Қазақ Бабыл
Статистикағылыми-танымдық мазмұн instagram.com/qazaqbubble
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 9
- Всего постов
- 23
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 404
- 1/48двое суток
- 462
- 1/72трое суток
- 499
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
балаларына еуропаша немесе арабша шіли foreign, «богато звучащий» ат қоятындар — белгілі бір әлеуметтік-экономикалық бәкграундтан шыққан адамдар екенін білеміз, бірақ дәлелдей алмаймыз 😩 қолыңда шынайы привилегия аз болса немесе оны азсынсаң, мимикрияның түр-түріне жүгініп кететін сияқтысың.
видео или голосовое, без подписи
An Old Turkic Board Game Köçürme is an Old Turkic board game belonging to the mancala family. Mancala games are two-player, turn-based strategy games typically played with small stones, beans, seeds, or similar pieces, which are distributed among rows of holes or pits arranged in the ground, on a board, or on another playing surface. It is attested in Maḥmūd al-Kāshgharī’s Dīwān Lughāt al-Turk. Al-Kāshgharī defines the game as follows: Köçürme (كُجُرمَا), Köçürme oyun (كُجُرمَا اُيُن): A game also known as ondört (“fourteen”). Four lines are drawn on the ground in the shape of a fortress, within which ten “gates” are made. The game is played on these gates using hazelnuts or other similar objects. Variants of this game continue to be played today in Kazakhstan as Toğız Qumalaq, in Kyrgyzstan as Toğuz Qorğool, and in Turkey as Mangala. Kâşgarlı Mahmud. 1939. Divanü Lûgat-it-Türk Tercümesi. Çev. Besim Atalay.
осыны тыным бермеді деп аударуға не кедергі болды екен?
Тілді қолдану керек. Жұмыстағы асханаға күнара барамын. “Чечевичный суп”-тың орнына “жасымық сорпасын беріңіз” деп айтамын. Тамақ алып тұрғанның бәрі қазақ. Ешбірі “жасымық” деп айтпайды. Содан ба, аспаз да сөзімді ұқпай, орысшасын қайталап сұрайды. Тілді қолдану керек, ағайын. Сонда ғана нақты атаулар жатталады. Қолданысқа енеді. Қазақ тілі - әдебиеттің еншісі не мұражайдың жәдігері емес, күнделікті өмірде, күйбең тірлікте қолданып, пайдаға асыру керек Гречка - қарақұмық чечевица - жасымық https://t.me/dasten_kastay
TW: боғауыз бұғаттадық, бірақ бұғаттамас бұрын жыртылып қалдық 🤣
әр жазбамыз кіршіксіз махаббаттан жаралған ❤️🩹 еш жеріміз «гүйүп жатпайт», түркі тілдерін, ғылымды, әлемді жақсы көреміз 🫶
қырғыздар туралы пост салғаннан кейін мынадай хабарлама келіп тұрғаны өте қорқынышты екен 😀
біртуғандықтың сингулярлық нүктесіне жеттік. 🚫 қырғыз-қазақ бір туған 🚫 өзбек-қазақ бір туған 🚫 татар-қазақ бір туған ✅ қырғыз-татар бір туған жаңа жазба шықты ❤️🩹
TW: боғауыз, копрофилия бір аккаунт жариялаған скриндегі мына бір пікір қызық көрінді. бұл жігіт «хейт жеп» қалды ма екен, әйтеуір Тредзде өзін белгілей алмайтындай қылып, парақшасын тазартып тастаған. түсінгенімізше, бұл жігіт — Қытайда оқыған, қазір сонда жұмыс істейтін өзбек жігіт — Өзбекстанның өзбегі екен… 🤔 не жаздық оған? енді сұрақ: бұл жігіттің қазақша дубляж талқысына не қатысы бар? ол біздегі залдар толы ма, бос па қайдан біледі? жұмбақ 🤷🏻
мына мемді бүгінгі төртеудің сұрағына арнаймын. Әлі ойнамаған болсаңыз ашпаңыз
видео или голосовое, без подписи
СӨЗТӨРКІН: ҰРҒАШЫ бұл сөз қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз, башқұрт, өзбек, қырымтатар тілдерінде жануардың «ұрғашысын, аналығын» білдіреді. татар тілінде «саулықты», яки «қойдың ұрғашысын» білдіреді. осыншама тілде бірдей мағына табылғандығы сөздің түпкі мәніне меңзейді. ғалымдар бұл сөзді ұрық сөзімен түбірлес болуы мүмкін дейді, яки «ұрық тасушы, ұрпақ әкелуші». ағылшын тілінде female сөзін әйелдерге қатысты ғылыми не техникалық контексте ғана қолдануға болады, бірақ одан тыс контекстерде жағымсыз мағына береді: әйел адамның сипатын биологиясы мен репродукциялық функциясына шектеп тастауға болады дегенге меңзейді. ал қазақ тілінде ұрғашы сөзін тіпті ешбір контексте әйелге қатысты қолданған әдепке жатпайды. тіпті биологиялық контексте әйел жынысты дейміз. жануарларға да қатысты аталық және аналық сөздері жиірек қолданылып келеді.
