tgindex
Фридрих IV

Фридрих IV

Статистика
@kakharbказахский

Ғашық болайықшы қайтадан...

Последний пост
25 июл.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
117
0 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
761
20 постов
Вовлечённость
650,4%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
2
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
125
1/48двое суток
143
1/72трое суток
154

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • …Аспан, сен білесің бе? Сарсаң қылады санадан өшпей, Қалай жүремін аңсамай? Аспан боп тұру оңай емес қой, Ғашық болу да дәл солай. Аспан, сен білесің бе? Көзінен сырын аңғармай қалсам, Өмірде болмас мұнша мән. Сосын әлемде мен болмай қалсам, Өзің қарайлап жүрші оған. Ә.Ә

  • Мендік жанар қарамайды өзгені, Қарашығы секілденіп соқырдың. Енді ешқашан сағынбауға сөз беріп, Бүгін тағы өзіңді ойлап отырмын.

  • Сүю үшін жүр ғой жұрт кеңес сұрап, сүйетін жан былай сүй демес бірақ. Саған ұқсас қыз көрсем – айрылғым жоқ, бұл, әрине, мықтылық емес, шырақ. Жанарыңды қоя тұр дөңгелетпей, көздің жасы тұр қазір емге жетпей, саған ұқсас қыздарға – осалдаумын, (мықты болғым кеп жүрген мен де жоқ қой). Бәрі – сүю, құдайым оңдасын тек, жанса – жансын жүректер, тоңбасын тек. Саған ұқсас қыздардың сүйем бәрін, маған ұқсас жігіттер болмасын тек. Жұмекен

  • Ғазал көктемім, жазар көктемім! Қайдасың? Сенсіз мазам жоқ менің. Сабырым қашып сағынып жүрмін, Көліме қонып қаз әндеткенін, Жеріме келіп жаз әндеткенін...

  • Тіл қатпайсың, тұрасың оттай жанып, Көзқарасың барады шоқтай қарып. Бірте-бірте кетерсің бір еркектің, Ошағында жанатын отқа айналып…

  • Оңаша қалып опасыз жалған бес күннен, Еншімді жаным даулаған емен ешкімнен. Айтатын сөзім тұрса да тілдің ұшында, Амалым қанша, Мылқаудың күнін кештім мен.

  • Сағат сайын арпалысқан сабыр, мұң... Мұндай өмір кімге ұнайды... Қадірлім? Ұмытуға тиістіні ұмытпай, Сағынуға болмайтынды сағындым!

  • Атыңды жазып қоярмын, жадыма мәңгі - Маңдайымдағы жазуға ерегескенде.

  • Түңілдірмей, көрінші көзіме ылғи, Түнде ғана жанатын оттай болып…

  • …Сыздайды жүрек Тәңірде бәлкім, Біз жайлы кетті ау ұмытып

  • Білсем еді-ау, ойландың ба мен жайлы Бәлкім, тіпті ойланбаған шығарсың…

  • ...Бұрымыңа бақыт байлап кеткенмін, Туған күнін тойлап жатып көктемнің.

  • Мені сендей кім түсінер, жарығым? Сені мендей сүйе алмайды мына әлем. Сенімімнен айырмаса Тәңірім, Соңғы демім үзілгенше тұрар ем… Мені сендей сағынбайды енді ешкім. Сені мендей қылады кім астана? Сірә қайтып Көктөбеге келмеспін. Қайта ғашық болмау үшін басқаға. Саған іңкәр бола алады мендей кім? Есім кетіп есіл-дертім бір сенде. Сенен өзге ешкімге де сенбеймін. Менен өзге құшақтарда жүрсең де. Сені мендей іздемейді басқалар. Мендік сезім… көрсең оны шошыр ең. Сені ойласам жанарымнан жас тамар, Жынды болып қалмадым ба осы мен?.. Фридрих IV

  • 19 авг. 2024 г.647117из suyiktim_m

    Бізді тастап өткен күндер елесі, Болашаққа жетеді. Алматыда бәрі жақсы демеші, Барғым келіп кетеді. Алматыда бәрі жақсы дей көрме, (Бәрі жақсы болмайды). Жақсы сөздер жан бермейді сөйлемге, Ақындарға сол қайғы. Ару жерге жеткізбейді қиялар, Жеткізбейді бізге өлең. Алматыда жүректер бар сүйе алар, Үміттерін іздеген. Көшесінде жалғыздық бар қараңғы, Жан күлкі бар болмашы. Алматыда бүгін салқын, боранды, Жалғыз жүріп қалмашы. Бүйездейді, іңкәр іңір ояулы, Алатауға барарда. Алматыда бір жан бар-тын, аяулы, Мен есіне алар ма? Мен сендегі құмарлыққа құмармын, Ғұмыр көркем сол мәнмен. Жұмақ көрсем таңғалмайтын шығармын, Алматыда болғам мен. Еркін Жантас

  • Сағынғанда бір келерсің, Сарғайғанда бір келерсің, Алатаудың баурына…

  • Жолықтым саған, мұңымнан самал ескенде, Қорықтым содан, биіктеу екен мәртебең…

  • Жоқ, жер сілкінген жоқ, Менің жүрегім ғой! Қайбір жылғы қайғымды қайта қозғап, Жазагерін тағдырдың айта жаздап. … Домалақтап былтырғы күнтізбені, Күнтізбені – көрінген бұлт іздері. Қайта-қайта жолына оратылып, Қайта келмес күндердің бір тізбегі. Сағынғаннан, Сүйгеннен, Жалыққаннан Қолсағаты уақыттан қалып қалған. … Кезек күткен науқастай емханада, Ажалына адаспай тауып барған. Мылқау құсты мәпелеп керең гүлді, Өлтірердей қинайды өлең түнгі. Қатар қосып шайына бал мен тұзды, Ауа-райын болжаған келер күнгі. Білемісің сен оны, Көктем көкем?! Келер күнгі күй таныс,өткен бөтен. Құдайыма ізкесіп кеткен едім, Ал ол мені үйімде күткен екен. Жоқ, жер сілкінген жоқ. Менің жүрегім ғой! Мұхтар

  • …Мұңыңды айтшы, мұңдасуға қайлымын, Шыныңды айтшы, жылайсың ба мен өлсем?

  • Ол өксіген қарс айырып көкірегін: «Үйренісіп өзіңе кетіп едім, Маған қиын болады жалғыз қалу, Қалшы осында, қала ғой, өтінемін»…

  • …Білгің келсе, қара менің көзіме, Мен жайында сұрамашы біреуден