tgindex
Киностан ️

Киностан ️

Статистика
@kinostankzВидеоказахский

Кино және соның төңірегі: ойлар, рецензиялар, шолулар, т.б.

Последний пост
11 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
1
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Видео
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
378
0 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
345
20 постов
Вовлечённость
91,3%
к подписчикам
Постов в день
0,1
всего 20
Упоминаний
3
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
94
1/48двое суток
107
1/72трое суток
116

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Сонымен, "Өрмекші-адам: Жаңа күн" прокатты өртеп жатыр. Бұған хайптың әсері бар ма, әлде шынымен фильм жақсы шықты ма? Ойымды мына жерге жаздым: https://www.nukte.io/zhana-ormekshi-adamnyn-toryna-nege-shyrmalyp-kaldyk/

  • 26 июл.20041из arshatgo

    Қазақ рулары үшін бір қызық дүние жасадық - urpagy.kz Ру шежіресін онлайн сайтқа айналдыратын сервис. Қағаздағы, дәптердегі, тіпті ескі қолжазбадағы тізіміңізді берсеңіз болды, қалғанын өзіміз істейміз. Не болады: 🌳 Руыңызға жеке мекенжай — ruaty.urpagy.kz 📱 Интерактивті ағаш: атаның үстін бассаңыз, балалары ашылады 🔍 Мыңдаған адамның ішінен кез келгенін атымен іздеу 🖼 «Менің жеті атам» суреті — кез келген адамнан бастап жасалады, Instagram/Stories-ке дайын 💬 Қонақ кітабы — ағайын хабарласып, өз тармағын жазады 📲 QR-код — тойға, кітапқа, визитке басып шығаруға болады Телефонда да, компьютерде де жақсы ашылады. Шежіре бір рет жасалады да, ұрпаққа қалады. Көлеміне қарай 3 түрлі тариф бар. Толығырақ әрі дайын мысалдарды сайттан көріңіз 👇 🔗 https://urpagy.kz

  • Ноланның "Одиссейі" — сюжетін Гомерден алды демесеңіз, эпостағы идея мен ойды мүлдем басқа арнаға бұрады. Бұл өте ауқымды, өзекті, әдемі картина. Киноға қатысты ойымды мына жерден оқуға болады: https://www.nukte.io/odisseia-nolannyn-sogyska-karsy-manifesi/

  • Итал-америкалық актер Энтони Ипполитоның үлкен кинодағы карьерасы қызық басталып жатыр. 2022 жылы "Өкіл әке" классикалық фильмі қалай түсірілгені туралы The Offer мини-сериалында жас Аль Пачиноны ойнаған болатын. Жалпы, танымалдық оған осы жобадан кейін келді. Биыл қараша айында "Рокки" фильмі қалай түсірілгені туралы I Play Rocky фильмі шығады. Жас Сильвестр Сталлоне рөліне Энтони Ипполито таңдалыпты. Роберт Де Нироның жас кезін ойнауға шақырылар ма екен 😄

  • Хит болып жатқан екі хоррорды көрудің сәті түсті: "Backrooms" ("Закулисье реальности") және "Обсессия". Талқылауға сұранып тұрған фильмдер екен. "Бәкрумс" интернет-аңыздың экранизациясы деуге болады. Сондықтан осы аңыз төңірегіндегі түрлі теориялар мен түсініктер көбірек сөз болады ойлап едім. Бірақ бәкрумсты фон етіп алып, адам психологиясын қазбалап кеткені қызық екен. Сол жағына келгенде іркіліп қалғаным бар — бұлай істеу қажет пе еді? "Обсессия" да адам санасының түбінде жататын арам ниетті қазбалап, қалауға қатысты түрлі идеяны интерпретациялайды. Бірнеше қатпардан тұратын күрделі туынды. Екеуінің де атмосферасы денеңді түршіктіреді. Жалпы, үрейіңді бөжәймен емес, атмосферамен ұшыратын тренд болып жатыр қазір.

  • 25 маусымда Елзат Ескендірдің «Әбіл» картинасы прокатқа шығады. Заман өзгергенде ескі зат сияқты ешкімге керек болмай қалған адамдарды суреттейтін керемет реалистік драма. Еуропа мен Азияның біраз беделді фестивалдеріне қатысты. Фильм туралы рецензиям бірнеше ай бұрын 98mag басылымына шыққан болатын. Премьера алдында оқып алайық :)

  • "Қазақфильм" әйгілі фильмдеріне ремастеринг жасап, 4К форматта қайтадан шығарып жатыр. Құптарлық бастама. "Менің атым Қожа" фильмінің екі нұсқасын салыстыру үшін скрин жасап алдым. Бұрын жарияланған нұсқаға қарасаң түсі қанық емес, әрі кадр форматы да бүгінгі киноға лайықталып созылғандай әсер береді. Қазір реставрацияланып шыққан нұсқада 4:3 форматқа қайтып келгенін байқаймыз. Совет заманында фильмдер осындай телевизиялық форматпен түсірілді, сондықтан кадрдың екі жағында қара жолақтар бар. Түсі жылы, бояуы қанық көрінеді. Ұсақ деталдері де айқындала түскен, мысалы киім қыртысы. "Қазақфильмнің" Youtube арнасында біраз көркем фильм мен мультфильм 4К нұсқада жарияланыпты.

