- Последний пост
- 12 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 26
- 1/48двое суток
- 29
- 1/72трое суток
- 32
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Бірақ қазіргі тірлігі күйкі, мимырт. Уақыт өтіп барады, тындырған түгі жоқ. Мәселен, кеше түстен бүгінгі түске дейінгі бір тәулік ішінде не бітірді? Жарайды, уақа емес, емтиханнан шаршаған шығарсың. Ал сонда бос кеткен күнің осы ғана ма? Мұндай күннің талайы кеткен жоқ па… Қор боп, жылап кетіп жатқан жоқ па… Өстіп кете бермек пе? Сонда отызға келгенде, қырыққа келгенде кім боласың? Елуге не бетіңмен жетесің? Елуге жете қойсаң жақсы, үлесіңе берілген өмір өлшеулі, одан әлдеқайда аз болса қайтпексің? Тағдырдың пешенеге жазған еншісі қарашы жұрттан өзгеше болса, өзгеше екеніне сенімді болсаң неге еңбек етпейсің, неге жан қинап терлемейсің? Бар ойы – қарын қамынан аспаған қаса наданнан не айырмаң бар? Мұхтар Мағауин «Көк мұнар» @kitapuzindisi
Аз ба, көп пе, әйтеуір ғұмырымның алтын жібі әрімен қарай жалғасын тауып келеді. Өмірлік түйінің толысқан сайын айналаңа саналы көзқарас пайда болатыны да белгілі! Тамшылып аққан жастар жаралы жаныңның сыртқы көрінісі, аққан жас ем. Ешбір адам жанының ауырғанын, моральдық, рухани тұрғыдан өзінің қажығанын қаламайды. Десекте, адам өмірлік таяқтың қандай екенін жанына жара түскенде сөзсіз түсіне бастайды екен. Мына бір шындық әрбір саналымын деген адамның ақылына ұдайы түрткі болуы тиіс. Адам жүрегі құбылмалы, өзгеріске бейім болғандықтан кез-келген адам баласына жүрек төрінен ойып тұрып орын беріп, тағына отырғызуға әсте болмайды. Тағдыр жазуынан ешкім асып кете алмаған. Асыл қасиеттердің жиынтығы саналатын мекенді аялап, мәпелеп, таза, зақымдалусыз сақтап, өміріңізге берекелі нұр төгілгенін қаласаңыз, осы бір келелі тұжырымды қолданысыңызға енгізіп, ұстанымыңызға қағида қылып қаққайсыз! Аман сақтап қаларсыз! Хош жақсылықта жүздескенше көзіқарақты оқырман!
Бұ өмірді күтпеген соқпақтардан, тосын жолығулар мен мәңгілік жоғалтулардан тұратын ұзақ сапар деп жатады, рас та шығар. Жастық шақтың өріне өрмелеп бара жатқанда, адам баласы көк аспаннан басқа ештеңе көрмейді екен ғой. Көкжиек көзден тасаланып, өкпең өшкенше жоғарыға өлермендене ұмтыла бересің. Әрбір басқан қадамың мәңгіліктей, сезімің сарқылмайтындай, жастығың таусылмайтындай көрінеді. Биікке ұмтылған сәтте бұл өрлеудің де бір күні бітері, алда тығырық пен кесілер жол бары қаперіңе кіріп шықса неғылсын. Солай жүріп арқаңа бір қайырылып қарағанда өмірдің өрі таусылып, еңкейген еңісі ғана қалады. Өмірдің өрімен тырмысып бара жатып, қасыңдағы ең асыл дүниелерді, кіршіксіз сезімдерді аңғармай да қаласың… Өкінішсіз өлім жоқ, жарық дүниеден су ішерлігің таусылған күні ойламаған жерден сарт етіп әйтеуір бір себеп табыла кетеді ғой? Ғұмырың ұзақ не қысқа қайырылсын - бәрібір, бәрібір бір шек, ақырғы тоқырар сәт бар. Тірліктің байсалдылығы соның ұзақ-қысқалығында ғана ма екен? Қандай ұзақ өмірдің өзі тарих жасымен салыстырғанда түк емес қой! Ал жүзге келдің, бүкіл тұрғыласыңнан айрылып, сопайып жалғыз өзің қалдың, онымен қанша жерге барасың? Жүзге жеткен соң есебінен жаңылысқан жүрегің, бәлкім, тағы бір бес, не он жыл қиқалақтап соғар, сосын не? Бәрібір, жаңағы тоқтау керек бір шекке жетесің ғой? Мәселе сол шекке дейін жеткеніңде, жете алғаныңда емес, қалай жеткеніңде, не тындырғаныңда. Солай. @mapmaida
Егер адам бір істі қырық күн бойы үзбей, табандылықпен атқарса, ол іс оның нәпсісіне әдет болып сіңеді. 🔖Әли Хайдар р.һ @sayanyn_siyasy
Ұнамай ма, Қазақстанымыз кең байтақ атырабқа толы. Жолың айқара ашық!🙂
Мұңайғыштықтан әлсіреп қалған сықылдымын. Мінезділік пен батылдық азайған жерде жылауықтық пайда болады екен-ау.
