футболшылардың немесе басқа да танымал тұлғалардың үлкен суреті бейнеленген киімдерді киеді. Мұндай киімді киюге рұқсат жоқ, бұл — мәкруһ (тахрим). Бұл — жалпы үкім: суреті бар киіммен намаз оқыса да, оқымаса да, суреті бар киім киюдің өзі мәкруһ. Ал жазуы бар киім киюдің әбестігі жоқ, егер онда жаман немесе тыйым салынған мазмұндағы жазулар болмаса. Жаман жазуларға, мысалы, кәпірлердің есімдері жазылған киімдер. Мұндай киімді кию де мәкруһ (өйткені онда оларды ұлықтау әрі дәріптеу мәні бар). Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://telegram.me/sheih_shannar/8
س: السلام عليكم هل التحدث مع بنت بقصد دراسة لغة أجنبية عبر الخاص حرام؟ ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته، نعم هو حرام، حرام، حرام. СҰРАҚ: Қызбен шетел тілін үйрену мақсатында жеке сөйлесу харам ба? ЖАУАП: Иә, бұл — харам, харам, харам. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
Часами можно слушать, как мой дорогой шейх Абдуссалям (да сохранит его Аллах) говорит о Лучшем из людей. Он научил меня особенной любви к Пророку (да благословит Аллах и приветствует его и его семейство) лишь своим примером. И ощущение, что Пророк (да благословит Аллах и приветствует его и его семейство) словно живет в его жилах и сердце. Пусть Аллах будет доволен такими учеными и проявит к ним особенную милость!
س: السلام عليكم ورحمة الله وبركاته سيدي عندي مسألة: هل يجوز ذهاب بيت الرجل الذي يأكل الربا والضيافة فيه؟ وهل مطعمه حلال أم لا؟ ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته إن كان كل كسبه بالربا فلا يجوز تناول طعامه وشرابه. СҰРАҚ: Хазірет, бір сұрағым бар: өсімқорлықпен айналысатын адамның үйіне қонаққа баруға бола ма? Оның үйінде қонақ болу және дастарқанынан ас ішу халал ма, әлде жоқ па? ЖАУАП: Егер оның барлық табысы өсімнен болса, онда оның асы мен сусынынан жеуге әрі ішуге болмайды. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
س: السلام عليكم ورحمة الله وبركاته مولانا! شيخنا، هذا أمر حصل معي عدة مرات. اليوم ذهبت إلى إحدى الدوائر، وكان هناك طابور طويل، فأخذت دوري. وبعد نحو ساعتين ولما اقترب دوري، جاء أحد الإخوة وقال لي: قل لهم: "هو معي"، حتى يدخل معي ولا ينتظر في الطابور. لأنه لا يريد أن ينتظر طويلا، فأراد أن يدخل معي. فهل هذا الفعل جائز شرعا؟ وماذا ينبغي لنا أن نفعل في مثل هذه الحالة؟ ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته هذا فيه فساد وعدَّة معاص، أولها الكذب لأنه لم يكن معك، ثانيها الظلم لمن كان واقفا قبله، ثالثا هذا فيه شيء من الكبر لأنه يرى نفسه فوق الآخرين وكأنه لا يليق به الانتظار، رابعا هذا فيه من الأنانية ما فيه، خامسا هل يرضى أن يأتي شخص متأخرا ثم يدخل قبله في الطابور، ألا يشعر بالغيظ والضيق؟ الخلاصة: هذا فعل فيه آثام، ولا يفعله أهل التقوى، ولا يصح أبدا لطالب العلم أن يتصرف بمثل ذلك أبدا. СҰРАҚ: Хазірет! Бұл жағдай менің басымнан бірнеше рет өтті. Бүгін бір мекемеге бардым. Ол жерде ұзын кезек болды, мен өз кезегімді алдым. Шамамен екі сағат өткен соң, кезегім жақындағанда, бір бауыр келіп: “Бұл кісі менімен бірге” деп айта салшы», – деді. Осылайша ол менімен бірге кіріп, кезек күткісі келмеді. Өйткені ұзақ күтуді қаламады. Мұндай іс шариғатта рұқсат па? Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? ЖАУАП: Бұл істе бұзақылық және бірнеше күнә бар. Біріншісі – өтірік айту. Өйткені ол шын мәнінде сізбен бірге келген жоқ. Екіншісі – өзінен бұрын кезекте тұрған адамдарға зұлымдық жасау. Үшіншісі – мұнда тәкаппарлықтың белгісі бар. Себебі ол өзін өзгелерден жоғары көріп, кезек күтуді өзіне лайық көрмейді. Төртіншісі – мұнда өзімшілдіктің айқын көрінісі бар. Бесіншісі – өзі кешігіп келіп, басқа біреу оның алдына кезексіз кіріп кетсе, бұған разы болар ма еді? Ондай жағдайда өзі де ашуланбайды ма? Қорыта айтқанда, бұл – күнәларды қамтитын іс. Мұндай әрекетті тақуа адамдар жасамайды. Әсіресе, білім талапкеріне бұлай істеу ешбір жағдайда жараспайды. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
س: هل يجوز لمن عليها قضاء من رمضان أن تصوم عاشوراء؟ ج: نعم يجوز. СҰРАҚ: Рамазан айынан өтелмеген қазасы бар адамға Ашура күні ораза ұстауына бола ма? ЖАУАП: Иә, болады. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
