tgindex
Қатал редактор

Қатал редактор

Статистика

Медиа сыны: сөз, тіркес, сөйлем, мәтін — жалпы ақпарат

Последний пост
13 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
1
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Новости и СМИ (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
1 645
+17 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
2 200
20 постов
Вовлечённость
133,7%
к подписчикам
Постов в день
0,1
всего 21
Упоминаний
3
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
130
1/48двое суток
148
1/72трое суток
160

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 13 авг.147из kalkastop

    ❌ бұл ел үш жағынан теңізбен қоршалған ⁉️ окружен ✅ теңіз қоршап жатыр

  • 27 июл.2 335292

    Тіркестен тіркес, сөйлемнен сөйлем, мәтіннен мәтін арпалысып жүрген күндердің бііір күні бір мысал кезігіп, Назгүл мынаны осы себепті былай деген екен ғой дейсің. Каналдағы титтей мысалдың ар жағында мидың мыңғырық процесі барын түсінген өз алдына, кей нәрсеге өзің бетпе-бет келмесең, мән бермеуің мүмкін. Бір күні Итакаға оралғанда шетінен жайлааап отырып жазармын)

  • 19 июл.6 4306110

    Әлімжан Асқар деген барып тұрған… ерекше құбылыс екен ғой. -уда, -уде дегенді мүлде қолданбай, футбол эфирінің етістігін күшті қылып өзгертіп тастапты. Әдетте біздің еститініміз ойнауда тебуда болуда салуда мен салмауда ғой). Сосын таптаурын сөйлемдер бар. Күмәнсіз. Басқа дым жоқ. Сондай ортада принципке барып, морфология-синтаксисіне кәдімгідей мән беріп отыр-ау. Знашыт, тегін адам емес. Біреулер "тікелей эфирде дұрыс сөйлеп отыру мүмкін емес, анау-мынау, ауызекі-мауызекі" деп жатады ғо — бос сөз екен онда. Эфирді басқаруын, толтыруын, ана жердегі сентименттің бәрін қолға ұстатқандай жеткізетінін, шешендігін былай қойғанда деймдағы.

  • 15 июл.1 08115

    Бір сөйлеміңде "туғызып", екінші сөйлеміңде "тудырып" жатсаң да жақсы емес қой былай қарап тұрсаң.

  • 8 июл.6 6784311

    "тұйық етістік + үшін" дегеннің басқа да күшті барианттары бар): "Мән-жайды білу үшін бардым" — - Мән-жайды білейін деп бардым; - Мән-жайды білмекке бардым; - Мән-жайды білгелі бардым.

  • 5 июл.1 290

    видео или голосовое, без подписи

  • 5 июл.1 046

    жазғаныңызда "бірдеңе істеу арқылы" және "бірдеңе ретінде" деген тіркестер болса, оны нашар мәтін дей беріңіз)

  • 4 июл.1 00218

    сайлау "тым көбейіп кетті" әрі "халық толассыз саяси науқандардан шаршай бастады" деп түсіндірді

  • 25 июн.1 154192из qazaqbubble

    түріктер итке köpek дейді, бірақ қазақтың диалектілерінде көпек сөзі бар болғанымен, әдеби тілдегі күпек сөзі мүлде басқа нәрсені білдіреді — ол ұл бала сүндеттелгенде алынып тасталатын тері бөлшегінің атауы. орысша — крайняя плоть, ағылшынша — foreskin. айтпақшы, сүндетке отырғызғанды піштіру деп жүрген достарыңызға айтыңыз: піштіру немесе пішу — басқа ұғым. шатаспайық! осы орайда, бүгінгі жазбамызды оқи отырңыздар 🥰

  • "Отандық журналист" деген не айтқысы келіп тұрған тіркес екен? "Қазақстан/қазақ журналисі" дегеннен артық мәні я тағы бірдеңесі бар ма?

  • бұл жігіт Шешенстанда емес, Қазақстанда екен, яғни "ұрлап әкетілген" — ол емес, әке-шешесі. сосын "похищенные" деген — "ұрлап әкетілген" емес. қазақша ақпаратты дұрыс түсіндім бе деп орысшасын тексеріп алуға мәжбүр бола берсек, аздап былай біртүрлі емес пе

  • 20 июн.8 185106

    Ербол өзінің физикаға әуестігінің зор болғанын айтады. Қыз кассаның неліктен уақытша жұмыс істемей тұрғанын түсіндіреді. Мектеп бізге осылай сөйлем құратып, осылай сөйлем талдатады-ау деймін. Бастауыш, баяндауыш, ортасындағы түгел күрделі тура толықтауыш десе жақсы, көбіне ана жерде ілік бар ма, демек, анықтауыш, одан кейін пысықтауыш тұр, одан кейін толықтауыш деп түсіндіреді. Тұрлаусыз мүшелерді ажыратуды үйренсін деп, соған қатты мән бере ме екен... Оның салдары — журналистер ілігін, Назгүл "бүлігін" қоймайтын болды) Ербол физикаға әуестігі зор болғанын/Қыз касса неге жұмыс істемей тұрғанын Сосын журналистер "ілікті жалғауға да болады, жалғамауға да болады" деген ережені бір жерден оқыпты-мыс. Негізінде, матасу деген сабақ түсіндірілгенде "мекеме ғимараты" деген сияқты тіркестерде ілік жасырын тұр дейтін болар, ол тек соған қатысты. Түсіп қалатын жері бар, түсіп қалмайтын да жері бар: Жаңа ғана қылмыс орнына келдік; Жаңа ғана болған қылмыстың орнына келдік

  • 18 июн.5 900103

    Бәленбай ғасыр өткеннен кейін біреу мұрағаттан Qazsport комментаторының "Колумбия — Мексикаға дерлік көрші ел" дегенін тауып алып, "міне, көрдіңдер ме, байырғы қазақтар осылай депті, демек, дұрысы — сол" деуі әбден мүмкін ғой, иә?!) география да, лексика-грамматика да әдірем қалды-ау, номиналдыалаңиелеріңніңаузынассс

  • видео или голосовое, без подписи

  • киносүйер болсаңыздар, мына жаққа бармай нағып жүрсіздер) киносүймес болсам да, оқып тұрам https://t.me/kinostankz

  • Емленің қыргүйегі мен шегарасына шүйлігеміз де, ондағы көгорай, жаздыгүні, қыстыгүні, жарғанат, Ботагөз, Қарагөзге ештеңе демейміз, иә?)

  • Фильм мифологияға негіз бе, мифология фильмге негіз бе? Сөйлемді "Калькасыз қазақ тілі" бойынша жөндегенде қалай болады?

  • 4 июн.1 0652

    видео или голосовое, без подписи

  • видео или голосовое, без подписи

  • "массированный" (удар/атака) дегенді "жаппай" дегеннен гөрі бастырмалата, төпей, төпелеп, төпелете, үстіне-үстіне, жаудыра, толассыз деген дәлірек емес пе? 👌🏻 — иә, дәлірек 👏🏻 — дәлдеу 🍌 — жоқ, дәл емес 🔥 — какаяразница