Alwayss.fm
Статистикаhttps://instagram.com/bidreamss?utm_medium=copy_link 🔗 Жұбатам сені, жарқыным... Автор: @bpoets
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 7
- Всего постов
- 22
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 67
- 1/48двое суток
- 76
- 1/72трое суток
- 82
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
видео или голосовое, без подписи
Бірақ қазіргі тірлігі күйкі, мимырт. Уақыт өтіп барады, тындырған түгі жоқ. Мәселен, кеше түстен бүгінгі түске дейінгі бір тәулік ішінде не бітірді? Жарайды, уақа емес, емтиханнан шаршаған шығарсың. Ал сонда бос кеткен күнің осы ғана ма? Мұндай күннің талайы кеткен жоқ па… Қор боп, жылап кетіп жатқан жоқ па… Өстіп кете бермек пе? Сонда отызға келгенде, қырыққа келгенде кім боласың? Елуге не бетіңмен жетесің? Елуге жете қойсаң жақсы, үлесіңе берілген өмір өлшеулі, одан әлдеқайда аз болса қайтпексің? Тағдырдың пешенеге жазған еншісі қарашы жұрттан өзгеше болса, өзгеше екеніне сенімді болсаң неге еңбек етпейсің, неге жан қинап терлемейсің? Бар ойы – қарын қамынан аспаған қаса наданнан не айырмаң бар? Мұхтар Мағауин «Көк мұнар» https://t.me/kitapuzindisi
Сергелдеңге түсіріп үміт мені, Аздырды, Адастырды, Үгіттеді. Санамды шырмауыққа орап алған Үміт емес, күдік пе еді? #теңізболамдегенде
Жаздағы жеткен жетістігің не десе “Қан мен терді” оқығанымды айтам😂 Рас. Көзге ауыр көрінді. Оның үстіне драма оқымаймын дегенмін. Аша салғандағы автордың Қарақатынды сипаттауынан сескеніп ем. Ешқандай спойлерсіз оқыдым. Жалпы, қызық болды. Мұңмен оқылатын кітап екен. Қайран қазақтың әйелдері-ай… Не салса да көніп, тағдырына мойынсұнып, еріне салмақ салмай ұлттың жүгін көтергендер. Өз жұртына да, қайын жұртына да жат болғандар. Теңізбен үнсіз тілдескендер. Бәрінен бұрын солардың өмірлеріне алаңдадым. Кейіпкерлері сондай тамаша ашылған. Сол ауылдарда өзім тұрып шыққандай болдым. Халқымыздың басынан кешкен қасіреті бұл алты жүз бетті аздық етіпті. Бәріне оқыңдар деп кеңестемеймін. Талғам әртүрлі заман. Бірақ, ішіндегі Кенжекей, Айғанша, Бөбек деген қыздардың болмысы кімге болса да ой саларына сенімдімін.
Өнерді өмірдің мәні деп қабылдама. Деп еді айтыскер ақын Жұлдызай Маратбекқызы. Көзім мөлдіреп, әрине дедім. Сол сәтте көңілімде бірдеңе дұрыс орнықпай қалғандай болды. Мен осы күнге дейін өнер үшін бәрін құрбан етуге даяр жандардың қатарынан едім(әлі де солай!) Кім не десе де, сөзден, күйден, әуенен, бояудан биігі жоқ дейтінмін. Өнер - адамзаттың қолындағы ең ғажабы ғой. Одан айырылса, бәрі құрыды дей бер. Ғылымды жоққа шығармаймын, алайда диф. теңдеуде отырғанда өлең оқуға Ертіске барғым кеп тұратын. Өзімді мамандығымның тұтқынындай сезінетін едім. Алайда мен тілдескен бірде бір өнер адамы өз ісіне разы екенін айтқан емес. Сол статистикаға сүйенсем, өнер өмір болу үшін, тәуелсіз болуың керек. Қазір өнер сүйген жүректерге тұрмыс құрығын салған уақыт. Пұл табу деген ой көкейге қонған соң, көп адамның көңілі өлең болудан қалған екен. Маған салса теңіздің жағасында түрік шайын ішіп, кітап оқып өмірімді өткізер едім🍇
Біреудің жанында гүл атып, Біреуге ой сыйлап өрелі; Біреуге мұң болып, біреуді жұбатып Тағы да кеш түсіп келеді… Біреуді сағынып күні-түн, Біреудің төзімі бітеді… Тағы да сабырын ұмытып, біреулер біреуді күтеді… Адамның ойлы екен дені көп: Бұл кештің мұңдылау кескіні; Біреудің баратын жері жоқ, Біреудің жоқ екен ешкімі… Тағы да түрлі ойлар санада, Жоқ оның шет-шегі, дерегі; …Сан тағдыр тоғысқан қалаға Тағы бір кеш түсіп келеді… ©️Индира Керей
Күнім, өмірдің бір кезеңі аяқталғанда абдырап, не істейтініңді білмей қалатын кездер болады. Ары қарай жасалатын қадамың түнекке бастайтындай. Бірақ еш қорықпа. Сенің жүріп өткен жолың алдағы күніңе жасаған дайындығың. Ендеше сенің бойыңда түнекке төтеп берер күш бар. Сарқылғаныңда өзіңе өзің сен. Сен бақыттың өзісің…