Қанға сіңіп, қалыптасқан жүйені түбегейлі өзгертуші аға атанудың абиыры мен ләззатын түсінсе ғой шіркін көп жігіт?
ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ДАУЫСЫ Қасірет ешқашан есігіңді қағып келмейді. Ол үйіңде бұрыннан өмір сүрген адам секілді. Бір күні үйдің бір бұрышында оның үнсіз отырғанын байқайсың. Сосын оның бар екенін ұмытқың келеді. Ал ұмыту деген - естеліктеріңді жоғалту емес. Ол - есіңде қалған дүниенің енді жүрегіңді ауыртпайтыны. Кей адамдардан кетесің, кей адамдар сенен кетеді. Сен олардың атын ұмытасың. Даусын ұмытасың. Бірақ бір күні үйіңдегі қасіреттің жүзінен, әлдеқандай көшеден өткенде күздің иісінен немесе жаңбырдан кейінгі аспаннан олардың жоқтығын көресің. @rozaaspankyzy
50 градусқа тақалған шілденің шіліңгір ыстығында тәтті сусын шөл қандырады деген құр бос сөз. Тәтті сусынмен емес, қара су ішіп, шөлімді қандыруды үйреніп барамын. Биылғы жаз ауыз толтырып айтарлықтай ысып жатыр. Асфальттың бетіне жұмыртқа қуырып көруге болатын дәрежеге жетіңкіреп қалған секілді. Күн шыжғырылып, денеміз еріп қалмағай жолдастар. Барлықтарыңыздың үйлеріңізге кондёрдің сапалысын тіледім. Хош амандықта. Ара-тұра осылай жазба арқылы жолығып тұратыным бар.
«Менің және адамдардың мысалы – от жаққан адамның мысалы сияқты. От айналаны жарықтандырған кезде көбелектер мен басқа жәндіктер соған қарай барады. Ол оларды тоқтатуға тырысады. Мен де дәл солай сендерді тоқтатып, Тозақ отынан қайтаруға тырысамын, ал сендер болса қолымнан сытылып, отқа қарай ұмтыласыңдар!» ©️ Әбу Һурайрадан жеткен хадис @NursultanRysmaganbet
Еске алғанда ауырсынбайтындай, өткенді аңсамайтындай деңгейге жету үшін жыл қажет болады деп жарияламасыма кім кепіл?
Тілді сындыру, тілдің жаңа тілге бейімделе бастауы деген мағынаны білдіреді. Өзге тілдің мағыналық түрлері сан алуан деп ойлаймын. Қанша қиын болса да, жалқаулығын ығыстырып, артын көтеріп, қимылдай алмаған адамға жетістіктің туын сеніп тапсыруға болмайды. Еңбектеніп, ізденіп, оқып тәрбиелен, жалғыз үмітіміз оқуда, пайдалы білім үйренуде.
Бізге берілген көл-көсір игілік атаулының қадірін дер кезінде ұғына аламыз ба? Сол мәселе. Мәселенің түбірін ұзақтан іздеп қажет емес. Ол жақын маңайыңда, ойың мен санаңда. Тәп-тәуір сүріліп келе жатқан өмірдің күл-талқанын шығару тәртіпсіздіктен, яғни ретсіздік пен шашыраңқылықтан басталады. Белгілі бір жүйелілікпен жүре алмаған адам тәртіпсіз күндерін еркін күндерім-ай деп есіне алады. 16-30 жас аралығы мендік пайымда күш қуаттың пик кезеңіне, шарықтау шегіне жетіп тұрған шағы деп түйсінемін. Осы шақты әсіресе ер адам ұтымды пайдалана алса игі емес пе? Құдай әркімнің икеміне сай қабілет, қызығушылық береді екен. Отбасылық өмірді құнсыздандырып, жалғыздықты түбегейлі тренд қылу жақсы емес. Жақсылықтың нышаны емес.
Мінездік сипаттамадан үзінді: -Ол бар болғаны өзімен-өзі жүргенді, ешкімге тиіспегенді әрі ешкімнің оған тиіспегенін, өзінің зияндығы ешкімге, біреудің зияндығы өзіне тимегенін көбірек қалайды.