س: السلام عليكم ورحمة الله وبركاته مولانا رأيت ناس يعلمون الاطفال مشهد تمثيلي، المشهد يمثلون فيه قصة اسلام عمر بن الخطاب و أحدهم يمثل ما قاله عمر عند دخوله على أخته و ربما يكون قال ما هو كفر. هل يكفر من يمثل هذا المشهد و يتلفظ بالكفر بقصد تمثيل المشهد؟ ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته أعوذ بالله من الشيطان الرجيم. هذا إثم عظيم وضلال مبين. نعلم أبناءنا الجرأة على الله والنطق بالكفر. СҰРАҚ: Хазірет, кейбір адамдар балаларға сахналық көрініс үйретіп жүргенін көрдім. Ол көріністе Омар ибн әл-Хаттабтың Исламды қабылдау оқиғасы бейнеленеді. Балалардың бірі Омардың рөлін ойнап, оның әпкесінің үйіне кірген кездегі сөздерін айтады. Бәлкім, сол сөздердің арасында күпірлік сөздер де болуы мүмкін. Осындай көріністе рөлді сомдау мақсатымен күпірлік сөздерді айтқан адам діннен шығады ма? ЖАУАП: Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаһқа сыйынамын. Бұл – өте ауыр күнә әрі айқын адасушылық. Біз балаларымызды Аллаһқа қарсы батылдыққа және күпірлік сөздерді айтуға үйретіп жатырмыз. __ س: هم يقصدون ان يصورو القصة التي حصلت و كيف كان عمر و اسلم هل يكفرون بمنطقهم لذلك؟ الذي كان يمثل دور عمر كان بالغاً. ج: لا نستطيع ان نقول انهم كفروا ولكن هذا ضلال مبين ومفسدة ليس بعدها مفسدة. СҰРАҚ: Олардың мақсаты – болған оқиғаны, яғни Омардың қандай болғанын және кейін қалай Исламды қабылдағанын көрсету ғана. Осындай сөздерді айтқаны үшін олар діннен шығады ма? Омардың рөлін ойнаған адам – балиғатқа жеткен кісі. ЖАУАП: Олар діннен шықты деп айта алмаймыз. Алайда бұл – айқын адасушылық әрі бұдан асқан бұзақылық жоқ. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
س: السلام عليكم ما هي الكتب التي يجب أن يتدرج بها طالب العلم في الفقه؟ ج: وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته. قبل الكتب يلزم اختيار الشيخ الثقة لتتعلم عنده، وهو يرشدك ويعلمك. يسر الله لك سبل رضاه. СҰРАҚ: Фиқһ ілімінде білім талапкері қай кітаптардан бастап, қандай ретпен оқуы керек? ЖАУАП: Кітап таңдаудан бұрын ең маңыздысы – сенімді әрі лайықты ұстазды таңдау. Білімді соның алдында алып, ол сізге қай кітаптарды қай ретпен оқу керектігін көрсетіп, дұрыс бағыт-бағдар береді. Аллаһ Тағала сізге Өзі разы болатын жолдарды жеңілдетсін. Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى https://t.me/sheix_Shannar
Бүгін һижри жыл санауы бойынша 1447 жылдың соңғы күні. Ертең Аллаһтың қалауымен 1448 жыл басталып, қасиетті Мухаррам айы кіреді. Осыған орай, ұстазымның үйреткен көркем дұғаларының бірі: دُعَاءُ آخِرِ السَّنَةِ بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ، وَصَلَّى اللَّهُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ وَسَلَّمَ. اللَّهُمَّ مَا عَمِلْتُ مِنْ عَمَلٍ فِي السَّنَةِ الْمَاضِيَةِ وَلَمْ تَرْضَهُ، وَنَسِيتُهُ وَلَمْ تَنْسَهُ، وَحَلُمْتَ عَنِّي مَعَ قُدْرَتِكَ عَلَى عُقُوبَتِي، وَدَعَوْتَنِي إِلَى التَّوْبَةِ بَعْدَ جَرَاءَتِي عَلَيْكَ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْتَغْفِرُكَ مِنْهُ فَاغْفِرْ لِي. اللَّهُمَّ وَمَا عَمِلْتُ مِنْ عَمَلٍ تَرْضَاهُ، وَوَعَدْتَنِي عَلَيْهِ الثَّوَابَ وَالْغُفْرَانَ، فَتَقَبَّلْهُ مِنِّي، وَلَا تَقْطَعْ رَجَائِي مِنْكَ يَا كَرِيمُ، يَا أَرْحَمَ الرَّاحِمِينَ. وَصَلَّى اللَّهُ تَعَالَى عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ وَسَلَّمَ. (ثلاث مرات) Жыл соңының дұғасы: Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Уа, Аллаһ! Өткен жыл ішінде Сен разы болмайтын қандай да бір іс істеген болсам, оны өзім ұмытып кетсем де, Сен ұмытпадың. Мені жазалауға толық құдіретің жете тұра асықпадың әрі Саған қарсы келуге батылданғанымнан кейін де мені тәубеге шақырдың. Уа, Аллаһ! Сол істерім үшін Сенен кешірім сұраймын. Мені кешіре гөр. Уа, Аллаһ! Сондай-ақ, Сен разы болатын әрі оған сауап пен кешірім уәде еткен қандай да бір амал жасаған болсам, оны менен қабыл ала гөр. Уа, Жомарт Ием! Уа, рақым етушілердің Ең Рақымдысы! Сенен болған үмітімді үзбе. Аллаһ Тағала Мырзамыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына игілік пен сәлем жолдасын. Әмин. 🤲🏻 (Үш рет оқылады.)