tgindex
Мұсылмандық тұтқасы

Мұсылмандық тұтқасы

Статистика
@al_nasafiРелигияказахский

Ақыл иелеріне арналған топ! Ұсыныс пен сұрақтар бойынша @nurmlsm

Последний пост
9 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
351
+3 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
257
21 постов
Вовлечённость
73,2%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 21
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
150
1/48двое суток
171
1/72трое суток
185

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Фақиһ пен мухаддис жайлы

  • Сәләфимен болған пікірталас жайлы

  • 4 авг.1252из oz_oyim

    без подписи

  • Тағы бір мысал келтірсек, сен өз өзіңе ракпын деп диагноз қойдың. Соны емдеу үшін түрлі дәрі іштің, операция жасадың. Кейін ілім алғаннан кейін тексерілсең, ол рак емес басқа ауру екен. Демек сенің бүкіл іс әрекетің зая кетті. Керісінше дұрыс емес диагноз…

  • Мысалы, арабша үйреніп алсам пәлен топтың адасқандығын дәлелдеймін, джахмиттерге жауап беремін деген ниетте ілім алу. Яғни сен ақиқатты іздейтін жолға шығардан алдын, надан кезіңде өзіңе ақиқатты бекітіп алдың. Ендігі ізденісің сол өз түсінігіңдегі ақиқатты…

  • Белгілі бір мақсатпен немесе белгілі бір мүддені көздеп ілім талап етуші(толиб) шынайы ілім талап етуші бола алмайды. Себебі ілім талап етудегі мақсат - ақиқатқа жету, хақты табу.

  • Белгілі бір мақсатпен немесе белгілі бір мүддені көздеп ілім талап етуші(толиб) шынайы ілім талап етуші бола алмайды. Себебі ілім талап етудегі мақсат - ақиқатқа жету, хақты табу.

  • Ахлу Сунна ақидасы

  • Біздің заманымыз Исламға сенім тұрғысынан, яғни идеологиялық тұрғыдан шабуыл жасалып жатқан заман. Дін дұшпандары да ақымақ емес. Олар да Исламның негізін жоюға, өзгертуге тырысады. Ал исламның негізі - Ақида(сенім). Дін дұшпандары сенің дәретіңе, намаздың ішіндегі парыз, сүннетіне тиіспейді. Ол өнімсіз іс. Олар тікелей сенімге шабуыл жасайды. Ал сенім тек ақылмен бекітілген кезде ғана мықты, орнықты болады. Ақылсыз соқыр сенім жауды қарусыз қарсы алумен тең. Сол үшін әрбір мұсылман шама-шарқы келгенше Раббысын ақылмен тануға, пәктеуге тырысып, соны өз жақындарына, ұрпақтарына үйретуі тиіс. Жоқ дегенде үйрететін адамға нұсқауы керек. Ақиданы өзің үшін болмаса да ұрпағың, жақындарың үшін оқы.

  • 20 июн.6471610

    Имам Матуриди (رحمه الله ) мен имам Тахауидің (رحمه الله) ғылыми тізбегі(силсилә).

  • Мұсылмандық тұтқасы pinned Deleted message

  • 18 июн.22571из oz_oyim

    Дәріс бастардан алдын арна иесі, яғни өзімді таныстырып өтейін: Аты-жөнім: Бектеміс Нұрбек Қанатбекұлы Шымкент Туған жылым - 1415 хижри 2012-2016 жж ҚазҰУ, мехмат 2019-2025 жж Иорданияда "ханафи фиқһі және негіздері" мамандығын оқыдым. Қазір мешітте қызметтемін.

  • Имам ибн Әл-Қаййим әкенің баласы алдындағы, баланың әкесі алдындағы жауапкершілігі туралы өте пайдалы сөз айтады: «Кейбір ілім иелері былай деген: «Алла Тағала Қиямет күні баладан әкесінің алдындағы міндеттерін сұрамас бұрын, ең алдымен, әкеден баласының ақысы жайлы сұрайды»   Алла Тағаланың: { وَوَصَّيۡنَا ٱلۡإِنسَـٰنَ بِوَٰلِدَيۡهِ حُسۡنًاۖ  } («Әл-'Анкәбут» сүресі, 8-аят) «Біз адам баласына ата-анасына жақсылық жасауды өсиет еттік (бұйырдық)», — деген аятына сәйкес, әкенің баласында ақысы болғаны сияқты, баланың да әкесінде ақысы бар.   Бұл жайында Алла Тағала Құран Кәрімде:   { قُوٓاْ أَنفُسَكُمۡ وَأَهۡلِيكُمۡ نَارًا وَقُودُهَا ٱلنَّاسُ وَٱلۡحِجَارَةُ } («әт-Тахрим» сүресі, 6-аят)   «Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастардан болатын тозақ отынан қорғаңдар!», — деп бұйырған. Әзіреті Әли (радиаллаһу әнһу) бұл аятты: «Өздеріңізге және отбасыларыңызға ілім үйретіңіздер әрі оларды тәрбиелеңіздер», — деп түсіндірген. Одан бөлек, Алла Тағаланың:   ۞وَٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَلَا تُشۡرِكُواْ بِهِۦ شَيۡـًٔاۖ وَبِٱلۡوَٰلِدَيۡنِ إِحۡسَـٰنًا وَبِذِى ٱلۡقُرۡبَىٰ وَٱلۡيَتَـٰمَىٰ وَٱلۡمَسَـٰكِينِ وَٱلۡجَارِ ذِى ٱلۡقُرۡبَىٰ } («ән-Ниса» сүресі, 36-аят) «Аллаға құлшылық қылыңдар және Оған ешбір нәрсені серік қоспаңдар. Сондай-ақ ата-анаға, туыстарға, жетімдерге, міскіндерге (кедейлерге) және жақын көршіге жақсылық жасаңдар...», — деген әмірін толықтыра түсіп, Алла Елшісі (ﷺ): «Балаларыңыздың арасында әділ болыңыздар (оларды алаламаңыздар)», — деп өсиет еткен. #мұсылмандықтұтқасы #Аударма34