  • без подписи

  • Код 3 Парамедиктің, бізше айтсақ — жедел жәрдем фельдшерінің бір күні Фильм америкалық парамедиктің 24 сағаттан тұратын 1 ауысымын көрсетеді. Басты кейіпкер Ренди айтпақшы: бұл медицина емес, бұл кәдімгі қара жұмыс. Шынымен де, жедел жәрдем жұмысының ауруханадағы дәрігер жұмысына қарағанда көп айырмашылығы бар. Оны фильм жақсы ашқан. Ситуация мен көтерілген проблема ауыр болғанына қарамастан, мұның бәрі юмор арқылы, басты кейіпкер Рендидің көрерменмен тілдесуі арқылы беріледі. Күлдіріп отырып жылатады деуші ме еді, сондай фильм. Стилистикасы жағынан Дэвид Эйрдің "Патруліне" ұқсастық бар. Онда да екі патруль полицейінің бір күндік (плюс-минус) өмірі көрсетілген еді. Рэйн Уилсон — атышулы "Офис" ситкомындағы Дуайт Шрут образымен жақсы таныс. Комедия рөлдерді жақсы бере білетін мықты актер. Сондықтан, бұл фильм жоқ дегенде іш пыстырмайтыны сөзсіз.

  • 300 жазылманға жету деген бір психологиялық белес болып көрінеді де тұрады 🙂 Киносүйер достарыңа бір насихаттап жіберіңдерші, өтініш. 300 оқырманға жетіп жаным бір жай тапсын 😊

  • Драма / The Drama Роберт Паттинсонды әуелден мықты актер деп есептеймін, бірақ Зендеяға көзқарасым толық қалыптасып үлгермеген еді. Бұл фильм оны драманы да ойнай алатын, күрделі кейіпкерлерді алып шығуға қауқарлы әртістер қатарына қосып берді өзім үшін (кешіріңдер, "Эйфорияны" қараған жоқпын). Эмоция мен сезімнің барлық спектрін көрсететін әдемі картина. Кез келген жағдайдың артында контекст тұратынын ескертетін фильм. Киноға өз саласының суретшілері атсалысқаны көрінеді, түстер, интерьер, жарық — сахналардың атмосферасынан, кейіпкерлердің сол сәттегі көңіл-күйінен хабар бергендей болады. Фильм бір жақты түйін жасамайды, финалына нүкте қоймайды. Сонысымен қызық сияқты, отырып алып талқылай беруге болады. 2027 жылғы "Оскар" номинациялар қатарынан көрінетін шығар.

  • "Музыка ойнап біткенше қашып үлгер". А-А-А-А! — деп шыңғыратын Тэрон Эджертон әлжеліде хит болып жатқанда осы бір тамаша актер ойнаған мини-сериалды ұсынайын. Қара құс / Black Bird деген 2022 жылғы мини-сериал, алты-ақ бөлім. Сюжетіне өмірде болған оқиға алыныпты: есірткі сатамын деп 10 жылға сотталған кейіпкерге федералдардан ұсыныс келеді. Ол психикалық ауытқушылығы бар қылмыскерлердің түрмесіне ауысып, 20 шақты жас қызды зорлап өлтірді деп күдікке ілінген адаммен дос болып, жасаған қылмыстарын ашуы керек. Бір қиындығы сол — әлгі күдікті шынымен псих па, әлде псих болып көріну үшін әдейі рөл ойнап жүр ме — дәл басып айту қиын.

  • 24 мая354102

    Жазбағалы көп болыпты :) Scavengers Reign (қазақша "Өлексе жегіштер мекені" дейміз бе) деген қызық мини-сериалды аяқтадым. "Махаббат, Өлім + Роботтар" антологиясының форматына ұқсайтын қызық жоба. Анимация демесең, сюжеті, құрған әлемі, планетаның тіршілігін суреттеуі — ғаламат. Рекомендейшн.