Кейде тепкілегім келеді? Аямай өзімді тепкілегім келеді? Қымсынбаң, тартынбаң. Кейде нәпсіні семіртіп алатын, дегенінен шықпай қалатын ұстамсыздығым үшін аямай тепкілегім келеді. Жаным тәнімнің құмарлығынан мазасы қаша бастаған сыңайлы, рухани аштыққа жақындағандаймын. Рухани хәлім нашарлап барады. Ояншы, ояншы, қарашы маған кәрдәшім...
Не істеу керегін айдан анық білерсің. Ненің бұрыс, неніс теріс екенін де сөзсіз түсінерсің. Бірақ білгеніңнен не пайда? Іске асыру үшін күш-жігеріңді сарпи алмасаң? Жалқаулығың мен еріншектігіңді төбеге шығарып, дегендерін екі етпесең? Не пайда бастағы ақпараттардың қолданусыз тұрғанынан?
Ойлап қараймын да, әйтеуір бірнәрсе түйіндеймін. Мен дүние атаулыда мәңгілік қалатындай ғұмыр кешіп кеткен жоқпын ба? Дүние мен ақыретті теңдей ұстайтын болармын деп тұжырымдаған едім, бірақ іс-әрекеттерім ойлаған тұжырымыма қарсылық білдіреді екен. Дүниеге қатты берілудің белгісі адамды шектен тыс жақсы көру, оған жіпсіз жаныңмен байлану. Дүниеге қатты берілу деген мәңгілік өмірге азық жинауды шетке ысырып, уақытша қызықшылықтарға бетіңді үнемі бұру. Дүниеге қатты берілу деген, ұзақ өмір сүрудің кепілдігі қолыңда бардай ғапылдықта алаңсыз, қамсыз ғұмыр кешуің екен.
Жасөспірім шағымнан футбол ойынына қызыға қарап бастадым. Қызығуыма себепкер болған футболдың кемеңгер тұлғасы, аласа бойлы Лео Месси еді. 2016 жылы Копа Америка турнирінің финалдық кезеңінде Аргентина ұлттық құрамасы кезекті рет өкінішке орай жеңіліс тапқан болатын. Ойын соңында Месси көз жасына ерік беріп, ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтайтыны жайлы сөз қозғаған. Осыдан кейін Мессиді ұлттық құрамасында қалдыру жайында түрлі тақырыптар пен ақпараттар жарияланып жатты. Финалдық ұтылыстардан соң сағы сынбаған Лео Месси қайтадан еңсесін тіктеп, 2021 жылы Копа Америка турнирін құрамасындағы жаңа буын, жас өрен інілерімен бірге ақыры қанжығасына майлаған еді. Одан кейін 2022 жылғы әлемдік чемпионатта Аргентина кезекті рет топ жарып, теңбіл доп көрермендерінің алдында абыройларын асқақтатып алған болатын. Тақырыптың қызықты тұсы жасөспірім кезеңімнен қалыспай келе жатқан әлемдік бәсекелестік Роналду мен Месси жайлы. Месси бүгін әлемдік дода ойынында 38 деген жасына қарамай жастарға шеберлік сабағын үйретіп, футболсүйер қауымның ауызын айға қаратты. Бұл ұзаққа созылған бәсекелестікте Мессиді мойындамаған адам кемде-кем қалған секілді. Екі кемеңгер тұлғаның да бұл соңғы әлем чемпионаты болу ықтималдығы өте жоғары. Мен Мессидің футболдық өнерінен тек ләззат алушылардың қатарынанмын. Сіздің де көзайым болуыңызға ешнәрсе кедергі емес деп ойлаймын.
Нелерің бар ол адамда? Тыныш жүргейсіңдер. Өзгені емес, әуелі өздеріңді түзеп үйренгейсіңдер. Көптеген былықтар өздеріңнен өндіріліп жатса, таңдайларыңды қаға көрмеңдер.
-Сэр ойдағы жоспарымыз көңілдегідей атқарылуда. Сәйкесінше келіспеушіліктер мен келеңсіздікті болдыратындай ешбір ауытқулар орын алмады. Агенттік өкілдің пайымдауынша атырабына сенімді адамдардың бірі ретінде көрінеді екен. -Толыққанды көз жеткізіп, айқын қадам басудың қамын жасауға тырысыңыздар. Гүлденген бау-бақшаны өртке оратып, артынша шынайы бет-бейнесін көлегейлейтіндердің бірі болмауын қадағалаңыздар. Сеніп тапсырылған шаруаларды шырамытып, ұқыпсыздық танытатындардан түбі оң нәтиже күту мүмкін болмай қалады. Ондай жағдайда таяқтың ұшы бізге де тиесілі болып қалмақ. "Белгісіз диалог"