сәлем, оқырман! «Семей полигоны» жабылғанына 35 жыл толғанына орай beimälım медиа-жобасы ұйымдастырып отырған atom ulağan dala атты онлайн-зертханаға тегін қатысқыңыз келсе, 6 тамыз сағат 23.59-ға дейін мына форманы толтырыңыз. зертхана бағдарламасымен…
сәлем, оқырман! «Семей полигоны» жабылғанына 35 жыл толғанына орай beimälım медиа-жобасы ұйымдастырып отырған atom ulağan dala атты онлайн-зертханаға тегін қатысқыңыз келсе, 6 тамыз сағат 23.59-ға дейін мына форманы толтырыңыз. зертхана бағдарламасымен мына жерде таныса аласыз: https://beimalim.tilda.ws p.s. бағдарлама мен кестеде сәл өзгеріс болуы мүмкін. зертханаға тегін қатысушыларға кітаптың pdf-нұсқасы жіберіледі. сұрақтар бойынша @Ozat_Qasyhan’ға жазыңыз.
Ханшайым атты бір оқырманымыз ғылыми зерттеу жүргізіп жатыр екен 😍 қазір Италияда магистратурасын аяқтап, аса өзекті тақырып — Қазақстанда жұмыс орнындағы харрасментке деген көзқарасты зерттеп жүр екен. 📍 18 жастан асқан және минималды жұмыс тәжірибеңіз болса, мына сауалнаманы толтыра аласыз 🗳️ сауалнама толықтай анонимді түрде жүргізіледі, толтыру шамамен 20 минуттай алады 🕰️ жоғары оң жақ бұрышта тілді таңдауға болады. әр жауап шынайы жағдайды көруге және ғылыми тұрғыдан зерттеуге көмектеседі. достарыңыз бен әріптестеріңіз арасында таратсаңыз, ол да көп көмек болары анық 🥹 ғалым қыздар көп болсын 💪
🇰🇿🇰🇬🇺🇿 Орталық Азияның ақпарат кеңістігінде көбіне қазақ-қарақалпақ-өзбек-қырғыз өзара араласамыз. жабық саясаттың кесірінен түрікмен мен ұйғырдан көп ақпар естімейсің… 🇹🇲 🏴 тіпті осы қазақтан шыққан түрлі түрколингвофриктер қауымы бар ғой (бізді қоса алғанда), соның да ішінде ол асимметрия қатты байқалады: қарақалпақ, өзбек, қырғыз, татар-башқұрт, ноғайды жап-жақсы біліп алғанбыз, ал түрікмен мен ұйғырдың тіліне тіпті құлақ үйренбеген.
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
маңызды дерек: қазақ даласына фотоаппарат жеткен кездер — қазақ тарихындағы ең ауыр кезеңдер. яғни фотоға түскен «байырғы» қазақ өмір-салты, киім-кешегі және т.б. — оның терең экономикалық дағдарыс кезіндегі қалпы. фотолар жай мысалдар үшін тіркелген.