  • "Байқа! Алаяқ!" — егде жастағы адамдарға көшеде кезіккен, болмаса телефон шалған бейтаныс адамдарға сене беруге болмайтынын түсіндіруді мақсат еткен фильм. Қазір банк шотынан ақша ұрлау, адамның көңілшектігін пайдаланып алдап кету өршіген заман. Осындай алаяқтық істердің егжей-тегжейін комедия арқылы, отбасы қарым-қатынасына құрылған сюжет арқылы түсінікті тілмен беруді шешіпті авторлар. Абсурд тұстары да, келіспей қалған жерлері де бар енді. Бірақ әке-шешеңді ертіп бір күліп қайтуға болады деп ойлаймын.

  • Биыл "Оскардың" үздік фильм номинацияна кілең жақсы фильм кіріпті. Өзім үшін анық фаворит жоқ, әрқайсысы өзінше мықты. Бірақ үздік әйел рөлін Джесси Бакли ("Хамнет") алуы керек.

  • Ернар Нұрғалиев комедия түсіруге төселіп алды. Жылына екеуден-үшеуден ұра береді. Кезінде "Жаным, ты не поверишь" біраз шулатып еді. "Әкеңнің баласы" да экшн мен ситуациялық комедияға толы фильм болып шығыпты. Кезінде Пьер Ришар мен Жерар Депардье ойнаған "Папашиді" еске түсіреді. Демалыстың кешін қысқартып, бір күліп алуға лайық дүние шығыпты. Қазақстанның стримингтерінен іздеңіз.

  • 2 янв.467102

    2026 жылы көрген алғашқы екі фильм — екеуі де рекомендейшн Аңдар патшалығы / Le règne animal (2023) Белгісіз себеппен адамдар біртіндеп хайуанға айнала бастағаны туралы француз антиутопиясы. Әйелі аңға айналып кеткен соң ұлын осы індеттен қорғауға ұмтылған отағасының оқиғасы. Heldin (қазақшаласақ — Батыр әйел дегенге келеді, орысша релизі "Ночная смена"), 2025 Ауруханадағы медбикенің бір ауысымы. Медицина қызметкерлерінің жетіспеуі біз сияқты дамушы елде ғана емес, дамыған елдердің де проблемасы екенін түсінесің. Көрермен медбике болып істейтін әйелдің қасында жүргендей болады. Өте әсерлі кино.

  • Аватар: От пен күл Аватар әлемі, соған қолданылған киноның озық технологиялары Джеймс Кэмеронның бағы да, соры да болды. Өзі планканы көтеріп беріп, көрерменін тым еркелетіп алды. Үшіншісіне техникалық тұрғыда мін айта алмайсың. Бірақ мына кереметтің бәрін бұрын көргенсің, таңғалдыра алмайсың. Сюжеті де екіншіні қайталайды деуге болады, тіпті сюжеттің кейбір тұстары бірдей ме деп қаласың. Эмоцияңды оятатын, кейіпкерге шын жаның ашитын сәттер үшіншіге қарағанда екінші бөлімде көп болды. Барып жатсаңдар қазақша дубляжын көріңдер.

  • Менің атым Қожа 2: Жаңа саяхат Классикаға айналған "Менің атым Қожа" фильмінің сиквелі деп ұсынылған картинаның цифрлық релизі шықты. Не дейін? "Менің атым Қожа" сиквелге де, приквелге де, спин-оффқа да, ремейкке де мұқтаж емес туынды еді. Біз оны түпнұсқа деп қабылдаймыз, болды. Басқа формада, басқа интерпретацияда қабылдай алмаймыз. Біздің түсінігімізде — Қожа әлі де сол ауылда, сол мектепте тіршілік етіп жатыр. Ол есейген жоқ, ол өзгерген жоқ. Жаңа фильмді өз басым канон емес, фанфик деп қабылдадым. Түпнұсқа фильмдегі кейіпкерлерге ұқсас актерлер алынған, сол фильмге ұқсас локациялар, ұқсас антураж таңдалған. Болғаны осы. Әрі қарайғы іс-қимыл — сценаристер мен креавтившілердің қиялы. Елестетіңіз, араға 15 жыл салып Гарри Поттердің жалғасын түсірсе — тек түпнұсқадағы актерлердің орнында соларға сырт келбеті ұқсас актерлер болса, ал сюжеті ешбір трансформацияны көздемейтін атүсті құрастырылған болса қабылдар ма едіңіз?

  • Батырбек досым екеуміз тағы бір досымыз — Ақеркенің подкасына барып, "№37" фильмін талқыладық. Аздап спойлер бар, сақ боласыңдар ғой. Өйткені сюжетіне қатысты теорияларды талқыладық, бұл жерде сюжет ашпаса тағы болмайды. Тыңдау