  • 1 июн.290103

    Имам Науауи  "Бустанул 'арифин" атты кітабында Фудайл ибн Иядтың былай дегенін жеткізеді: «Дәуіт Пайғамбар (عليه السلام): – Құдайым! Маған қандай мәміле жасайтын болсаң, ұлыма да сондай мәміле жасашы, – деп айтты. Алла Тағала оған уаһи жіберіп, былай деді:…

  • без подписи

  • 21 мая36883из Syrymbek_Adilbulatulu

    Мен жетпіс жылдан астам уақыт ілім іздедім, бірақ мына бір сөзден артық көркем даналықты кездестірмедім: «Құлшылықтың машақаты кетеді, сауабы қалады. Ал күнәнің ләззаты кетеді, жазасы қалады». © Шейх Али Тантауи р.а

  • без подписи

  • без подписи

  • 18 мая315123

    Имам Науауи  "Бустанул 'арифин" атты кітабында Фудайл ибн Иядтың былай дегенін жеткізеді: «Дәуіт Пайғамбар (عليه السلام): – Құдайым! Маған қандай мәміле жасайтын болсаң, ұлыма да сондай мәміле жасашы, – деп айтты. Алла Тағала оған уаһи жіберіп, былай деді: – Уа Дәуіт! Ұлыңа айт, сен маған қандай ықыласты болсаң, ол да сондай ықыласты болсын. Сонда мен саған қалай мәміле жасасам, ұлыңа да солай мәміле жасаймын.» #аударма #балатәрбиесі

  • Алла Тағала Құран Кәрімде: يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ قُوٓاْ أَنفُسَكُمۡ وَأَهۡلِيكُمۡ نَارًا وَقُودُهَا ٱلنَّاسُ وَٱلۡحِجَارَةُ عَلَيۡهَا مَلَـٰٓئِكَةٌ غِلَاظٌ شِدَادٌ لَّا يَعۡصُونَ ٱللَّهَ مَآ أَمَرَهُمۡ وَيَفۡعَلُونَ مَا يُؤۡمَرُونَ («әт-Тахрим» сүресі, 6-аят) «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді һәм отбасыларыңды (имандылық пен адамгершілікке баулу арқылы) отыны адамдар мен тастардан тұратын алапат оттан қорғаңдар! Оның басында аяуды білмейтін тым қатал, жауапты періштелер болады. Олар Алланың әміріне әсте қарсы келмейді және өздеріне жүктелген бұйрықты бұлжытпай орындайды», – деп бұйыру арқылы ата-анаға бала тәрбиесін жекелей міндеттеп, жауапкершілігін тікелей солардың мойнына жүктеді. Әли (رضي الله عنه) аяттағы (قوا أنفسكم و أهليكم نارا) «Өздеріңді һәм отбасыларыңды отыны адамдар мен тастардан тұратын алапат оттан қорғаңдар» деген сөзді: «Өздеріңе және отбасыларыңа жақсылықты үйретіңдер», – деп түсіндірген. Имам Фахруддин әр-Рази (قوا أنفسكم) «өздеріңді сақтаңдар» дегенді: «Алла Тағала тыйған істерден тыйылу арқылы сақтаныңдар», – деп тәпсірлейді. Сонымен қатар, атақты тәпсірші Муқотил әл-Балхи (قوا أنفسكم) «өздеріңді сақтаңдар» деген сөзді: «Мұсылманның өзін және отбасын тәрбиелеп, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаруы», – деп тәпсірлесе, Имам Замахшари (قوا أنفسكم) «өздеріңді сақтаңдар» деген сөзді «әл-Кәшшаф» атты еңбегінде: «Күнәдан арылып, Аллаға бойұсыну арқылы өз нәпсілеріңді қалай есепке алсаңдар - отбасыларыңды да солай есепке алу арқылы қорғаңдар», – деп түсіндірген. Ендеше, балаларды дұрыс тәрбиелеп, қатесін түзеп, ізгілікке баулу — зор қажырлық пен табандылықты талап ететін пайғамбарлар жолы. Нұх пайғамбар (عليه السلام) баласын иманға шақырса, Ибраһим пайғамбар (عليه السلام) ұрпақтарына бір Аллаға ғана сыйынуды өсиет еткен. #аударма