Маусым кеші, қайта оралмас кез бе едің, Сенің нұрлы көздерің-ай, көздерің... Өлең жазғым келіп тұрды сол сәтте, Өлеңіне ұқсамайтын өзгенің. Белден асса белес, белес, белес күн, Елесіңе еріп кеткен емеспін. Бір ән салғым келіп тұрды алдыңда, Дүниеде шырқамаған әлі ешкім. Ұқпай жүрмін көңілімнің күйін кей, Ақ қайыңдай тұрдым, білем иілмей. Би билегім келді, шіркін, ырғалып, Айдындағы аққулардың биіндей. Ақ самалым желікпе деп желге ұрсып, Көкжиекке күн де батты көлгірсіп. Сол бір сезім жанбай қалған жанартау, Жанарымнан тамбай қалған мөлдір шық… ©️Мақпал Мыса
Мәселе дерттің болуында, дерттесуде. Мәнге жету үшін дерт болу керек. Істеген ісің өнімді болу үшін сол саланы төнкеріп, қопарып еңбек ет. Күшіңді бір арнаға тоғыстыр. Қазір мультизадачность белең алған кез екені анық. Бір нәрсеге зейін қою, тек сонымен шұғылдану қолымыздан келмейді. Бірақ, ішінде приоритетке қоятын дүние біреу ғана болса адам жеңілдік сезінетін шығар деп ойлаймын. Тек ең маңызды gaye-i hayal ғана болып, қалғандары соған жәрдем ететін қадамдар боп есептелсе қандай тамаша! Адам кез келген ортада іші мен сырты бірдей күйде, өзін өзгертпей ұстауы абзал ғой. Әр салада әртүрлі кейіпте болу қаншалықты дұрыс? Сол сияқты біз айналысатын түрлі істердің де түпкі мақсаты бір болса, онда уайымдаудың керегі болмағаны ғой. Білім алуың, ел-жер көруің, денсаулығыңа қарауың, жұмыс жасауың, көмек көрсетуің, тіл үйренуің, бәрі-бәрі түбінде тек Оның разылығы үшін болса, әр саланың басын бір шалып жүрмін деп несіне уайым құшамыз?
Бітпейтін стандарттар. Үйдегілердің көңіліне қарау. Гештальт жабам деу. Бәрі далбаса. Әркімнің өмірін өз еркіне беріндерші. Өзі білсін! Ауызы күйсе, келесіде үрлеп ішеді. Ақылдарың асып бара жатса, сатыңдар. Жоба бастаңдар, жаңалық ашыңдар. Сұрамаса, ақыл беріп керек емес. Ештеңе демеңдер. Қазір бәрін бірдей оқыған, ақшасы бар, тұрақты жұмысы бар, отбасылы еткіміз келеді. Себебі, стандарт сол. Басқа өмір жоқ. Сонда ғана ата-анаңның көңілі көншиді. Елдің аузына құм толады. CV әдемі болады. Кім кімнің арманын ұрлап жүр өзі? Қазіргі мақсаттарың шынымен сенікі ме? Шынымен сен қалаған дүниелер осылар ма? Бір артқа қарашы. Бала күніңде ұйықтар алдыңда нені ойлайтын едің? Кім болғың келді? Қазір кімсің? Не кедергі болды? Атақ, абырой, мансап. Денсаулық, білім. Отбасы, саяхат. Басқа не бар? Не бар басқа?
🐋🐋
видео или голосовое, без подписи
Марқакөлге келген де, келмеген де арманда🖇️
Есіме кейбір кездер түсе қалса, жаным жылып сала береді. Әсіресе, комфорт адамдармен бірге болған сәттерім. Қайта сол жерге оралғым кеп, алып-ұшып тұрамын. Бұны психологтар кішкентайында внимание жетпей қап, орнын кейін толтырып жатқаннан деп топшылайды екен. Бір шетінен, рас. Қалай болса да, ақыл кірген уақта тапқан жолдастар ыстық. Ондағы ықылас та, кездесу де мәнді. Сағынысып кездескендегі күй ғажап! Шер тарқатып, ой бөлісіп, кейде үнсіз отыру да - рақат.
Ішіме бір бітпейтін өкініш ұя салған. Туғанда сол сезіммен бірге келгендеймін. Қолымнан бірдеңенің келетініне де, келмейтініне де өзімді кінәлі көремін. Өткенге қарап айтатын “әттеген-айым” да жетерлік. Түбі осы құртатындай. Шеңбер. Шыға алмайсың. Матап тастаған.
Осының бәрі кезінде өзін-өзі тануда нұрға бөленбей қалғаннан боп жатыр🙌
Шебердің ісі – оймақтай ойды тарының қауызына сидырып, оған шексіз әлем дарыту... Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі» https://t.me/kitapuzindisi
Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және Хақ жолы осы деп әділетті.
Өзіңнің sıfır екеніңді жиі еске түсіріп тұру керек. Қолымызда түк жоқ. Бәрін берген Ол. Бізде тек арқалаған күнәларымыз бар.
Ішімде тек сағыныш бар сияқты. Сәттер, адамдар, кітаптар, иіс пен дәм. Кейде өзімді естеліктердің жиынтығы сияқты сезінем.